Главная / Другое / Мектепке дейінгі мекеме

Мектепке дейінгі мекеме

«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ «Айгөлек» тобы





hello_html_1db6cb93.gif




Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісі





Орындаған: Айтжанова Р.А.





2012 – 2013 оқу жылы


Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегі

Мақсаты: ұйымшылдыққа, бір-біріне деген қарым-қатынасы туралы түсініктерін молайту.

Білімділік: Ертегілер арқылы балалардың сөздік қорын көбейту.

Дамытушылық: ой-өрісін, қиялдарын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды мейрімділікке, сыйластыққа, достыққа және туған жердегі аңдарды қорғай жүріп сақтануға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Тәрбиешінің іс-әрекеті: Сәлемдесу. Бауырсақ суреті және әр баланың рөлдеріне сәйкес бас киім кигізу, ортаға шақыру.

Балалардың іс-әрекеті:

«Күй» арқылы ортаға бірінші кемпір мен шал шығады.

Ортаға шал мен кемпір шығады (жайылған көрпеге орналасады).

(Ертеде кемпір мен шал өмір сүріпті. Бір күні шал кемпіріне)

Ерасыл Шал: Кемпір, бауырсақ пісірші.

Іңкәр Кемпір: Ұн жоқ.

Ерасыл Шал: Жәшіктен қырып алсаңшы.

Іңкәр Кемпір: Жәшіктен қырып, қаймаққа былғап, майға пісіреді де, терезенің алдына суытуға қояды. (жәшіктен пышақпен қырып алып, шарашаға салады да, қаймақты құйып былғайды, оны газдағы қазанға майды құйып пісіреді, қалақпен былғап түсіріп алады да бауырсақты терезе алдына суытып қояды)

Аяна Бауырсақ: (терезе артындаға орындықтың үстіне отырады) жата-жата іші пысып жерге домалап түседі. Домалай-домалай жолға түсіп кете барады.

Жолда қоянды (қоян киінген бала) көріп оған өлең айтады.

Аяна Бауырсақ: Менің атым - бауырсақ,

Мені пышақпен қырып алды.

Қаймаққа иледі, майға пісірді.

Терезенің алдына суытты,

Мен атадан, әжеден кеттім

Мен қоян сенен де кетем, дегенде қоян оны жібермейді.

Қояннан құтқару үшін көмекке І топ келеді.

Диана Қоян: Балалар егер сендер мен туралы өлең айтып берсеңдер бауырсақты құтқара аласыңдар.

Балалар: Ұзынқұлақ сұр қоян, естіп қалып сыбдырды, тұра қашты жалма-жан. Уа! Дегенде қоян тұра қашады.

Балалар: Диана Қоян, өзің тым қорқақ екенсің бізбен бірге жүр.

Қоян топқа қосылады.

Сөйтіп бауырсақ онан әрі домалап келе жатыр еді, алдынан қасқыр жолықты.

Аяна Бауырсақ: Менің атым - бауырсақ,

Мен атадан, әжеден кеттім

Мен қояннан кеттім,

Қасқыр сененде кетем.

Ринат Қасқыр көріп қалады да бауырсақты бассалып жеймін дегенде, қақпанға түседі.

Құтқаруға келген ІІ топ, қақпанға түскен қасқырды көріп: Қасқыр түсті қақпанға, жортып келе жатқанда, ақырын деп шыңғырды, аяғымды сындырды.

Тәрбиеші: Қасқыр айтты қоя бар.

Ринат Қасқыр: Қалжыңдама қой өрер. Әкетем тек қозысын. Сен де нем бар жіберегөр.

Балалар: Жоқ қасқыр, егер сен бізге өлең айтып берсең, бізбен дос боласың.

Ринат Қасқыр: Бір ән айтып береді «Балдырғандар әні»

Бауырсақ онан әрі домалап келе жатып аюға жолығады.

Аяна Бауырсақ: Менің атым - бауырсақ,

Мен атадан, әжеден кеттім

Мен қояннан кеттім,

Мен қасқырдан кеттім,

Аю сенен құтылуға көп қулықтың керегі жоқ!

Бекзат Аю: Бауырсақты жібермей ұстап алады.

ІІІ топ көмекке келеді: Аю сіз біздің бауырсақты босатыңызшы.

Бекзат Аю: Балалар маған арнап тақпақ айтып берсеңдер босатамын.

Балалар: Аю отыр партада екі қолы қалтада, апай сабақ сұраса, ұйықтап қапты масқара.

Бекзат Аю: Жарайсыңдар балалар.

Бауырсақ домалап келе жатыр еді, алдынан түлкі жолықты.

С.Анеля Түлкі: Аманбысың бауырсақ. Өзің тіпті жақсы екенсің! Маған өлең айтшы!

Аяна Бауырсақ: Менің атым - бауырсақ,

Мені пышақпен қырып алды, дей бергенде

С.Анеля Түлкі: құлағым естімейді жақынырақ келіп айтшы.

Бауырсақ жақындап келіп өлеңін айта бастайды.

Аяна Бауырсақ: Менің атым - бауырсақ,

Мені пышақпен қырып алды.

Қаймаққа иледі, майға пісірді.

Терезенің алдына суытты,

Мен атадан, әжеден кеттім

Мен қояннан кеттім,

Мен қасқырдан кеттім.

Мен аюдан кеттім сенен дей бергені сол еді қу түлкі шап беріп ұстап алып жемекші болады.

Бар бала көмекке келіп: Түлкі не шартың бар? Бәрін орындаймыз, бауырсақты жіберіңіз.

С.Анеля Түлкі: Ендеше балалар «Жануарлар мен құстарды ажыратып беріңдер»

Балалар: Жануарларды қызыл үстелге. Құстарды көк үстелге орналастырады.

С.Анеля Түлкі: (Түлкі риза болып) рақыметін айтады. Бауырсақ достарың жақсы, көп екен, менде сендердей дос тапқым келеді.




Шал -Ерасыл

Кемпір -Іңкәр

Бауырсақ -Аяна

Қоян -Диана

Қасқыр -Ринат

Аю -Бекзат

Түлкі -С.Анеля



Топтар: І -

ІІ -

ІІІ -

Мектепке дейінгі мекеме
  • Другое
Описание:

Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегі

Мақсаты: ұйымшылдыққа, бір-біріне деген қарым-қатынасы туралы түсініктерін молайту.

Білімділік: Ертегілер арқылы балалардың сөздік қорын көбейту.

Дамытушылық: ой-өрісін, қиялдарын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды мейрімділікке, сыйластыққа, достыққа және туған жердегі аңдарды қорғай жүріп сақтануға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Тәрбиешінің іс-әрекеті: Сәлемдесу. Бауырсақ суреті және әр баланың рөлдеріне сәйкес бас киім кигізу, ортаға шақыру.

Балалардың іс-әрекеті:

«Күй» арқылы ортаға бірінші кемпір мен шал шығады.

Ортаға шал мен кемпір шығады (жайылған көрпеге орналасады).

(Ертеде кемпір мен шал өмір сүріпті. Бір күні шал кемпіріне)

Ерасыл Шал: Кемпір, бауырсақ пісірші.

Іңкәр Кемпір: Ұн жоқ.

Ерасыл Шал: Жәшіктен қырып алсаңшы.

Іңкәр Кемпір: Жәшіктен қырып, қаймаққа былғап, майға пісіреді де, терезенің алдына суытуға қояды. (жәшіктен пышақпен қырып алып, шарашаға салады да, қаймақты құйып былғайды, оны газдағы қазанға майды құйып пісіреді, қалақпен былғап түсіріп алады да бауырсақты терезе алдына суытып қояды)

Аяна Бауырсақ: (терезе артындаға орындықтың үстіне отырады) жата-жата іші пысып жерге домалап түседі. Домалай-домалай жолға түсіп кете барады.

Жолда қоянды (қоян киінген бала) көріп оған өлең айтады.

Аяна Бауырсақ: Менің атым - бауырсақ,

Мені пышақпен қырып алды.

Қаймаққа иледі, майға пісірді.

Терезенің алдына суытты,

Мен атадан, әжеден кеттім

Мен қоян сенен де кетем, дегенде қоян оны жібермейді
Автор Айтжанова Райхан Ауезхановна
Дата добавления 23.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 485
Номер материала 59673
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓