Инфоурок Логопедия, Дефектология Рабочие программыМектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы ойын технологиясының түрі – ұсақ моториканың маңызы

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы ойын технологиясының түрі – ұсақ моториканың маңызы

Скачать материал

 

 

 

                                                                                             

 

 

 

 

 

 

                   Педагогикалық оқу

 

 

 

 

 

 

«Мектеп жасына дейінгі

балалардың тілін дамытудағы

ойын технологиясының түрі – ұсақ

моториканың маңызы».

 

 

 

 

 

 

Дайындаған:   Г.Т. Ахатова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Меңдіқара ауданы.

 

 

Жоспар:

 

 

І. Кіріспе бөлім.

1. Бала тілінің дамуына әсер ететін жетекші фактор  -  ойын.

 

ІІ. Негізгі бөлім.

          1. Ұсақ мотриканы дамыту арқылы сөйлеу тілін жетілдіру.

2. Саусақ ойын – жаттығулары.

 

 

ІІІ. Қорытынды бөлім.

 

1. Бала саусағын ойната отырып тілін дамытайық.

2. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

                   «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып,

  оның шығармашылық қабілетін дамытады

ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін

                                                            емес».

В.А. Сухомлинский

 

 

І. Кіріспе бөлімі.

 Балабақашағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

         Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.

         Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретеміз.

         Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:

-балалардың сөздік қорларын дамыту;

-жаңа сөздерді меңгерту;

-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.

Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.

Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озган, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен

кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.

Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.

         Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерде педагогикалық процестер барысында баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Психологиялық жаттығулар баланы үлкендермен және достарымен қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады.

         Психологиялық ойын- жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады.

Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз.

         Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма- жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді., таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.

Ұрпақтан ұрпаққа  жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық- саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан- жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады.

         Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.

         Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзеті- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Негізгі бөлім.

Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан

активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және

мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.

         Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете  және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.

         Педагогтар мен балалар психологының мақсаты- ата – аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек.

         Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.

Қазіргі кезде баулы ойыншықтардың көбейгенін немен түсіндіруге болады. Қазіргі ата – аналарда мұндай ойыншықтар болған жоқ қой, сонда олар осындай қалыпты деңгейге қалай жетті? Бір түсінбейтін нәрсе, осының бәрі не үшін керек?

Қазіргі кездің балаларында жалпы моторлық артта қалушық байқалады екен.  Ойлап көріңізші, тіпті қазіргі балабақшадағы балалардың ешбірінде баулы аяқ киім кездеспейді. Бау байлауды үйрету ата- анаға да, тәрбиеші ге де қиындық туғызатын болса керек. Осыдан 20 жыл бұрын ата- аналарға, олармен қоса олардың балаларына  көп нәрсені қолмен жасауға тура келді: кір жуу, тоқу, тігу т.б. Ал қазіргі кезде осының бәрін жасайтын машина.

Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын еместігі немесе тілінің дамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе мынадай қорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуында ақау болса, онда бұл ұсақ моториканың мәселесі.

Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бұл қолын басқаруы қалыпты деген сөз емес. Егер 4 - 5 жастағы балада бау байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан тек шар мен ұзынша жабыстырылса, және 6 жаста тиек тігу- орындалмас және қауіпті іс болса, онда сіздің балаңыз кінәлі емес.

Өкінішке орай  көп ата- ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда  ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен  қарандашпен жазып үйренуі керек.

Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысының дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек.  

         Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындық болмасын десеңіз немесе 3 жастағы баланың тілінің дамуында ақау болмасын десеңіз дамыту ойын – жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін бастаңыз. Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Омыраудағы баланың саусақтарын уқалауға болады, жас жарымдағы баламен  саусақ ойындарын бастауға болады. Мысалы, баланың бас бармағын жаймен сипап отырып, оған былай деңіз: «Саусақ –бала сен қайда болдың?» Содан соң бас бармақты балан үйрекпен түйістіре отырып, « мына саусақпан орманға бардым», ортан түйрекпен түйістіре отырып, «мына саусақпен щи пісірдім»,

         Осылайша жалғастырып басқа саусақтармен де «мына саусақпен ботқа жеп, мына саусақпен ән салдым» деп аяқтайсыз. Балаларға бұл жаттығу қатты ұнайды, уақытты да көп алмайды, ал пайдасы оның өте көп, себебі ұсақ моториканы дамытып жатырмыз ғой.

Бір жастан асқан балалар үшін – саусақ бассейні әдістемесі өте пайдалы. Бір ыдысқа 1 кг бұршақты немесе фасольді төгеміз де ішіне баланы қызықтыратын бір ойыншықты көміп қоямыз. Сондан соң оны тауып беруін өтінеміз. Бұл қызықтыру жаттығуы кезінде баладан алыстап кетпеңіз. Себебі ұсақ нәрселерді аузына салып алу қаупі бар.

        

 

           Пассивті  жаттығу – ұсақ моториканы  дамытудың алғашқы сатысы. Саусақ жаттығуларын ең төменгі деңгейден бастаған дұрыс.

Содан кейін ғана активті саусақ жаттығуларына көшуұсынылады. Оның

деңгейі баланың ұсақ моторикасының даму деңгейіне қарай таңдалады. Қол саусақтарына арналған пассивті жаттығулар жасау кезінде балаға қолайсыз жағдай туғызбауын және тітіркендіпмеуін қадағалаған жөн. Жаттығулардың мақсатты пайдаланылуы мынадай әдістерді ұсынады: сипау, жаймен уқалау және діріл. Массажды әрекеттер саусақ ұшынан басталып төменгі буынға қарай жалғасады.  Массаж жасау кезінде жай лирикалық әуен қоюға да болады.

9 айдан жоғары сәбилерге арналған ойын- жаттығулар.

 

Көңілді қуыршақтар.

Қазіргі кезде ағаштан жасалған көңілді қуыршақтар жай ойыншық емес, жәдігер зат болып пайдаланылатын болды.  Ал ойыншықтың бұл түрі бала саусағын басқаруы мен ойлауын шыңдайтын таптырмас ойыншық.

Алдымен екі жартыны құрастыру арқылы бір қуыршақты пайдаланыңыз. Содан соң ойынды күрделендіре түсіңіз: екі қуыршақ, үш қуыршақ. Балаға аздап қиындық келтірсе асықпаңыз. Баланың жетістікке өзі жетуіне мүмкіндік беріңіз.

Пирамидалар.

Дүкеннен пирамида ойыншығын сатып аларда дөңгелектерінің әр түрлі болғанын қадағалаңыз. Дөңгелек диаметрі бірінен соң бірі үлкейе түсуі керек. Мұндай ойыншық  балаға саусақ қимылын ғана емес, логикалық ойлануына да жол ашады. Балаға пирамиданы жинауды ұсынасыз. Алдымен бірге жинап, содан соң өз бетімен жинауға кіріседі.

Жиек бойымен жүргізіп шық.

Бұл ойынға мақпал қағазға жабыстырылған үй, машина, гүл, кесе сияқты суретті карточкалар пайдаланылады. Ересек адам бала саусағын мақпалға тигізе отырып суретте не бейнеленгенін сұрайды. Осы сурет бойымен моншақтарды немесе бұршақтарды жүргізіп шық деген тапсырма беріледі. Жабыстырып шығу арқылы ойын жалғасады.

Ойынға пайдаланылатын барлық заттар бала өміріне қауіп төндірмеуі керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


         Адамның  он екі мүшесінің тіршілікте атқарар міндеті зор. Соның ішінде екі қолға бес – бестен біткен он саусақты күнделікті қажетті жұмыстарды атқаруға пайдаланытынымыз белгілі. Сонымен қатар ертеден бізге жеткен «Қуырмаш» ойынынан саусақ атауларын бала тәрбиелеуге, оның тілін жетілдіруге, ойын ұштауға әдемі пайдаланғанын білеміз.

Қуыр, қуыр, қуырмаш,

Тауықтарға тары шаш.

Балапанға бидай шаш,

Балаларға тәтті шаш  .

- дей келіп, жұмылған әр саусақты жеке-жеке ашарда:

Сен түйеңе бар,

Сен жылқыға бар.

Сен сиырға бар,

Сен қойыңа бар,

Сен үйде отырып

Шешеңе көмектес.

- деп әр саусаққа тапсырма беріледі. Одан соң әр саусақтың басынан ұстай тұрып «қарның ашса: мына жерде нан бар, мына жерде май бар» деп әртүрлі астың атай келіп, қолтыққа жеткенде «қуырмаш»», «қуырмаш» деп қытықтайды.

          Көтеріңкі көңіл – күй сыйлайтын бұл ойын балаға саусақтардың атын, адамға нәр берер түрлі астың атауын да үйретеді. Сондай – ақ төрт түлік малды таныстырып, оны бағып еңбектенгенде ғана тамақтануға болатынын ескертіп, еңбекпен тапқан тамақ тәтті болатынын уағыздайды.

Халық өзінің өмір тәжірибесінде тіршілікте қалай қолдануына қарай саусақтарға ат қойған. 1-ші саусақ- «Басбармақ», 2-ші саусақ – «Балаң үйрек», 3-ші саусақ –«Ортан терек», 4-ші саусақ- «Шылдыр шүмек», 5-ші саусақ – «Кішкентай бөбек».

        Қорытынды.

           Егер бала қандай да бір саусақ ойынын жетік меңгерсе, онда ол міндетті түрде бір көрініске не өлеңге жаңа бір сахналау ойлап табуға тырысады. Бір жастан екі жасқа дейінгі балалар бір қолмен ойналатын саусақ ойындарын жақсы қабылдайды.  Үш жастағы балалар екі қолмен ойналатын саусақ ойындарын игере алады. Мысалы, бір қол үйшік те, екінші қол үйге жүгіріп келе жатқан мысық болуы мүмкін. 4 - 5 жастағы балалар белгілі бір көріністі саусақ арқылы сахналай алады.

          Өз тәжірибемде тәрбишілерге  саусақ ойындарын сергіту жаттығуларына, ертеңгілік жаттығуларға, барлық ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттері үстінде үнемі пайдалануды ұсындым. Нәтижесінде балалардың тілі, қимыл, қозғалысы мен икемділігі айтарлықтай дамыды.

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

1. «Отбасы және балабақша»   2002 ж  №5.   (6-8 бет)

 

2. «Логопедия» Е.Н.Краузе     (30-38 бет)

 

3. «Дошкольное воспитание» 2003 ж. №1 (50 бет)

 

4. «Дошкольное воспитание»  2000 ж. №11 (49 бет)

 

5. «Отбасы және балабақша»  2000 ж. №5 (15 бет)

 

6. «Отбасы және балабақша»  2010 ж. №5 (12 бет)

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы ойын технологиясының түрі – ұсақ моториканың маңызы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер образования

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып,

  оның шығармашылық қабілетін дамытады

ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін

                                                            емес».

В.А. Сухомлинский

 

 

І. Кіріспе бөлімі.

 Балабақашағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

         Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.

         Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретеміз.

         Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:

-балалардың сөздік қорларын дамыту;

-жаңа сөздерді меңгерту;

-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.

Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.

Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озган, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен

кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.

Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.

         Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерде педагогикалық процестер барысында баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Психологиялық жаттығулар баланы үлкендермен және достарымен қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады.

         Психологиялық ойын- жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады.

Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз.

         Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма- жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді., таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.

Ұрпақтан ұрпаққа  жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық- саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан- жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады.

         Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.

         Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзеті- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 708 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.04.2015 587
    • DOCX 27.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бегайдарова Назгуль Серикбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 148030
    • Всего материалов: 29

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Философия и история образования в условиях реализации ФГОС

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Терочные машины: принципы работы, техническое обслуживание, правила эксплуатации

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности билингвального обучения иностранным языкам

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровая трансформация в управлении и информационных технологиях

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе