Главная / Начальные классы / « Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін ұлттық ойын арқылы дамыту.»

« Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін ұлттық ойын арқылы дамыту.»

«Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ

«Балауса» балабақшасы МКҚК













Баяндама

« Мектеп жасына дейінгі балалардың

тілдерін ұлттық ойын

арқылы дамыту.»





Тәрбиеші: А.М.Кубекова
















« Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін ұлттық ойын

арқылы дамыту «


Қазақ халықының ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың сөзімен бастағым келіп тұр. «Ойын ойнап ән салмай өсер бала болама» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы еңбекке қатынасы психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, іздемпаздық тапқырлық. Әрекет байқатады.

Өзімнің «Құлыншақ» тобымда жас өспірімдердің тілдерін ұлттық ойын арқылы дамытып жатырмын. Ойын олардың қөңілің өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай оның өмір құбылыстары жайлы таным түсінігіне әсер етеді.

Ұлт ойындары – атабабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын балалардың алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді

Ұлт ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал ретінде пайдаланып келеміз.

Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да балабақша тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп – жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі.

Ұлттық ойыны әдет – ғұрыптарын, дәстүрлерін, салт - жораларын ұрпақтан ұрпаққа қалдырып отырады, әрі сақтайды. Олардың ұлттық мәдениетінде, тұрмысында бөлінбейтіндей болып қалыптасады. Ұлттық әдептілік, мәдени құндылық олардың өмір ерекшеліктеріне сәйкес сол ұлттық көпшілік өкілдеріне тиісті болатын қоғамдық дему мен табиғат құбылыстарының қайталану заңдылықтарының нәтижесі.

Ұлт ойындарының қалыптасуы тек балаларға ғана керектігімен дамып қойған жоқ, ересектердің күнделіктегі тіршіліктің қозғалысы мен көңіл көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі қолданылған еңбектің бір түрі ретінде дамыды.

Ұлт ойындары адам еңбегінің жемісі, халықтың фантастикалық ой құбылысының көрінісі, дүниені танып, білуге талпынысының нышаны, бар өнердің бастамасы. Қазақ халқының ұлттық ойындары әлеуметтік –экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамыды. Олай дейтініміз, қазақ халқының ұлттық ойындары ертеден туып, тұрмыс жағдайларына үйлесімді келеді, яғни көшпелі тұрмысқа лайықталып, материалдық даярлық өте береді және халықтың психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты.

Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным – түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен – бірі ептілікті үйренеді.

Оның үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай оларды көзқарасының, мінез – құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Қазір бізге жеткен ойындарымыз: тоғызқұмалық, қуыршақ, асық ойындары. Қазақтың көне жыр – дастандарында ұлттық ойындар балаларды тәрбиелеуде ерекше орын алғандығы айқын көрінеді. Балаларды тәрбиелеуде де ұлттық ойындардың берері мол. «Санамақ», «Жылдам айт», т.б. тартымды ойындарды үйрету, тіл өнеріне негіз салады деп есептелген. Балалар негізінен ойын үстінде бір – бірімен тез тіл табысады. Ойынына қарап баланың психологиясын аңғаруға болады. Бес саусақ бірдей емес  дегендей, әр отбасынан шыққан балалардың мінез – құлқы бірдей емес.

«Бесік жырынан» бастап ұлт ойындарының барлығы халық тәрбиесінің көзі. Қай дәуірдің ұрпағына болмасын тіршілік жолына бағыт сілтеп, өмірге аттандырады. Халық жырлары ата – ананың балаға қойған бірінші сенімі, тілек – талабы. Мұның бәрі баланы ойната, көңілдендіре, бойларын сергіте жүріп айтылады да, өміріне рухани азық болатын өнегелі де ілтипатты сөздерді жас кезінен құлақтарына құя береді. Ал ойындар болса баланың осы айтылған өнеге – өсиет сөздерін күнделікті тіршілікте тәжірибе жүзінде іске асырудың құралы болды. Айталық, ойын үстінде осы айтылған өнеге – өсиет бастан аяқ қолданылады, осы негізде оның бойында адамдық қасиеттер қалыптаса бастайды. Демек, ойын әр түрлі әрекетке қозғалысқа, денешынықтыруға ғана төселдіріп қоймай, өмірдің рухани азығы – үлкеннің барлық қасиетін, яғни баланың жан – жүйесіне әсер ететін этикалық, эстетикалық тәрбиені қабылдауға қалыптастырады.

 Мәселен, әртүрлі қозғалмалы ойындар мен асық ойындары тайпалық одақтарда ересектер арасында дамиды да, кейін келе жасөспірімдерде қалды. Қазақстандық потратизм шығармащылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет. Ұлттық мінез – құлық, биік талғампаздық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек дегені мәлім». Жас ұрпаққа саналы тәлім –тәрбие беру оларды заман талабына сай, жан – жақты дамып жетілген, жаңашыл көзқарастағы азамат етіп қалыптастыру, кең көлемді және сан тармақты іс дейтін болмақ, осыған жету баспалдағының алғашқы қадамы оның отбасындағы алатын тәрбиесіне байланысты болады. Ал бұл жас ұрпақты әріқарай мектеп табалдырығына жетектеп әкелетін екінші қадам мектепке деінгі мекеме мен ұйымдарда алатын білім мен тәрбие.

Ұлттық ойындардың шарттарын біледі, қиындықтарды жеңуге үйренеді. Оқу іс – әрекеті барысында ұлттық ойындарды кең түрде қолдану тиімді екеніндігі анықталады.

Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды оқу іс – әрекеті барысында қолдану балалардың ой өрісін жетілдірумен бірге өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп кейінгі ұрпаққа жеткізе білуге көмектеседі. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.

Сөйтіп өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс – әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен қазақтың ұлттық ойындары: арқан тартыс, орамал тастамақ, қыз қуу, бәйге, алтын сақа т.б. балалардың еңбекке деген қарым қатынасы мен қабілеттілігін арттырады. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану оқу іс – әрекетінің тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Балаларды көбіне «Сиқырлы қоржын», « Көкпар» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек. Бала ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Тәрбиеші әр баланың еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Оның тәрбиелік маңызы мынада, ол баланы зеректікке, бірлікке баулиды. Бабаларымыздың асыл қазыналырына деген көз қарасын құрметтеуге, сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Баланың сөздік қорын байыта түседі.

Ұлттық ойындарды жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал ретінде пайдалану қажет. Мен ұлттық ойындарды балаларға серуендерде, оқу іс – әрекеті барысындағы, бой сергіту кезінде, ертеңгіліктерде, спорттық шараларда ойнауға ұсынамын.
Ұлттық ойындардың бала тәрбиесінде алатын орны ерекше. Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті.

Жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым –қатынасын, мінез – құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты. 

Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері оқу іс – әрекетінде өлі – тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.

 Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың «ойынды ойын» деп түсінуінде жатыр. 

Осыдан келіп ойын туралы мынандай тұжырым жасалады: 

а) ойын – тәрбие құралы, ақыл – ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді тәрбиелейді.

 ә) ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді. 
б) ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі. 

в) эстетикалық тәрбие беру – өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады. 
г) еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді. 
д) дене күшінің жетілуіне көмектеседі – ойын баланы жан – жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады. 

Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды. Бұл пікіріміз жалаң болмас үшін заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы ойшылдарымыздың бірі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің мына бір пікірін еске ала кетейік: «Біздің заманымыздың өмір кешкен ұзақ жолында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған». 
Халқымыз ұлт ойындарында ұрпақ қамын ойлаған, бір жүйеге келтіріліп өрнектелген ой мен әрекеттің, құпия философияны түсінуге жетелейтін адамгершілік үлгі – өнегенің желісі бар. Жас бала ойынға алдымен үйренуші, көруші өсе келе соған белсенді қатынасушы келесі кезеңді үйретуші, жаттықтырушы, ұлғая келе көруші жанкүйер ретінде қатынасады. Кейінгі кезде ұлт ойындарына көңіл бөлмеу нәтижесінде, көбі ұмыт болып, мүлде жоғалуға жуық. 

Ойын технологиясы бойынша жас өспірімдердің қызығушылығын жақсы арттыруға болады. Сонымен қатар тілдерін де дамытуға болады.

Жас өспірімдердін қарым қатынастарын, іздемпаздыққа адамгершілікке, сыйластыққа, мейрімді сөздер айтуға үйретуге болады.

Ең әдемі көрікті

Балабақша үйіміз

Үйрендік бәр ойынды

Біздер ойнай аламыз.


Қостанай қаласы. Меңдіқара ауданы . МКҚК «Балауса балабақшасы»

Тәрбиеші: Кубекова Анар Мухамбеткалиевна

II санатты, жоғары білімді.


6


« Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін ұлттық ойын арқылы дамыту.»
  • Начальные классы
Описание:

Ұлттық ойындарды жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал ретінде пайдалану қажет. Мен ұлттық ойындарды балаларға серуендерде, оқу іс – әрекеті барысындағы, бой сергіту кезінде, ертеңгіліктерде, спорттық шараларда ойнауға ұсынамын.

Ұлттық ойындардың бала тәрбиесінде алатын орны ерекше. Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті.

Жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым –қатынасын, мінез – құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.

Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері оқу іс – әрекетінде өлі – тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.

Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген
Автор Кубекова Анар Мухамбеткалиевна
Дата добавления 12.11.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другое
Просмотров 65
Номер материала MA-068491
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓