Главная / Другое / Мектеп оқушылары мен ата-аналарға араналған тренинг сабақ

Мектеп оқушылары мен ата-аналарға араналған тренинг сабақ



5 орта жалпы білім беретін мектеп











Психологиялық тренинг сабақ

тақырыбы: «Өмірлік құндылықтардың отбасында алатын орны»











Мектеп психологы: Умирзакова С.М







2014-2015 оқу жылы



Психологиялық сабақ

Тақырыбы:«Өмірлік құндылықтардың отбасында алатын орны» Мақсаты:

1. Өмірлік құндылықтарды қалыптастырудағы құзіреттіліктің рөлі

2. Ата-аналардың баламен қарым-қатынас ерекшеліктерін білу

3. Жас ерекшеліктеріне сай кездесетін қиындықтарын анықтау, оны шешу жолдарын қарастыру.

«Сәлемдесу» атты тренинг ойын жаттығуы

Бір-бірімізге қол беріп,

Айтамыз жақсы сөз жөн көріп.

Қалмаймыз текке іркіле,

Сыйлаймыз жылы күлкі де.

Мейірімді таза жүрекпен.

Амандасамыз шын ниетпен.

Шаттық шеңбері:

Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық

Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Қайырлы күн, қымбатты ата-аналар! Бүгінгі біздің жиналысымыз ерекше. Біздер бүгін отбасының құндылықтары туралы бірігіп әңгімелеспекпіз. Әрине әрқайсысыңыз ой-пікіріңізді көбірек ортаға салсаңыздар қуанар едім. Біріге отырып біздер көпке қол жеткіземіз.

Ата – ана – баланың бас ұстазы. Ата-ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы. Баланың бағыт – бағдар алтын шамшырағы іспеттес. Өзі үлгі болумен қатар, мейірім мен махаббат иесі болуы қажет.

Отбасы –бұл кішкентай адамның ең алғашқы ортасы, ұжымы. Жеке тұлғаның қалыптасу процесінде аса маңызды ролъ атқарады. Өйткені баланың мінезі, әдеттері әрине отбасында қалыптасады. Сондықтан баланың жақсы не жаман болуы отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасына байланысты. Жанұялық өмір санқилы, қиындықсыз жанұя болмайды. Дегенмен үлгілі (идеалды) отбасы деген ұғым бар.

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой-өлкесі

Абай Құнанбаев

1. Өмірлік құндылықтардың ең қажеттісін таңдаңыз

Денсаулық

Отбасы

Достар

Білім

2. Бейнеролик. Ана туралы

3. Сұрақ - жауап. Ой қозғау. Ата - аналарға сұрақ.

  • Балаңыздың туған күні?

  • Балаңыздың парталас көршісі кім?

  • Кеше сабақтан қандай баға алды?

  • Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

  • Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?

  • Балаңыздың сүйікті асы қандай?

  • Балаңыз  1-сыныпқа қай жылы барды?

  • Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

  • Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

  • Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

  • Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз ауызыңызға түседі?

4. «Өз ойыңды білдір» жаттығуы. (Арттерапия)

Егер отбасы – түс десеңіз, қандай ...(Алақаңға краска жағып, ақ қағазға көрсету)

Егер отбасы- әуен десеңіз, қандай... (әуенді қосу, айтып беру)

Егер отбасы – пішін десеңіз, қандай...(пішіннін суретің салып түрлі түспен бояу)

5. Ой қозғау. Оқушыларға доп лақтыру арқылы сұраққа жауап алу.

  • Ата-анаңыздын тұнғыш баласы, қай жылы дүниеге келген?

  • Ата-анаңыздын үйлену той күні?

  • Анаңыз кім болып жұмыс жасайды?

  • Айына тамаққа неше сом ақша жұмсайды деп ойлайсын?

  • Анаңыз қандай түсті жақсы көреді?

  • Ата-анаға құпияңызды айтасыз ба?

  • Ата-анаңызбен ең қуанышты, бақытты өткізген сәтің?

  • Әкеңнің туылған күні?

  • Анаңыздың туылған күні?

  • Ата - анаңның жақсы көретін тағамы?

  • Ата - анаңның жасы?

6. Қорытынды: «Аялы алақан» өсиет әңгіме

  • Бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.

  • Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды.

  • Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.

  • Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті.

 Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.

Құрметті ата - аналар осыдан қандай ой түйдіңіздер? Өз ойларыңызды ортаға салып талдауларыңыз сұралады.

Әке туралы видеоролик

Ф л е ш м о б









Мектеп оқушылары мен ата-аналарға араналған тренинг сабақ
  • Другое
Описание:

Тақырыбы:«Өмірлік құндылықтардың отбасында алатын орны»Мақсаты:

1. Өмірлік құндылықтарды қалыптастырудағы құзіреттіліктің рөлі

2.Ата-аналардың баламен қарым-қатынас ерекшеліктерін білу

3.Жас ерекшеліктеріне сай кездесетін қиындықтарын анықтау, оны шешу жолдарын қарастыру.

«Сәлемдесу» атты тренинг ойын жаттығуы

Бір-бірімізге қол беріп,

Айтамыз жақсы сөз жөн көріп.

Қалмаймыз текке іркіле,

Сыйлаймыз жылы күлкі де.

Мейірімді таза жүрекпен.

Амандасамыз шын ниетпен.

Автор Умирзакова Салатант Мергенбаевна
Дата добавления 28.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 143
Номер материала MA-065922
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы