Главная / Начальные классы / Мазмұндамалар жинағы(1-сынып оқушыларына арналған).

Мазмұндамалар жинағы(1-сынып оқушыларына арналған).

Мазмұндамалар жинағы Құрастырған Кеңбидайық орта мектебінің бастауыш сынып мұ...
Алғысөз Ұстаздардың алдында тұрған басты міндеттердің бірі-Отанын сүйетін, ең...
Мазмұндама. Мазмұндама дегеніміз-белгілі бір шығарманың (мәтіннің) мазмұныны...
Сурет және өлең жолдары бойынша әңгіме құрап жаз. Саған қыс мезгілі ұнай ма? ...
«Менің мысығым» тақырыбында әңгіме құрастырып жаз: Жоспар: Менің мысығымның а...
Балапан Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан атасы мен әжесінің ауылына қыдырып ...
1. Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан қайда қыдырып барды? 2. Олар ата-әжесіне ...
ҰСТАЗ
біліммен сусындатады; тәлім-тәрбие береді; өмір қиындықтарын жеңуге баулиды;...
Қазақстан-біздің сүйікті атамекеніміз. 1991 жылғы желтоқсанның 16-сы оның та...
Сурет бойынша әңгіме құрап жаз:   Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? Дас...
Қоқиқаздар - дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құстар.Олар ...
Сурет пен өлең жолдарын пайдалана отырып әңгіме құрастырып жаз. Суретте жылды...
Бір жылдың ішінде бір-ақ жаз болады. Ағаш, шөптер, гүл, жапырақтар бір-ақ ре...
Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? Қандай ағаш гүлдеп тұр? Табиғаттың әс...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: «Өзін-өзі тану» оқулығы( 1-сынып). А.Сейтақов, Р.Ізғ...
1 из 25

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Мазмұндамалар жинағы Құрастырған Кеңбидайық орта мектебінің бастауыш сынып мұғал
Описание слайда:

Мазмұндамалар жинағы Құрастырған Кеңбидайық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кизатова Бағдат Даниярқызы

№ слайда 2 Алғысөз Ұстаздардың алдында тұрған басты міндеттердің бірі-Отанын сүйетін, еңбек
Описание слайда:

Алғысөз Ұстаздардың алдында тұрған басты міндеттердің бірі-Отанын сүйетін, еңбексүйгіш, кез-келген жағдайда шешім тауып шыға алатын жеке тұлға тәрбиелеу. Мұның бәрі тіл арқылы жүзеге асады. Баланың тілі бай болса, оның ойы да кең болады. Сондықтан баланың тілін байытып, ой-өрісін кеңейте түсу үшін, өз ойын жазбаша жеткізе білудің маңызы өте зор. Оқу мен жазуды жаңа меңгерген 1-сынып оқушыларына мазмұндама, шығарма жазып кету бірден оңайға түспейтінін кез-келген бастауыш сынып мұғалімі жақсы біледі. Бұл жинаққа 1- сынып оқушыларына шағын әңгіме, мазмұндама жазуға арналған материалдар енгізілген. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі –түсті суреттермен толықтырылған. Жинаққа қосымша жасалған диск мазмұндама материалдарын экраннан көрсетуге мүмкіндік береді.    

№ слайда 3 Мазмұндама. Мазмұндама дегеніміз-белгілі бір шығарманың (мәтіннің) мазмұныны ау
Описание слайда:

Мазмұндама. Мазмұндама дегеніміз-белгілі бір шығарманың (мәтіннің) мазмұныны ауызша немесе жазбаша түрде баяндап беру. Бұл оқушылардың алғын білімін тиянақтап, тілін дамыту мақсатын көздейді. Мазмұндама 1-сыныпта оқу жылының екінші жартысында басталып, 2-4 сыныптарда бірте-бірте күрделендіре жүргізіледі. Оқушылар ауызша мазмұндауға толық төселіп болғанға дейін жазуға кірісер алдында оқушылармен ауызша әңгіме өткізіліп, жазу жұмысына дайындау міндетті түрде қажет болады. Мәтіннің көлемі 1-сынып үшін - 40-50 сөз, 2-сынып үшін -50-60 сөз, 3- сынып үшін-60-80 сөз, 4-сынып үшін 80-90 сөз болғаны дұрыс. Мазмұндамаға екі баға қойылады:1)сауаттылығына, 2)мазмұн-дылығына. Бастауыш сыныптарда мазмұндаманы мына сияқты материалдар бойынша жаздыруға болады: дайын мәтін бойынша сурет бойынша шығармашылық жолмен кино, бейнефильм бойынша

№ слайда 4
Описание слайда:

№ слайда 5 Сурет және өлең жолдары бойынша әңгіме құрап жаз. Саған қыс мезгілі ұнай ма? Өле
Описание слайда:

Сурет және өлең жолдары бойынша әңгіме құрап жаз. Саған қыс мезгілі ұнай ма? Өлең неге «Көңілді қыс» деп аталған деп ойлайсың? Жаңа жыл мерекесін қалай қарсы алдың?

№ слайда 6 «Менің мысығым» тақырыбында әңгіме құрастырып жаз: Жоспар: Менің мысығымның аты.
Описание слайда:

«Менің мысығым» тақырыбында әңгіме құрастырып жаз: Жоспар: Менің мысығымның аты. Мысығымның ұнататын тағамы. Мысығыммен ойнайтын ойындарым. Мысықтың тазалығын қадағалау. Мысықтың адамға пайдасы.

№ слайда 7 Балапан Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан атасы мен әжесінің ауылына қыдырып бар
Описание слайда:

Балапан Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан атасы мен әжесінің ауылына қыдырып барды. Бірде олар аталарына аула ішіндегі бау-бақшаны арамшөптерден тазартып, ретке келтіруге көмектесіп жүр еді. Арман Нұрланды шақырды.   Барса, жерде шиқылдап сары ауыз балапан жатыр екен. Бұл ағаш басындағы ұядан құлап түскен торғайдың балапаны болып шықты. Өзі кіп-кішкентай, жүні жоқ, қызылшақа. Балапан шиқылдай береді. Арман басқышқа мініп, балапанды ұясына қайта салды. Арман мен Нұрлан балапанға қарайлап, үнемі қамқорлық жасап жүретін болды.

№ слайда 8
Описание слайда:

№ слайда 9 1. Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан қайда қыдырып барды? 2. Олар ата-әжесіне қал
Описание слайда:

1. Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан қайда қыдырып барды? 2. Олар ата-әжесіне қалай көмектесті? 3. Олар нені көрді? 4. Торғайдың балапаны қайдан құлап түскен? 5. Балалар қандай жақсы іс-әрекет жасады? 6. Өздерің құстарға қандай қамқорлық жасайсыңдар?      

№ слайда 10 ҰСТАЗ
Описание слайда:

ҰСТАЗ

№ слайда 11 біліммен сусындатады; тәлім-тәрбие береді; өмір қиындықтарын жеңуге баулиды; та
Описание слайда:

біліммен сусындатады; тәлім-тәрбие береді; өмір қиындықтарын жеңуге баулиды; табиғатты танып-білуді меңгертеді; адамдарды түсінуге үйретеді.  

№ слайда 12
Описание слайда:

№ слайда 13 Қазақстан-біздің сүйікті атамекеніміз. 1991 жылғы желтоқсанның 16-сы оның тарих
Описание слайда:

Қазақстан-біздің сүйікті атамекеніміз. 1991 жылғы желтоқсанның 16-сы оның тарихындағы ұлы күн! Сол күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Қазақ халқы ғасырлар бойы аңсаған арманына жетті.Еліміз егемен мемлекет болды. Қазір қазақ мемлекетін жер жүзі біледі. Ұлы Отанымыз –Қазақстанды шексіз сүйеміз! Сұрақтар: Біздің сүйікті атамекеніміз қалай аталады? Қазақстан тарихындағы ұлы күнді ата. Еліміз қандай мемлекет болды? Қазақстанды әлем тани ма?

№ слайда 14
Описание слайда:

№ слайда 15 Сурет бойынша әңгіме құрап жаз:   Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? Дастар
Описание слайда:

Сурет бойынша әңгіме құрап жаз:   Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? Дастархан басында кімдер отыр? Олардың көңіл күйлері қандай? Дастарханға қандай тағамдар қойылған? Олар қандай отбасы деп ойлайсыңдар?  

№ слайда 16
Описание слайда:

№ слайда 17 Қоқиқаздар - дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құстар.Олар Қор
Описание слайда:

Қоқиқаздар - дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құстар.Олар Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады. Ұшып бара жатқан қоқиқаздың қанаттары лапылдап жанған оттың жалынына ұқсас болғандықтан оларды кей халықтар “от немесе жалын құс” деп те атайды. Қоқиқаз топтанып тіршілік етеді. Сұрақтар: Қоқиқаздардың дене бітімі қандай? Олар қайда үялап, жұмыртқалайды? Қоқиқаздар қалай қоректенеді? Қоқиқаздар ұя жасауға нені пайдаланады? Қоқиқаздарды неліктен «жалын құс» деп атайды, қалай тіршілік етеді?                                                                      

№ слайда 18
Описание слайда:

№ слайда 19 Сурет пен өлең жолдарын пайдалана отырып әңгіме құрастырып жаз. Суретте жылдың қ
Описание слайда:

Сурет пен өлең жолдарын пайдалана отырып әңгіме құрастырып жаз. Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? Қысқы табиғатты суреттеп жаз. Балалар сырғанақты қалай жасады? Олар қалай ойнады? Саған сырғанақ тепкен ұнай ма?  

№ слайда 20
Описание слайда:

№ слайда 21 Бір жылдың ішінде бір-ақ жаз болады. Ағаш, шөптер, гүл, жапырақтар бір-ақ рет ж
Описание слайда:

Бір жылдың ішінде бір-ақ жаз болады. Ағаш, шөптер, гүл, жапырақтар бір-ақ рет жасарады. Осы секілді адамның басына жастық екі келмейді. Жастық - біздің өміріміздің жазы. Жаздан кейін күз келеді, сол секілді жастықтан соң кәрілік жетеді. Шаруасына тиянақты кісілер жаздыгүні қыстық азық-түлігін даярлап қояды. Адам да жасында өнер-білім, жақсы мінездерін бойына жинауы тиіс. Мұнсыз ол қартайған шағында рақат тіршілік ете алмайды. (М.Дулатов.) Бір жылда қанша рет жаз болады? Ағаш, гүл, жапырақтар неше рет жасарады? Жастық шақты жылдың қай мезгіліне теңейді? Кәрілікті неліктен күзге теңейміз? Адам өнер-білімді, жақсы мінездерді қай уақытта бойына жинауы тиіс?                                   

№ слайда 22
Описание слайда:

№ слайда 23 Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? Қандай ағаш гүлдеп тұр? Табиғаттың әсемд
Описание слайда:

Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? Қандай ағаш гүлдеп тұр? Табиғаттың әсемдігін қалай суреттер едің? Қыз балаға ат қой. Ол табыиғат аясында не істеп отыр? Табиғатты қорғау дегенді қалай түсінесің?

№ слайда 24 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: «Өзін-өзі тану» оқулығы( 1-сынып). А.Сейтақов, Р.Ізғұтт
Описание слайда:

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: «Өзін-өзі тану» оқулығы( 1-сынып). А.Сейтақов, Р.Ізғұттынова, Ұ.Әбдіғапбарова, Ж.Қажығалиева, Ж.Әкімбаева. «Бөбек», 2011 «Қазақ тілі» оқулығы(4-сынып). Г.И.Уәйісова, Ұ.Ә.Асылов, Ә.Е.Жұмабаева. «Атамұра» баспасы,2004 «Балапан әлемі» журналы 2011, №7 Ғаламтор материалдары. kk.wikipedia.org/wiki/Қорғалжын_қорығы      

№ слайда 25
Описание слайда:

Мазмұндамалар жинағы(1-сынып оқушыларына арналған).
  • Начальные классы
Описание:

Ұстаздардың алдында тұрған басты міндеттердің бірі – Отанын сүйетін, еңбексүйгіш, кез-келген жағдайда шешім тауып шыға алатын жеке тұлға тәрбиелеу. Мұның бәрі тіл арқылы жүзеге асады. Баланың тілі бай болса, оның ойы да кең болады. Сондықтан баланың тілін байытып, ой-өрісін кеңейте түсу үшін, өз ойын жазбаша жеткізе білудің маңызы өте зор.Оқу мен жазуды жаңа меңгерген 1-сынып оқушыларына мазмұндама, шығарма жазып кету бірден оңайға түспейтінін кез-келген бастауыш сынып мұғалімі жақсы біледі. Бұл жинаққа 1-сынып оқушыларына шағын әңгіме, мазмұндама жазуға арналған материалдар енгізілген. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі–түсті суреттермен толықтырылған.

Жинаққа қосымша жасалған диск мазмұндама материалдарын экраннан көрсетуге мүмкіндік береді.

 

 

Автор Кизатова Багдат Данияркызы
Дата добавления 04.01.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел
Просмотров 4724
Номер материала 25068
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓