Главная / Другое / Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері. 6 сынып

Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері. 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға Мағжан Жұмабаевтың өмірі, шығармашылығы, «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері жайлы толық мәлімет бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.

б) тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ.

Сабақтың әдісі: тусіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, бүктемелер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, уй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,

Сабақтың барысы:

а)Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу.

2. Кезекші мәлімдемесі.

3. Журнал бойынша түгендеу.

4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. А.Байтұрсынұлының өмірі, шығармашылығы жайлы сұраймын.

  2. Қалаған өлеңін жатқа сұраймын.

  3. Қосымша сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылаймын.

  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

1. Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Мағжан Жүмабаевтың өмірі, шығармашылығы, «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері жайлы түсіндіремін.

Қаршадайынан зерек, Шығыс, Батыс әдебиетін еркін игерген Мағжан қазақ поэзиясына балғын шағында-ақ ерекше, аса талантты болмысымен келді. Қазақ ауыз эдебиетінің түнығына қана отырып, жарқ етіп шыққан Абай поэзиясын өзіне мектеп етті.

Мағжан - ұлтын тереңнен сүйген акын. «Адам, - дейді ол, - шын адам боламын десе, халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан бола білсін». Ақынның өзі де осы ізгі мақсаттың қүрбаны болды.

«Қазак тілі», «Мен кім?», «Мен жастарға сенемін» сияқты азаматтық лирикаға жататын куатты жырларды мол жазды.

2.. Өлеңді мәнерлеп оқу.

Қазақ тілі

Күш кеміді, айбынды ту құлады,

Кеше батыр - бүгін қоркақ, бұғады.

Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,

Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құстың қос канаты қырқылды,

Күндей күшті, күркіреген ел тынды.

Аскар, Алтай - алтын ана есте жоқ,

Батыр, хандар - асқан жандар ұмытылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың

Жауыз тағдыр жойды бәрін, не бардың...

Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жүлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!

3. «Миға шабуыл» әдісі.

1. Қазақ тілі туралы тағы да қандай ақын - жазушылардың өлең – жырларын білеміз.

2. «Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең тілім»» деп ақын не туралы айтады.

3.Жауыз тағдыр нені жойды?

4. Шығармашылық сәт.

__________________________________________ тілім

_____________________________________ арнаған

_________________________________________тілім

_______________________________________тараған

hello_html_370543e9.jpghello_html_46806d4e.jpg

5. Сергіту сәті. Оқушылар орнынан тұрады.

Мұғалім айтқан қимылдарды оқушылар бейнелейді.

1.Арыстанмын

2. Жолбарыспын

3. Көкте - бұлт

4.Жерде - желмін гулеген

5. Көкте – күнмін

6. Жалынмын мен

7. Тұлпармын мен

6. Келесі өлеңді мәнерлеп оқу.

Енді оқушылар Мағжан Жұмабаевтың «Мен кім?» атты өлеңімен танысайық.

Мен кім?

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кім түрар?

Көкте - бұлт, жерде - желмін гулеген,

Жер еркесі - желдің жөнін кім сүрар?

Көкте - күнмін, көпке нүрым шашамын,

Көңілге алсам, қазір ғарышқа асамын,

Шеті, түбі жоқ теңізбін қаракек,

Ерігемін - толқып, шалқып, тасамын.

Жалынмын мен, келме жақын, - жанарсың,

Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.

Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ,

Көз қырымен күліп қана қарармын...

7. Венн диаграммасы арқылы ортақ қасиетті табу

hello_html_338dbeed.gif

hello_html_99f0dc4.gifhello_html_2ebaf70f.gif

Бағалау. Оқушылардың жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Сабақтың қорытындысы: І.Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

  1. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

  2. Үйге тапсырма: Өлеңдердің қалағанын жаттап келу.

Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері. 6 сынып
  • Другое
Описание:

    Ол кім?

    (өлең бойынша)

    Мен кіммін?

    Біз кімбіз?

    (ортақ қасиеттерді іріктеу)

Бағалау. Оқушылардың жауаптарына қарай  білімдерін бағалаймын.

Сабақтың қорытындысы: І.Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

  1. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

  2. Үйге тапсырма: Өлеңдердің қалағанын жаттап келу.

Автор Рузьева Райхан Аблахатовна
Дата добавления 28.02.2015
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 5391
Номер материала 57254
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓