Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың
«Түркістан» өлеңі
Сабақтың
мақсаты: М.Жұмабаевтың
«Түркістан» өлеңімен таныстырып, тарих пәні арқылы жан-жақты мәлімет
беріп, өлеңнің құрылысы мен көркемдік
ерекшеліктеріне талдау жасау.
Сабақтың
әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,
әңгімелесу, баяндау, топпен жұмыс, суреттеу, салыстырмалы әдіс, «Кубизм»
стратегиясы
Сабақтың
түрі: дәстүрлі емес, кіріктірілген танымдық
сабағы.
Сабақтың
көрнекілігі: М.Жұмабаевтың портреті, Қожа Ахмет Йасауи
кесенесінің, Қожа Ахмет Йасауидің суреттері.
Пәнаралық
байланыс: 1.Тарих: М.Жұмабаевтың өмір жолы, 3.География:
ҚР картасы, 4.Музыка: Р.Рымбаеваның орындауындағы «Түркістан» өлеңі. 5.ТОҚ:
компьютер, интерактивті тақта.
Сабақтың
барысы:
I.
Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Мағжан Жұмабаев туралы кластер жасау.
ІІІ. Жаңа сабақ. Мағжан Жұмабаев – қазақ әдебиетінің жарық
жұлдыздарының бірі болған. Мағжан – сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей тілге
жұмсақ, жүрекке жылы тиетін, үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында
болған емес. Ол жүректің қобызын шертеді, не жазса да, сырлы, көркем, сәнді
жазады. Бұл тақырып аясында біз ақынның «Түркістан» өлеңімен танысып,
олардың мазмұны, құрылысы, көркемдік ерекшеліктеріне тоқталамыз.
II. Ой қозғау.
Сабақтың тақырыбын шығару
Слайд:
М.Жұмабаевтың өлеңінен үзінді
Түркістан – екі дүние есігі ғой.
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңір берген несібі ғой.
М.Жұмабаев.
-
Ақынның осы өлең жолдарында не туралы айтылады?
III. Мағынаны ажырату. (Жаңа сабақты өту)
1. Сабақтың мақсатымен таныстыру
Бүгінгі
сабағымыз – дәстүрлі емес, тарих пәнімен кіріктірілген танымдық сабағы. Сабақта
біз М.Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңімен танысып, мәліметтерді пайдалана отырып,
білімдерімізді шыңдаймыз. Өлеңмен таныспас бұрын тарих пәнінің мұғалімі ежелгі,
қасиетті Түркістан қаласының тарихымен таныстырады.
2. Түркістан қаласымен
таныстыру.
Слайд: Түркістанның картасы, Түркістан мен
Меккенің суреттері
Тарих
мұғалімі: Түркістан шаһары Оңтүстік Қазақстан
облысында орналасқан. Ол 18 ғасырда Оңтүстік Қазақстанның астанасы болған.
Түркістан ертеде Шам, Тұран, Шабғар, Йасы деп аталған. «Түркістан» сөзі
«Түріктер мекені» немесе «Батырлар елі» деген мағынаны білдіреді.
Түркістан –
қасиетті рухани қала. Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған. Оны Меккемен
салыстырады. Мекке Сауыт Аравиясында орналасқан. Адамдар Меккеге қажылыққа
барып, тілек тілейді. Егер Түркістанға 3 рет барсаң, Меккеге 1 рет барғанмен
тең болады.
Әдебиет
мұғалімі: Жақсы, рақмет! Сонымен осы
хабарламадан не түсіндіңдер?
3. Жаңа сөздерді меңгерту
Жаңа
сөздермен жұмыс.
4. Оқулықтағы өлеңмен таныстыру
Сонымен біз міне, көздің жауын алып тұрған әдемі, сұлу да сырлы Түркістан
қаласымен таныстық.
IV. Жаңа сабақты бекіту
Кубизмдік тапсырмалар:
Қазір «Кубизм» стратегиясы бойынша топтармен мынадай тапсырмаларды орындаймыз.
Куб 6 қырдан тұрады. Осы кубтың қай қыры қай топқа қараса, сол топ сол қырдың
тапсырмаларын орындайды.
(Кубты
айналдырып отыру керек).
«Кубизм»
стратегиясы
1-қыры – Зерттеңіз
Өлең
бойынша сатылай кешенді талдау жасап, зерттеңдер.
1. Авторы:
Мағжан Жұмабаев.
2. Тақырып:
«Түркістан» өлеңі, бұл - тарихи туындының іргетасы, тарихи
шығарма. Тарихи шығарма – бұл белгілі бір дәуірдегі қоғамдық
шындықтың
сәулесі.
3. Жанр
түрі: өлең, поэзия, себебі өлең дегеніміз – белгілі бір
өлшеммен қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен
ұйқасып
келетін өрнекті сөз жүйесі.
4. Идеясы:
автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін
суреттегенде оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы
тұрғысынан
бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат, мүддесін,
арманын білдіреді.
5. Поэма 8 шумақты. Шумақ аяқталған синтаксистік біртұтас
ойды білдіреді.
6. 32 тармақты. Тармақ – өлеңнің әр жолы.
7. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні: өлеңде туған жерді, Отанды сүю, қорғау, тарихи
тұлғаларды біліп, оларды құрметтеу.
2-қыры
– Суреттеңіз
Түркістандағы тарихи ұлы тұлға Қожа Ахмет
Йасауи кесенесін суреттеңіз.
Слайд:
Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің суреті
Қожа Ахмет
Йасауи кесенесін Орта Азияның әміршісі Әмір Темір салдырған. Ол бұл кесенені
философ, ақын, екінші әулие Қожа Ахмет Йасауиге арнаған. Бұл құрылысты салуды
Әмір Темір шебер Мәулен Ғұбайдолла Садырға тапсырды. Осы құрылыс 10 жыл
салынған. Сәулет біртұтас болып көрінгенмен, 8 бөліктен, 35 бөлмеден тұрады.
Бұл бөлмелерде кітапхана, мешіт, асхана, құдық, тайқазан бар.
Кесененің
қабырғалары мен күмбездері көркем ою-өрнектермен, әсем мозаикалармен
көмкерілген.
3-қыры – Салыстырыңыз
Қазақстанның Елордасы болған Түркістан мен
Астана қалаларының ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы
салыстырыңыз.
4-қыры
– Талқылаңыз
Неге
Түркістан қаласы екінші Мекке деп аталады? Өз ойыңызды 3 минуттік эссе түрінде
жазыңыз.
5-
қыры – Қолданыңыз
Түркістан
сөзіне Бес жолды өлең жазыңыз.
V. Ой толғаныс. Жаңа сабақты қорыту.
6-қыры
– Байланыстырыңыз (ассоциация)
Өлеңдегі
тарихи тұлғаларды атаңыз.
Слайд:
тарихи тұлғаларды атаңыз
Шыңғыс хан
Қасым хан Абылай
хан
Есім
хан Кенесары хан Әл-Фараби
Әдебиет
мұғалімі: Мағжан Жұмабаев – қазақ
әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі болған. Мағжан – әдебиетте
қайталанбас өзіндік қолтаңба қалдырған дарынды тұлға
Тарих
мұғалімі: Түркістан қаласы - тарихын
тереңнен алатын, ежелгі қалалардың бірі. Ақын тарих қойнауына терең
үңіледі.. Ата-бабаларымыздың тарихын білу – әрбір адамның парызы.
VI. Үйге
тапсырма
VII.
Оқушылардың білімін бағалау
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.