Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
3-сынып. Тақырыбы: Шамалар Мақсаты: 1)Өтілген материалды қайталап, шамалар және олардың өлшем бірліктері туралы білімін толықтыру. Теңдеулер шешуді қайталау. 2) Оқушылардың ойын, ойша есептеуін дамыту. 3) Шапшаңдыққа, дәлдікке, өз ойын еркін жеткізуге тәрбиелеу. Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Үй жұмысын қайталау сұрақтарын қою. 3. «Сөйлемді аяқта» ойынын ойнау. 1 тонна – бұл... кг 1 сағат – бұл... мин 1минут – бұл... секунд 1 жыл – бұл... ай 1 ай – бұл... күн 1 апта – бұл...күн 1 тәулік – бұл ... сағат 1дм – бұл...см 1км – бұл... м 1метр – бұл... см 4. Есептер шығару. - Біз бүгін шамаларды қайталап өтеміз. - Неліктен уақытты, массаны, ұзындықты, ауданды шамалар деп атаймыз? - Дұрыс. Яғни, затты өлшеудің шамасын білдіреді, олар өзгермелі болады. - Егер өлшеу керек болса, қандай шаманы қолданамыз? Қандай да бір заттың өлшемін білу үшін қандай құралдың көмегімен заттың ұзындығын өлшейміз? - Қандай құралмен уақытты өлшеуге болады? - Көлемді немен өлшейді? №1 есеп. Салыстыру. Бұл есепті орындау үшін, өлшем бірліктерін біріне-бірін түрлендіру керек. 1сағ 20мин * 120 мин 6 дм 7см * 670 см 10дм * 1км 2сағ10 мин * 260мин 6 м 70 см * 607см 100 м * 1км №2 Есепте. 5 м 6дм 5 см + 8дм 4 см 1 сағ 5 мин + 55 мин 2 м 4дм 2см + 3м 1дм 5см 1 сағ - 17 мин 5 м – 89 см 2 сағ - 45 мин №3 а) Мектепте сабақ сағат 14.00-де басталады. Жолға 35 минут кетеді. Сабақ басталғанға дейін 10 минут ерте келу қажет. Үйден ағат нешеде шығу керек? 1 сағ – (35мин + 10 мин) = 15 мин 13.15-те шығу керек. ә) Аяқталды – 16 сағат 30 минут Ағасын күтеді – 1сағат Жолға – 25 минут Үйге келеді-? Шешуі: 16сағ30 мин + 1сағ + 25 мин= 17сағ 55 мин. Жауабы: Үйге 17 сағ 55 мин келді. №4 Уақытқа көрсетілген өлшем бірліктеріне айналдыру керек. 8 дм =..см 1м 9 см =..см 10 дм =..см 1 дм 7 см =..см 3 м =..см 1 м 3 дм =..дм 1 км =..м 1 м 5 см =..см 5. Өздік жұмыс ретінде математикалық дәптерден тапсырмалар беріледі. Өз-өздерін тексере білу, өздеріне әділ баға қоя білу керек. №7 шығармашылық тапсырма ауызша орындалады. Анам сіңлімді балабақшаға 8 сағат 30 минутта апарады. Балабақшадан оны 18 сағат 00 минутта алады. Ол балабақшада қанша уақыт болады? 6. Сабақты қорыту. - Шама деп нені айтамыз? - Қандай шамалар бізге белгілі? - Ұзындық, масса, уақыт, сыйымдылық - ? - Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата. - массаның өлшем бірліктерін ата. - Уақыттың өлшем бірліктерін ата. - Сыйымдылықтың өлшем бірліктерін ата. 7. Үйге тапсырма: №5, №6 15-16 бет 8. Бағалау.
6 664 296 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Зайцева Ольга Александровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.