Главная / Математика / Математика "Жай бөлшектер" 5- сынып

Математика "Жай бөлшектер" 5- сынып

Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі
Мусина Әдемі Заманбековна



Оқушылардың білімге деген қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту, сонымен қатар өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру мақсатында өз сабағымда интерактивті тақтаны және деңгейлеп- саралап оқыту технологиясын пайдалана отырып өткіземін. Төменде әріптестерімнің назарына 5-сыныпта өткізген сабағымның жоспарын ұсынып отырмын

Пәні: Математика
Сыныбы: 5 «б»
Сабақтың тақырыбы: «Жай бөлшектер» тақырыбын қорытындылау.
Сабақтың мақсаты: «Жай бөлшектер» тақырыбына байланысты әртүрлі тапсырмалар орынду арқылы олардың білімдерін тексеру.
Білімділігі: Оқушыларды есепті шапшаң шығаруға баулу.
Дамытушылығы: Оқушыларды ұқыпты тыңдауға, білімін көрсете алу қасиеттерін ашуға үйрету.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге үйрету.
Әдісі: Деңгейлеп саралап оқыту.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, кеспе қағаздар


Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Математиканың жанкүйерлері!
Бүгін біз математиканың қыр-сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін жиналдық!

Сіздер 5 б сыныбының екі тобының арасында өтетін «Математикалық калейдоскоп» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!
Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау.

Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М.Ломоносов

« Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны

оқу керек, »- деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты,

математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар.

Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі

екендігіне көз жеткізесіңдер.

Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар

ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып,

берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің

керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.

Математикалық сайыс-бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте

ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп

сақталғаны жөн.



Төрімізде отырар
Әділазы алқасы
Сіздерден әділ шешімді
Күтеді бүгін баршасы.” деп біз әділ мүшелерімен таныстырып өтейін.



Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.
1-топ. «Дұрыс бөлшектер».

2-топ. «Бұрыс бөлшектер».


Енді сөз кезегін топтарға берейін, өз топтарын өлең жолдары арқылы
таныстырып өтсін.

Әр топтың сәлімдесуі. /таныстыру/
1 топ:

Топтың ұраны:    « Математика – ғылымдар патшасы ».

Армысың! Сыныптасым, қарсыласым,
Арайлап ата берсін әрбір таңын.
Өздеріңмен сайысқа түсіп тұрған,
От болып, лапылдап тұр, жүрек жалын.


2 топ:

Топтың ұраны:    « Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ ».

Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашан да үміткерміз жеңіске



Сайысымызды бастайық.

Ол мынадай бөлімдерден тұрады:

  1. Капитандар сайысы. Адасқан әріптерден сөз құрау.

А Н С 

Л Е С У Ә

К И Р Ь Л У Ц

А П Р Е Л Ь Л Л А

В А Д К Т А Р

У К Б 

З У Ү Т

Ұ Р Ш Ы Б

Н У К Я И Ф Ц

Р Я Л У К Н Е П Д И Р Е П



  1. «Ұйқыашар» сайысы.

  2. Математикалық викторина.

15 шырпыдан метр деген сөзді құрастыру керек

  1. Математикалық лото.

Математикалық лото» ойыны

6 карточка дайындалады. Осы 6 карточканың сыртына бір тұтас бір сурет салынады. Топтың жетекшісі карточкалардың біреуін алып өз тобына оқиды. Топ оқушылары тапсырманы орындап, бір оқушы жауаптар таблосынан  жауабын тауып, жауабы жазылған торға карточканы беттестіріп жапсырады. Осылайша жауаптар таблосы тиісті карточкалармен жабылған кезде табло бетінде карточка сыртындағы сызықтардан юір сурет құрастырылады.



  1. Математикалық санамақ.

Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)

6 аламаның 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)

Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)

11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)

15
Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (60 алма)
Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)
100 асықтың 30-ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады.
(70 асық)




  1. Математикалық ребус (мақал- мәтел).

. 1) Еріншектің ертеңі бітпес.

2) Бір минутта 60 секунд бар.

7. «Ойымды жалғастыр» ойыны

  1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім біл)

  2. Білікті бірді жығар (білімді мыңды жығар)

  3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

  4. Досыңды үш күн сынама (үш жыл сына)

  5. Бір елі ауызға (екі елі қақпақ)

  6. Жүз сомың болғанша (жүз досың болсын)

  7. Отыс тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)

  8. Білгенің бір тоғыз (білмегенің тоқсан тоғыз(

  9. Бір кісі қазған құдықтан( мың кісі су ішіеді)



8.«Озық ойлы оқушы» (логикалық есептер)

1. . Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Шешімі: Жанат - ұзын

2.. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет

3. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш

4. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан жәнеоған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық

5. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары

6. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы



8,Қорытындылау. Әділқазыларға сөз беріп, жеңімпаздар анықталып,

марапатталады.








Математика "Жай бөлшектер" 5- сынып
  • Математика
Описание:

Оқушылардың білімге деген қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту, сонымен қатар өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру мақсатында өз сабағымда интерактивті тақтаны және деңгейлеп- саралап оқыту технологиясын пайдалана отырып өткіземін. Төменде әріптестерімнің назарына 5-сыныпта өткізген сабағымның жоспарын ұсынып отырмын

 

Пәні: Математика
Сыныбы: 5 «б»
Сабақтың тақырыбы: «Жай бөлшектер» тақырыбын қорытындылау.
Сабақтың мақсаты: «Жай бөлшектер» тақырыбына байланысты әртүрлі тапсырмалар орынду арқылы олардың білімдерін тексеру.
Білімділігі: Оқушыларды есепті шапшаң шығаруға баулу.
Дамытушылығы: Оқушыларды ұқыпты тыңдауға, білімін көрсете алу қасиеттерін ашуға үйрету.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге үйрету.
Әдісі: Деңгейлеп саралап оқыту.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, кеспе қағаздар

 

 
Автор МУСИНА АДЕМЫ ЗАМАНБЕКОВНА
Дата добавления 06.01.2015
Раздел Математика
Подраздел
Просмотров 891
Номер материала 37044
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓