Главная / Математика / математика пәні бойынша апталық жоспары

математика пәні бойынша апталық жоспары

Павлодар облысы Ақсу қаласы

Қанаш Қамзин атындағы орта мектеп

«Информатика — Математика» апталығының

ашылу салтанаты.

Ұйымдастырушылар:

Букенова Айнагуль Ахатовна – оқу ісі меңгерушісі

Жунускалиева Айман Турганбаевна –әдістеме бірлестік жетекшісі

         Құрметті оқушылар мен ұстаздар!  Бүгінгі «Математика-Информатика» апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!         Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән аптылықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз — оқушылар информатика мен математиканы тек сабақта ғана  пайдаланып қоймай , өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. Түрлі сайыстар мен іс- шаралар өткіземіз. Сол іс-шаралар арқылы сіздердің пәнге деген қызығушылықтарыңыз бен құрметтеріңізді ояту.Олай болса бүгінгі апталыққа байланысты дайындап келген оқушылардың бір-екі шумақ өлеңдерін тыңдайық.

1-    Оқушы: Ғылымдардың патшаасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл – ойды тәртіпкек келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың

2-    Оқушы:  Армысыңдар, бүгінгі  кешке  жиналған  қауым!
Құтқарып  ауыр  бейнеттен
Техниканы  үйреткен
Роботтай –адамды
Тіл  бітіріп  сөйлеткен
Компьютер  емей  немене
Білмегенді  білдірген
Өлшеп  киім  кигізген
Барлық  істі  атқарып
Пайдасын  елге  тигізген

3-    Оқушы  Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,
Компьютер, бар сенің қасиетің.
Бір емес бірнеше іс атқарасың,
Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың.
Ақпарат, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың
Интернет желісін жүктейсің де,
Әлемдік жүйе
де сен тұрасың.
Өмірдің тула
ған толқынында.
Өзіңді өзгемен бір көресің
Ақпарт, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асыр
ып сен жүресің.

4-    Оқушы Қатысыңыздар, Қолдаңыздар, Есептен шет қалмаңыздар, ойлаңыздар, есеп додасы басталды, кірісейік жұмысқа! Жайбарақат болмаңыздар.  Қатыратын бастарыңызды , Апталық міне басталды!

«Қазақ биі»-орындайтын 5- сынып қыздары.

Енді информатка мен математика пәні бойынша білімдерімізді  толықтырайық.Ол үшін сендер мына сұрақтарға жауап беріп көріңдер:

  1. Геометрияда жаңалық ашқан Зевс құдайына ашқан  үшін Зевс құдайына жүз өгіз сойып құрбан еткен кім? (Ж: Пифагор)

  2. Информатика қандай  ғылым (ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендiру, жеткiзу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсiлдерiн зерттейтiн жаңа ғылыми пән.)

  3. Геометрияны білмейтіндер академияға кірмей- ақ қойсын деген кімнің сөзі (Платон)

  4. Компьютердің  құрылғылары нешеге бөлінеді және оларды ата (2-ге негізгі және қосымша)

  5. Арифметика дегеніміз – бұл математиканың негізі. Осы сөзді айтқан орыс жазушысы кім? (Л.Н.Толстой)

  6. Бірінші баланың әкесі  ұлына 150 сом,ал екінші ұлына 100 сом берді.дегенмен екі ұлы бірігіп өздерінің  қорларына  150 сомға, ғана көбейткені  белгілі болды.  Неліктен?

  7. Самолет А-дан В қаласына  дейінгі қашықтықты  1 сағат 20 минутта ұшып өтті.  Ал қайтра жолда 80- ақ минутта ұшты . Бұл қалай?

  8. Ақпараттар ағынын , есіңде мол сақтайды. Оқушының сенімін , ол әркез ақтайды (Ж. процессор)

  9. Кішкене ғана саусаққа,Ұқсайды ма білмеймін. Сақұтай алар өзіне барлық қызық дүниені.  (Ж.Флэшка)

  10.  Аналитикалық машинаның жобасын жасаған кім? (Ж: 1834 жылы оқымысты Чарлз Бэббидж «аналиталық машинаның» жбасын жасады.)

  11. Адам мен монитор арасындағы қашықтық қанша болу қажет? (Ж: 50-70 см)

  12. Microsoft  фирмасын құрған адам (Ж: Билл Гейтс)

  13. Ақпараттың ең кіші өлшем бірліктері (Ж: Бит)

  14. Теріс санды «бересі» демей нөлден  кіші сан деп атаған математиктер кімдер? (Ж: Неміс математиктері М.Штифель, А.Жирар)

  15.  Windows сөзінің қазақша бламасы қалай аталады? (Ж: Терезе)

  16. 16.                       айнымалы шама ұғымын ең алғаш математикаға енгізген  француздың атақты математигі кім?  (Ж: 1641 жылы Лейбниц)

  17. Вирустың кері  әсерін жоятын программа (Ж: Антивирус)

  18. Жиын теориясының негізін салушы кім? (ХІХ ғасырдың екінші жартысы  , Г.Контер)

  19. Екілік санау жүйесінің  сандары (Ж: 0 мен 1 )

  20. Қазіргі қолданылып жүрген теңдік  (=) белгісін бірінші рет қолданған   ағылшын дәрігері кім? (Рекорд 1557 жыл) 

 





Компьютердің айналасындағы әзіл-қалжыңдар.

  1. Интернетке кіріп алып,  қайда баратыныңды білмесең дисперсияға ұшырағаның…..

  2. Баласының ұмытқанын көрген әкесі баласына: балам –ау, сенің жадың форматталып кеткен бе, әлде вирус кіріп кеткен бе, не қарап тұрсың?- депті.

  3. Бір тарақан өлтіру үшін неше программалаушы қажет?. Екеу….. біреуі тарақанды ұстап тұрады, екіншісі оны тышқанмен бастырады.

  4. Оқушы программалаушыдан   Windows 95, Windows XP,  DOS  операциялық жүйелерінің айырмасын түсіндіруді сұрады: программалаушы оған:

-         Аэропортқа келдің дейік. Ұшуға дайындалып тұр, ішке кірсең кілем, күшті орындықтар, шамдары жарқырап тұр.  Жолаушылар отырған соң , ұшақ аэропортты  бір айналады да, қайта қонып жолаушылардың одан шығуын сұрады. Бұл- Windows XP

-         Келесі орында тағы бр ұшақ тұр, оған жолаушылар отырған соң , ол аэропортты  бір айналады да жарылып , жерге құлайды. Бұл- Windows 95

-         Ал үшіншісі ұшақтың  түрі нашар, сырты кір, дөңгелектері де қисайған секілді. Жолаушылар жүктерін ұшаққа тиеп,өздері оны итеріп от алдырып, ішіне секіріп мінген соң , ақырын ұшып барып, барар жеріне жетеді. Бұл- DOS деп түсіндіреді.

 

Келесі кезекте тақтада ілініп тұрған «Математика» туралы ұлы ғалымдардың айтқан  сөздерінен мысал келтірілді.

  1. Математиканың түсінікті болған 10 беті, түсінбей жаттап алған жүз беттен артық, ал өздігінен  оқып игерген бір сәт , әйтеуір түсінікті он беттен артық.    Юнг

  2. Еңбек пен жаңалық ашудың байтақ және қиырларына апаратын кең жол мектепте білген матеатикалық білімдер арқылы өтеді   Маркушевич

  3.  Математика – ұлы ғылым,  адамның ең бір асыл қасиеттерінің тамаша жемісі.   Писарев Д.И

  4.  Математикада  формуланы есте сақтау қажет емес, тек ойлау процестерін есте сақтау керек.  Ермаков

 

Құрметті оқушылар! Бір апта бойы өз жалғасын табатын апталықтың бағдарламасымен сіздерді таныстырып өтейін.

Дүйсенбі:

1.  Апталықтың ашылу салтанаты

2. Қызықты есептер (математика және информатикаға байланысты)

Сейсенбі:

  1. «Информатика» пәні бойынша  сайыс: 5-6 сыныптар

  2. «ХХІ ғасыр- техника ғасыры» тақырыбы бойынша 11 сынып оқушысы Ахметова Алияның баяндамасы. Кез-келген оқушы келіп баяндаманы тыңдап, өз ойларын ортаға салады (ашық есік күні)

Сәрсенбі:

  1. «Информатика» пәні бойынша  ашық сабақ: 8-сынып

  2. «Қызықты математика» үйірмесі бойынша іс-шаралар: 6а лицей сыныбында.

Бейсенбі:  Оқушылар шығармашылығы

  1. Математика және Информатика пәндері бойынша еркін тақырыпта баяндама , рефераттар жазып қорғайды: 5-9 сынып оқушылары.

Жұма:

  1. «Математика» пәні бойынша ашық сабақ: 10 сыныпта.

  2. «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық ойыны: 8-11 сынып оқушылары арасында.

Сенбі:

  1. Қорытынды кеш . Марапаттау.

 



математика пәні бойынша апталық жоспары
  • Математика
Описание:

Бұл жоспарда жалпы білім беретін мектептерде математика және информатика пәндерінің апталығының жоспары берілген. Апталықтың ашылу салтанатына арналған жиын өткізіледі. Жиынға 5-11 сынып оқушылары, математика мен информатика пәні мұғалімдері, әдістеме бірлестігінің мүшелері, мектеп әкімшілігі қатысады.  апталықт өткізу жоспарымен таныстырылып, қызықты мәліметтер, әзіл есептер шешіледі және ұлы ғалымдардың математика туралы айтқан пікірлері оқылады. Апталықтың мақсаты: математика мен информатика пәндеріне деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, сабақта және сабақтан тыс білім деңгейлерін анықтау.

Автор Букенова Айнагуль Ахатовна
Дата добавления 14.03.2015
Раздел Математика
Подраздел Планирования
Просмотров 1972
Номер материала 57993
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓