Инфоурок Математика Другие методич. материалыМатематика апталығының қорытынды кеші

математика апталығының қорытынды кеші

Скачать материал

М.Сиранов атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі :

Есет Сәнгүл Сәулетқызы

 Математика апталығының қорытынды кеші.

Сыныбы: 7,8,9,10,11 сыныптар

Математикалық кештің өткізілу жоспары:

Залды безендіру

Қабырға газеттері

Математикалық плакаттар

Музыка (математикалық билерге лайық)

Оқушылардың костюмдері

1-жүргізуші

-Уа,халайық,халайық,

Бәріңе жар салайық.

Бүгінгі кеш төрінде

Дарындылар елінде

Тапқыштардың тілінде,

Есеп шешіп жарысып

Жұмбақ шешіп аңдысып.

2-жүргізуші

Шабыт тасып шалқысып,

Есеппенен ән салысып.

Көңілді кеш жасайық

Жұмбақ шерді шашайық

Ат салысып аянбай

Бар өнерге басайық.

1-жүргізуші

Асып әсте саспайық

Батыл қадам бастайық

Еркіңді билеп барынша

Жарыста сірә,қалыспа

Кеш қызығын ей, достар.

Осылайша шабытпен

Кәне енді бастайық.

2-жүргізуші

Мұнда қызық табылар

Жаңылтпаш,жұмбақ бәрі бар.

Айтыс,тартыс тағы бар

Сөз жұмбақ та,сан жұмбақ.

О-о-ой,бір қызық кеш болар,

Өздеріңмен бес болар.

2-жүргізуші

Құрметті ұстаздар,оқушылар!

Сонау-сонау алысқа,жүзсін десең кемелер,

Тылсым сырлар ғарышқа,ұшсын десең денелер,

Жасау үшін бәрін де

Математика- ғылым бұл,

Сондықтан да,сондықтан сол ғылымның тілін біл!-дей келе, математика пән апталығының « Математика негізін қалаушы математиктер» деп аталатын қорытынды кешіне қош келдіңіздер дейміз!

1-жүргізуші

Сөз кезегін математика пәні мұғалімі Шатенова Құралай апайға сөз кезегін береміз.

2-жүргізуші

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім,- деп Абай атамыз айтқандай, уақытында геометрия сырына түсінбей, кейіннен уысымызға түспей қалмас үшін, бүгінгі таңда геометриялық фигуралармен әрі қарай сырласып, кейбіреулерімен мұңдасып қалу үшін назарларыңызға 7а сыныбының дайындаған геометриялық фигура үшбұрыштар туралы ертегіні ұсынбақпыз.

(Сахнаға ертегіші шығып,жүргізушілер кетеді)

Ертегіші атай:

Ерте, ерте, ертеде

Ешкі жүні келтеде

«Үшбұрыш» атты хан бопты

Үшбұрыштар әулеті

Бір руға тең бопты.

(үстінде шапан, басында тең қабырғалы үшбұрыш болып жасалған тақия, хан шығып таққа отырады).

Ертегіші атай:

Ал, қанеки, балалар!

Анықтап қарап алыңдар.

Ерекшелігін хан елінің

Қорықпай кәне атаңдар!

Оқушылар жауабы:

Бұл үшбұрыштың барлық қабырғалары тең.

Барлық бұрыштары тең.

Сондықтан бұл үшбұрыш теңқабырғалы үшбұрыш деп аталады.

Үшбұрыш төбелеріне қойылған үш әріппен белгіленіп, оқылады. Мысалы: АВС

Ертегіші атай:

-Ой, бәрекелді, өте дұрыс айттыңдар. (Бір үшбұрыш келе жатады).

Ертегіші атай:

Ал мынау- ханның үлкен ұлы

Әрқашанда болған жолы.

Қасиетімен бұл жігіттің

Танысамыз осы жолы.

Тең бүйірлі үшбұрыш:

-Менің атым- тең бүйірлі үшбұрыш, себебі екі бүйір қабырғам тең, үшінші қабырғам- табаным. Менің қасиетім табанымдағы бұрыштар тең болады. Сенбесеңдер, дәлелдейін. (сахнаға әкелініп қойылған тақтаға жазып, дәлелдеп береді). (сахнаға ақсай басып бір үшбұрыш шығады).

Ертегіші атай:

Қиқайған мынау кім өзі?

Қайдан ғана жүр еді?

Әр қабырғалы үшбұрыш:

-Мен ханның екінші ұлымын. Менің атым- әр қабырғалы үшбұрыш. Себебі қабырғаларымның ұзындықтары әр түрлі. Жүру қиын болғандықтан, көзге көп түсе бермеймін.

Ертегіші атай:

-Ой, бәрекелді, балам, төрге шық.

(бір топ үшбұрыш келе жатады)

Тағы бір топ келеді

Бізге де сол керегі.

(олар келіп бас иіп сәлем береді)

Өзеріңді таныстырып

Өтіңдер халық тілегі.

Үшбұрыш:

Мен ханның немересімін

Ау, халайық!

Бұрышым менің сүйір,

Ақылың болса егер бір түйір

Ойланшы өзің,

Сонда қалай аталамын?

Оқушылар жауабы:

-Сенің атың сүйір бұрышты үшбұрыш.

Үшбұрыш:

-Дұрыс, дұрыс

Үшбұрыш:

Доғал менің бұрышым,

Білсең айтшы дұрысын

Қалай деп кәне атайды

Шөбересін атайдың?

Оқушылар жауабы:

-Сенің атың- доғал бұрышты үшбұрыш.

Үшбұрыш:

-Дұрыс, дұрыс

Ертегіші атай 3- ші үшбұрышқа қарап:

-Ал, сен кімсің, қарағым?

Үшбұрыш:

Келсе егер сөз кезегі,

Таныстыруды бастайын.

Мен ханның неменесі,

Ешкімнен ұялып саспайын.

Атым менің- тік бұрышты үшбұрыш.

Қасиетім менің ерекше,

Белгілі ғой әр елге.

Пифагордың аты шығып,

Тарап кетті әлемге.

Пирамидасы Египеттің

Абыройымды асырды.

Аты шулы Пифагордың,

Теоремасы ашылды.

(сахнада математика тарихынан диафильм көрсетіліп тұрады. Үшбұрыштар өз сөзіне байланысты жерлерін көрсетеді).

Ертегіші атай:

-Ой, бәрекелді, төрге шығыңдар, балалар. (залға өткізіп жібереді). Міне, балалар «Үшбұрыштар еліне» саяхат жасай отырып:

Талай қанықтық,

Үшбұрыштар әулетімен таныстық.

Осымен ертегім тәмәм болды,

Одан бері талай заман болды.

Үшбұрыштар ұрпағы

Өз қасиетін сақтап келеді.

Ертегіші атайларың сөз кезегін жүргізушілерге береді: (сахнаға жүргізушілер шығады. Ертегіші атай кетеді).

1-жүргізуші

Уа, жарандар, жарандар!

 Зейін қойып бізді біраз тыңдаңдар

 Ғылымдардың ғылымы

 Математика жайында

 Сайысымызды бастаймыз.

2-жүргізуші

 Математика ермек емес балалық,

 Математика – көрегендік даналық.

 Математика құрметтеуге лайық

 Кел достарым, мұны жақсы ұғайық!

(Сахнаға математика патшайымы мен клоун, уәзір шығады.)

(Математика патшайымының жарғысы оқылады)

ТЫҢДАҢЫЗДАР!   ТЫҢДАҢЫЗДАР!  ТЫҢДАҢЫЗДАР!

2014 жылдың 25 қаңтарында МАТЕМАТИКА ПАТШАЙЫМЫНЫҢ шығарған  ЖАРЛЫҒЫ !

Бүгін мектеп патшалығының сарайында математика жәрмеңкесі өткізіледі.Одан сіздер керектінің барлығын таба аласыздар!Сарай саудагерлері сіздерге барлық жағдайды жасайды және әлемге әйгілі керемет өнімдерін ұсынады.

Олар:

·         «Математикалық балық аулау»  кооперативі 

·         Математикалық ән-саз салоны «Ән салайық бәріміз! »

·         «Басыңды қатыр» фитнес клубы

·         «Ақ магия » салоны

·         «Пифагорда » әдеби-математикалық салоны

·         Математикалық тир.

Патшайымымыз өздеріңізді былай ұстауларыңызды бұйырады:

1.      Өздерін сенімді жауаптарымен,ұшқыр ойларымен көрсету.

2.      Әрқайсыңыздың қағаз-қаламдарыңыз болу керек.

3.      Кезекке тұру тәртібін сақтау керек.

4.      Қасыңыздағы адамға кедергі жасап,басыңызбен бұрылып қарамау керек.

Жәрмеңкенің ашылуының лентасын мектебіміздің директоры ҰЛЫ ПАТШАНЫҢ кесуін бұйырамын.

Жәрмеңкенің сауда орындарын бірінші болып,мектеп ұстаздары-уәзірлердің аралауына құқылары бар.

Математика патшайымының қолы қойылған.

( Сахнадан шығып кетеді)

1-жүргізуші

Математика патшайымының жарғысы бойынша,ал кәне математикалық жәрмеңкемізді бастайық.Әр сауда орындарын аралап көңіл-күйлеріңізді көтеріп,

2-жүргізуші

Білімімізді паш етіп, жетондарға қарық болып,ана тұрған «математика » дүкенінен сол жетондарды өнімдерге айырбастап, бір байып қалайық!

1-жүргізуші

Жәрмеңкедегі сіздерге, бар жағдайды жасайтын сауда орындары:

·         «Математикалық балық аулау» кооперативіне барып,балық ұстап,сол балықтың сұрағына дұрыс жауап берсеңіздер жетонға ие боласыздар.

·        Балық аулау кооперативінің   сұрақтары

1.«Математика-ғылымдар патшасы» деген сөзді айтқан математик.  (К.Гаусс)

2.Ноль қай елдің сөзі және қандай мағынаны білдіреді.   

              (5 ғасырда үндістанда шыққан,жоқ деген сөзді білдіреді)

3. Цифр қай елдің сөзі.   (арабтың ноль деген мағынадағы сөзі )

4.Оң және теріс сандарға түсінік беріп,координаталар жазықтығын енгізген ғалым.

             (Рене Декарт)

5.Алгебра сөзі қандай сөзден шыққан.  (Алжебр)

6. «Негіздер» кітабының авторы кім.   (Евклид)

 7. «Дөңгелекті өлшеу» еңбегінің авторы    (Архимед)

8. Қазіргі геометрия оқулығы қай математиктің еңбегіне негізделіп жасалған.

                                                                               (Евклид)

2-жүргізуші

·         «Ән салайық бәріміз» математикалық ән-саз салоны.Тыңдаған әніңізде қандай сан кездеседі және ән қалай аталатынын тапсаңыз,жетон сіздікі.

(тақырыбы сандардан тұратын әндер ойналады )

1-жүргізуші

·         «Басыңды қатыр » фитнес клубына да бас сұғып,ребустарды шешіп,1 жетонға

2-жүргізуші

«Ақ магия » салонында сізге балгер жетонды- өзіңіздің жылыңыз,айыңыз,күніңіз,салмағыңыз,бойыңыздың өлшемін 1 минутта бесеуін қосып айтсаңыз ғана береді!

1-жүргізуші

Математикалық тирда өзіңіз айтқан  нөмірдегі шарға дәл тигізіп,ішіндегі сұраққа дұрыс жауап берсеңіз ғана жетон сіздікі!

Шардағы сұрақтар

·         1.Алымы бөлімінен үлкен бөлшек.   (бұрыс бөлшек)

·         2.Бағытталған кесінді (вектор)

·         3.Фигуралардың қасиеттерін зерттейтін ғылым. (геометрия)

·         4.Рационал сандар қандай сандардың жиыны.  (бүтін сандар,оң және теріс бөлшектер)

·         5.Дәлелденбейтін тұжырым не деп аталады.  (аксиома)

·         6. Дәлелденетін тұжырым не деп аталады.    (теорема)

2-жүргізуші

·         Ал Пифагорда деп аталатын әдеби-математикалық салонында сіз  берілген 2 мақал-мәтелдегі  сандарды тауып,дұрыс жауап берсеңіз ғана 1 жетонды ала аласыз.

Мақал-мәтелдер

1.      ..... жаман мың қолды ірітер,                                 (бір) 

    ...... құмалақ бір қарын майды шірітер.                   ( бір )

 2............қырлы,бір сырлы.

                                          (сегіз)

1.      .......кісі бейім тұрса,          (екі)

        Есті кісі кейін тұрады.     

2.      Ер ....... рет өледі,         (бір)

        Қорқақ ..... рет өледі.             (мың)

1.    Білекті ....... жығар,                              (бірді)

       Білімді .....жығар                               ( мыңды)

3.       Батыр ...... оқтық,                      (бір)

        Бай ...... жұттық.                          (бір)

1........... түгел болса,төбедегі келер.                  (төртеу)

2.   ......жеңнен қол шығар,                         (бір)             

       .....жағадан бас шығар.                        (бір)

1.Ер жігіттің неше жұрты бар? Атаңыз.                  (өз жұрты,нағашы жұрты,қайын жұрты)

2. .......... жылға қоян терісі де шыдайды.                  ( бір )

 1-жүргізуші

Математика дүкеніндегі өнімдердің қанша жетон тұратыны көрсетіліп тұр.Ал,кәне достар

өзімізге қажетті өнімімізге сауда орындарына барып,білімділігімізді көрсетіп,жетондар жинайық.

2-жүргізуші

Әр сұрақ 1 жетонмен бағаланады. Әр оқушы тек қана 3 сауда орнына бару керек. 

(Ортаға 10 оқушы шығарылады).

Оқушылар әр сауда орындарының қойған сұраақтарына жауап беріп,өздеріне тиісті өнімдерін дүкеннен алды.

1-жүргізуші

Білім- деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер,-деп үнемі білімдеріңді жетілдіріп, өте жақсы деген бағамен оқуларыңа тілектестігімізді білдіре отыра,бүгінгі кешімізді жабық деп жарияламыз.Ұйымшылдықпен қатысқандарыңызға көп рахмет.

Мақал-мәтелдер

4.      ..... жаман мың қолды ірітер,                                 (бір) 

    ...... құмалақ бір қарын майды шірітер.                   ( бір )

 2............қырлы,бір сырлы.

                                          (сегіз)

1.      .......кісі бейім тұрса,          (екі)

        Есті кісі кейін тұрады.     

5.      Ер ....... рет өледі,         (бір)

        Қорқақ ..... рет өледі.             (мың)

1.    Білекті ....... жығар,                              (бірді)

       Білімді .....жығар                               ( мыңды)

6.       Батыр ...... оқтық,                      (бір)

2. .......... жылға қоян терісі де шыдайды.                  ( бір ).

Шардағы сұрақтар

1.Алымы бөлімінен үлкен бөлшек.   (бұрыс бөлшек)

2.Бағытталған кесінді (вектор)

3.Фигуралардың қасиеттерін зерттейтін ғылым. (геометрия)

4.Рационал сандар қандай сандардың жиыны.  (бүтін сандар,оң және теріс бөлшектер)

5.Дәлелденбейтін тұжырым не деп аталады.  (аксиома)

6. Дәлелденетін тұжырым не деп аталады.    (теорема)

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Математика апталығының қорытынды кеші"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по автотранспорту

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

2. .......... жылға қоян терісі де шыдайды.                 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 097 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Презентация к внеклассному мероприятию "Математика и литература"
  • Учебник: «Математика. Учебник для специальных (коррекционных) образовательных учреждений VIII вида*», Перова М.Н., Капустина Г.М.
  • Тема: Устное сложение и вычитание чисел с переходом через разряд
  • 30.09.2020
  • 574
  • 6
«Математика. Учебник для специальных (коррекционных) образовательных учреждений VIII вида*», Перова М.Н., Капустина Г.М.
Календарно-тематическое планирование по математике в коррекционной школе
  • Учебник: «Математика. Учебник для специальных (коррекционных) образовательных учреждений VIII вида*», Перова М.Н., Капустина Г.М.
  • Тема: Нумерация чисел в пределах 1000
  • 30.09.2020
  • 432
  • 2
«Математика. Учебник для специальных (коррекционных) образовательных учреждений VIII вида*», Перова М.Н., Капустина Г.М.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.12.2014 2570
    • DOCX 10.9 мбайт
    • 47 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есет Сангуль Саулеткызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есет Сангуль Саулеткызы
    Есет Сангуль Саулеткызы
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4529
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Аспекты преподавания самостоятельного учебного курса «Вероятность и статистика» в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 279 человек из 65 регионов
  • Этот курс уже прошли 985 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель математики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 42 человека

Мини-курс

Музыкальная журналистика: создание и продвижение контента

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии в онлайн-обучении

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 17 регионов

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 587 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 227 человек