Главная / Математика / Математика сабақтарында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жолдары

Математика сабақтарында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жолдары

« Қытайлықтар ұлы қытай қорғанымен, итальяндықтар сазды әуенімен таңқалдырса, қазақ халқы ұлттық құндылықтар мен бай тілін мақтан етеді, »- деген екен ұлы кемеңгер жазушы М.О.Әуезов. Қазіргі ғаламдану кезеңінде ұлы жазушымыз атап айтқан ұлттық құндылықтармыз бен бай тілімізді келер ұрпаққа жеткізуде мектептің ролі мен ұстаздар қауымының алар орны ерекше. Бүгінгі жаһандану үрдісінде әр ұлт, әр мемлекет өзіндік менталитетін, өзіндік бет-бейнесін сақтап қалуға тырысуда.
Білім беру заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстанды сүюге халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу» делінген. Сондықтан мұғалім жан – жақты жетілген, білімді, халықтық дәстүр, әдет – ғұрып пен салт – сана ерекшеліктерінен сусындаған шәкірт тәрбиелеуі тиіс. Өйткені, білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана экономикалық дамуда әлемдік дамудың алдыңғы көшінде бола алады.
Қазақ халқы ерте замандарда ғылым мен білімге еркін қолы жетпесе де өмірлік тәжірибеден оқып үйреніп талғай біліп, шеберліктің небір сан саласын асқан ұқыптылықпен сақтап, біздің дәуірімізге жеткізе білген.
Тәуелсіз, тұғырлы мемлекет өз ұлттық тәрбиесін ұрпағына еркін дарыта отырып, танытар болса, ол елдің болашағы жарқын болатынына күмән жоқ. Ендеше, бүгінгі егемендігімізді алып отырған заманда өз ұлттық тәрбиемізді насихаттап, халыққа таныту жолында ұстанып отырған бағытымыз дұрыс деп ойлаймын.. Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты. Өйткені, бүгінгі күннің жастары ертеңгі халқына қызмет ететін азаматтар . Жас ұрпақтың көкірегіне білім нәрін себе отырып, елдігімізді қайта жаңғыртып, адамгершіліктің дәнін ексек, ана тіл ін бойына дарытып, ұлттық рухта тәрбиелесек, нұр үстіне нұр болып, еліміз көркейіп дамиды. Сол себепті, білім алу қаншалықты маңызды болса, жақсы, өнегелі тәлім-тәрбие алу да соншалықты маңызды. Қыран болып аспанға қалықтап шығуымыз үшін бізге екі қанат қажет , ол қанаттың біріншісі – ұлттық тәлім-тәрбие , екіншісі – жақсы білім арқылы берілетін адами құнды қасиеттеріміз.
Жалпы , құндылық деген не? Адам үшін не құнды және неге құнды? Құндылық – бұл құнды нәрсе. Құндылық- тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеялар,адами асыл қасиеттер. Құндылықтардың негізгі көздері: өмірге деген ерік күші, адам және оның өмірінің мәнін түсіну. Бұлардың арасында мәңгілік құндылықтар : рухани, тарихи, ментальді-этникалық. Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін :
-оқушылардың ұлттық сана –сезімін қалыптастыру;
-жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет,сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;
-ана тілі мен дінін ,оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін қастерлеу сияқты міндеттерін орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.
Сондықтан мектеп тәрбиесі – болашақ адам тұлғасын қалыптастыратын орта. Оның негізгі өзегі өнегелілік қасиет болуы – өмір талабы. Әрбір тәрбиелеп отырған азаматтарымыздың ұлттық санасын оятып, жоғары деңгейге жеткізсек, сонда ғана біз әрі алғыр, әрі батыл, әрі шапшаң, өз заманымыз ақыл-ойын толық меңгерген, тайсақтауды білмейтін нағыз текті ұрпақ тәрбиеледік деп мақтанышпен айта аламыз. Ендеше қойнауы кенге толы жеріміздің байлығын, ырыс-құтымызды, дәулетімізді төгіп шашпай ұстайтын, жүректерінде түйсік-танымы бар, ата-бабамыз дың бай тәрбиелілік құралдарымен тәрбиеленген жігерлі жігіттер, ибалы қыздар бүгінгі қоғамның басты сұранысы болып отыр. Патриотизмнің биік үлгісін сөзімен де, ісімен де көрсете білген халқымыздбың біртуар азаматтарының бірі М. Жұмабаев “Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті” деген екен. Халқымыздың бай тәжірибесіне сүйене отырып, өскелең ұрпақты руханилыққа, өнегелілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу— мемлекеттің, білім беру ме
емелерінің, жанұяның алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі. Ұрпақ тәрбиесі ертеңді күтпейді.
Олай болса, ұлттық құндылықты жастайынан бала бойына сіңіре білсек еліміздің ертеңі ашық, келешегі жарқын да нұрлы болмақ, несімен ерекшеленбек дегенде ұлттық құндылығымен және білімді ұрпағымен дегеніміз жөн болар. Елбасымыздың сөзімен айтқанда, «Қазақстан біреулердің қазақтарға тартуы емес, олардың тарихи Отаны». Адам бойына біткен алуан қасиет, дарын туған топырақтан дариды. Осы адами қасиеттерді сабақ үрдісінде, сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың бойында қалыптастыру жолдарын қарастырайық.
Мектеп оқулықтарының мазмұны көбіне жергілікті жердің мәдениетін, тұрмыс-тұрпатын, ұлттық қабылдауларды ескермей, дерексіз сипатта болады. . Математика пәнін оқытуда қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі өмір тәжірибесінен, салт-дәстүрінен, шаруашылық жүргізу тәсілдерінен көрініс бере отырып оқытқан тиімді.
Ұлттық дәстүрлі мазмұндағы есептер, қазақтың қара есептері ,ұмытыла бастаған ұлттық дәстүрлеріміз, сондай-ақ ертегі есептер , ұлттық ойындар ,мақал-мәтелдер, қазақтың байырғы өлшем бірліктері,қазақша жыл есептеулер т.с.с оқушылардың ұлттық дүние танымын кеңейтеді. Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан қазақ халқының ауызша есептері ауыз әдебиетінің бір жанры болып табылады. Логикалық ой қорыту жолымен шығарылатын халықтың байырғы есептері арқылы халық мұрасымен таныса отырып, әр түрлі тәсілмен шешуге бо лады.
Халық есептерінің түрі сан алуан. Есептерді шешкенде және жауабын тапқанда берілген шарттармен қоса, қазақ халқының тұрмыс тіршілігіне тән кейбір деректерді ескеру қажет. Мысалы, “Мал айырбастау” деген есепте ірі мал иесі қойлы шаруаға: “Інгенімнің әр жілігі екі қой, биемнің екі жілігі үш қой, сиырымның әр аяғы бір қой”, — дейді. Қойлы шаруа ірі мал иесінің айтқанына келісіп, оған қырық алты қой береді де, орнына алған биесін мініп, інгенін жетектеп, сиырын айдап үйіне қайтады. Байырғы қазақ ғұрпы бойынша ірі мал кейде “он екі жілі к” ет есебімен бағаланған. Есептің логикалық түйіні де осында. Тұрмыстық салт-ғұрыптан туып, ойнақы күлкі, жарасты әзілге құрылған ауызша есепті шешу кісінің дүниетанымын байытуға, есепке деген құштарлығын арттыруға, сол арқылы ойын ұшқырлауға септігін тигізеді.. Ендеше, ұлтық мазмұнды есептерді шығару – бұл адамның ойлау қабілетін дамытып, логикасын жетілдіріп, тез ойлауға, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеп, халқының өткен өміріне көз жібертеді.
Мысалы-1 «Алты қанат киіз үйге екі мысық келіп кірді де, бірінші керегенің түбіне екеуі балалап, әрқайсасы алтыдан балалады. Олардың бәріде мысық болып өсті де, тағыда алты- алтыдан балалады, т.с.с. осылайша әр керегенің түбіне барып балалап шықты».Сонда киіз үйден неше мысық өсіп шығады?
Мысалы-2 «Екі сегіз он алты, және сегіз, және алты жанап жүрген бір алты, қосындысы неше алты?»
Шешуі:2•8=16+8+6+6=36=6•6
Ұлттық мазмұнды есептер адамдарды аңғарымпаздыққа, алғырлыққа, ой ұшқырлыққа тәрбиелейді.
Мысалы: 7- сыныптағы: Тендеулер жүйесін құру тақырыбына: «Қаз бен түлкі» ертегісін оқи отырып, мына теңдеуді шешеміз:
«Түлкісін аярлыққа бермейтін дес,Көрейін сенде қанша ақыл мен ес.Балапан, көжек санын өзің тапшы. Аяқтарды 94, басы 35»
Есептің мәтінін түсіну.Түлкінің айлакерлігі, қаздың ақылдылығы, балапанда- 2 аяқ, көжекте -4 аяқ.
Теңдеу құру: Балапан саны – х. Көжек саны – у Балапанда 2 аяқ – 2х. Көжекте 4 аяқ – 4х.
Сонда Теңдеулер жүйесі шығады.
Теңдеулер жүйесін шешу.

Есептің жауабы: 23 балапан, 12 көже
Адамзат қоғамының дамуының алғашқы кезеңдерінің өзінде-ақ өмір сүруге керекті білім пайда бола бастаған. Өздерінің пайдаланып жүрген ыдыстарының көлемі, жүріп өткен жерінің алыстығы, бағып жүрген малының санын, өз жерінің ауданын білу үшін ондай шамаларды өздері өте жиі қолданатын сәйкес шамалармен салыстыру пайда болған. Қазақтың байырғы өлшем бірліктерін ертеректе тұрмыста қолданған. Мысалы: ұзындықты адам өзінің қадамымен, қысқалау ұзындықты саусақтарының әр түрлі өлшемімен салыстыра тын болған. Қазақтарда әртүрлі өлшемдер жиі кездеседі.
Мысалы: 1. Қозы көш жер орта есеппен 14,5 км
2. Күзгі көш жер орта есеппен 25,5 км
3. Орта көш жер орта есеппен 90 км
Адамның дене тұрқына байланысты:
-ұзындық өлшемі: елі, сүйем, тұтам, білем,шынтақ, қолтық, сынық, қарыс, сүйем,құлаш, табан, адым,аттам.
Тереңдік өлшемдері:
-тобыққа дейін, тізеге дейін, белуардан, кісі бойы.
Адамдар ерте заманнан-ақ өз өміріндегі кейбір құбылыстардың аспан денелерінің қозғалысымен,күн мен түннің ,судың келуі мен қайтуының ,күн қызуымен байланысты екенін байқаған. Көптеген құбылыстардың белгілі бір мерзімде қайталанып отыратынын анықтағаң.Өмір тәжірибесінде осыны байқап,өздерінше қорытынды жасаған. Осының нәтижесінде 12 жылға 12 хайуанның атын беріп, сол бойынша адамдардың қай жылы туылғанына қарап,адамдардың мінезінің жақсы жаман жақтарын білуге,болашағына болжам жасауға болады деп түйін деген. Мысалы 1937 жылы туған адамның мүшел жылы сиыр болады.Ол былай есептеледі: 1937+9=1946: 1946/12 162 тиеді де ,2 қалдық қалады.демек ол адамның мүшел жылы сиыр. Сондай-ақ жыл он екі ай аттарын саусақтың буындары арқылы белгілеп,жеті аптаны және әр айдың соңғы күнін анықтаған.Қолдың алақан буындары 7 аптаны көрсетеді.Бүгін, ертең, бүрсүгін, арғы күні, ауыр күн, соңғы күн, азына. Ал әр айдың соңғы күнін, яғни ай нешесінен аяқталатынын да төмендегідей анықтаған.Мысалы: 31 күннен аяқталатын айлар қаңтар, наурыз, мамыр,
ілде, тамыз,қазан, желтоқсан.(29) 30 күннен аяқталатын айлар: ақпан, сәуір, мамыр, маусым, қыркүйек, қараша. Халқымыздың осы есептері бүгінгі күнге дейін өз күшін жойған емес.
Салт-сана, дәстүр сияқты әр халыққа өзіне тән ұлттық ойыны болады. Есептердің біразы ертегі ретінде де кездеседі. Мақал-мәтелді де есеп мазмұнына сәйкес орынды қолдануға болады.Халық есептерінің ойындарының қай-қайсысын алсақ та ойландыруға, ойлауға жетелейді,соны талап етеді. Сайын дала төсінде көшіп қонып жүрген халқымыз баға жетпес осынау асыл қазынаны киелі дүниесіндей қастерлеп ,ұрпақ санасына сіңіріп,болашаққа мұра етіп қалдырған.Мұғалім әр сабақта жасөспірімдерге білім беріп қана қоймайды, ұлттық құндылықтармен ұштастыра отырып, азаматтыққа, адамгершілікке тәрбиелейді.
Қорыта келгенде, ұрпағымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, рухани дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық өмірдің өзегін келешек ұрпақ тәрбиесіне, соның ішінде ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуге бағыттаумыз қажет.

--

  • Математика
Описание:

Автор Кусепова Карылгаш Жанабаевна
Дата добавления 05.01.2015
Раздел Математика
Подраздел
Просмотров 542
Номер материала 31943
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓