Главная / Начальные классы / Математика.3-сынып. Жазбаша қосу және азайту 736+264; 1000-264

Математика.3-сынып. Жазбаша қосу және азайту 736+264; 1000-264

Математика 3-сынып

Сабақ тақырыбы: Жазбаша қосу және азайту 736+264; 1000-264

Сабақ мақсаты: Білімділігі: Нөлмен аяқталатын үш таңбалы сандарды жазбаша қосу мен азайтудың жаңа нұсқаларымен оқушыларды таныстыру.

Дамытушылығы: Есептер шығарта отырып оқушылардың пәнге қызығушылығын ояту. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Табиғатты сүюге, оны қорғауға, құстарға қамқорлық көрсетуге, бау-бақшаны күтіп баптауға ұқыпты, инабатты болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: «Бау-бақша», «Ұя жасау», «Ағаш отырғызу»

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, қайталау, сұрақ-жауап, ойын

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, еңбек

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

  2. Психологиялық ахуал

-Қол ұстасып, тұрыңдар, көршілнріңе күлімсіреңдер және бір-біріңе табыс тілеңдер

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Үйге берілген тапсырманы аралап көремін.

932-Х=456 600:X=6 X-476=456

Х=932-456 X=600:6 X=456+476

X=476 X=100 X=932

932-476=456 600:100=6 932-476=456

456=456 6=6 456=456

ІІІ. Жаңа сабақ:

-Балалар бүгін бізде Қожанасыр қонақта.Ол кісі бізден көмек сұрап келіпті. Көмек көрсетеміз бе?

-Кәне, бәріміз Қожанасырға көмектесейік.

-Біз еңбекқор, ұқыпты балалармыз. Енді сонымызды дәлелдеп көреміз.

1-тапсырма. 427+283, 736+264,1000-264 сандарды баған түрінде жазып, амалдарды алгоритм бойынша орындаймыз.

427 736 1000 +283 +264 - 264 ____ ____ _____ 710 1000 736

2-тапсырма: Қожанасырдың бау-бақшасына жемістерді отырғызу керек. Ойын «Бау-бақша» деп аталады.

736см 7м3дм6см 1000 +264см +2м6дм4см -264 ______ __________ _____

1000см 10м0дм0см 736см



625+175=810 1000-262=738

447+253=700 1000-851=149

1000-333=667 312+588=900

1000-824=176 729+171=900

3-тапсырма: «Ұя жасау» ойыны

Шарты: Қыстап қалған құстар тоңып қалмау үшін ұя жасап, қамқор болайық. Өрнек құру және оның мәнін тап:

(910-674)-236=0

(810-652)+525=683

(652-652)+525=525

4-тапсырма: «Ағаш отырғызу» ойыны

Шарты: Алма, өрік, қайың ағашын отырғызу

X+264=710 600:X=2 710-X=264

X=710-264 X=600:2 X=710-264

X=446 X=300 X=446

446+264=710 600:300=2 710-446=264

710=710 2=2 264=264



X*4=800 X-436=264 120:X=3

X=800:4 X=264+436 X=120:3

X=200 X=700 X=40

200*4=800 700-436=264 120:40=3

800=800 264=264 3=3



5-тапсырма: «Құмыраға гүл салу» ойыны

Шарты: Қызғалдақтарды құмыраға салу

Барлығы:-1000м сым

1-үйге-372м сым

2-үйге-299м сым жұмсалды

3-үйге-?м сым жұмсалды

Шешуі: 372+299=671м сым екі үйге сым жұмсалды

1000-671==329 м сым

1000-(372+299)=329м

Жауабы: 3-ші үйге 329м сым жұмсалды.

Сергіту сәті: «Қуыршақ өлеңі»

Жуынбайсың,жуынсам

Бұл недеген қуыршақ.

Тығылмайсың, тығылсам,

Бұл недеген қуыршақ

1,2,3,4,5

Қуыршақтың тұсауын кес

6-тапсырма: «Көгершінге көмек» ойыны

Шарты: Таңғы көгершінді ұясына салып, орналастыру

3м=300см 5дм7см=57см

4м9дм=490см 38дм=3м80см

44см=4дм4см 60дм=6м

7-тапсырма: Математикалық диктант

  1. Екі жүз алпыс төрт (264)

  2. Төрт жүз сексен алты (486)

  3. Алты жүз жиырма бес (625)

  4. Үш жүз он екі (312)

  5. Тоғыз жүз он бес (915)

  6. Сегіз жүз қырық жеті (847)

Ү. Қорытынды

-Бүгін біз қандай сабақ өттік?

-Сандарды қосуды және азайтуды қайталап, пысықтадық. Яғни үш таңбалы сандарды қоса да, азайта да аламыз.

-Сендерге Қожанасыр да рахметін, алғысын айтып жатыр.

ҮІ. Үйге тапсырма. №5 (Ә), №7 (Түсіндіру)

ҮІ. Бағалау.

Математика.3-сынып. Жазбаша қосу және азайту 736+264; 1000-264
  • Начальные классы
Описание:

: Білімділігі: Нөлмен аяқталатын үш таңбалы сандарды жазбаша қосу мен азайтудың жаңа нұсқаларымен оқушыларды таныстыру.

Дамытушылығы: Есептер шығарта отырып оқушылардың пәнге қызығушылығын ояту. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

 

Тәрбиелігі: Табиғатты сүюге, оны қорғауға, құстарға қамқорлық көрсетуге, бау-бақшаны күтіп баптауға ұқыпты, инабатты болуға тәрбиелеу.

-Бүгін біз қандай сабақ өттік?

-Сандарды қосуды және азайтуды қайталап, пысықтадық. Яғни үш таңбалы санcleardot.gifдарды қоса да, азайта да аламыз.

 

-Сендерге Қожанасыр да рахметін, алғысын айтып жатыр.

Автор Нагызбаева Аяулым Жанымхановна
Дата добавления 02.02.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Планирования
Просмотров 2290
Номер материала 55465
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓