- 31.12.2020
- 1274
- 0
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
МатематикаТақырыбы: 10 саны. Дециметр. 1 дм = 10 смМақсаты: 1. Оқушыларды 10 саны және цифрымен таныстыру. Оны екі цифрдың көмегімен жазуға үйрету. Дециметр терминін енгізу.2. Оқушылардың зейінін, ойлау қабілеттерін арттыру. Есептеу дағдыларын қалыптастыру.3. Ұйымшылдыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу.Типі: аралас сабақ.Әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру, талдау, ойын, озіндік жұмыс.Қөрнекілігі: кеспе сандар, интерактивті тақта, слайдтар.Пәнаралық байланыс: сауат ашу, өзін- өзі тануТүрі: дәстүрлі сабақСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.1-слайдПсихологиялық дайындық. Шаттыққа толы жүрекпенҚуанамын мен де,Қуанасың сен де,Қуанайық, достарым,Арайлап атқан күнге!ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау.1.9 санының құрамын еске түсіру. 2- слайд2. Ауызша санау. Ойын «Алма жинау» 3-слайд 3+2 4-2 6+1 5+0 3+3 8-4ІІІ. Жаңа сабақСабақ тақырыбына кіріспе-9 санынан кейін тікелей қандай сан келеді?- 9-дан тікелей кейін келетін сан туралы көбірек білгілерің келе ме?Онда мына жұмбақты шешейік.Оң қолымда бес саусақ,Сол қолымда бес саусақ.Алақанды ашамыз,Бесті беске қосамыз.Кел, санайық, ал мұны,Нешеу болды барлығы?Барлығы он шықты.-Ендеше,балалар, біз бүгін 10 санымен танысамыз.10 санын шығарып алу. 4- слайдГүлге тоғыз көбелек қонып отыр еді, оларға тағы бір көбелек ұшып келіп қосылды.Барлығы неше көбелек болды?10 санының таңбасымен таныстыру. 10 санын жазу үшін жаңа цифр алмаймыз.Өзіміз білетін «1» және «0» цифрлары арқылы жазамыз.10- екі таңбалы сан. Балалар, он сөзінде неше әріп, неше дыбыс бар?Қөрнекі көрсету материалын пайдаланып, оқушылар 9+1=10 теңдігін құрайды.Оқулықпен жұмыс. 10санының сандар қатарындағы орнын анықтау.-Сандар қатарындағы 10 санының орны қайда?№1 тапсырма.Оқулықтың суреті бойынша әңгімелесу жүргізу.-Балалар, алда Жаңа жыл мерекесі келе жатыр, оған дайындалу керек.Жаңа жылға арнап балалар неше қоян маскасын жасады? Қане,бәріміз бірге санайықшы. Нешеу екен? Ал түлкінің ше? Барлығы ше?9+1=10 және 10-1=9 теңдіктері жазылады.-Ұзындықтың жаңа бірлігі дециметр енгізіледі.Кесінді дегеніміз не? Екі шеті тұйықталған түзү сызықты айтамыз.Оқулықтағы кесіндіні өлшейікші. Неше см екен?-1см мен 10 см арасындағы аралықты 1 дм дейміз. 10 сантиметр 1дециметрды құрайды.Дециметр сантиметрден үлкен өлшем бірлігі.Оқушыларға «дециметр» сөзін қайталатып айтқызу.№2 тапсырма. 9 және 10 сандарын салыстыру.10 *9 9*10№3. тапсырма.Қалып қойған сандарды атау.№4. тапсырма 9 санының құрамын қайталау. Теңдіктер құру.Оларды оқыту.№5. тапсырма 6, 7, 8, 9 сандарының құрамын қайталау. Сергіту сәтіДәптермен жұмыс 1-тапсырма.10 санын шығарып алу, оны басқа сандармен салыстыру.-Балалар, ағаштың бүрі нешеу, соны дауыстап санайық.-9 екен,ал тағы біреуін қоссақ барлығы неше болады?Өрнектердің мәндерін табу.9+1 10-1 10-92-тапсырма. 9, 10 цифрларын жазу.3-тапсырма.5-9 сандарың құрамын қайталау және жазу.ІҮ. БекітуОйын «Кім жылдам?» Сандарды салыстыру. Артық. Кем. Тең. 5-слайдСанамақ жаттау.« Он дегенім- оймақ, Жүрме босқа ойнап»Ү. Қорытынды.- Сабақ сендерге ұнады ма?--Бүгін сабақта не үйрендіңдер?-Біз қандай санмен таныстық? -Неше зат 10 санын білдіреді?-Қандай цифрдың көмегімен 10 санын жазуға болады?
6 665 176 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Кочергина Наталья Евгеньевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Мини-курс
4 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.