Главная / Начальные классы / Математика пәні мұғалімінің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі

Математика пәні мұғалімінің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі

  Математика пәні мұғалімінің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі

 

«Әрбір мұғалімді педагогикалық құралды қолдануға үйретуге  болады, әрі үйрету керек те, сонда ғана оның еңбегі жоғары нәтижелі болып, мұғалімнің орны күн астындағы ең артық орын болар еді »                      Я. А. Коменский

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында орта білім  берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында  алынған  терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұлғасынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп нақты көрсетілген.[1]

Осы мақсатты жүзеге асыру барысында педагогика саласында бірнеше жаңа технологиялар жүйесі жинақталған.12 жылдық білім беру жүйесінде білім беруді ұйымдастырудағы жеке тұлғалық,  іс-әрекеттік, құзыреттілік тұлғалар жалпы білім беруді ұйымдастырудағы жаңаша көзқарас ретінде қарастырылуда. Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің міндеті – ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың негізгі құзыреттілігі ретінде:  құндылық-бағдарлық, жалпы мәдени, оқу-танымдық, ақпараттық технологиялық, әлеуметтік-еңбек, коммуникативтік, өзін-өзі тұлғалық дамыту құзыреттіліктері белгіленген. Яғни, мектепте алған терең білімдерін болашақта пайдалана білуге бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыру қабілеттерін дамытуға күш салуымыз керектігі баса айтылған. [1]

Мысалы, 79153 саны 3-ке бөлінеді ме? Алдымен біз берілген санның цифрларының қосындысы үшке бөлінсе, онда берілген сан да үшке бөлінеді деген ережені еске түсіреміз, бұл бірінші пайым. Екіншіден 7+9+1+5+3=25 қосып оны үшке бөлеміз, яғни 25 үшке бөлінбейді. Демек, қорытынды шығарамыз: 79153 саны үшке бөлінбейді. Міне, осындай бірнеше пайымдардан жаңа пайым шығару – ой қорытулар деп аталады. Мұндай ой қорытуды- кеңейтілген ой қорыту деп атайды. Ал біз оқушыларды орамды ой қорытуға үйретеміз. Жалпы ережені санамызда бірден бейнелеу арқылы қорытынды шығарсақ, бұл -орамды ой қорыту. Мысалы мына сан үшке бөлінбейді, себебі санның цифрларының қосындысы үшке бөлінбейді. Бұл – орамды ой қорыту. Осындай жұмыстар оқушылардың ойлауын дамытудың, құзыреттілігін қалыптастырудың негізі болып табылады. .[2]

Бұл міндетті тек кәсіби білімі жетік, құзыретті, бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара алады.Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі оның білімінің жан-жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияны  меңгеруімен өлшенеді.  Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік қабілеті де  кең болмақ. .[2]

«Құзырет» – оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс – әрекеттеріне қажетті білім дайындығына әлеуметтік сұраныс. .[1]

«Құзыреттілік» – сәйкес құзыретке ие болу негізінде іс – әрекетті жүзеге асыру қабілетінде байқалатын тұлғалық қасиет немесе тұлғаның өзара байланысқан қасиеттерінің жиынтығы.Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі мәселесіне баса назар аудару керек. «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігіне не жатады?» деген сұраққа жауап бермес бұрын, кәсіби құзіреттілік терминінің мәнін ашып алайық. Ол үшін В.А.Сластенин ұсынған кәсіби құзыреттілік ұғымына сүйенеміз. Кәсіби құзыреттілік — жеке тұлғаның кәсіби іс — әрекетті атқаруға териялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі. Ал педагогтың кәсіби құзыреттілігіне мұғалімнің оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастыруда өз мамандығына байланысты барлық теория мен практиканы меңгеруі, жеке тұлғаны қалыптастыруда, яғни, оқушыларымен жүмыс істеуге бағытталған қабілеттерінің бірлігі. Осыдан кәсіби құзыреттілік ұғымына мұғалімге тән болуы тиіс барлық қасиеттер мен қабілеттер кіретіндігін аңғару қиын емес. Яғни, мұғалімнің білім – білік, дағдылары, өз мамандығына қатысты білімдер жүйесі, жүмыс істеу шеберлігі, мәдениеті, психологиялық қасиеттері, қарым- қатынас стилі, әдеп т.б жатқызамыз.  Педагогтың кәсіби құзыреттілігін төмендегідей: Олар: мұғалімнің бойынан табылатын субъектілік, нысандық, пәндік компоненттер. Егер аталған компоненттердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталатын болсақ, онда:

-субъектілік компонентке: мұғалімнің мақсат қоя білушілік, шығармашылық және өзін дамыту барысында өзіндік диагностиканы, өз ісіне талдау жасай отырып, өзіне сыни тұрғыдан қарай алу шеберлігі жатады;

–  нысандық компонентке: кәсіби іс — әрекет жүйесін және мұғалімнің әрекетіндегі қойылған міндеттерді шешудегі стратегиялық іскерлік.

-пәндік компонент: өз білімін жетілдіру мақсатында қажеттіліктерін қанағаттандыру.[3]

Педагогтың кәсіби құзыреттілігін төмендегідей ашып айтуға болады:

ірілі және кіріктірілген білімдердің жоғары деңгейінің болуы , яғни педагогика, тәрбие теориясы мен әдістемесі, дидактика, барлық пәндерді жүргізу әдістемесі, сол пәндер арқылы оқушыларға берілетін білімдерді терең игеру;

түйінделген іскерлікті, дағдыны, қабілетті меңгеруі : дидактикалық, танымдық, коммуникативтік, зерттеушілік, шығармашылық, өз білімін дамытуға деген қабілет, теория мен практиканы байланыстыра алу қабілеті, диагностикапық іс – әрекет. Ғылыми – зерттеу іс -әрекетімен айналысу;

–  кәсіптік – педагогикалық қасиетке жаңаша көзқараспен қарауы — бұрыннан қалыптасқан «мұғалімнің айтқаны әрқашан дұрыс» деген қағидадан аулақ болып, мұғалім тек ақпарат таратушы ғана болмай, оқушының жеке тұлға болып қалыптасуының басты көмекшісі болуы керек, оқушынын, даму деңгейіне қарамастан, оның тұлғасын құрметтеу, авторитарлық биліктің орнын өзара бірлескен қызмет, көмек, оқушының аз да болса да жетістігіне қуана білушілік басым болуы керек. Оқушылардың әрқайсысын тануға тырысу, өз мамандығын сүю;                                                                                                –  инновациялық технологияларды меңгеруі – педагог өзінің шығармашылық іс – әрекетінің арқасында  тұтас педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыру үшін қазіргі кездегі бар инновациялық технологияларды меңгеруі тиіс. Жаңа инновациялық технологияларды ғылыми ізденіспен тәжірибеге енгізуде өз үлесін қосуы қажет. .[3]

Қазіргі заман – математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Математика – ерекше құдіретті ғылым. Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет. Бүгінгі күні ақпараттық  технологияның  озық  жетістіктерін  математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзыреттілігін дамытуға болады. .[4]

Оқушылардың болашақ өміріне қажетті «Математика» пәні бойынша құзыреттіліктеріне  тоқталайық:

Вербалды-коммуникативтік құзыреттілік:

  • ғылыми түсінікті аппаратты, математикалық тілді, әдістерді меңгеру;

  • нақты есептерді математика мен информатика тіліне аудара білу;

Логикалық-алгоритмдік құзыреттілік:

  • негізгі логикалық операторлар мен ақыл-ой операцияларын ұғыну, салыстыру, абстракция, жалпылау, анализ, синтез, классификация, жорамалдау, дәлелдеу және оларды қолдана білу;

  • есептер шығаруда және үрдістер мен құбылыстарды математикалық модельдеуде алгоритмді құру және қолдану;

  • математикалық тұжырымдардың логикалық заңдылық тұрғысындағы сипаттамасын оның адамзат қызметінің барлық аймағында қолданылуын білу.

  • объектілердің түрлеріне байланысты жазықтық пен кеңістікте ажырата білу;

  • ақыл-ой амалдарын орындау және практикалық қызметте объектілерді кеңістік пен жазықтықта орналастыра, құрастыра, сәйкестендіре, түрлендіре, ерекшелендіре білу.

Ақпараттық  құзыреттілік: математикалық білімді игеруде ақпараттық технологияның негізгі мүмкіндіктерін пайдалана білу; (интернет,  диск, интербелсенді тақтамен жұмыс)

дайын бағдарламаларды пайдалану;

өздігінше бағдарлама құру негізінде есептер шығара білу;

тақырыптық презентациялар жасай білу. [3]

Білім беру жүйесінің негізгі бөлшегі – оқушы, оқушылар тобы, сынып, мектеп болса білім сапасы  баспалдақтардың  әр  бір буынына байланысты білім беру сапасын жақсартудың жолдарын анықтауға тырысамыз. .[2]

Әрбір оқушыны жан-жақты білімді етіп тәрбиелеу – әр мұғалімнің  негізгі міндеті. Жаңа технологиялар мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Ақпаратты оқыту технологиясының бүгінгі күні интербелсенді тақта ерекше орын алып отыр. Оқушы интербелсенді тақтамен жаңа материалдарды арнайы программа мүмкіндігін пайдалана алады. Ондағы мақсат – оқушының өзінше ойлау қабілетін арттыру және интербелсенді тақтамен жұмыс істеуге үйрету. Жаңа технологиялар оқушының шығармашылық белсенділігі мен өзіндік танымдық қызметін ұйымдастырушы бола алады. .[3]

Математиканы оқытудағы негізгі талап – оқушыға есептер шығара білу жолдары мен тәсілдерін үйрету. Интербелсенді тақтамен сабақ барысында кезде мұғалім, оқушы және интербелсенді тақтамен қарым-қатынас жүргізіледі. Мұнда компьютер ойына үрдістер арқылы қозғау салып, оқушылардың құзыреттілігін дамытуға әсер етеді. Ең алдымен, оқушының ойлау қабілеті мен білімін арттыруға үйретемін. Сонан соң оқушы кейінгі және бүгінгі өмірді салыстырмалы түрде тани білуге тырысады.  Мысалы, «Функция, оның қасиеттері және графиктері» тақырыбын өткен кезде интерактивті тақтаны пайдалану:

Бұл:

  1. Координаталық жүйені әрбір тапсырма үшін қайта-қайта сызып жатпауға (әрбір графиктен 1-2 минут уақыт үнемделеді.)

  2. Күрделі функциялардың графиктерін тез арада шығаруға, нәтижесінде график салуға берілген үй тапсырмаларын, өзіндік жұмыстарды тексеруге орташа 5-6 минут үнемделеді.

  3. Қолдың бір ғана қозғалысы арқылы графиктің масштабын көрнекі түрде қажетті мақсатқа байланысты тез өзгертуге;

Теңдеулер мен теңсіздіктерді, соның ішінде параметрлі теңдеулерді графиктік тәсілмен шығаруға берілетін тапсырмаларды есеп шығару барысында сызбаны өзгерте отырып көптеп шығаруға ( салыстыру үшін бір сабақта 2-3 теңдеу мен теңсіздіктің орнына 10-нан артық теңдеулер мен теңсіздіктер шығаруға болады)  мүмкіндік береді. .[4]

Әрине, әрбір тақырыптарды өткенде интерактивті тақтаны пайдаланудың тиімділігі төмен, мұндай жағдайда тақтаны сабақтың кейбір фрагменттеріне пайдаланған орынды. Мұғалімнің интерактивті тақтаны пайдалануға алдын-ала дайындыққа 1-ші кезеңде уақыты көп кететінін, кейіннен азаятынын ескерген жөн. .[4]

Интерактивті тақтаны пайдалану сабақты жаңаша әдіспен түсіндіруімен оқушылардың назарын аударады, жалпы математикаға қызығушылығын арттырады.Оқушылар сабаққа дайындалуға белсенді түрде кіріседі, бұл олардың оқу-зерттеу жұмыстарын да шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыларын дамытады, тек математика пәнін оқуда ғана емес, информатика және мультимедиялық білім алуда жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. .[4]

 

Қазіргі заман талабы әр мұғалімнің алдына шығармашылықпен жұмыс жасап, білім сапасын арттыруды мақсат етіп қойып отыр. Бұл мақсатқа мұғалім шеберлігін үнемі арттырып, қоғамдық өмірге еніп отырған әртүрлі жаңалықтарды тиімді пайдаланып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру арқылы ғана жете алады. Мен өз сабағымда сабақ тиімділігін дәстүрден тыс сабақтар арқылы көтеру проблемасы бойынша жұмыс істеймін. Дәстүрлі емес сабақтарда оқушылардың дәстүрлі сабақтарға қарағанда психологиялық жағдайы басқаша, күндегіден басқаша қарым-қатынас, жауапкершілігі жоғары болады, сонымен бірге мұндай сабақта оқушы өзінің шығармашылық қабілетін, адамгершілік-рухани қасиеттерін дамытуға, өз білімін бағалауға, әр ғылыммен байланысын сезінуге, өз еркімен жұмыс істеуге мүмкіндік алады. .[2]

Оқушының өзі еңбектеніп алған білімі есте жақсы сақталатындығы, тақырып оңай және игерілетіндігі белгілі. Математика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамыту – баға жетпес құндылықтардың бірі. Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет деп білемін. . Мен өз тәжірибемде проблемалық оқыту технологиясын қолданамын, өйткені ол маған сабақтарымда интерактивті оқытуды ұйымдастыру мүмкіндігін береді. .[3]

Проблемалық оқытуға негізделген жұмыстар, тапсырмалар оқушылардың ғана өзіндік ойлауына, өзіндік ізденісіне ғана бағытталады,білімді өз беттерімен алуға жол ашады, таным белсенділігін арттыруға түрткі жасайды. Проблемалық сұрақтарды, ситуацияны шешу- шығармашылық үрдіс. Ал шығармашылық, өнерпаздық сөзінің мәні – жеке тұлғаның бір нәрсе жасап шығаруы немесе өзіне ғана тән бір нәтижеге қол жеткізуі. Шығармашылық – ешкімнің қол жеткен табысын өзіне пайдаланбайды, өзінің ғана жасап шығарған тың,жаңа өнімі. .[4]

Білім беруді проблемалықпен оқытудың үш түрлі әдісі, үш түрлі жолы бар:

 

 1

Білімді проблема негізінде баяндау

Мұғалім сабақты жәй хабарлап не баяндап түсіндірмейді.Проблема қоя отырып түсіндіреді.Оқущылардың тану белсенділігін арттыру, бірге отырып оны шешу жолдары мақсат етіледі. Оқушыларды іздендіруге, табуға жұмылдырады.

 2

Оқушыларды іздену, зерттеу іс әрекетіне кіргізу.

Мұғалім оқушылар алдына проблема қояды,ол проблемаға балалардың назарын аударады, сабақ түсіндіру барысында сұрақ-жауап,басқа да өнімді тәсілдер арқылы оны шешуге түрткі жасайды.

 3

Оқытудың зерттеу әдісі

Оқушылар проблеманы шешу үшін болжам жасайды,дәлелдеу,салыстыру,қорытынды шығару тәсілдерін,амалдарын іздейді.Өз беттерімен,өз ізденістерімен мақсатқа жету үшін еңбектенеді.


 

 

Білімді проблема негізінде баяндау

 


Бұл әдістің төтенше күші сөз бен көрнекілікті,сөз бен практикалық әректтерді ұштастыру жолымен жаңа ұғымның мәнін ашуында.Оқушылардың саналы меңгерудің негізі ретінде түсінік беретін ережелерді дұрыс қолданумен және еске түсірумен қуатталады.

Оқушыны ішінара қатыстыра отырып баяндау дегеніміз-танымдық процестің барлық немесе жекелеген кезеңдерін өз бетімен өтуді талап ететін жұмыстарды орындау жөніндегі оқушының жеке ізденіс қызметтерін,оның мұғалім түсіндіргендерді қабылдаумен ұштастыру болып табылады.Ішінара ізденіс әдісін кез-келген жас үшін және  ақытудың кез-келген кезеңінде қолдануға болады.Бұл арада көбінесе тыңдау және ұғыну,фактілерді тыңдау,жүйеге түсіру,ізденіс пен проблемаларды шешу оқудың басым,басты әдістері ретінде көрінеді. Қандай шығармашылық істер болмасын,тек оқушыны қатыстырған жағдайда ғана жүзеге асады.Ал,ол кездегі оқушының атқаратын міндеттері: проблемалық міндеттерді ажырату ,берілген тапсырманы тұжырымды орындау,тапсырманы саналы ұғыну,шешімді іздеу,тапсырманы орындау барысында нәтиженің дұрыстығын тексеру. [4]

Проблемалық талдау нақты бір сұрақ әзірлеуді қажет етеді.Бұл жағдайда  тіпті күрделі де маңызды сұрақтардың өзі,әдетте,проблема қойғандық болып табылмайды:олар белгілі білімдерден тұратын жауаптар алу мақсатымен беріледі. Әрине,мұндай сұрақтар оқушылардың белсенді ойлау қызметіне түрткі болмайды; миында бар дайын ақпаратқа жүгінеді;ақпараттық сұрақтар дегеніміз-осы. Оқушыларға  интеллектуалдық  қиындық тудыратын сұрақтар проблемалық сұрақтар болып табылады,өйткені,оларға берілетін жауаптар оқушының бұрынғы білімдерінен де,мұғалім ұсынатын ақпаратта да жоқ.

Оқыту процесінде оқушылардың қызығушылығын ояту үшін проблемалық жағдайлар туғызу қажет. Орта мектепте геометрия пәнін оқытуда проблема туғызу оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін арттыруға көмектеседі. .[3]

Оқушының ойлау қабілетін тәрбиелеу үшін теореманы дәлелдеу, дәлелдеу есептерін шығарумен қатар, зерттеу элементтері бар, ойлау элементтері бар есептерді шығарудың, тапсырмалар орындаудың маңызы бар. Мұғалімнің сұрақ қоя білуінің де өзіндік алатын орны бар.

7-сынып геометрия пәнін оқытуда «Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы» тақырыбын түсіндіру үшін мұғалім оқушылардың әрқайсысына  жұмыс жасатады.Мұғалімнің жетекшілігімен  оқушылар үшбұрыш сызып, оның  бұрыштарын трапнспортирмен өлшеп, қосындысын есептеп табады.

Осы ісбеттес жұмыс түрлерінің пайдалы екендігі сөзсіз.Оқушы  білім алу жолында өзі еңбектенеді, аздап болса да зерттеу жүргізеді, қорытындыға келеді, нәтижені тексеру қажеттігін, яғни оның ақиқаттығына көз жеткізу үшін дәлелдеудің қажеттігін сезінеді. Осы жерде геометриялық дәлелдеу, оның не үшін қажет екендігін оқушы санасына жеткізу мүмкіндігін тудырады.

Үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы бірден проблема түрінде қоюға болады. Проблеманы шешу үшін, яғни «үшбұрыштың сыртқы бұрышы өзімен сыбайлас емес екі ішкі бұрышының қосындысына тең»  екендігіне көз жеткізу үшін оқушылар үшбұрыш сызып, мұғалімнің  жетекшілігімен тиісті бұрыштарды транспортирді пайдаланып өлшеп, салыстырып, тиісті қорытындыға келеді. Әрі қарай теореманы,  оның  берілгендерін жазып, дәлелдеу  жұмысы  оқулықтағыдай етіп жүргізіледі.

Оқушының өзі еңбектеніп алған білімі есте жақсы сақталатындығы, тақырып оңай және игерілетіндігі белгілі.

7-сыныпта «Үшбұрыш теңсіздігі » тақырыбындағы пікір-сайысқа  төмендегі проблемалық сұрақтар беріліп,оны шешудің жолдарын іздестіру тапсырылды. Проблемалық жағдай туғызу, оны шешуге әрекет. (сурет бойынша есеп)

1) Мектеп пен үйдің арасы 1 км, үйден стадионға дейін 1,5 км. Мектеп пен стадионның арасы 3 км бола ма?

1+1,5=2,5 км<3 км болмайды.

2) Үй мен кинотеатрдың арасы 0,4 км, кинотеатрдан дүкенге дейін 0,5 км. Үй мен дүкен арасы 0,9 км. болуы мүмкін бе?    Жоқ.

3)Мектеп пен мұражайдың арасы 1 км, үй мен мүражайдың арасы 2,2 км. Мектеп пен үйдің арасы 3 км болуы мүмкін бе?      1+2,2=3,2>3.    Иә.

Осы есептерді шешуде қандай байланыс болуы мүмкін? (проблема?). Осы проблеманы шешу үшін, 1-тапсырманы орындап көрейік. AB

Проблемалық оқытудағы оқушының шығармашылық іс- әрекеті:

1.Оқу материалының мазмұнын талдау,саралау.

2.Проблеманы ашу,өнім жасау,шығармашылық еңбекке қол жеткізу.

3.Қорытынды жасау,өзіне-өзі баға беру,саралау.

Проблемалық оқытуға негізделген шығармашылық тапсырмалардың дәстүрлі оқытудағы тапсырмалардан ең басты айырмашылығын жіктесек оқушы мен мұғалім іс-әрекеттері төмендегідей болмақ:

Дәстүрлі оқытуда

Проблемалық оқытуда

1.Проблема қойылмайды.

2.Мұғалім тарапынан тапсырмалар берілетін жауабы дайын,қарапайым тапсырмалар.

 

3.Оқушы-объект.Ол-орындаушы. Мұғалім жетекшілігі,басшылығы басым болады.

 

4.Шығармашылық ізденіс,жаңа өнім жасау  міндетті емес.

5.Сыныптағы барлық оқушыларға

арналған тапсырмалар.

1.Алдына пролема қойылады.

2.Дайын жауабы жоқ,проблема шешуді талап ететін, зерттеушілікті, шығармашылықты  қажет ететін  тапсырмалар.

3.Оқушы-субъект.Ол-дербес ізденуші. Еш нәрсені қайталамайды,дайын дүниені көшірмейді,өзінің ізденісі, зерттеуі арқылы проблеманы шешуге талпынады.Мұғалім-ақылшы,кеңесші, ұйымдастырушы,бағыт беруші.

4.Оқушыларды жан-жақты дамытуға, жеке тұлғаға,оның дарынын,қабілетін арттыруға бағытталған шығармашылық сипаттағы тапсырмалар.

 

 

Проблемалық оқытуға негізделген тапсырмалардың қай түрі болмасын, оқушылардың  шығармашылық іс-әрекетін талап етеді,ол тапсырмалардың барлығы олардың қабілетін,дарынын дамытуға бағытталады,ғылыми-зерттеу  жұмысына баулуда өнімді,нәтижелі қорытынды береді. .[3]

Бұл тапсырмаларды орындауда балалар өзінше бір «жаңалық»ашуға ұмтылады,ізденеді,ойланады,жауабын табу үшін еңбектенеді. Ең бастысы, оқушылардың білімге деген ынтасы артады,еңбек етуге деген ықыласы күшейеді.Олар өткізілгелі отырған сабаққа деген материалдарды іздеу үшін әр түрлі әдебиеттерді,басылымдарды қалай ақтарып кеткендерін өздері де байқамай қалады.Сабаққа күнделікті тыңғылықты даярланып,білімге деген ынта-ықыластары,белсенділіктері мен құлшыныстары арта бастайды.  Яғни,оқушы  тұлғасының  танымдық қабілеттері дамиды, оқуға  деген жағымды қызығушылығы  қалыптасады дамиды.Тұлғаның қиындықтарды жеңе білу,өз қажеттіліктерін қанағаттандыру , интеллектуалдық қуатын жүзеге асыруға ықпал етеді. [4]

Проблемалық оқытудың тиімділігі сол-оқушының өз дербес іс-әрекеті арқылы проблеманы шешуі,сол жолдағы ізденісі,шығармашылық өнімге қол жеткізуі. В.А.Сухомлинский: «Барлығы да балалық шақтан басталады, жас өспірімдердің моральдық бет-бейнесі адамның балалық шақта қалай тәрбиеленуіне байланысты» — деп есептейді. Баланың дұрыс тәрбиеленуі үшін оның тәрбиесін жүзеге асыратын мұғалім, педагогқа қойылатын талаптар кәсіби құзіреттілік шарттарына сай болуы керек. Кәсіби құзіреттілікке қатысты анықтама және оның құрамды бөліктері жоғарыда аталып өтті, олардан аңғарғанымыздай маманның кәсіби құзыреттілігіне мұғалімнің бойында болуға тиіс барлық қасиеттер енеді.    Олай болса, ол қасиеттерге ие педагог қандай жетістіктерге жететіндігін атап өтейік.     Педагог маман сыныпта жүргізілетін пәндерде балаларға       берілетін барлық білімді жетік білуі, материалды түсінікті жеткізуі, оқушылардың білімін дұрыс бағалай білуі, олардың бойында тәжірибелік білімдерді қалыптастыруы керек. Өзінің іс – әрекетін сыни тұрғыдан бағалап, кәсіби құзіреттілікті жетілдіру, оқушылармен дұрыс қарым – қатынас орнықтыра білу, ата – аналармен тіл табыса алу, сөйлеу мәдениетін жаттықтыру сияқты қасиеттер мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оқушылары мен олардың ата – аналарына сыйлы болатына даусыз. Өз білімін жетілдіре отырып, оқушыларды арнайы ұғымдар мен терминдерді пайдаланып сөйлеуге үйрету, оқушыларды ғылымға жақындатады, әрі олардың алған білімдері негіз болады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын ояту, оларды өздігінен білімдерін жетілдіруге дағдыландыру, сабақты жүргізуде қазіргі іс -тәжірибе мен еткеннің озық тәжірибелерін шебер пайдалана білу оқытушының құзыреттілігін танытады. Мұғалімнің құзыреттілігі оның сабақты нәтижелі жүргізуіне де тікелей байланысты. Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: « Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады». Мұғалімнің ізденісі, жан-жақтылығы айтылып кеткен құзыреттілік арқылы  айқындалады   Осылайша, педагог қазіргі қоғам талаптарын ескеріп, өзінің алдына педагогикалық міндеттерді қоя және шеше білетін, оқыту мен тәрбиенің озық технологияларын меңгерген, білім беру процесін басқара алатын, тәжірибеде педагогикалық ситуацияларды оқушы тұлғасының дамуына бағыттап жобалай және жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға болуы қажет. .[2]

 

.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Құдайбергенова К.С. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары. Алматы 2007

  2. Тоғымбаева А.Ә. Педагогтың кәсіби құзырлылық моделі. «12 жылдық білім»

журналы 2006 №3

  1. Айтмамбетова Б.Р, Бейсенбаева А.А. Жеке адамның дамуы, тәрбиесі. — Алматы: КазПИ,1991.

  2. 4. Сластенин В.А. и др. Педагогика: уч. пособие. — Москва: Академия, 2004



Математика пәні мұғалімінің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі
  • Начальные классы
Описание:

Осы мақсатты жүзеге асыру барысында педагогика саласында бірнеше жаңа технологиялар жүйесі жинақталған.12 жылдық білім беру жүйесінде білім беруді ұйымдастырудағы жеке тұлғалық, іс-әрекеттік, құзыреттілік тұлғалар жалпы білім беруді ұйымдастырудағы жаңаша көзқарас ретінде қарастырылуда. Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің міндеті – ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың негізгі құзыреттілігі ретінде: құндылық-бағдарлық, жалпы мәдени, оқу-танымдық, ақпараттық технологиялық, әлеуметтік-еңбек, коммуникативтік, өзін-өзі тұлғалық дамыту құзыреттіліктері белгіленген. Яғни, мектепте алған терең білімдерін болашақта пайдалана білуге бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыру қабілеттерін дамытуға күш салуымыз керектігі баса айтылған.

Автор Абдрахманова Асель Маматаевна
Дата добавления 06.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другое
Просмотров 493
Номер материала MA-066207
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓