Главная / Информатика / Массивтерді өңдейтін стандартты алгоритмдер

Массивтерді өңдейтін стандартты алгоритмдер

C:\Users\777\Desktop\нд.jpg


Қаратал ауданы,

С.И.Морозов атындағы №51 ОМГ,

информатика пәні мұғалімі

Мухатаева Назира Далибековна

13 сабақ

Күні 24.11.14ж

Сыныбы

9 а

Сабақтың тақырыбы

Массивтерді өңдейтін стандартты алгоритмдер

Жалпы мақсаты

Массив туралы түсініктерін бекіту, бір өлшемді жиымдармен есептер шығару, массив элементтерін енгізу, шығару білімдері мен біліктерін қолдану

Күтілетін нәтижелер


Бір өлшемді жиымдардың мәндерін енгізу, шығару ережелерін біледі, есептер шығарады, компьютерде нәтижесін шығара алады, нәтижені әр түрлі жолмен көркемдеуді біледі.

Оқыту әдіс тәсілдері.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ,

Диалогті оқыту (жетелейтін сұрақтар қою )

Дарынды балалармен жұмыс, СТО, АКТ

Ресурстар:

презентация, эл оқулық, тапсырмалар жазылған парақшалар, бағалау парағы, TURBO PASCAL программасы

Дерек көздері

-Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, WWW.e.edu.kz ; оқулық 9 сынып, Б.Қ Сапаргалиева, Н.Е.Сапаргалиева, Арман-ПВ, 2013ж

-«Паскаль» тілінде программалау негіздері» А. Б. Дәулетқұлов. Алматы-2005; 7-сыныптың электронды оқулығы

-«Информатикадан есептер жинағы жинағы» Б. Бөрібаев , әдістемелік құрал ;

-«Жаттығулар мен тапсырмалардың шешулері» М. Бексарыұлы

Керекті жабдықтар

Оқулық, интерактивті тақта, үлестірме парақтары. Флипчарт, постер, маркер.

Сабақ барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Миға шабуыл

І. Ұйымдастыру:


1. Сергіту (көңілді музыка ойнап тұрады) және топтастыру шарасы . (операторлар арқылы топқа бөлу)



https://e.edu.kz/ui/lcms-scorm-player.html?resource=2153197778#


  1. Мәліметтерді кесте түрінде құру дегеніміз не?

  2. Қандай кестелер сызықтық деп, қандайы тікбұрышты деп аталады?

  3. Массив дегеніміз не? Паскаль тілінде массивтің құрылымы қандай?

  4. Массив элементтерінің орны қалай анықталады?

Бағалау критерийлерін құру:

  1. Сұрақтарға жауап беру(әр дұрыс жауап 1 балл)

  2. Практикалық жұмыс ( топтар бірін-бірі бағалайды, түсініктілігі, тақырыпты меңгергені, түсіндіру шеберлігі)

  3. Деңгейлік тапсырмаларды орындау (әр деңгей есебіне 1,2,3 бал қоюға болады)

Сабаққа әзірлік.

Жақсы көңіл-күй қалыптасады.

Меншіктеу, тармақталу, қайталау командалары болып топтарға бөлінеді, топ ішінде спикер, баяндамашы, таймпикер, хатшысы сайланады


Оқушылар компьютерлерде сілтеме бойынша электронды кітапханадағы тақырыпты тыңдап, тапсырмаларды орындайды, келесі сұрақтарға жауап береді












Критерийлер құрылады

Негізгі бөлім

(Топпен жұмыс)

Мысалдар:

1 есепті – 1-ші ТОП

2 есепті- 2-ші ТОП

3 есепті- 3-ші ТОП бөліп алып компьютерде орындап мәнін шығарады. Топтар алдында әр жолдың қызметін түсіндіреді. Басқа топ мүшелері сұрақтар қояды

Топтар бірін-бірі бағалайды


Жаңа тақырыппен жұмыс.

Оқушылар конспектілеп отырады,





Берілген тақырып бөлігін топта талқылайды,түсінгендерін баяндайды,бір-біріне түсіндіреді.


Компьютерде теріп нәтижесін басқа топтар алдында қорғайды.

Сұрақтарға жауап береді



Бекіту

(Жұппен жұмыс)

Оқулықтағы А,В,С деңгейлі есептерді шығару

Өз жұмыстарыңызды бағалаңыздар, осы тақырып бойынша түсінбеген сұрақтары болса жазыңыздар да маған беріңіздер

Оқушылар жұптарын өздері таңдайды. Барлық тапсырманы орындап біткен жұптар қосымша тапсырма ала алады.(мұғалім бақылап отырады)

Қорытындылау

Сыныппен сабақта жасалған жұмыстар еске түсіріліп критерийлер бойынша бағаланады,қорытынды баға қойылады

Үй тапсырмасы беріледі. §12 №17 пр жұмыс есептерінің ұнағанын шығару

Сабақ сараланады.

Күнделікке үй тапсырмасын жазып алады

Рефлексия

  1. Мен жасай алдым..............

  2. Мен көремін.....................

  3. Мен таң қалдым.............

  4. Менің жасағым келді.............


Толтырып мұғалімге береді



РЕФЛЕКСИЯ:

Бүгінгі өткен сабақта жоспарлаған стратегияларды жүзеге асыру үшін мен сабақ алдында әдемі әуен қойып (көңіл-күйді көтеру), электронды кітапханадан тақырыпқа байланысты материал ұсындым (АКТ). Сонымен қатар деңгейлік тапсырмалар мен қосымша тапсырмалар әзірледім (дарынды баламен жұмыс) және сабақ барысында оқушыларды диалогқа тарту үшін толықтыру сұрақтары (жуан және жіңішке сұрақтар) қойылып отырды. Практикалық жұмысты топ алдында түсіндіру арқылы сыни тұрғыдан ойлауды, әңгімелеуді қалай жүзеге асыру керектігін көздедім. Нәтижесінде оқушылардың басым көпшілігі сабаққа жақсы қатысып, өз ойларымен бөлісті, бір-бірлеріне түсіндіріп, көмек көрсетіп тақырыпты меңгерді. Тақырыпты меңгергендіктерін деңгейлік тапсырмаларды орындауда оқушылардың көпшілігі А,В деңгей тапсырмаларын қиналмай орындағандарынан, кейбір оқушылардың қосымша тапсырма сұрауынан байқадым. Дегенмен кейбір оқушылардың сабаққа толық ілесе алмағанын көрдім, әрине әр сыныпта мұндай оқушылар кездеседі, соған қарамай бұл оқушыларға электронды оқулықпен жұмыс ұнады, олар асықпай тапсырмаларды бірнеше қатар орындап, тест сұрақтарына жауап бере алды. Топпен жұмыс барысында осындай оқушыларға көңіл бөлу қажет екені ескертілді, яғни барлық топ мүшелері қамтылу керек (бір-біріне түсіндіру). Өзімнің тарапымнан бақылау және бағыттау жұмыстарын жүргіздім.

Сабақтан түйгенім тапсырмаларды таңдағанда қарапайым тапсырмадан бастап оны күрделендіру арқылы барлық оқушыларды қамтуға болатынын ескеру, практикалық жұмыс кезінде оқушылардың компьютерде мәтін теру (есеп бағдарламасын компьютерге енгізу) жылдамдықтарын ескеру, мұндай оқушылармен қосымша жұмыс жүргізуді жоспарлау. Тағы бір білгенім оқушыларымның рефлексия жазуы күмән туғызды, яғни оқушылардың басым көпшілігі рефлексия жазуды дұрыс түсінбейді, өз ойларын толық аша алмайды, көбінесе ұнады, ұнамады деп жазады әр кезеңге тоқталып не біліп, не білмегенін анықтай алмады. Осы бағытта тағы жұмыс жүргізуім керек, себебі келесі сабақтың жемісті болуы кері байланыстың нәтижесіне байланысты деп ойлаймын. Сабақты жоспарлауда мен оқушылардың келесі сабақта не білгісі келетінін, нені түсінбегенін ескеруім керек. Практика көрсетіп жүргендей балалардың барлығы дерлік бар тапсырманы түгелдей меңгеріп кете алмайды, сол себепті болашақта әр түрлі әдіс- тәсілдерді қарастырамын.

Массивтерді өңдейтін стандартты алгоритмдер
  • Информатика
Описание:

Бүгінгі өткен  сабақта жоспарлаған  стратегияларды жүзеге асыру үшін мен сабақ алдында әдемі әуен қойып (көңіл-күйді көтеру), электронды кітапханадан тақырыпқа байланысты материал ұсындым (АКТ). Сонымен қатар деңгейлік тапсырмалар мен қосымша тапсырмалар әзірледім (дарынды баламен жұмыс) және сабақ барысында оқушыларды диалогқа тарту үшін толықтыру сұрақтары (жуан және жіңішке сұрақтар) қойылып отырды.   Практикалық жұмысты топ алдында түсіндіру арқылы сыни тұрғыдан ойлауды, әңгімелеуді  қалай жүзеге асыру керектігін көздедім. Нәтижесінде оқушылардың басым көпшілігі сабаққа жақсы қатысып, өз ойларымен бөлісті, бір-бірлеріне түсіндіріп, көмек көрсетіп тақырыпты меңгерді. Тақырыпты меңгергендіктерін деңгейлік тапсырмаларды орындауда оқушылардың көпшілігі А,В деңгей тапсырмаларын қиналмай орындағандарынан, кейбір оқушылардың қосымша тапсырма сұрауынан байқадым. Дегенмен кейбір оқушылардың сабаққа толық ілесе алмағанын көрдім, әрине әр сыныпта мұндай оқушылар кездеседі, соған қарамай бұл оқушыларға электронды оқулықпен жұмыс ұнады, олар асықпай тапсырмаларды  бірнеше қатар орындап, тест сұрақтарына жауап бере алды. Топпен жұмыс барысында осындай оқушыларға көңіл бөлу қажет екені ескертілді, яғни  барлық топ мүшелері қамтылу керек (бір-біріне түсіндіру). Өзімнің тарапымнан бақылау  және  бағыттау  жұмыстарын  жүргіздім.

Автор МУХАТАЕВА НАЗИРА ДАЛИБЕКОВНА
Дата добавления 26.12.2014
Раздел Информатика
Подраздел
Просмотров 4181
Номер материала 12716
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓