Главная / Школьному психологу / Мамандық - бұл жетістік мерейі

Мамандық - бұл жетістік мерейі

Темпераментті зерттеуге арналған Айзенк тесті
Мақсаты – баланың темпераментін және эмоционалдық тұрақтылығын анықтау
Орындалу ережесі: “Сізге 57 сұрағы бар бланкі мен жауап парақ беріледі. Сұрақ...
1. Тынығу үшін немесе ерекше сезімге бөлену үшін жаңалық іздеуге құмарлыққа ж...
6. Берілген сөзіңізді барлық уақытта орындайсыз ба? 7. Сіздің көңіл-күйіңіз қ...
15. Адамдармен кездескеннен кітап оқығанды көбірек ұнатасыз ба? 16. Сіздің на...
25. Сіз өз сезіміңізді жүгендеместен, көңілді компанияда жақсы тынығуға қабіл...
34.Барлық көңілді шоғырландыруды талап ететін жұмысты ұнатасыз ба? 35. Кейде ...
44. Сіз өте сөзшең болғандықтан әр кездескен адаммен әңгімелесіп қалуға тырыс...
53. Қызықсыз ортаны жандандырып жібере аласыз ба? 54. Өзіңіз білмейтін нәрсең...
Нәтижесін бағалау кілті Экстраверсияны бағалау үшін келесі сұрақтарға берген ...
Нейротизмді анықтау үшін келесі сұрақтарға берген жауаптарыңыз кілтке сай кел...
Өтірікшілік көрсеткішін анықтау Келесі сұрақтарға берген жауаптарыңыз кілтке ...
1 из 13

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Темпераментті зерттеуге арналған Айзенк тесті
Описание слайда:

Темпераментті зерттеуге арналған Айзенк тесті

№ слайда 2 Мақсаты – баланың темпераментін және эмоционалдық тұрақтылығын анықтау
Описание слайда:

Мақсаты – баланың темпераментін және эмоционалдық тұрақтылығын анықтау

№ слайда 3 Орындалу ережесі: “Сізге 57 сұрағы бар бланкі мен жауап парақ беріледі. Сұрақтар
Описание слайда:

Орындалу ережесі: “Сізге 57 сұрағы бар бланкі мен жауап парақ беріледі. Сұрақтардың әрқайсысына “иә” немесе “жоқ” деген жауап беріп оны жауап парағына жазыңыз. Дұрыс жауапты табу үшін көп ойланудың қажеті жоқ. Өйткені бұл тапсырмалар арқылы білімді немесе ақыл-ойдың даму деңгейі бағаланбайды, берілген сұрақтарға дұрыс немесе қате жауап жоқ. Әр адамның өз ойы өзіне дұрыс. Сондықтан ең бірінші ойға келген жауапты сұрақ нөмірінің тұсына жазыңыз.

№ слайда 4 1. Тынығу үшін немесе ерекше сезімге бөлену үшін жаңалық іздеуге құмарлыққа жиі
Описание слайда:

1. Тынығу үшін немесе ерекше сезімге бөлену үшін жаңалық іздеуге құмарлыққа жиі бөленесіз бе? 2. Сізді түсінетін, жұбататын және көңіліңізді көтеретін достарға қажеттілікті жиі сезінесіз бе? 3. Өзіңізді уайымсыз адам деп есептейсіз бе? 4. Алдыңызға қойған мақсаттан бас тарту сізге қиын ба? 5. Іс-әрекеттерді бастамай тұрып, алдын-ала асықпай ойланып аласыз ба?

№ слайда 5 6. Берілген сөзіңізді барлық уақытта орындайсыз ба? 7. Сіздің көңіл-күйіңіз құбы
Описание слайда:

6. Берілген сөзіңізді барлық уақытта орындайсыз ба? 7. Сіздің көңіл-күйіңіз құбылмалы ма? 8. Жылдам сөйлеп, тез қимылдайсыз ба? 9. Ешқандай себепсіз өзіңізді бақытсыз адаммын деп есптеген уақытыңыз болды ма? 10. Дауласу барысында неге де болса бел байлауға даярсыз ба? 11. Сізге ұнайтын адаммен танысуға ұяласыз ба? 12. Қатты ашуланғанда не істегеніңізді білмей қалатын жағдай болады ма? 13. Жағдайға байланысты ойланбай әрекет жасауыңыз жиі болады ма? 14. Өзіңіздің айтқаныңыз немесе істегеніңіз туралы ойлар сізді жиі мазалайды ма?

№ слайда 6 15. Адамдармен кездескеннен кітап оқығанды көбірек ұнатасыз ба? 16. Сіздің намыс
Описание слайда:

15. Адамдармен кездескеннен кітап оқығанды көбірек ұнатасыз ба? 16. Сіздің намысыңызға тию оңай ма? 17. Компанияда жиі болғанды ұнатасыз ба? 18. Басқаларға айтқыңыз келмейтін ойларыңыз бар ма? 19. Кейде күшіңіз тасып, қопаруға дайын болып, ал енді бірде әлсіреп қалатыныңыз рас па? 20. Өзіңіздің қарым-қатынас жасайтын ортаңызды ең жақын достармен шектеуге тырысасыз ба? 21. Арманға жиі бөленесіз бе? 22. Сізге дауыс көтергенде солай жауап бересіз бе? 23. Өз әдеттеріңіздің барлығын жақсы деп есептейсіз бе? 24. Сіз өзіңізді кінәлі деп скенуіңіз жиі бола ма?

№ слайда 7 25. Сіз өз сезіміңізді жүгендеместен, көңілді компанияда жақсы тынығуға қабілетт
Описание слайда:

25. Сіз өз сезіміңізді жүгендеместен, көңілді компанияда жақсы тынығуға қабілеттісіз бе? 26. Кернеу жағдайында жиі боласыз ба? 27. Басқалар сізді көңілді, еті тірі адам деп есептейді ме? 28. Бір істі бітіргеннен соң, ол тірлікті “ол тірлікті одан да жақсы орындауға боал еді” – деген ойға бөленесіз бе? 29. Үлкен жиындарда өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз бе? 30. Сіз өсек айтатын кездер бола ма? 31. Әртүрлі ойларға бөленіп, ұйқыңыз қашып кететін кез бола ма? 32. Бір нәрсені білгіңіз келсе, сіз оны кітаптан іздейсіз бе? 33. Кейде жүрегіңіз жиі соғады ма?

№ слайда 8 34.Барлық көңілді шоғырландыруды талап ететін жұмысты ұнатасыз ба? 35. Кейде қал
Описание слайда:

34.Барлық көңілді шоғырландыруды талап ететін жұмысты ұнатасыз ба? 35. Кейде қалтырап-дірілдеп кетесіз бе? 36. Сіз барлық уақытта шыныңызды айтасыз ба? 37. Бір-бірін әзілдеп отыратын компанияныұнатасыз ба? 38. Сіз ашушаңсыз ба? 39. Тез шешім қабылдауды талап ететін жұмыс ұнайды ма? 40. Сізді, еш уақытта болмаған неше түрлі сұмдықтар және қайғылы оқиғалар болып қалса не болар еді, деген жиі мазалайды ма? 41. Сіз асықпай, жай қимылдайтыныңыз рас па? 42. Жұмысқа, біреумен кездесуге жиі кешігесіз ба? 43. Жағымсыз түстерді жиі көресіз ба?

№ слайда 9 44. Сіз өте сөзшең болғандықтан әр кездескен адаммен әңгімелесіп қалуға тырысасы
Описание слайда:

44. Сіз өте сөзшең болғандықтан әр кездескен адаммен әңгімелесіп қалуға тырысасыз ба? 45. Бір жеріңіз аурады ма? 46. Достарыңызбен ұзақ уақыт жолыға алмасаңыз мазасызданасыз ба? 47. Сіз шыдамсыз адамсыз ба? 48. Таныстарыңыздың ішінде сізге ұнамайтын адам бар ма? 49. Өзіңізге сеніміз күшті ма? 50. Сіздің кемістіктеріңізді немесе жұмысыңызды сынаған сіздің намысыңызға тиеді ме? 51. Көптеген адам қатысатын іс-шаралардан ләззат аласыз ба? 52. Сіз өзіңізді басқалардан кем санайсыз ба?

№ слайда 10 53. Қызықсыз ортаны жандандырып жібере аласыз ба? 54. Өзіңіз білмейтін нәрсеңізд
Описание слайда:

53. Қызықсыз ортаны жандандырып жібере аласыз ба? 54. Өзіңіз білмейтін нәрсеңізді білетіндей болып көрсеткіңіз келеді ме? 55. Өзіңіздің денсаулығыңыз туралы қам жисіз бе? 56. Басқаларды әзілдеуге құмарсыз ба? 57. Сізді ұйқысыздық мазалайды ма?

№ слайда 11 Нәтижесін бағалау кілті Экстраверсияны бағалау үшін келесі сұрақтарға берген жау
Описание слайда:

Нәтижесін бағалау кілті Экстраверсияны бағалау үшін келесі сұрақтарға берген жауаптарыңыз кілтке сай келсе бір ұпай деп есептелінеді. Иә - 1,3,8,10,13,17,22,25,27,39,44,46,49,53,56. Жоқ – 5,15,20,29,32,37,41,51. 0-10 ұпай жинасаңыз сіз интровертсіз. 15-24 ұпай жинасаңыз сіз экстровертсіз. 11-14 ұпай – амбиверт көрсеткіші болып табылады.

№ слайда 12 Нейротизмді анықтау үшін келесі сұрақтарға берген жауаптарыңыз кілтке сай келсе
Описание слайда:

Нейротизмді анықтау үшін келесі сұрақтарға берген жауаптарыңыз кілтке сай келсе бір ұпаймен бағаланады. Ия - 2,4,7,9,11,14,16,19,21,23,26,28,31,33,38,40, 43,45,47,50,52,57. 0-10 – эмоциялық жағынан тұрақтылықтың көрсеткіші 11-16 сезімталдық белгісі 17-22 жүке жүйесі күйзелгеннің белгісі. 23-24 невротизм патологияға жақындаған

№ слайда 13 Өтірікшілік көрсеткішін анықтау Келесі сұрақтарға берген жауаптарыңыз кілтке сай
Описание слайда:

Өтірікшілік көрсеткішін анықтау Келесі сұрақтарға берген жауаптарыңыз кілтке сай келсе, бір ұпай беріледі. Ия – 6,24,36 Жоқ – 12,18,30,42,48,54 0-3 ұпай жинасаңыз сізге барлық уақытта сенуге болады 4-5 – жалғандығыңыз көрініп тұр 6-9 – жауаптарыңыз ақиқатқа сай емес, оларды өңделмей-ақ қойса да болады

Мамандық - бұл жетістік мерейі
  • Школьному психологу
Описание:

«Өскенде кім болғың келеді?» – бұл үлкендер өз балаларына қоятын ең танымал сұрақ. Міне, сенің де қай мамандықты таңдайтының және оны таңдаған кезде қателеспеу керек екенін ойлайтын кез келді. Кәсіби болашағыңды дұрыс таңдау қоғамдағы өз орныңды танудың негізі. Адамның жақсы, өмірлік табысқа жетуіне әсер ететін ең бір маңызды шешімдердің бірі болып табылады.

 

Өз ісіңді таңдар алдында қандай мамандықтар бар екендігін және бұл мамандықтың не үшін керек екендігін біліп ал. Мамандық жайлы толық түсінік алу үшін: «Маман иесі не істейді?», «Оның қызметінің нәтижесі неге алып келеді?», «Маман иесі қандай жағдайда жұмыс істейді?» деген сұрақтарға жауап табу керек.

Кәсіби қызметтің нәтижесі – кез келген жұмыстың негізі. Біздің өмірде неге қол жеткізгіміз келетіні туралы түсініктің өзі біздің арманымызға жетуге мүмкіндік береді. Әрине, мамандық таңдағанда маманға тек қана білімі мен іскерлігі ғана емес, сондай-ақ оның қабілеті мен жеке қасиеттерін дамыту деңгейі жағынан да қандай талаптар қойылатынын білу маңызды.

Мұндай ақпараттарды қайдан алуға болады? Өз мамандығы туралы кәсіби маман ғана жақсы айтып бере алады. Мамандық таңдау алдында кез келген жасөспірім белгілі бір мамандықтың иесі болып табылатын ересек адамдардың қасында болады. Олардың өз мамандықтары туралы қызықты әңгімелері жасөспірімді қызмет саласындағы белгілі бір қызығушылықты дамытудың себепкері болуы мүмкін.

Сонымен қатар, мамандарды  ЖОО-да, колледждерде, техникумдарда және басқа да мамандарды дайындайтын кәсіби оқу орындарынан табуға болады. Олармен қалай кездесу керек? Ең қарапайым тәсіл – ашық есік күндеріне келіп, өзіңді қызықтырған факультет деканатының, кафедраның қызметкерлерінен тиісті ақпарат алу. Сонымен қатар, ЖОО-ның кәсіби қызмет туралы, сол мамандық бойынша оқудың ерекшеліктері туралы нақты ақпарат бере алатын қызметкерлерімен жеке кездесу жөнінде келісуіңізге болады.

Енді таңдалған мамандықтың бағыты туралы түсінік. Бірнеше мамандық бойынша осындай түсінік алып, өзіңе не ұнайтынын, ненің ұнамайтынын, немен сәттілікке жететініңді, немен жете алмайтындығыңды шешесің. Мамандықтар туралы ақпаратты қаншалықты көп жинасаң, өлшесең, соғұрлым таңдауың нақты және түсінікті болады.

Мамандық таңдаудың тиімді тәсілдерінің бірі – мектептегі демалыс уақытында кәсіпорындарда тәжірибеден өту. Бұл тәсіл мамандық туралы шынайы түсінік алуға мүмкіндік береді.

Айтпақшы, сен өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдамас бұрын тағы да бір өте маңызды сұраққа жауап беруге тиіссің: «Бұл жұмыс маған не береді?». Көпшілігі жоғарғы еңбекақы алғылары келеді. Шындығында, кейде ол да жұмыстан адам күткендей қуаныш сыйламайды, өйткені адамға даму, жаңашылдыққа ұмтылу тән. Өзгеріске деген ұмтылысың қаншалықты күшті болса, соншалықты тұлғалық және кәсіби өсу үшін өз жұмысыңнан мүмкіндіктерді көп табасың.

Автор Рыскулова Гульсим Сейілбековна
Дата добавления 29.01.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Презентации
Просмотров 1107
Номер материала 55261
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓