Главная / Другое / мамандығым-мақтанышым

мамандығым-мақтанышым

«Мамандығым-мақтанышым!»

Қаңтар айының жиырмасыншы жұлдызы күні Телжан Шонанұлы атындағы орта мектебінде 9-11 сынып оқушыларына мамандық таңдау барысында қателеспеуге жол сілтеу мақсатында студенттермен кездесу кеші өткізілді. Оқушылар оларға түрлі сұрақтар қойып, тапсырмалар орындап, бірге ойындар ойнады. Болашақ түрлі мамандық иелерінің сөздері оқушыларға ой сала білді. Қандай оқу орнын таңдау жөнінде де кеңес берді. Сонымен қатар,студенттер мамандықтарының қыр-сырымен бөлісті.Марат Оспанов атындағы Ақтөбе медициналық университетінің 4 курс студенті Жайсаңбайқызы Ақерке: «Ұлттық бірыңғай тест оқушы мен мұғалімнің білімін сынайтын үлкен сынақ,білім додасы десек,осы додаға бейжай қарау жақсы жетістікке әкелмейді»-деп іні-сіңілілеріне ақыл-кеңесін айта келе,өзі осы сынаққа 3 жыл дайындалғанын айтып өтті. Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-дің студенті Әміржан Күміс: Өзі оқып жатқан оқу орнының артықшылықтарын айта отырып, «қай мамандықты таңдасаңдарда өз мамандықтарыңның нағыз жанашыры болыңдар, мамандық таңдаудан қателессеңдер нағыз маман бола алмайсыңдар, жұмысын сүйіспеншілікпен атқармаған адамнан қанша еңбектенгенмен еш нәтиже шықпайды, нағыз өз мамандығының иесі бола алмайды»,-деп естіп,білгенін ортаға салды. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының 1 курс студенті Асанқызы Жазира: Өзі білім нәрімен сусындап жатқан Арқалық қаласына оқуға шақыра келе, «Арқалықты ешкім армандамайды, бірақ Арқалықта армандар орындалады»,-деп ағынан жарылды. Кеш соңында мектеп ұстаздары студент кездерінен естеліктер айтып,жиналғандарды күлкіге батырды. Осы кешті ұйымдастырушы педагог-психолог Н.Кантуренова:Сттистикалық мәліметтер айта келіп « Бұл ұйымдастырылған шара арқылы оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар беріп, жарқын болашаққа дұрыс жол сілтеу,егер осы шара арқылы әрбір оқушы өзіне аз ғана ой түйсе сол менің жетістігім»,- деп кештің «шымылдығын» жапты.

Салманова Назым

мамандығым-мақтанышым
  • Другое
Описание:

Автор САЛМАНОВА НАЗЫМ ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Дата добавления 11.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 229
Номер материала MA-066347
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓