Инфоурок Классному руководителю Рабочие программы"Мамандық - өмір таңдауы" атты тәрбие сағаты

"Мамандық - өмір таңдауы" атты тәрбие сағаты

Скачать материал

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мамандық – өмір таңдауы
Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру
Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
Міндеті:
Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;
Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;
Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.
Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, плакат, слайд көрсету
.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Мамандық – өмір таңдауы»  атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер!
- Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Бүгінгі кешімізде біз осындай маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық, болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік бағытты жобалау туралы әңгімелейтін боламыз. Мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторға тоқталамыз және дұрыс шешім қабылдауды үйренеміз. Бұл ретте бүгін бізге өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл - кеңесін айтуға шақырулы қонақтарымыз келіп отыр. Сол қонақтармен таныстырып өтейін.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан - жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады?

-Ендеше бүгінгі кешімізге  өз ойын ортаға салуға  және ақыл-кеңестерін беруге арнайы келген қонақтарымызбар, таныстырып жіберейін.

1.Ауданымыздың белгілі заңгері ,адвокад Еслямов Аслан Камалұлы!

2.Аудандық  аурухана басшысы Уразалиев Сұлтанбек Сайынұлы!

3.Жаңақала колледжінің есепшісі Баймуратова Айнагүл Елеусизқызы!

4.Гимназияның химия пәнінің мұғалімі Утегалиева Бақытгүл Алпысбайқызы!

5.Гимназия кітапханашысы Аманғалиева Гүлжихан Мұратқызы!

 

Мамандық дегеніміз не?
Оқушылардың пікірлері сұралады
• - Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;
• - адамның болашаққа апаратын жолы;
• - адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;
• - мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
• - оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;
• - ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру;
• - мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;
• - келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе сол
• - адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.
Мамандық дегеніміз не?
Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі
«Мамандық» сөзіне анықтама беру.
Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай - ақ өз мамандығының 10 - 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі.

ü Ендеше қонақтарымызға сөз кезегін берейік. Алғашқы сұрағымыз: әрқайсыңыз өз мамандығыңызға байланысты айтып өтсеңіздер.

Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек

Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді.

ü Сөз кезегін Аслан Камалұлына береміз. Бүгінгі таңда жастардың көбі ұстаз болуды қаламайды, керісінше заңгер, банкир, экономист т. б мамандықтарды құрметпен бағалайды. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?


Тәрбиеші: Айтыңдаршы, маман дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек? Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды айтайық.

 

Әңгімелесу
1. Сен болашақ мамандығыңды таңдадың ба?
2. Қандай мамандық таңдайсың?
3. Таңдаған мамандығың жөнінде не білесің?
4. Мамандығыңның өзіндік ерекшілігі?
5. Бұл заман талабына сай ма?
6. Бұл мамандығының еңбек нарығында қажеттілігі.
7. Мамандықты қай оқу орнынан аласың?
- Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыңдар?
- жақсы маман болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет?
- Сен қандай маман болуды армандайсың? Неліктен?
- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыңдар?
- Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?
- Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

ü Сөз кезегін Сұлтанбек Сайынұлына береміз.Сіз оқушыларға қазіргі заман талабына сай қандай мамандық таңдауға кеңес берер едіңіз?

 

 

ü Келесі сөз кезегін ертеңгі елдің тірегі болатын болашақ химия пәнінің мұғалімі мамандығын таңдап отырған мектебіміздің «Алтын белгіден» үміткер жатақхана тәрбиеленушісі Мұратова Наргизаға  береміз.

Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін - өзі тану:
Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез - келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздікадминистратор шығады
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай - ақ шығармашылық қабілетін, ой - өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін, басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.

ü Келесі сөз кезегін Айнагүл Елеусизқызына береміз.Өз мамандығының шебері болу үшін адам өзін - өзі қалай дайындау керек деп есептейсіз?

 

ü Келесі  сөз кезегін мектебіміздің түлегі жас ақын, бірнеше облыстық және республикалық байқаулардың жүлдегері   Бақиев  Азамат  Ерсұлтанұлына беріледі.

 

ü Келесі сөз кезегін Бақытгүл Алпысбайқызына береміз. Сіз қандай маман болуды армандадыңыз?  

 

ü Келесі сөз кезегін Гүлжихан Мұратқызына береміз.Қазіргі заманның табысты мамандары кімдер?



Қазіргі заманғы жоғары білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?

 

Жауаптар:

-         Компьютерді білу;

-          Бірнеше тілді, ағылшын тілін білу.

-          Адамдармен қарым-қатынас жасай білу.

-          Өз тауарын, қызметін өткізе білу.

-          Тез шешім қабылдап, бастамашылық жасау.

-          Үнемі білім алуға, қайта оқуға бейімділік.

 

Бекіту сұрақтары:

-          Осы күннен не алдыңыз?

-          Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз?

 

Қорытынды: «Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп  М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі кездесуге  келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, кешіміз сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын.
  Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.
Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мамандық - өмір таңдауы" атты тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мамандық – өмір таңдауы Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыруТәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.Міндеті:Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету; Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету; Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру; Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, плакат, слайд көрсету.Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Мамандық – өмір таңдауы» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер! - Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай Ісім оңсын десеңіз, Сол істің маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз, Көпшіліктің адамы болыңыз. Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Бүгінгі кешімізде біз осындай маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық, болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік бағытты жобалау туралы әңгімелейтін боламыз. Мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторға тоқталамыз және дұрыс шешім қабылдауды үйренеміз. Бұл ретте бүгін бізге өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл - кеңесін айтуға шақырулы қонақтарымыз келіп отыр. Сол қонақтармен таныстырып өтейін.Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан - жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? -Ендеше бүгінгі кешімізге өз ойын ортаға салуға және ақыл-кеңестерін беруге арнайы келген қонақтарымызбар, таныстырып жіберейін.1.Ауданымыздың белгілі заңгері ,адвокад Еслямов Аслан Камалұлы!2.Аудандық аурухана басшысы Уразалиев Сұлтанбек Сайынұлы!3.Жаңақала колледжінің есепшісі Баймуратова Айнагүл Елеусизқызы!4.Гимназияның химия пәнінің мұғалімі Утегалиева Бақытгүл Алпысбайқызы!5.Гимназия кітапханашысы Аманғалиева Гүлжихан Мұратқызы!Мамандық дегеніміз не? Оқушылардың пікірлері сұралады • - Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда; • - адамның болашаққа апаратын жолы; • - адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі; • - мамандық бойынша адам жұмыс істейді; • - оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық; • - ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру; • - мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады; • - келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе сол • - адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.Мамандық дегеніміз не?Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі «Мамандық» сөзіне анықтама беру. Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді. Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай - ақ өз мамандығының 10 - 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. ü Ендеше қонақтарымызға сөз кезегін берейік. Алғашқы сұрағымыз: әрқайсыңыз өз мамандығыңызға байланысты айтып өтсеңіздер.Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керекМамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді.ü Сөз кезегін Аслан Камалұлына береміз. Бүгінгі таңда жастардың көбі ұстаз болуды қаламайды, керісінше заңгер, банкир, экономист т. б мамандықтарды құрметпен бағалайды. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?Тәрбиеші: Айтыңдаршы, маман дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек? Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды айтайық.Әңгімелесу1. Сен болашақ мамандығыңды таңдадың ба? 2. Қандай мамандық таңдайсың? 3. Таңдаған мамандығың жөнінде не білесің? 4. Мамандығыңның өзіндік ерекшілігі? 5. Бұл заман талабына сай ма? 6. Бұл мамандығының еңбек нарығында қажеттілігі. 7. Мамандықты қай оқу орнынан аласың? - Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыңдар? - жақсы маман болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет? - Сен қандай маман болуды армандайсың? Неліктен? - Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыңдар? - Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар? - Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?ü Сөз кезегін Сұлтанбек Сайынұлына береміз.Сіз оқушыларға қазіргі заман талабына сай қандай мамандық таңдауға кеңес берер едіңіз?ü Келесі сөз кезегін ертеңгі елдің тірегі болатын болашақ химия пәнінің мұғалімі мамандығын таңдап отырған мектебіміздің «Алтын белгіден» үміткер жатақхана тәрбиеленушісі Мұратова Наргизаға береміз.Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін - өзі тану: Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез - келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздікадминистратор шығадыЗигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай - ақ шығармашылық қабілетін, ой - өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін, басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар. ü Келесі сөз кезегін Айнагүл Елеусизқызына береміз.Өз мамандығының шебері болу үшін адам өзін - өзі қалай дайындау керек деп есептейсіз? ü Келесі сөз кезегін мектебіміздің түлегі жас ақын, бірнеше облыстық және республикалық байқаулардың жүлдегері Бақиев Азамат Ерсұлтанұлына беріледі. ü Келесі сөз кезегін Бақытгүл Алпысбайқызына береміз. Сіз қандай маман болуды армандадыңыз?ü Келесі сөз кезегін Гүлжихан Мұратқызына береміз.Қазіргі заманның табысты мамандары кімдер?Қазіргі заманғы жоғары білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?Жауаптар:- Компьютерді білу;- Бірнеше тілді, ағылшын тілін білу.- Адамдармен қарым-қатынас жасай білу.- Өз тауарын, қызметін өткізе білу.- Тез шешім қабылдап, бастамашылық жасау.- Үнемі білім алуға, қайта оқуға бейімділік.Бекіту сұрақтары:-Осы күннен не алдыңыз?-Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз?Қорытынды: «Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі кездесуге келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, кешіміз сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын. Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық. Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 763 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.01.2020 11179
    • DOCX 26.5 кбайт
    • 666 скачиваний
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сабитова Ильзина Рашитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сабитова Ильзина Рашитовна
    Сабитова Ильзина Рашитовна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 87307
    • Всего материалов: 239

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 141 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 125 человек

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Мини-курс

Основы творческой фотографии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 223 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Проектный подход к рекламе: эффективные стратегии и инструменты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Созависимые отношения и способы их преодоления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек