Инфоурок Директору, завучу Другие методич. материалыМұғалімнің курсаралық іс-әрекетін модельдеу

Мұғалімнің курсаралық іс-әрекетін модельдеу

Скачать материал

 

Б.Момышұлы атындағы шағын орталықты

орта мектеп директорының ғылыми-әдістемелік

істері жөніндегі орынбасары  Р.Б.Танатова

 

БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА МҰҒАЛІМНІҢ КУРСАРАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН МОДЕЛЬДЕУ

 

Ғаламдандыру күннен күнге өсіп келе жатқан халықаралық бәсекелестік қоғамда болып жатқан өзгерістердің ауқымы мен қарқынының өсуі білім беру беру саласының, мемлекет дамуының басты факторына айналуына себеп болды. Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы», - деп бекер айтпаған.

Қазіргі таңда өтіп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жағдайында Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне енуі кезінде мұғалімнің жеке тұлға ретіндегі, оның кәсіби біліктілігі айрықша мәнге ие болуда, өйткені ол мектептегі дәстүрдің жалғастырушысы мен жаңаруының кепілі болып табылады. Қай кезде де білім бастауын мектептен алады, сондықтан мектеп неғұрлым таза, серпінді, шығармашыл болса, ол келіп құятын білім айдыны да сондай дәрежеде болады.

Жан-жақты «қаруланған» білім мен білік өрісті іске жол ашып қана қоймайды, ұйытқы да болады. Білім алу бар да, оны іске асыру бар. Сондықтан да шығар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек», дей келіп: «Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс», -деді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы ел тарихында жаңа дәуірді бастап беріп отыр. Қашанда саяси маңызын жоймайтын  Жолдаулар ертеңгі ел болашағының кепілі деп білеміз. Еліміздің тәуелсіздік алып, дамудың даңғыл жолына түскен күнінен бастап, Елбасымыз мемлекеттің стратегиялық дамуының кезеңдерін, жалпы Қазақстан халқын өмірдің барлық саласында нақты жетістіктерге, әл-ауқатымызды тұрақты жақсартып отыруға баса назар аударып келеді. Осы салиқалы саясаттың арқасында әлем халқы бүгінгі Қазақстанның келбетін геосаяси маңызы зор ел ретінде таниды.

«Білім туралы» ҚР Заңындағы: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деген жолдар әрбір мұғалімнен ізденісті, білімділік пен біліктілікті қажет етеді.

Елбасымыз әрдайым атап көрсететіндей, ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында екені баршамызға аян. Жас ұрпақтың тағдыры, олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші – ұстаздардың қолында.

Бұл өзгерістердің негізгі бағыттары мен мән-мазмұны Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев бекіткен «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» айқындалған. Бағдарлама білім саласында осы күнге дейін орын алып келген олқылықтардың орнын толтыруға, еліміздегі білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ел экономикасының тұрақты өсуі үшін сапалы білім беруді қамтамасыз ету арқылы адам капиталын дамыту­ға қол жеткізуді көздеп отыр. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі, оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда.

Сондықтан, қазіргі проблемалар орта білім жүйесін қазақстандық қоғам дамуының заманауи талаптарына және ғаламдық білім беру кеңістігіне кірігу шарттарына сәйкес жаңғыртуды талап етеді.

Мұғалімдердің курсаралық іс-әрекетін модельдеудің мақсаты:

-  мектеп мұғалімдерінің біліктілігін жетілдірудегі жаңа оқыту әдістерін қолданудың мәні мен мазмұнын теориялық тұрғыдан негіздеу;

-  мектеп мұғалімдерінің инновациялық біліктіліктерін жетілдірудің тиімді жолдары мен әдістерін практикада қолдану жолдарын нақтылау;

-   озат педагогикалық тәжірибелерді жинақтау, насихаттау, тарату және ендіру;

-   білім беру жүйесіндегі жаңа оқыту әдістерін пайдаланудың тиімділігін салыстырмалы талдау.

      Аталған бағытттағы жұмыстар дұрыс ұйымдастырылса:

-    мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру жүйесінде инновациялық технологияларды қолданудың тиімді жолдары айқындалды;

-   мектеп мұғалімдерінің инновациялық біліктіліктерін жетілдірудің әдістемесі жасалынады;

-   жасалған әдістемелік материалдарды мектеп мұғалімдері  өз тәжірибелерінде пайдаланады.

      Мектептегі оқу үдерісінде мұғалімдердің курсаралық іс-әрекеттерін модельдеуді жүзеге асырудағы міндетіміз:

-          мектеп мұғалімдерінің жаңашыл көзқарастарын қалыптастырудың мазмұны мен әдістемесін дайындау;

-          қазіргі білім беру технологияларын пайдалану мен тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелерін ұсыну.

       Әлемдік білім кеңістігінің даму тарихы, оның әр кезеңдегі айқындалған тенденциялары әр халықтың өркендеуінің, қоғамдағы прогрессивтік өзгерістердің біліммен байланыстылығын, білім саласының өзгермелі өмірдегі аса маңыздылығын дәлелдеп отыр. Әрбір мемлекеттің интеллектуалдық, экономикалық, парасаттық және мәдени қарымы білім сапасының күйін, оның прогрессивтік даму тарихын айқындайды. Осы тұрғыдан алғанда, егемен Қазақ елінің білімі мен ғылымының стратегиясы, білім беру жүйесінің ұлттық білім мен тәрбие идеяларын сақтай отырып, әлемдік білім кеңістігіне кірігуімен анықталады.

Осы орайда Б.Момышұлы атындағы шағын орталықты орта мектебінде әрбір ұстаз жаңа кезең мұғалімінің қызметіне сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің бір тұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға дайын, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлай білетін шығармашыл мұғалімдер аз емес.

Мектеп мұғалімдерінің курсаралық іс-әрекетерін жүйелі ұйымдастырылуы нәтижесінде: өткізілген шеберлік сыныптар, коучингтер тек мұғалімдер емес, оқушылардың да сапалық қасиеттеріне үлкен әсер етті, теориялық білімдерін молайтып, практикалық біліктерін шыңдады.

Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары өзбетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы — оқушыны шығармашылыққа жетелеу. Бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді. Себебі шығармашыл ұстаз ғана шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады. Бүгінгі қазақстандық мектептерге қоғамның қарқынды дамуына ілесе алатын, заман талабына сай ойлайтын, ғылыми-әдістемелік білімі жеткілікті, педагогика мен психологияны терең меңгерген ізденімпаз мұғалім қажет. Бұл мұғалімнің кәсіби шеберлігінен көрінеді. Басқаша айтқанда, білім беру үдерісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және өздігінен шығармашылық түрде қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта мұғалім білім беру жүйесіндегі кез келген қайта құрулардағы педагогикалық үдерістің негізгі субъектісіне айналып отыр.

«Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» — деп, шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби ұстаз болмысын айқындаған екен. Олай болса, жауапкершілігі шексіз, қадірі мол мамандық иесінің ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі алар орнын әр мұғалім бар болмысымен сезінгені абзал. Өйткені, бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда білім сапасын көтерудің негізгі тетігі — білімді ұстаз.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мұғалімнің курсаралық іс-әрекетін модельдеу"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Страховой брокер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ғаламдандыру күннен күнге өсіп келе жатқан халықаралық бәсекелестік қоғамда болып жатқан өзгерістердің ауқымы мен қарқынының өсуі білім беру беру саласының, мемлекет дамуының басты факторына айналуына себеп болды. Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы», - деп бекер айтпаған. Қазіргі таңда өтіп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жағдайында Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне енуі кезінде мұғалімнің жеке тұлға ретіндегі, оның кәсіби біліктілігі айрықша мәнге ие болуда, өйткені ол мектептегі дәстүрдің жалғастырушысы мен жаңаруының кепілі болып табылады. Қай кезде де білім бастауын мектептен алады, сондықтан мектеп неғұрлым таза, серпінді, шығармашыл болса, ол келіп құятын білім айдыны да сондай дәрежеде болады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 791 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.08.2020 264
    • DOCX 86 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шевченко Оксана Александровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шевченко Оксана Александровна
    Шевченко Оксана Александровна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 74647
    • Всего материалов: 215

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Проектирование и реализация деятельности методиста организации дополнительного образования в соответствии с требованиями профессионального стандарта

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 743 человека

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация менеджмента в туризме

Менеджер туризма

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 65 человек

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии бизнес-развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Медико-педагогические аспекты обучения и тренировки

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе