Инфоурок Директору, завучу Другие методич. материалыМұғалімдерге арналған білім беру жүйесі

мұғалімдерге арналған білім беру жүйесі

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Доклад слайд.ppt

Скачать материал "Мұғалімдерге арналған білім беру жүйесі"

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель образовательной организации

Описание презентации по отдельным слайдам:

  •  «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» Ахмет Байтұрсынов

    1 слайд

    «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» Ахмет Байтұрсынов

  • Баяндама:«Мұғалімдердің ізденісі мен жетістігі ілім-білімнің кепілі»...

    2 слайд

    Баяндама:

    «Мұғалімдердің
    ізденісі мен жетістігі
    ілім-білімнің кепілі»


    Орындаған: директордың оқу жөніндегі орынбасары Жумаханова Ш.К.

  • Қазіргі сабақты жүргізудің бес проекциясы   1-проекция.    Қазіргі сабақта пә...

    3 слайд

    Қазіргі сабақты жүргізудің бес проекциясы

    1-проекция. Қазіргі сабақта пәндік білімді нақтылаудан бас тартып,
    «табиғат-қоғам-адам» координаттарында әмбебап
    дүниетанымның іргетасын қалауға ұмтылу керек
    2-проекция. Қазіргі сабақта жалаң білімді меңгеру жүйесінен бас
    тартып, білімдер рухын меңгеру жүйесін басшылыққа
    алу керек.
    3-проекция. Қазіргі сабақта білімді «шайнап» бермей,оқушыға білімді
    өз қажеттіліктерінің шегінде өзі алуға мүмкіндік беру керек
    4-проекция. Қазіргі сабақта білім беру емес, тұлғаның өмірлік
    маңызды қасиеттерін қалыптастыру керек, оқушыны
    университетке түсуге емес, өмірге дайындау керек.
    5-проекция. Қазіргі сабақта білімді жинақтауға емес, әлеуметтік
    даналыққа әкелу керек.

  • Білім беру технологияларының мақсаты:

оқушылардың білім, білік, дағдысын қа...

    4 слайд



    Білім беру технологияларының мақсаты:

    оқушылардың білім, білік, дағдысын қалыптастыру;

    ақыл-ойын дамыту;

    жеке бастың эстетикалық-өнегелілік ортасын қалыптастыру;

    жеке бастың өзіндік басқару механизмін жүзеге асыру;
    жеке бастың практикалық әрекет ортасын қалыптастыру.

  • Технологиялармен  жұмыс ітейтін мұғалімдер

    5 слайд

    Технологиялармен жұмыс ітейтін мұғалімдер

  •    Оқушылар жетістіктері.
2012-2013 оқу жылы

    6 слайд

    Оқушылар жетістіктері
    .
    2012-2013 оқу жылы

  • Мұғалімдер жетістігі

    7 слайд

    Мұғалімдер жетістігі

  • 8 слайд

  • Зейін қойып
тыңдағандарыңызға
РАХМЕТ!

    9 слайд

    Зейін қойып
    тыңдағандарыңызға
    РАХМЕТ!

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Документ Microsoft Word.docx

«Мұғалімдердің ізденісі мен жетістігі, ілім-білімнің кепілі»

                                                     Директордың оқу жөніндегі орынбасары:       Жумаханова Шолпан Калеловна                                           

Ы.Алтынсариннің «Мұғалім  –мектептің  жүрегі»,  -деп айтқанындай, барлық  күш мұғалімге түседі. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек  қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады.    Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев  өзінің  халыққа арналған Жолдауында “XXI  ғасырда білімін дамыта алмаған елдің  тығырыққа тірелері анық”  -дей келе 12 жылдық  жалпы орта білімге көшудің керектігін айқын көрсетті. Бүгінгі жас буын –ел болашағының ертеңгі кілті. ХХІ  ғасыр тың  идеялар мен жасампаз жаңалықтардың  дәуірі. Оған лайық  болу  -  қазіргі жаһандану процесіндегі кез  –келген мемлекеттің  негізгі  ұстанымы. Ендеше біздің  тәуелсіз елімізде өркениетке жетелер жолдың  бастауы  –білім ордалары десек, оның жүрегі де, тірегі де мұғалімдер қауымы. Осыдан-ақ,  мемлекетіміздің өркениетті елдер  қатарына ұмтылуына байланысты  әлемдік білім кеңістігіне кіру  қажеттігі туындап отырғанын көруге болады. Мұның өзі егемен еліміздің  білім мазмұны мен  құрылымының әлемдік елдер деңгейіне сай болуын меңзейді. Мұғалім ақпаратанушы емес, оқушының  жеке тұлғалық және интелектуалды дамуын жобалаушы. 12 жылдық  жалпы орта білім беруге көшу мұғалімнен жоғары  құзырлықты, ұйымдастырушылықты  қабілеттілікті, оқушыларды  қазіргі  қоғамның түбегейлі  өзгерістеріне лайық  бейімдеу, олардың  зерттеушілік дағдыларын дамыту бағытын талап етеді.12 жылдық  білім беруге көшу мұғалімді «бұрыннан келе жатқан педагогикалық  білім, білік, дағдылық  жүйені, яғни шамадан тыс ақпарат беріп және нәтижеге сүйреп, соңында оқушылардың денсаулығының  нашарлауына және уақытын жоғалтуына апарып соғатын жүйені  өзгертіп», керісінше  қалай оқу керек,  қалай ойлау керек, кез-келген туындаған міндеттерді шешу  үшін  әр тұлға пайдалана алатын жаңа технологияларды  үйрету айқындамасын қабылдауға бағдарлайды.

Педагогикалық қызмет  –  өзуақытының  экономикалық,  саяси, адамгершілік және эстетикалық мақсаттарына сәйкес  өскелең ұрпақты  өз бетінше  қызмет етуге дайындауға саналы түрде бағыттаған ересек адамдардың қоғамдық-пайдалы  қызметінің  еркшеліктерін  үйрету керек.  Сол  үшін  қазір мұғалім сабақты  бес проекцияда түрінде көрсеткен дұрыс болар еді: ( слайд-3)

 1-проекция.  Қазіргі сабақта пәндік білімді нақтылаудан бастартып, «табиғат-қоғам-адам» координаттарында  әмбебап дүниетанымның ірге тасын қалауға ұмтылу керек.

  2-проекция. Қазіргі сабақта жалаң білімді меңгеру жүйесінен бас тартып, білімдер рухын меңгеру жүйесін басшылыққа алу керек.

  3-проекция.  Қазіргі сабақта білімді «шайнап» бермей, оқушыға білімді өз қажеттіліктерінің шегінде өзі алуға мүмкіндік беру керек.

  4-проекция.  Қазіргі сабақта білім беру емес, тұлғаның өмірлік маңызды  қасиеттерін  қалыптастыру керек, оқушыны университетке түсуге емес, өмірге дайындау керек.

 5-проекция.  Қазіргі сабақта білімді жинақтауға емес, әлеуметтік даналыққа  әкелу керек. 

Қазақстан Республикасының 2015  жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының  мақсатында көрсетілгендей,  әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін  қанағаттандыратын көп деңгейлі  үздіксіз білім берудің ұлттық  моделін  қалыптастыру  үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу болып табылады. Қазіргі таңда  қоғам алдына  қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі –бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде  қалыптасуына бағытталған жаңа  үлгідегі мектеп кұру болып отыр. Бұл мақсатты орындау орта білімнің 12 жылдық мерзімге өтуімен астасып жатыр. Қазіргі  ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу-білімнің, соның  ішінде болашағымыз-бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік экономикасының  дамуына  өзіндік  үлес  қоса алатын,  өзіндік ой-пікірі бар, жан-жақты дамыған, білімді де білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу-аса  құрметті  қоғамдық  міндет. Себебі, ел тұтқасын жан-жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ. Жас  ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ  еліміздің  тұтқасы етіп тәрбиелеу – әр ұстаздың, әрбір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі  әрі ауқымды  өзгерістер  өрістеуде. Осы мақсатта мемлекетіміздің  білім сапасын арттыратын түрлі  құжаттар  қабылданып, бағдарламалар енгізілуде.

Білім беруді жаңарту  –  үнемі алға  қарай  ұмтылу мен дамыту үрдісі, бұл білім беруде кезең-кезеңімен  өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, талданатын  өзгерістер. Сонымен қатар білім беруді жаңарту  үрдісі салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы  ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады. Сондықтан да 12 жылдық оқытуға көшуді жүзеге асыру  –оның қажеттілігі мен тиімділігін  әр педагогтың, әр ата-ананың саналы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан  ұқыптылық  пен сезімталдықты қажет ететін үрдіс.

12 жылдық  білім беру технологияларының  ерекшелік жағы ол жеке тұлғалық қасиеттерге бағдарланған оқыту, проблемалық  бағытқа және шығармашылық  сипатқа ие, оның  басты бағдары-білім беру,жаңа дүниені ашу мен іздену арқылы білімді іс жүзінде  қолдану; баланың  жалпы және арнайы  қабілеттерін дамыту, білім біліктерді игеру мүмкіндіктерімен оларды  қолдану жолдарын көрсетеді және қоғамдағы елеулі  өзгерістер мен адамдар арасындағы  қарым-қатынас  құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды  қалыптастыруды көздеген заман талабы.  Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың  озық  технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс. Қазіргі талапқа сай оқытуда педагогтардың алдындағы үлкен мақсат: оқушылардың шығармашылық қабілетін ояту. Оқушыларды сабақ үстінде, сабақтан тыс сабақтар мен шараларда белсенді болуға көмек беру, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру, қызығушылықтарын арттыру.   Оқушыларға нәтижеге бағдарланған білім берудің көзі оқу-тәрбие үрдісіне білім беру технологияларын енгізу. (слайд 5)

Аты-жөні

Пәні

Қолданатын технологиясы

1

Айтжанова Гүлзия Молдагалиевна

Химия

Деңгейлік оқыту

2

Базарханова Гүлім Жанатовна

Музыка

Өзін-өзі тану

Дамыта оқыту

Ұжымдық ойлау әрекеті

3

Жумаханова Шолпан Калеловна

Физика Математика

Сын тұрғысынан ойлау

4

Иманова Айжан Калиоллаевна

Бастауыш сынып

Дамыта оқыту

5

Казыканова Алия Калиардамовна

Физика, математика

Деңгейлік оқыту

6

Кобайдарова Динара Курмашевна

Орыс тілі мен әдебиеті

Сын тұрғысынан ойлау

7

Кунафина Бахыт Ехсановна

Биология География

Дамыта оқыту.

Ұжымдық ойлау әрекеті

8

Темиргалиева Мадиниет Нажмиденовна

Тарих

Құқық

Ұжымдық ойлау әрекеті. Модульдік технология

9

Тогтасын Жанаргүл

Қазақ тілі мен әдебиеті

Сатылай кешенді талдау

10

Шакенова Шынар Калиакпаровна

Бастауыш сынып

Дамыта оқыту

Мектепте ұстаздар Айтжанова Г.М., Казыканова А.Қ. деңгейлік оқыту технологиясы бойынша жұмыс жасайды. Бұл технологияның маңыздылығы – сынып оқушылары жаппай жұмыс жасап, бос іспен айналысатын оқушы болмайды. Әр оқушы өзінің білім деңгейін біліп, оны дамытуға тырысады. Ізденіс дағдысы қалыптасып, шығармашылық қабілеті дамиды. Мұғалімдер технология бойынша 4 деңгейден тұратын тапсырмалармен жұмыс істейді. Оқытушылық – үйретушілік деңгей, алгоритмдік деңгей – базалық білімге сәйкес, эвристикалық деңгей – материалды саналы түрде меңгеру және шығармашылық деңгей - өз бетімен оқу материалдарын меңгеру. Пән бойынша оқулықтағы тапсырмалар мен есептер деңгейлік болғандықтан осы технологияны пайдалану тиімді. Бұл технологияның нәтижесі оқушылар білімінің сапасынан байқалады. Мектеп бойынша химия пәнінің сапасы - 85%, Казыканова А.Қ. сабақ беретін сыныптардағы физика сапасы – 60%, математика сапасы – 64%.

    Жумаханова Ш.Қ., Кобайдарова Д.Қ. сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданады. Бұл технология оқу-тәрбие үрдісінде жеке тұлғаға әсер етеді: 1. танымдық қабілетіне, 2. еріктік үрдісіне, 3. сезімдеріне, 4. эмоцияларына. Сабақты меңгеруде оқушылардың жекелей жұмыс істеу дағдылары, теорияны өмірмен байланыстыру дағдылары қалыптасқан. Пікірталас жүргізіп, ойларын жетік жеткізуге, өз бетінше тұжырым жасай білуге ықпал етеді. Мектеп бойынша Жумаханова Ш.Қ. сабақ беретін сыныптарда физика сапасы - 100%, математика сапасы - 78%, орыс тілі мен әдебиетінің сапасы - 84%.

    Темиргалиева М.Н., Кунафина Б.Е., Базарханова Г.Ж. ұжымдық ойлау әрекеті технологиясы бойынша жұмыс істейді. Бұл технологияның маңыздылығы  -  ұйымшылдық қабілеттері оянып, ынтымақтастықта жұмыс істеп дағдыланады. Сабақ барысында оқушылар өзін-өзі басқарып, топпен, жұппен, жекелей жұмыс істей алады. Оқушылар жауапкершілікті сезініп, белсенділікпен жұмыс істейді. Өзі оқи отырып, өзгені оқытуға жетелейді. Өз бетінше тексеру сұрақтарын даярлап, тәжірибе жасауға бейімделген. Мектеп бойынша тарих пәнінің сапасы - 80%, география пәнінің сапасы - 100%.

    Тогтасын Ж. сатылай кешенді талдау технологиясын қолданады. Технологияның маңыздылығы – оқу материалын меңгерудегі жүйелілік және бірізділік. Сабақта оқушыға өз деңгейін тануға, дағдыға басым бағыт берілген. Әр ұғымды тани отырып меңгеруге дағдылынған. Оқушылар тапсырмаларды шығармашылықпен орындап, еркін сөйлеуге үйренген. Тіл дамыту, сөздік қорларын молайту, көнерген сөздің мағынасын білуге қызығушылықтары мен белсенділіктері артқан. Мектеп бойынша  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің сапасы - 87%.

   Иманова А.Қ., Шакенова Ш.Қ., Кунафина Б.Е., Базарханова Г.Ж. дамыта оқыту технологиясы бойынша жұмыс істейді. Маңыздылығы оқушыны оқыта отырып, жалпы дамыту. Яғни бала бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік, т.б қасиеттер дамыту. Сабақта пайдаланған дидактикалық құралдардың, ақпараттық технологиялардың дамуға әсері зор екені көрінеді. Сабақ барысында жаңа тақырыпта берілген тапсырмаға байланысты ұғымдар мен ережелерді стандарттан тыс кеңейтіп береді. Дамудың тиімділігі үшін: даму жүйесі негізінде мақсатты даму, мазмұнның жүйелілігі мен тұтастығы, теориялық білімнің жетекші ролі, материалды меңгеруде ілгерілеу, оқу үрдісін баланың сезінуі, оқыту үрдісінің әртүрлілігі, жекелеп оқыту, барлық баланың дамуы жолындағы жұмыстар жасалуда. Иманова А.Қ. сыныбының сапасы: математика - 63%, қазақ тілі -  75%, әдебиеттік оқу -  100%, дүниетану -  87%, Шакенова Ш.Қ. сыныбының сапасы: математика - 83%, қазақ тілі -  83%, әдебиеттік оқу - 83%, дүниетану -  83%. Кунафина Б.Е. биология пәнінің сапасы - 87, Базарханова Г.Ж. музыка пәнінің сапасы - 96%.

   Темиргалиева М.Н. модульдік технологияны қолданады. Бұл технологияның тиімділігі оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздеу, мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатын жүйе. Сабақ барысында оқушылармен жүргізілетін жұмыстың алдын алу және түзету жұмысының жүйесі жасалған.  Тақырыптарды біріктіріп өткізуге тиімді. Бұл мұғалімнің бүкіл оқу жылында пайдаланатын әдістерді жоспарлауына көмектеседі.

12 жылдық оқытудағы басты мақсаты:1.  қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті; 2.  өзін-өзі дамытуға; 3.  өз ойын еркін айта білуге; 4.  өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім; 5.  жоғары білімді шығармашылық  дамыған тұлғаны қалыптастыру. Бұл мақсатқа жету нәтижесін мектеп бойынша оқушылардың облыстық, республикалық, халықаралық жарыстардағы жетістіктеріне тоқталсақ 2012-2013 оқу жылы облыс деңгейінде 13 оқушы жүлделі орындар алса, ХХІ ғасыр «Көшбасшысы» сайысында бір оқушы обылыстық турдан өтіп, республикалық деңгейіне шықты және  облыстық «Дельфи» ойындарында бір оқушы дипломмен марапатталынды. Республикалық сайыстыарыда 4 орын, халықаралық сайысытарда 4-орын иеленді. (слайд-5), Мұғалімдер жетістіктері тоқталсақ: 3 мұғалімнің материалдары «Ү Капенов оқулары» атты аймақтық ғылыми-конфиренциясына қатысып, материялдары жарияланды. Бір мұғалімнің (Темиргалиева М.Н.)«ХІІІ Сәтбаев оқулары» ғылыми конференциясында Алғыс хатпен марапатталса, Жумаханова Ш.К. «Қазіргі кезеңнің мәдени-тарихи дәстүріндегі Иманжүсіп» атты халқаралық ғылыми-практикалық коференцияда, материалы жарияланды. (Слайд-6)

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды  ғана емес, жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің  мән-маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді, жан-жақты мәдениетті, патриот-азаматтар болуын тәрбиелеуге міндеттіміз»,  -деп атап айтты. Ендеше осындай  ұлы істе жеке тұлғаның  жан  –жақты өсуіне бір кісідей ат салысайық. Сонымен,  қорыта айтқанда, 12 жылдық  білім беру жағдайында педагог  – бұл  қай кезде де, ең  алдымен, кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық,  шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол  – оқытудың жаңа технологияларын  өмірге енгізуге дайын, оқу  –тәрбие ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық бөлігінің бірі болып табылады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мұғалімдерге арналған білім беру жүйесі"

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

12 жылдық оқытудағы басты мақсаты:1.  қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті; 2.  өзін-өзі дамытуға; 3.  өз ойын еркін айта білуге; 4.  өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім; 5.  жоғары білімді шығармашылық  дамыған тұлғанықалыптастыру. Бұл мақсатқа жету нәтижесін мектеп бойынша оқушылардың облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орындарды иеленуде. 12 жылдық  білім беру жағдайында педагог  –бұл  қай кезде де, ең  алдымен, кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық,  шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол  –оқытудың жаңа технологияларын  өмірге енгізуге дайын, оқу  –тәрбие ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық бөлігінің бірі болып табылады.

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 624 663 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.01.2015 544
    • RAR 7.4 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жумаханова Шолпан Калеловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жумаханова Шолпан Калеловна
    Жумаханова Шолпан Калеловна
    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3590
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы экологической инженерии при осуществлении хозяйственной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация деятельности повара

144 ч.

2160 руб. 1290 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов

Мини-курс

Современные информационные технологии и информационная безопасность

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы дизайна в Figma

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 20 регионов

Мини-курс

Развитие коммуникации и речи у детей раннего возраста

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 20 регионов