Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыМахаббат-өмір көркі. (сайыс 5-9 сыныптар)

Махаббат-өмір көркі. (сайыс 5-9 сыныптар)

Скачать материал

Махаббат мәңгі-ертегі

Мақсаты: Оқушыларға этикалық, эстетикалық, рухани тәрбие беру, махаббат туралы түсіндіру.

Бағдарламасы: 1. Таныстыру (әр сыныптан 2 қызбала, 1 ұл бала қатысады)

2. «Адамшылықтың алды-махаббат» (оқушылар ақын-жазушылардың анаға, отанға, т.б. деген махаббат,  жайлы жазылған өлеңдерін мәнерлеп оқиды)

3..Махаббат картасын толтыру

4. «Талаптыға нұр жауады» (сұрақ-жауап)

5. «Мақал-сөздің мәйегі» (махаббат, достық, сыйластық жайындағы мақал-мәтелдер)

6. «Ән көңілдің ажары» (махаббат,достық, сыйластық жайында ән шырқаймыз)

Армысыздар, құрметті  «Махаббат мәңгі-ертегі» атты сайысымызға жиналған қауым! Сонымен бүгінгі талқылайтын тақырыбымыз адамзатпен бірге жаратылып, адамзатпен бірге өлетін мәңгі махаббат тақырыбы. Қайырымды асқақ, күшті және жүрекке жылы нәрсе атаулының бәрі махаббат сезімін тудырады. Махаббатсыз тіршілікте жан жоқ. Бұл сезім өмірдің ұлы көркі болып табылады. Ол табиғатты гүл-гүл жайнатуға, бояуларын сан құбылтуға, керемет әндер айтып, тамаша билер билетеді. «Махаббат-ақыл, ар-намыс, ерік-жігер сезімі» Данышпан  ақынымыз Абай «Махаббатсыз дүние бос» дейді.   Кешегі өткен тарихқа бір сәт ой жіберсек, халқымыздың інжу-маржан сөз қазынасы ауыз әдебиеті арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткен Қозы Көрпеш пен Баян сұлу, Қыз Жібек пен Төлеген, Еңлік пен Кебек, Ләйлі мен Мәжнүн бейнелері адамгершілік парасаттылығымен, сүйген жарға деген адалдығымен шоқтығы биіктеп, дараланып көрінер еді. Махаббат тақырыбы әдебиетте сонау көне заманнан бері жырланып келеді. Қанша мол жазылып, көп шиырланғанымен махаббаттың сырлы шежіресін ешкім де жазып тауысқан емес. Ендеше, бүгінгі «Махаббат мәңгі-ертегі» атты сайысымыздың бағдарламасымен,  әділ төрелігін  беретін төрешілерімен  таныстырып өтейін.

Бүгінгі сайысқа қатысушы  топтарымыз «», «», «».

Ал сапарың сәтті болсын, қызғалдақ,

Өмір мынау:

Қатар тосқан жеңілі мен ауырын,

Қайғысы мен сауығын,

Шуағы мен дауылын

Бүгін, міне,

Қандай тілек айтсам екен, бауырым

Саған байлық тілер ем, бірақ ол бір әңгүдік,

Есігіңмен кіргенімен паң күліп,

Жүргенімен шеру  тартып сән құрып,

Саған жолдас бола алмайды мәңгілік

Бәлкім, ерлік тілер ем мен тамыр алған төзімнен,

Ерлік сезім бірақ сенің табылады өзіңнен

Онсыз адам жүре ала ма соқпақтар мен жолсызда,

Ал сұлулық тілер едім, сұлусың сен онсыз да

Қайтсем екен?

Мен одан да бүкіл адам аңсаған,

Бүкіл адам сан мың жылдар арман етіп шаршаған,

Азы жетіп, ал сан мыңы тек елесін тамсанған,

Кез келгеннің уысына түспейтін,

Кез келгеннің бақшасында піспейтін

Зор махаббат тілейінші мен саған!

Мұхтар Шаханов ағамыз жырлағандай сайысымыздың  бірінші кезеңі «Таныстыруды» бастасақ..

Бір-бірімізбен танысып алсақ, екінші кезеңімізге кезек берсек. Ананың балаға деген сүйіспеншілігі жайында бір аңыз бар. Оны қазақтың дарынды қызы Ақұштап Бақтыгериеева әдемі де әсерлі жырға айналдырған:

Ертеде сұлу қызға болған ғашық

Ананың әлпештеген жалғыз ұлы

Қыз атын айтса, ауыздан зар шығыпты,

Құс жастық аққан жасқа малшыныпты

Дертіне сағыныштың шыдай алмай,

Жас жігіт құр сүлде болып таусылыпты

Қинады қыздың шарты, бөлек екен,

О,Сұлу, неткен қатал керемет ең?!

«Анаңның жүрегін ап келген күні

Мен саған жар боламын» деген екен

Сол қызға есі ауған жігіт мүлде,

Бүк түсіп жата алмады құрып күнде

Ұйқыда бейқам жатқан сорлы ананың

Жүрегін жұлып алды тұрып түнде

Сүюдің серті ме еді соның бәрі,

Ол міне қыздың шартын орындады

Сүрініп кетсе жігіт келе жатып,

Жүрегі түсіп кеткен қолындағы

Ананың кезі барма кекті болған,

Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан

Ұмтылса топырақта жатқан жүрек:

«Құлыным, байқасаңшы» депті оған

Міне, балалар бұл-ананың баланы шексіз сүйетінін білдіретін терең мәнді, көңілсіз мысал. Жырдағы жігіттің анасына деген қатігездігі, қызға деген сезімінің басымдығы. Адамзатпен бірге жаратылып, адамзатпен бірге өлетін мәңгі тақырып-ұлы махаббат туралы миллион рет жазылған шығар. Олай болса, махаббат, достық жайында жырлаған ақын-жазушыларымыздың өлеңдерін мәнерлеп оқуға дайындалып тұрған топтарға  кезек берсек.

Махаббат-мөлдір, таза бұлағымсың

Махаббат-қырда өскен құрағымсың

Махаббат-айлы аспан, нұрлы жұлдыз

Махаббат-тау шыңындай шырағымсың,-дей отырып сайыскерлерімізге «Махаббат картасын» толтыруға кезекті берсек. (Бұл картаны толтыруда «Кім жылдам» ойыны ұсынылады «Ананың ақ сүті», «Ана жүрегі», «Әке-асқар тау» сөздерінің мағынасын ашу ұсынылады).

«Талаптыға нұр жауады» демекші, ендігі кезекте оқушылардың тапқырлығын көрелік.

1.Шығыста өткен жеті ғашық? Олар кімдер?  (Ләйлі-Мәжнүн, Фархад-Шырын, Жүсіп-Зылиқа, Бахрам-Күләнда, Сейпілмәлік-Жамал, Бозжігіт-Қарашаш, Зизді-Қорлығайын)                           
2.Махаббаты аңызға арналған қазақ сазгері Естайдың сүйіктісіне араналған әні? (Қорлан)
3. “Қарабай Сарыбаймен аңға шықты” деп басталатын жырдың кейіпкері кімдер? (Қозы Көрпеш Баян сұлу)
1. Халық арасында ғашықтар мұнарасы, махаббат белгісі ретінде жатталып қалаған “Қозы Көрпеш Баян сұлу” кесенесі Қазақстанның қай жерінде? (Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз жерінде, Таңсық станциясының оңтүстік сілесінде, станциядан 10 шақырым жердегі Тарлаулы ауылынан өтетін Аягөз өзенінің оң жағасындағы биік дөң басында)
2. Төлегеннің сүйген жары? (Қыз Жібек)
3. М. Мақатаевтың тереңдете жырлаған тақырыбы? (махаббат)
1. Махаббат күні бізге керек пе?
2. Қазіргі уақытта махаббат тақырыбындағы открыткалар көбейіп кетті, тіпті бүгінгі таңда қазақша нұсқалары шығуда. Демек, бұл күнді жоғарыдан қолдау бар деген сөз бе, әлде қалай ойлайсыңдар?
3. Қазіргі жастарда шын махаббат бар деп ойлайсыңдар ма?

Ақын, жазушыларымыз махаббат әлемін өлең, жырлармен халыққа жеткізіп, сонымен қоса мақалдатып жырлап өткен. Ендігі кезекте мақал-мәтелдер сайысына жол берсек. Бұл сайысымызда екі топ кезектесіп мақал-мәтел айтып жарысатын болады. Бүгінгі тақырыбымыз жайлы, яғни махаббат жайлы білген мақалдарыңызды кезектесіп тұрып айта беріңіздер. Кім көп мақал айтады, сол жеңеді.

1. Махаббат-өмір көркі   Абай

2. Нағыз махаббат қысқа ғұмырыңды ұзартады    Ахмет Иассауи

3. Жан қалауы-достық,

Сана қалауы-сыйлау

Жүрек қалауы-махаббат

4.

5.

Адамның ойы шарықтап, шартарапты кезіп кеткен бір шақта өз-өзінен шабыттанып, қайрат жігер шақырып әлдеқайда алып ұшқан көңіл-күйі ән шақырады, ол сенің өз әнің бе, әлде көкірегіңде ұялаған өзгенің сазы ма? Бәрібір, тек жаңағы құйқылжыған көңіл күйінің ырғағына сай келсе, соны жеткізе алса болғаны.

Талант пен жүректе тасыған,

Шырқаймыз жүрекпен асыл ән

Көрермен ынтамен тыңдаңыз

Өнерлі өрендер жасынан,-дей отырып «Ән-көңілдің ажары» атты кезеңімізге кезек берсек.

Қорытынды.

Марапаттау

Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жеткен сияқты. Қай заманда болмасын, қай мамандық иесі болмасын барша адамзатты біріктіретін ұлы сезім – махабат сезімі. Жас болсақ та, кәрі болсақ та осы бір аялы сезімді ардақтап, бір-бірімізге үлкен сүйіспеншілікпен қарай білейік.         

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Махаббат-өмір көркі. (сайыс 5-9 сыныптар)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Медиатор

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Махаббат мәңгі-ертегі Мақсаты: Оқушыларға этикалық, эстетикалық, рухани тәрбие беру, махаббат туралы түсіндіру. Бағдарламасы: 1. Таныстыру (әр сыныптан 2 қызбала, 1 ұл бала қатысады) 2. «Адамшылықтың алды-махаббат» (оқушылар ақын-жазушылардың анаға, отанға, т.б. деген махаббат, жайлы жазылған өлеңдерін мәнерлеп оқиды) 3..Махаббат картасын толтыру 4. «Талаптыға нұр жауады» (сұрақ-жауап) 5. «Мақал-сөздің мәйегі» (махаббат, достық, сыйластық жайындағы мақал-мәтелдер) 6. «Ән көңілдің ажары» (махаббат,достық, сыйластық жайында ән шырқаймыз)

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 641 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.09.2020 822
    • DOCX 39.5 кбайт
    • 15 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мартынова Наталия Геннадьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мартынова Наталия Геннадьевна
    Мартынова Наталия Геннадьевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 97350
    • Всего материалов: 244

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 752 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 979 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 250 человек

Мини-курс

Современные тенденции в управлении и бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 16 регионов

Мини-курс

Искусство понимания: техники успешной жизни, отношений и бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация и контроль занятий со студентами специальных медицинских групп

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе