Инфоурок Другое Другие методич. материалыМақала. "Төле бидің тағылымдық сөздерінің тәрбиелік мәні"

Мақала. "Төле бидің тағылымдық сөздерінің тәрбиелік мәні"

Скачать материал

 

            ӘОЖ 929.121 (563)                                

ТӨЛЕ БИДІҢ ТАҒЫЛЫМДЫҚ СӨЗДЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

Айтаева М.М.

Лермонтов атындағы №17 мектеп

қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Резюме

     В данный статье раскрывается литературная деятельностьТолеби, место поэта в устном литературе воспитает учащихся к развитию творческой познавательной деятельности, к моральной стойкости к патроитизму  

Summary

    The article opens Toleby as a mauy-sided personality as a talented post, clever head of his dsus. This work is interestiung, beccauue educate creativity andthinking, activity love to Motherland..

      Төле бидің даналығы, шешендік тапқыр сөздері, мақал-мәтел, нақылдары ел арасына мол таралған. Төле бидің өмірі, ел басқарудағы қызметі, ол айтып кеткен  билік сөздер жөнінде кезінде Ш.Уәлиханов,  А. Левшин,  Г.Потанин, А.Диваев  және кеңес дәуірінде Б.Адамбаев, Ә. Мәметова, М.Қалдыбаев және басқа фольклортанушылар, тарихшылар зерттеген.

      Елбасы Н.Назарбаев Астана қаласындағы № 64 мектепте оқу озаттарымен кездескен кезінде жаңа оқу жылынан бастап мектептерге «Қазақ Елі» деген жаңа пән енгізілетін болады[1] деді. Аталған пәннің оқу бағдарламасында ұлтымыздың тұтастығы үшін күрескен мемлекет қайраткерлерінің тағылым-тәрбиелік, шешендік-поэтикалық сөздер қарастырылса өскелең жас ұрпақтың құлағына құйып, ұқтырып үйрету арқылы оларды ұлтжанды, отансүйгіш, зерделі  тұлға болып қалыптасуына септігін тигізеді. Тарихымызда осындай көрнекті тұлғалардың бірі Төле би Әлібекұлы болып табылады.

       Ашық тәрбие сағаттарда Төле бидің ұрпаққа жарық жұлдыздай жол көрсетіп, жөн-жоба сілтейтін көптеген өсиет сөздерін пайдаланып келеміз. Оның шешендік сөздері айтпақ ойының ұшқыр да тапқырлығымен, тап басатын көркем теңеулерінің дәлдігімен, тілінің өткір де айқындылығымен ерекшеленеді.

      Төле бидің ақылдылығы, тапқырлығы және кемеңгер саясаткерлергі Бұқар жырау, Қазыбек би, Әйтеке билер тарапынан мойындалған. «Төле бидің дана ойларында Майқы бидің рухы бар» деп Төле бидің көзі тірісінде дәріптелген[2]. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» атты мәтел Төле бидікі.  Төле би ақсүйектердің өзара қырқысының ел бірлігі мен бостандығына ешнәрсе бермейтіндігін сезініп, татулықты жақтаған. Оның “Елге бай құт емес, би құт” дейтін қанатты сөзі осы мәселеге қатысты жәйтті аңғартады. Төле би ел бірлігін нығайтуды барынша жақтағандығы мына әңгімеден аңғаруға болады. Төле биге көңіл сұрай келген Қазыбек, Көкі, Мәлік, Ержан билердің еліңізге қандай өсиет қалдырасыз деген сұрағына былай деп жауап берген екен: “Жүзге бөлінгендердің жүзі қара. Руға бөлінгендердің құруға асыққаны. Атаға бөлінгендер адыра қалады. Көпті қорлаған көмусіз қалады. Хан азса, халқын сатады. Халық азса, хандыққа таласады[3] депті.  

      1740 жылы жоңғар билеушісі Қалдан Церен Ташкентке тізесін қатты батырады. Бұл кезде Сыр бойы қалаларының біразы жоңғарлардың қоластында қалады. Осы тұста Күлтөбенің басында үлкен жиын ашылып, оған ел басшылары түгел жиналады. Сонда Қарабек дейтін батыр:

- Жауға тізе бүгуден басқа амал жоқ, - деген пікір айтады. Қарабекке ашуланған Төле би:

Атадан ұл туса игі,Өзі біліп тұрса игі.
Ата жолын қуса игі.
Жаудан бұққан немені,
Өзіне келер ұятын,
Ортасынан қуса игі! -

деп, шырық бұзғандарды жиыннан қудырып жібереді. Сонан соң айналасындарыларға қарап:

Уа, көсіле шабар жерің бар, Арылмайтын сорың бар...
Ту көтерер ерің бар. Құлдық ұрсаң дұшпанға,
Қол боларлық елің бар,Еркек болып туды деп,
Атадан қалған жолың бар,
Мына сені кім айтар?
- Құлдық ұрсаң дұшпанға

деп толғайды. Төленің осы төрелік сөзін өзгелер түгел құп алып, жауға қарсы күш біріктірген екен.

    Тоғыз жасар Жетес деген бала тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты: сонда Төле би былай деген екен: - Бата - басқа, қына - тасқа, ақыл - жасқа, не қалайсың, балам? - депті. Сонда Жетес бала:

      - О, қасиетті, баба! - Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады. Ат, тонға бергісіз өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір өсиет айтсаңыз соған ризамын, - депті. Онда қолыңды жай, балам, - деп Төле би:

- Бір үйдің баласы болма, Көп үйдің санасы бол!
Бір елдің атасы болма, Бар елдің данасы бол!
Бір тонның жағасы болма, Көп көлдың ағасы бол!
Ақты ақ деп бағала, аумин, Қараны қарала
Өзегің талса өзен бойын жағала, Басыңа іс түссе көпшілікті шағала.
Өзіңе-өзің кәміл бол. . - Халқыңа әділ бол,
Жауыңа қатал бол! Досыңа адал бол! –

    аумин, деп бата беріпті[4]. Бұл бата баланы көпшіл, батыл және әділ болуға үндеп отыр. Бүгінде бата сұрайтын жастардың қатары сиреп бара жатқаны көңілге қаяу түсіреді. Дәстүрге сай болам десек жастарды үлкендердің батасын алып жүру  дағдысын қалыптастыруды жөн деп санаймын.

       Өзінің саналы өмірінде Төле би бабамыз шындық, әділдік жолында қыруар қызмет атқарды. Сөйтіп, ол халқының бірлігі, тұрмысы, салт-сана дәстүрі үшін бүкіл ғұмырын арнады. Сол үшін де туған елі оны төбесіне көтеріп, кұрметтейді, шешімі мүлтіксіз жүзеге асып жатты. "Төбе би", "Әулие ата", "Қарлығаш өулие" деп атап кетті. Халық аузында хатқа түспеген, жинала қоймаған Төле би мұралары әлі де жиі кездеседі.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.                   Егемен Қазақстан газеті.  Қыркүйек 2013

2.                   Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна  Ltd.» ЖШС, 2010.

3.                    Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматы кітап баспасы”, 2009 

4. Қалдыбаев М."Алматы ақшамы" газеті. 16 қаңтар, 1991.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақала. "Төле бидің тағылымдық сөздерінің тәрбиелік мәні""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

      Төле бидің даналығы, шешендік тапқыр сөздері, мақал-мәтел, нақылдары ел арасына мол таралған. Төле бидің өмірі, ел басқарудағы қызметі, ол айтып кеткен  билік сөздер жөнінде кезінде Ш.Уәлиханов,  А. Левшин,  Г.Потанин, А.Диваев  және кеңес дәуірінде Б.Адамбаев, Ә. Мәметова, М.Қалдыбаев және басқа фольклортанушылар, тарихшылар зерттеген.       Ашық тәрбие сағаттарда Төле бидің ұрпаққа жарық жұлдыздай жол көрсетіп, жөн-жоба сілтейтін көптеген өсиет сөздерін пайдаланып келеміз. Оның шешендік сөздері айтпақ ойының ұшқыр да тапқырлығымен, тап басатын көркем теңеулерінің дәлдігімен, тілінің өткір де айқындылығымен ерекшеленеді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 016 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.01.2015 3654
    • DOCX 42.5 кбайт
    • 29 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айтаева Меруерт Маханбетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айтаева Меруерт Маханбетовна
    Айтаева Меруерт Маханбетовна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 23575
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Музыкальная журналистика: история, этика и авторское право

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психические защиты и психоаналитический взгляд на личное развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Карьерный навигатор: эффективный поиск работы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов