Инфоурок Другое Другие методич. материалыМақала. "Бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу - заман талабы"

Мақала. "Бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу - заман талабы"

Скачать материал

Бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу - заман талабы

       Қазіргі таңда қоғамның қарқындап дамуы білім жүйесінің сапасын жақсарту, жаңа технологияларды кеңінен қолдана отырып, еліміздің білім жүйесін халықаралық стандарт деңгейіне жеткізу, өзгермелі өмірге бейімделген, бәсекеге қабілетті білімді де білікті тұлға дайындау қажеттілігі туып отыр. Елімізде деңгейлі бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курстары жүріп жатыр. Деңгейлі курстарда мұғалімдер Кембридж әдісін үйрену арқылы білімдерін шыңдап, біліктерін дамытуда. Кембридж әдісі  оқушылардың ойлауын дамытады. Ол түрлі дереккөздер: мұғалім, оқулық, достарынан алған білімдерінен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады. Білімді дайын қалпында қабылдамай, жаттамай оны өздігімен құрастыру нәтижесінде ұзақ есте сақталатындығы дәлелденіп отыр. Қайталау мен жаттауға негізделген білім тек есте сақтау дәрежесінде болса, ал сындарлы білім үйренушіден түсіну, қолдану, даму, ақпарат негізінде жаңа мазмұн құрастыру және бағалау секілді белсенді әрекеттерді талап етеді.

       Мұғалім өз сабағында оқушыға Л.Выготскийдің жуық арадағы даму аймағы – ЖАДА-сы арқылы баланы бағыттап, Радокк бойынша «оқушы үнін» тыңдап, Маслоудың теориясы бойынша «қажеттіліктерін білу» арқылы  оқытуда бала жүрегіне жол табады. Бұл бағдарламалардың мақсаты-оқыту тәжірибесінде қолданған әдіс-тәсілдерді жүргізу барысында қандай кедергілер туындады және оны болашақта қалай өзгертуге болатынын түсіндіру. Осы әдіс мұғалімнің кәсіби көзқарасын өзгертіп, жұмысына сенімділігін күшейтеді. Яғни, білім беру процесіне мұғалім мен оқушының белгілі бір білім мөлшерін толығымен дайын түрінде емес, оның ішкі мүмкіндігін пайдалану арқылы сыни тұрғыдан игерту басты мақсат. Сонда ғана білімнің сапасы артып, дамыған елдердегідей кемел ақыл, парасат, білім, ғылым пайдаға асып, адам капиталының көрсеткіштері де сапалы жаңа биікке көтерілмек.

        Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтарды кездестіреміз. Бұған оқыту үдерісі де сәйкес болу керек. Осыған орай, белсенді оқыту әдістерінің маңызы ерекше. Ақпаратты белсенді түрде сіңіргенде, оқушы жадында өздері айтқанның 80% сақталса, өздері істегеннің 90% қалады. Мұндай әдістер шығармашылық тәжірибе мен әрекет қалыптастыруға мүмкіндік беріп, нәтижесінде құзіреттілікке әсер етеді. Оқушының өз еркінен тыс белсенді болуға мәжбүр болғандағы ойлау қабілетінің артуы, үйренушілердің белсенділігі, шығармашылықтың жоғары дәрежесі, үйренушілердің бір-бірімен және мұғаліммен тура және кері байланыс арқылы үнемі қарым-қатынаста болуы-белсенді оқытудың ерекшеліктері.

        Шығармашыл, озық ойлы, жаңашыл ұстаз оқушы қабілетіне қарай мүмкін және міндетті деңгей көлемінде білім алуына жағдай жасайды. Бағдарламада көрсетілген тақырыптарды ашуда әр мұғалім оқушылардың білім деңгейін ескеріп, шәкірттерінің санасына жететіндей әдіс-тәсілдерді пайдалануы шарт.

          Сабаққа орта мерзімді жоспар құрғанда  нені үйретемін және қалай үйретемін? деген сауал төңірегінде тақырыпқа байланысты оқушы тез меңгереді-ау деген әдіс-тәсілді таңдаймын. Көбінесе  Кубизм стратегиясы, Блум таксономиясы, дамыта оқыту технологиясын қолданамын. Әрине,  сабақты түрлендіру мақсатында прблемалық баяндау, эвристикалық, біліктер мен дағдыларды қалыптастыру, оқытудағы бақылау және өзін-өзі бақылау әдістерін жүргізіп отырамын.  Сыныптағы топтық, жұптық жұмыстарда бірін-бірі жақсы зерттеп, өзара адал қызмет етуге ұмтылады, бейімделеді, дискуссия барысында тілдері дамиды, нашар оқитын оқушылардың жолдастарының алдында жауапкершілігі арта бастайды, бірте-бірте бойындағы қабілетіне қарай тиісті деңгейге көтеріліп, қатарға қосылады.Ең бастысы, әр оқушының пәнге қызығушылығы артады. Олар өзіне деген сенімділікке ие болып,тапсырылған іске деген жауапкершілігі артады.

       Сондай-ақ, оқушылар мұғалімнің бағыттауымен интерактивті сабақтар барысында өз мәдениеттері туралы ойлануға, өздеріне-өздері есеп беруге, өздерін-өздері реттеуге тырысады. Мұғалім әр сабағынан кейін рефлексия түзіп, нені дұрыс, нені қате жасағанын, оқушылардың білімді қалай қабылдағанын сүзгіден өткізіп, есеп береді, қайта жоспарлайды, болған кедергілерді қайта болдырмау үшін жаңа әдіс-тәсілдер құрайды, ізденіп, зерттейді. Әр оқушының жүрегіне жол табу мақсатында әрбір оқушысын жете тануға әрекет жасайды. Ол үшін мұғалімге оқушының рефлексиясы негіз болады. Әр сабақтың соңында оқушылар өзін-өзі бағалау жұмысын жасайды. Бұл –эссе жазу немесе инсерт, «екі жұлдыз, бір тілек» болуы мүмкін. Я болмаса жай ғана стикерге өзінің сабаққа кері байланысын жазып қалдыруына да болады. Оқушы рефлексияларынан мұғалімнің өз рефлексиясы туындайды.

       Өмірдің өзі өзгермелі құбылыс екенін оқушылар да түсінуге тиіс, олар өзгермелі әлем  құбылыстарына әрдайым дайын болуға, дер кезінде шешім қабылдай алуға үйренуі маңызды.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақала. "Бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу - заман талабы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Флорист

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

     Қазіргі таңда қоғамның қарқындап дамуы білім жүйесінің сапасын жақсарту, жаңа технологияларды кеңінен қолдана отырып, еліміздің білім жүйесін халықаралық стандарт деңгейіне жеткізу, өзгермелі өмірге бейімделген, бәсекеге қабілетті білімді де білікті тұлға дайындау қажеттілігі туып отыр. Елімізде деңгейлі бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курстары жүріп жатыр. Деңгейлі курстарда мұғалімдер Кембридж әдісін үйрену арқылы білімдерін шыңдап, біліктерін дамытуда. Кембридж әдісі  оқушылардың ойлауын дамытады. Ол түрлі дереккөздер: мұғалім, оқулық, достарынан алған білімдерінен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады.

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 849 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.01.2015 902
    • DOCX 17.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айтаева Меруерт Маханбетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айтаева Меруерт Маханбетовна
    Айтаева Меруерт Маханбетовна
    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 23092
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Мини-курс

Искусство и техника: совершенствование в художественной гимнастике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Неорганическая химия

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе