Инфоурок Другое Другие методич. материалыМақала. Мектеп жұмысындағы көшбасшылықтың маңыздылығы

Мақала. Мектеп жұмысындағы көшбасшылықтың маңыздылығы

Скачать материал

                           Айтаева Меруерт Маханбетқызы

                                      Лермонтов атындағы №17 жалпы орта            мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 Шымкент қаласы

e-mail: meru-1974@mail.ru

Байланыс телефоны: 87023970366, 87058490445

                        Мектеп жұмысындағы көшбасшылықтың орны

        Еліміздегі қоғам дамуының барлық саласындағы болып жатқан өзгерістерге орай білім саласы да жаңғыру үстінде. Педагогтердің негізгі міндеті сапалы білім беру десек, мұндай міндетті іске асыруда мұғалімдердің шеберлік, іскерлік, көшбасшылық қасиеттерінің  маңызы ерекше.

       Көшбасшы - жауапкершілігі зор, өз әрекетінде істі аяқтауға деген ұмтылысы, мақсатқа жетуге деген табандылығы, мәселелерді шешуде сенімділігі, айналасындағыларға әсер ету қабілеті бар белсенді тұлға. Көшбасшылық рөлінің мұғалімнің оқыту және оқу іс-тәжірибесін жетілдіруде маңызы зор. Көшбасшылық «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Педагогикалық шеберлік орталығының осы бағыттағы серіктесі Кембридж Университетімен бірлескен бағдарламасында арнайы модуль ретінде қарастырылатыны тегін емес. Аталған бағдарламаның негізгі идеясын жүзеге асыруда мұғалім көшбасшылығына сүйене отырып, барлық деңгейлерде көшбасшы қызметін айқын көрсетеді: «Үшінші деңгей бағдарламасы бойынша оқыған мұғалімдер сыныпта оқытуды жетілдіруде көшбасшы  болып табылады. Екінші деңгей бағдарламасы бойынша оқыған мұғалімдер әріптестерін оқытады. Бірінші деңгей бағдарламасы бойынша оқыған мұғалімдер мектеп директорымен бірлесіп, мектепті стратегиялық дамыту бағытында жұмыс істейді»[1].

                Қазіргі таңда көшбасшы мұғалімдердің өз жұмысын жандандыруына мүмкіндігі мол. Көшбасшының мектеп басшысы болуы міндетті емес. Олар қандай да бір билік тарапынан тәуелсіз болып табылады, керісінше, мектеп әкімшілігінің қолдауына ие. Олар өз жоспарлары мен идеяларын ұсына алады, алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруда белсенді, ниеттес әріптестерінің күш - жігеріне сенім арта алады, яғни «жоғары лауазымсыз да жақсы мұғалімдердің кәсіби шеберліктері мен адамгершілік сенімдерін қолданып адамдарға әсер етуге болады»[2].

       Кезекті кәсіби кеңесу       Мұғалім көшбасшылығы нәтижесінде мұғалімдер жұмысының сапасы артады, олар жаңа технологияларды сынақтан өткізіп, бағалауға, талқылауға және тәуекелге бел бууға үйренеді, бірлескен жұмыс тобында бір - бірінің қолдауын сезініп, өздеріне деген сенімдері артады. Осылайша  оқу әдiстерiн жетілдіреді, тәжірибені жақсартуда өзгерiстер жасайды, мұндай әрекеттердің бәрі мұғалімдердің кәсіби өсуінде маңызды болып саналады.

     Әңгіменің арқауына айналып отырған бұл жағдайдың бәрі жалаң сөздер емес, мектеп мұғалімдерінің тәжірибесіндегі өзгерістердің дәлелдемелері негізінде айтылып отыр. Біздің мектеп көшбасшылары мектептің оқыту мен оқу тәжірибесіне  өзгеріс  енгізуде бірлескен жұмыстарға басымдық бере отырып, деңгейлі  бағдарлама  мақсатына  қол жеткізу  үшін  Үшінші  деңгей  бағдарламасы  бойынша  оқыған  мұғалімдер  өздерінің  оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізуге назар аударса, Екінші деңгей бағдарламасы бойынша оқыған  мұғалімдер  коучинг  пен  тәлімгерліктің  көмегімен  әріптестерін оқытып,  солардың  тәжірибесін  өзгертуге  күш  салуда.  Ал  Бірінші  деңгей  бағдарламасы бойынша оқыған мұғалімдер оқытуды басқару мен көшбасшылық мәселелерін дамытуға ат салысуда [3]. Олар бағдарлама  идеяларына сәйкес өз жұмыстарындағы өзгерістерді зерттей отырып, талдауды, мақсат қоюды, жоспарлауды, ұйымдастыруды, бақылауды, бағалауды, реттеуді, түзетуді жүйелі қолдануды үйренуде.

       Білім беруді басқару қызметінде жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін көшбасшылардың тәжірибесі мен біліміне сүйене отырып, оларды талдамалар жасау мен шешім қабылдауға қатыстыруды жолға қою керек. Бұл жұмыстың негізгі элементтерімен қоса, елеусіз, бірақ ескеруге тиісті жақтарын да қамтуға, мақсаттарды айқындауда қателікке ұрынбауға, жұмысты жан - жақты талдауға көмектеседі, жаңа идеялар туындауына септігі тиеді. Сол себепті «педагогикалық талдаудың мектепті басқару функциясы ретіндегі негізгі қызметі, Ю.А.Копержевскийдің пікірінше, педагогикалық процестің даму тенденциялары мен жағдайын зерттеу, оның нәтижелерін обьективті бағалап, соның негізінде басқарылатын жүйені жақсарту туралы ұсыныстар дайындау болмақ» [4]. Ал бұл әрекеттер өз кезегінде өзгерістің тиімділігін арттырады.

Кез келген іске талдау жасамай іске асыру мүмкін емес        «Адамның адамшылығы істі бастағанынан көрінеді, қалайша бітіргенінде емес,» - деп  Хәкім Абай айтқандай, көшбасшы мұғалім өз идеясын іске асыруды дұрыс жоспарлай алғанда ғана жұмысы өнімді болмақ. «Мұғалiмнің өз бастамасына негізделген кәсіби даму үдерісінің нәтижесі, ең бірінші кезекте, жоба аяқталған соң емес, оның барысында сезiлуі керек...» [5]. «Мінсіз жоспардың» дүниеге келуі мен оны жүзеге асыру барысындағы іс әрекеттер атқарылатын іске шоғырланған мұғалімдердің құзіреттілігінің дамуына, тәжірибе мен білім сапасының артуына септігі тиеді.  

       Мектеп басшысы мұғалімдерге көшбасшылық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік беріп, көшбасшылық топтардың шыңдалуына ықпал етуге көңіл аударып отыр. Білім берудегі басты мәселелер анықталған соң, негізгі мәселеге басымдық беріп, оны іске асыру үшін өзгеріс енгізу тобы құрылуда. Мектеп жұмысын жақсарту мақсатында көшбасшы мұғалімдермен бірлескен жоспар жасалып, оған бағдарлама идеяларын іске асыру шаралары енгізілумен қатар, менторинг және коучинг жұмыстары жүйелі жолға қойылып, Lesson study үдерісін жүргізу қолға алынуда. Мұғалімдер мен оқушылардың кері байланыстары алынып, тиісінше жұмыс жоспары қайта қаралып, жан - жақты талқыланып, күтілетін нәтиже ескеріле отырып, қайта жоспарланады. Осындай қызу жұмыстардың нәтижесінде орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарларды түзу жетілдіріліп, оқушылардың  оқуын жақсартуға барынша назар аударылып отыр.

        Мұғалімдердің көшбасшылығы кәсіби желілік қауымдастықтарда айқын көрініс беруде. Дамыған мемлекеттерде үлкен қолдауға ие болып отырған  мұғалімдердің желілік қоғамдастығы біздің елімізде де өз орнын таба бастағандай. Желілік қоғамдастық мұғалімдерді біріктіріп, жаңа идеялар  мен тәжірибелерді жетілдіру үшін тиімді жағдайлар жасайды. Соның арқасында бірлескен зерттеу топтары қалыптасады, кәсіби даму жөніндегі бірлескен іс-шаралар жүзеге асады, басқа мектептермен жағымды іскерлік қарым-қатынас орнайды, мұғалімдер жаңа идеялармен алмасады, кәсіби біліктіліктерін үздіксіз жетілдіріп отырады. Мектебіміздің мұғалімдерінің кәсіби желілік қауымдастығы басқа да қауымдастықтармен кәсіби байланыс жасап, өз тәжірибелерімен бөлісуде. Олар қызықтырған тақырыбы бойынша ең өзекті ақпарат пен тәжірибелі мұғалімдерден кәсіби кеңес, әдістемелік көмек алып, өздерінің көптеген пікірлестерін тапты. Әсіресе, мұғалімдердің мектепаралық «Күш – бірлікте», «Единство учителей», «Дәуір» т.б., қалалық «Шуақ» желілік қоғамдастығы аясында өткізілген семинар, коучингтерде талқыланған зерттеушілік жұмыстардың нәтижелігі, Lesson study-ді қолдану тиімділігі, тәлімгерлік жұмыстың ұйымдастырудағы маңызы т.б. тақырыптарынан алғаны көп болды.

     ХХІ ғасырдағы жүйелік көшбасшылық Дағдыларды, педагогиканы және технологияларды қолдануды өзгерту жүйені реформалаудағы жаңа тәсілдерсіз өтуі мүмкін емес. Сондықтан білім берудегі басқару жүйесін оңтайландыру үшін  «көшбасшылардан  ХХІ  ғасырдың  оқу  тәсілдерін  дұрыс  түсініп,  оларды талқылап, оның жүйенің барлық деңгейлеріндегі іс-шараларға көшкендігіне сенуді талап  етеді» [6].                  

        Қазіргі қоғам мұғалімнің білімді ғана емес, тәрбиеші, зерттеуші, ұйымдастырушы болуын талап етеді. Сол себепті мектеп көшбасшыларына артылар міндет зор.   Мектеп жұмысын жақсарту мақсатында жасалып жатқан өзгерістер оқушылардың құзіреттілігін дамытып, мұғалімдердің құзырлылық қабілетін шыңдайды деген сенім бар.

                                        Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы, Мектепті бірлесіп дамыту арқылы оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2013 ж    21-бет

2.     Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей www.cpm.kz 88 бет.

3.     Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы, Мұғалімге арналған нұсқаулық, Бірінші (ілгері) деңгей, екінші басылым,  www.cpm.kz © «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012

4.     Ж.Әбиев, С.Бабаев, А. Құдиярова. «Педагогика», Алматы «Дарын» әлеуметтік гуманитарлық институты, 2004 ж. 241-бет

5.      Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы,  Екінші (негізгі) деңгей,  Үшінші басылым, www.cpm.kz © «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012

6.      «Әрбір оқушыны ХХІ ғасырда өмір сүруге дайындау». Таэ Ю. Cisco Корпоративтік істері жӛніндегі аға вице-президенті, Сан Хосе, Калифорния 1992–2008 Cisco  Systems, Inc.

 

        

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақала. Мектеп жұмысындағы көшбасшылықтың маңыздылығы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

          Қазіргі таңда мектеп жұмысында мұғалім көшбасшылығының маңызы зор. Мұғалім көшбасшылығы нәтижесінде мұғалімдер жұмысының сапасы артады, олар жаңа технологияларды сынақтан өткізіп, бағалауға, талқылауға және тәуекелге бел бууға үйренеді, бірлескен жұмыс тобында бір - бірінің қолдауын сезініп, өздеріне деген сенімдері артады. Осылайша  оқу әдiстерiн жетілдіреді, тәжірибені жақсартуда өзгерiстер жасайды, мұндай әрекеттердің бәрі мұғалімдердің кәсіби өсуінде маңызды болып саналады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 963 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.01.2015 2182
    • DOCX 232.4 кбайт
    • 50 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айтаева Меруерт Маханбетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айтаева Меруерт Маханбетовна
    Айтаева Меруерт Маханбетовна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 23592
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Мини-курс

Творческие возможности в мире фотографии и медиа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 417 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 48 человек

Мини-курс

Современные технологии в образовании (робототехника)

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного продвижения бизнеса в интернете

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов