Инфоурок Классному руководителю Конспекты"1001 мақал, 101 жұмбақ" сайысы

"1001 мақал, 101 жұмбақ" сайысы

Скачать материал

І  айналым. 

«Ойлы  болсаң,  озып  көр»

Мақал-мәтелдердің  бірінші  жолын   айтамын,  жалғасын  бірінші  болып  қол  көтерген  топтың  қатысушылары  жалғастырады.

1.Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді;
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.

2.Ағайын  тату  болса  ат  көп,

Абысын  тату  болса,  ас  көп.

3. Еңбектің  наны  тәтті,

Жалқаудың  жаны  тәтті.

4. Бас  кепсек  болса  да,

Тіл  кеспек  жоқ.

5. Ерді  намыс  өлтіреді,

Қоянды  қамыс  өлтіреді.

6. Көз  қорқақ,

Қол  батыр.

7. Болар адам он бесінде бас болар,
Болмас адам қырык бесінде жас болар.

8. Тіл  тас  жарады,

Тас  жармаса  бас  жарады.

9. Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді;
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
10. Жаман ағайын
Бар болсаң, көре алмайды.
Жоқ болсаң, бере алмайды.
11.
Бірінші байлық — денсаулық,
Екінші байлық — ақ  жаулық,
Үшінші байлық — он  саулық.

12.  Жердің  сәні-егін,

Ердің  сәні-білім.

13. Оқусыз  білім  жоқ,

Білімсіз  күнің  жоқ.

14. Жеті  жұрттың  тілін  біл,

Жеті  түрлі  білім  біл.

15. Оқу-білім  бұлағы,

Білім  өмір  шырағы.

16. Дос  жылатып  айтады,

Дұшпан  күлдіріп  айтады.

17. Досы  көпті  жау  алмайды,

Ақылы  көпті  дау  алмайды.

18. Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді;
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.

19.  Жүз  теңгең   болғанша,

Жүз  досың  болсын.

20.  Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ  айналым. 

«Тапқыр  болсаң,  тауып  көр»

Жұмбақтар  жасырамын,  жалғасын  бірінші  болып  қол  көтерген  топтың  қатысушылары  жұмбақтың  жауабын  айтады.

1.Бір нәрсе өзі жансыз ырғатылып,

Өзінің аяғы жоқ бір мақұлық,

Жаз  болса  көк  шалапты  сапырады,

Шөмішін  бір  шығарып, бір  батырып.

                                                 (Қайық)

2. Ізі бар, қадамы жоқ, аяғының,

Тимейді,  ұшы,,жерге, таяғының.

Қос  қолын  хайуанға  арта салып,

Салады  әуезіне  баяғының.

                                              (Арба)

3.Аспай піскен,

Қайнамай  түскен.

                            (Жеміс)

4.Қанатыжоқ, ұшады,

Аяғы  жоқ, жетеді.

Аузы  жоқ, ұлиды.

                            Боран

5. Қолы  жоқ, сурет  салады,

Тісіжоқ, тістеп  алады.

                                     Аяз

6. Көзге   ілінбейді,

Жұтсаң  білінбейді.

                               Ауа

7.Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

   Түйе.

8. Тастамайды бір елі,

Үйін сүйреп жүреді.

                                                  Тасбақа

9.Қар  астынан  мойынын  созды

Қар  кеткен соң«өмірден озды»          

                                     Бәйшешек

10. Төбемде «төбешік»

Келеді  ілесіп,

Нөсерлі  жаңбырда

Жоқ  болса хал нешік?

                                           Қолшатыр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ  айналым. 

«Жүйрік  болсаң,  шауып  көр»

Берілген  жұмбақты  шешіп,  жұмбақ  жауабы  бойынша  мақал-мәтелдер  тауып  айту.

 

1.Бір  нәрсе  білмегенді білгізеді,    

Өзіңді  тұрсаң  қарап  күлгізеді.

Жалғанда  әңгімесі  сондай  қызық,

Жаныңды  тыңдай  берсең кіргізеді.

(Білім.  Ақыл  білім  бұлағы,  білім-өмір  шырағы)

 

2. Жарты жыл   жадырайды,

 Жарты жыл  қалтырайды.

(Ағаш.   Адам  көркі  шүберек,

Ағаш  көркі  жапырақ)

 

3. Сатайын  десем,  ауыр  кілем,

Сатпайын  десем  тәуір  кілем. 

(Жер.  Туған  жердей  жер  болмас,

Туған  елдей  ел  болмас)

 

4. Сәбиге сәнді  үй,

Әжеге  ән-күй.

(Бесік.  Туған  жер-алттын  бесігім)

 

5. Шылбырын  сүйрейді,

Жыртықты  түйрейді.

(Ине.  Оқу  инемен  құдық  қазғандай)

 

6.  Асты  тас,  үсті  тас,

Ортасында  піскен  ас.

(Нан.  Ас  атасы-нан)

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""1001 мақал, 101 жұмбақ" сайысы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Интернет-маркетолог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бұл материал қазақ тілі мен орыс тілі пәндері апталығы аясында өткізілген сайыстардың бірі ретінде орын алады. 5-6 сыныптары аралығында өткізілген бұл сайыс оқушылардың мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды қаншалықты білетіндіктерін тексеруде таптырмайтын құрал болып табылмақ. Сайыс 3 айналымнан тұрады. І айналым. «Ойлы болсаң, озып көр»Мақал-мәтелдердің бірінші жолын айтамын, жалғасын бірінші болып қол көтерген топтың қатысушылары жалғастырады.ІІ айналым. «Тапқыр болсаң, тауып көр»Жұмбақтар жасырамын, шешуін бірінші болып қол көтерген топтың қатысушылары жұмбақтың жауабын айтады.ІІІ айналым. «Жүйрік болсаң, шауып көр»Берілген жұмбақты шешіп, жұмбақ жауабы бойынша мақал-мәтелдер тауып айту.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 676 994 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.02.2020 485
    • DOCX 16.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ковдий Анна Валентиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ковдий Анна Валентиновна
    Ковдий Анна Валентиновна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 146199
    • Всего материалов: 213

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 23 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 830 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 863 человека

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 150 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 764 человека из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 027 человек

Мини-курс

Основы русского языка: морфология, синтаксис, лексика

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Договоры и их правовое регулирование

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 13 регионов

Мини-курс

Основы образовательной политики и информатики

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе