Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыМ.Шахановтың өмірі мен шығармашылығы.«Танакөз » поэмасы, «Ғашықтық ғаламаты» балладасы

М.Шахановтың өмірі мен шығармашылығы.«Танакөз » поэмасы, «Ғашықтық ғаламаты» балладасы

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: М.Шахановтың өмірі мен шығармашылығы.«Танакөз » поэмасы, «Ғашықтық ғаламаты» балладасы
Сабақтың мақсаты:
М.Шахановтың өмірі туралы білім беру, шығармаларының идеялық-тақырыптық мәнін талдау, өмірмен байланыстыра отырып, , ізгі қасиеттерді бойларына сіңіре білуге ықпал ету;Оқушылардың мәнерлеп оқу, сөйлеу дағдысын  қалыптастыру,ойлау қабілеттерін дамыту.адалдыққа ,шыншылдыққа тәрбиелеу..
Типі: жаңа сабақты меңгерту
Түрі: К.Бітібаеваның  жаңа білімді меңгерту  технологиясы

Әдісі: интерактивті әдіс, сұрақ-жауап,дәлелдеу,талдау,жинақтау,салыстыру,
Көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,тарих,қоғамтану.
Оқуға ұсынылған шығармалар: .«Танакөз » поэмасы.«Ғашықтық ғаламаты» балладасы

«Аңыз адам» журналы №12(48) маусым,2012ж
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.а)Оқушылар назарын сабаққа аудару ә) топқа бөлу «Достық» «Махаббат» (тақырыпқа сай қанатты сөз )

К.Бітібаеваның  жаңа білімді меңгерту  технологиясы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Тапсырма

Оқушы іс-әрекеті

Жеке тұлға ретінде ала отырып өзіндік, дербес ізденуге баулу

М.Шаханов өмірі, шығармашылы.

.«Танакөз » поэмасы.«Ғашықтық ғаламаты» өлеңі

Өз беттерімен көркем шығарманы оқу,өзін-өзі дамыту

Оқушылардың тапсырмалар негізінде жұмысын талқылау

М.Шаханов өскен ортасы, туған жері. шығармашылығы, қайраткерлігі

Спикерлер хабарламасы

Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі

Поэма,өлең құрылысы туралы білімдерін жетілдіру

Іздену, табу, дәлелдеу

Проблемалық оқыту

Көркем шығарманы талдау

Қандай оқиға болды?

Негізгі мәселерді бөліп алу. (даралау)

 

Қалай болды?(мазмұны)

Бірін-бірі оқыту, кейіпкер іс-әрекеттерін  талқылау

 

Кейіпкерлер әлемі

Эпиграф ала отырып , ой түйін жасау

Талдау, жинақтау, жоба қорғау

Қосымша әдебиеттер

 

Достық ,махаббат тақырыбындағы шығармалар

салыстыру

Пәнаралық байланыс

Тарих,мәдениет,кино

Естай ,Қорлан туралы тарихи деректер

Кемшіліктерді анықтау, түзету(нені меңгерді)

Қорытындылау

Проблемалық сұрақтар

Білімдерін өздік талдау

Берілген ұғымдарды талдайды,өзіндік  сыни қөзқарасын білдіреді

Бағалау

 

 

Үйге тапсырма

Көркемдік ерекшелігіне талдау жасау

Алған білімдерін өз беттерімен бекіту

 

Жаңа  сабақ

Өткізбеймін ешкімге зорлығымды,

Түсірмеймін ешкімге көлеңкемді

Заманымнан алғанша үлесімді,

Тоқтатпаймын тағдырмен күресімді.-деген, бұл күнде азаматтығы мен поэзиясын күллі әлем мойындаған Мұхтар Шаханов – ұлт тағдыры,тіл жанашыры болып, осындай басын бәйгеге тіккен ұлтжанды  ақындардың бірі ғана емес,бірегейі. Бүгінгі тақырыбымыз Қазақстанның халық ақыны, жазушысы, «Түрік халықтары арасынан шыққан ең үздік әлем ақыны» атағының иегері Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналады. (сабақ мақсатымен таныстыру)

М.Шаханов өмірі мен шығармашылығы туралы не білеміз?

Туған жері,өскен ортасы,білімі,қызметі,шығармаларының негізгі бағыты

(оқушы жұмыстары)

1.Тамырын тереңге жібере алмаған дарақтың ғұмыры қашан да келте!.

2. Ұлтының ойлап ертеңін...

3. Ақын поэзиясының бастау алар қайнары –достық пен махаббат

Мәселелік сұрақтар

Жалпы ақын қандай болуы керек? Нағыз ақындық туралы пікірлерініз қалай?

Ақынның шығармаларының басты тақырыптары  не?

(Ұлт тағдыры мен тіл тағдыры; достық пен махаббат;)
 
Президент пе,депутат па ,тракторшы ма,бәрібір,

Бойын рухтан аулақ салса - бәрінің  де мәні бір.

Өз халқының тілі, ділі-зор адами парқына ,

Тамыр жалғай алмағандар не сыйламақ халқына?

Бұл қазаққа көз өткен бе,

Тілдің мұңын сөз еткенде,

Кей басшылар нақ бір жылан көргендей боп қалтырар...

Ұлтсыздардың бәрі- рухани мүгедектер, жартылар

Тілін,ұлтын менсінбеуден ол қасқалар бақ табар,

Бар назары материалдық игілікке тоқталар.

Жағымпаздар қолдауымен олар бүгін мақталар,

Ал тарихта «рухын сатқан қарын құлы» боп қалар.

Рухани байлық  дегенді қалай түсінесіңдер?

Оқушы жауаптарын  топтастыру

Ақын өзінің «Мемлекеттік тіл – мерейім» -деген өлеңінде терең толғанысты ойын және кесімін қысқаша былай жеткізеді:
Адам қанша болғанымен дарынды әрі табанды,
Туған жерін сүймей тұрып, сүймек емес ғаламды
...Нарық-ғасыр бәрін сатып жібере ме алтынға,
Кім қалады сол алтынға сатылмайтын қалпында,
Ана тілін сыйламаған, сыйламайды халқын да!

М.Шахановтың шығармаларындағы ұлт тағдыры мен тіл тағдыры қамшының өріміндей егіз болып келеді. Бабалар рухына сыйынған ақын Әл-Фарабидің 72 тіл білгендігін мақтанышпен айтады.. Қазіргі күнде туған тілдің қамын ойлап, оның болашағын бүкіл халық қазынасы болып табылатын ұлттық болмысымыздың өз дәрежесіне көтеретіндер қоғамда басшылар арасында табыла бермейтіндігіне ақын жүрегі жылап тұрған болады. Іс жүзінде мемлекеттік тілді толық қолдану -тұтастай бүкіл қоғамның міндеті. 
М.Шахановтың өмірдегі, әдеттегі тұлғасы оның халқына адал қызмет етіп келе жатуында, әлемді Арал апатынан сақтандыру жолындағы еңбегі, Желтоқсан оқиғасының арашасы болуы, әсіресе ұлттық қауіпсіздіктің көсегесі көгеріп, оның бүкіл қазақ қолданатын тіл болуын жақтап жан айқайын білдіруі – отансүйгіштік
. Ақынның осындай еңбегін шетелдің қоғам қайраткері, ақын – жазушылары жоғары бағаланғанда, қазақтың айтулы ақындары да өз Мұхтарын бауырына басты.

Мұхтар туралы пікірлер

 Р.Гамзатов,авар ақыны: Мұхтар Шаханов-өзінің адасқақ дүлей дәуірінің белсенді ар-ожданы.

Ш.Айтматов,қырғыз жазушысы:Ол –жаңаша ойлау дүниесінің өрені.Менің пайымдауымша,мұндай өзгеше мән-мазмұнға ие ақын бүгінге дейін күллі Азия әдебиетінде болған жоқ.

С.Елубай,жазушы: Мұхаңды батыр ақын деп білемін.

Д.Исабеков,жазушы: Поэзияның қас шебері,өмірдің қас батыры ...

.Ақын поэзиясының бастау алар қайнары –достық пен махаббат
Топтық жұмыс

1-топ «Танакөз» поэмасы Кейіпкерлері

2-топ «Ғашықтық ғаламаты» балладасы

Тапсырмалар

 

 

Ғашықтық ғаламаты

Өлеңді талдау

Идеясы

Естай мен қорлан

Өзіндік қөзқарас

Поэманың сюжеттік-комп/қ құрылысы

Мазмұны

Поэтикалық тілі (тірек сөздер)

Пролог

Достық атты қазына аралы

Идеясы- достықтың қасиетті қадірін ұғындырады. 

От алып ұшқан адам,мәңгілік бақыт,опасыздар, отсыздар болмайды,Сенім заңы,пенделіктің самалы,бірліктің ақ желкені,

Жүрекке жалғандық ұялату,

Басталуы

Екі дос: Мұрат пен автор .

Балалық шақ-боямасыз ақкөңілдер отаны.

Мұрат пен Танакөздің тағдыр талайы ұқсас келгені Мұраттың өз аузынан айтылады. Екі ананың екеуі еркесі болып өскенмен, әке тағдырлары оларға баянды болмаған. Соғыстың отты жорығын кешкен әкелер еліне қайта оралмаған. Бұл аяныш болғанмен, соңында қалар ізгілік бар, ол екі әкенің бір-бірімен тату болып, өмірді ынтызарлықпен өткізген жандар екені.

Екеуіне ортақ бақыт,

Арман бесігі,қарлы шыңдар қол бұлғайтын,екі ананың гүлі,жан дос

Екі өмірдің жалғасы,

Балаң жылдар елесі

Балалық шақ-байтақ ән,Гүл жазира,

Балалық шақ-іңкәр дәурен сұңқар тауын шарлаған,

Өз көктемін сағынбайтын,аңсамайтын бар ма адам?

Танакөзбен көңілді еді ерке бала кез...

 

 

Дамуы

Ырым етіп тігілген ақ көйлек.

Ғажап суреттер. Әрі көңілсіздік, әрі өмірге ұшқын шашқан үміт. Әкелерінің жан қиыспас бір-бірінен берілгендерін, тылсымдары өз ұрпақтарына өтіп жатқандай. Мұны жүрек сезімімен ойдың ыстық отымен, жастардың бойына нұрдай құйып тұрған ақын - Мұхтар ғой. Әкелер қадір құрметінің, ананың аялы алақанының өтіп жатқанын өлең жолдарынан көруге болады.
Достық арқауын бағыт етіп алған ақын оны отаншылдық бояуына көмкереді. Жаудан ыстық топырағын аянбай қорғаған қос жауынгер - әкелердің қайтпас қайсарлылығын, қажырлылығын сүйсіне жырлайды. Жауға берілместен ақтық қаны қалғанша күрескен азаматтар ерлігін де, елдігін де кейінгі ұрпаққа үлгі етіп, жан тапсырады. Жесір аналардың майдангер әкелерден жетім қалған балаларды әлпештеп тәрбиелеуі тартымды бейнеленеді. 

Еңбекпен басталған өмір жолы

Танакөзге  арнау 

 

Ана мейірімі,шапағаты,сенімі,үміті

Алып ұшқан қыз қиялы,айбарлы есепші,жыланбауыр трактор тіркеушісі,

 

 

Танакөз –аппақ нұрға бөленген,лаулаған нұр жүзді,

Ай тұрды жүзі күлімдеп,ай-ағарған алтын алқадай,Алатау бөркі нұрға жаланған.,аққулар әні мұңдылау.,

Махаббат-батылдық

 

 

Шиенелісуі

Мұраттың үйленуі

Өмір болған соң талай оқиғалар өткелінде бұлтарыс – қалтарыс та көп болады. Нағыз дос осындай кезеңдерде білінеді. Тар жол, тайғақ кешуде сүрінбей өткендер ғана адамгершілігі мықты жандар достық қасиетін сақтай алады. Ақын поэмасындағы кейіпкерлер қатал сындардан сүрінбей өтіп, өмірдің оңды қағидасын жалғастырушылар болады. Ақын поэмалардағы кейіпкерлер осындай жандар.
Шынында да поэманың оқиғалық бітімінде қиыннан қиысқан қисынды іс-әрекеттерге толы кейіпкерлердің өмірі десекте болғандай, талай тылсым дүниелер оқушының көз алдынан өтеді. Екі достың ғашық болған Танакөзі ол бір махаббаттың мөлдірі, сүйіспеншіліктің сусыны, алғашқы екеуі бірдей гүл ұсынғанда Мұраттың бойынан қызғаныш оты шарпып өтсе де, ес тоқтатып сезімді ақылға жеңдіреді. Танакөзді өзі ішінен қимас, силас досына ұйғарады. Өзі Зеркүлге үйленеді.




Зергүл –жанарында жаңа оянған өжеттіктің нұры бар.,

Бір жігіттке ғашық болған екен,ол жігітпен жолығуға тыйым сапты анасы,ана сөзін жыға алмапты ұяң қыз ғой шамасы.

Қоңыр күз,өткел бермес ашулы Ақсу өзені.

Тойбастар жыры.

Мұрат жанарындағы жас.,өз басының бақытынан биік тұрған көзсіз достық.

Сенімнің жеңіс алып келуі-автордың студент  атануы

 

 

Шарықтау шегі

Ауылдан келген Қоғамбай хабары

«Даудың басы Даурабайдың көк сиыры» дегендей, Мұраттың апатқа ұшырауы, жас жұбайлардың өмір сынына түсіп, сондағы кешкен күйлері өзгеше еді. Екі аяғынан айрылған Мұраттың мүсәпір хал үстінде Зеркүл оны тастап кетеді.

Бақытсыздық-Мұраттың трактор астында қалып қоюы.

Ана қазасы.

 

 

Шешімі

Танакөз бен Мұрат

Өзінің өмірлік шешімін жасамаған Танакөз достық сезіммен адамгершілік қасиетпен жол бастап Мұратқа келеді. Онымен табысады. Міне, осында ақынның позициясы айқын көрінеді:

 

Мен сен үшін өмірімді қия алам ,асыл досым

Пенделіктен биік ұлы достық



 

 

 

 

 

 

 

Салыстыру (Венн диаграммасы)

«Танакөз» поэмасы

 

Ортақ

«Ғашықтық ғаламаты»

Поэма(орта көлемді ,эпикалық шығарма)

Махаббат

Баллада(оқиғалы өлең)

Достық,адамгершілік,адалдық,

Ана махаббаты,әкелер достығы,балалық кез.

адамгершілік

Өнер

Танакөз,Мұрат

ерлік

Естай,Қорлан (тарихта болған)

 

Ғашықтар қосылады.

бақытты

қосылмайды

 

Салыстыру

Автор

Достық туралы пікірлер

Тәжік әдебиетінің классигі Әбдірахман Жәми

Біріншіден досыңның қадірін біл, 
Кемшілігін, кеңшілікпен кешірген.
Екіншіден өзің де абай бол, 
Жаза басып сұрап жүрме кешірім.

 

 

Шалкиіз жырау

Бір жақсымен дос болсаң,

Азбас, тозбас мүлік етер.

Бір жаманмен дос болсаң,

Күллі әлемге күлкі етер.

 

мақал

 

Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады

Абай

 «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос»,

 

 

Мұқағали :

Дос болам десең,
Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.
Достарың көп пе?
Апырау неткен жақсы едің?
Досым аз менің ....
Досым-ау менің, тапшы емін?
Достарыңменен достастып мені, асылым,
Достастыр мені?
Болайын құлың нақ сенің!
Достыққа жүрмін,
Достыққа жүрмін құмартып!
Өлгелі жүрмін,
Өзіме-өзім мін артып...
Жауыздың барып, жанына уәзір болғаннан,
Достардың барып, ауласында өқлген мың артық

Т. Айбергенов Ана туралы


Өтті анам үш баламның пайғамбары, 
Үш сәби жүрегінің сайрам-бағы.
Жыр қылып жатты біздің қара шаңырақ,
Менің сор маңдайымның тайған бағын.

Ана еді ол мен үшін не көрмеген!
Азаптың бәрін көрген, тек өлмеген.
Көк жасын көктем болып, қарайтын ол,
Тасқа да талай ғасыр көгермеген.
Қайтейін жүрмегенсің, жанға байлап,
Алыста кеттім одан арман айдап.
Айналып - толғанатын ақ дидарлы,
Ана еді ол – жауыңды да аңдамай қап....

 

 

 

 

 

«Ғашықтық ғаламаты» балладасының туу тарихы (естелік)

-Менiң Қалекеш Қарағұлов деген құрылысшы досым болды. Брежнев­тiң шатып-бұтып, тiлiн бұрап сөй­легенiн, Роза Бағланованың қазақша, орысша араластырып ардың-күрдiң әңгiме қозғайтынын, Брежневке арнап 73 рет қол шапалақталған 3 мың адамдық Ленин сарайындағы кештi ашардағы Қонаевтың Бас хатшыға арнаған құттықтау сөзiн және менiң қолымды жөндi-жөнсiз қайта-қайта сермеп өлең оқитынымды салғанда, тыңдарман жұрт күлкiден жарылып кете жаздайтын Поэзия жанкүйерлерiнiң едәуiр бөлiгiн жатқа айтатын менiң “Ғашықтық ғаламаты” атты Естай мен Қорланның қасiреттi махаббатын жырлайтын шағын поэманың оқиғасын да мен тұңғыш рет сол Қалекеш пен Қорланның аузынан естiп, поэзияға айналдырып едiм...

 

Мысалы, «Танакөздің» сюжетін қайдан алдыңыз?
     Мұхтар ШАХАНОВ: Өмірден алынған, достарыммен арада болған жағдайдан алынған. «Танакөз» лирикалық толғамға құрылған. Оны алты күнде жаздым. Шерхан Мұртазаның азаматтығы, газетке беріп жіберді. Аяғы әлі жазылған жоқ еді. Соңын таңертең кетіп бара жатып, Орталық Комитеттің алдында отырып жаздым. Сөйтіп, ойда-жоқта шығарма туып қалатын.»( «Мәдениет»телеарнасының «Кітапхана» бағдарламасына берген сұхбатынан)

Бекіту

Достық,махаббат тақырыбындағы тағы кімдердің шығармасын білесіздер?

Мұхтар Шахановтың осы тақырыпты қозғау себебі неде?

Қазіргі кезде  достық,адалдық ,махаббат тақырыбы  өзекті ме?

Қорытындылау.-Өзіне мінез-көркі, рухы сай адал жар табу қашан да ер жігіттің басты арманы болып келді және бола да бермек. Шындап сүйе білу – қашан да зор талант. Күнделікті жай тұрмыста дарынсыз, жігерсіз, тайғанақ әрі тұзсыз көжедей татымсыз адамдар қандай көп болса, сүюде де сондай көп. Сезім мен сенім Эвересінің құзар шыңына ілуде ғана бір адамның көтерілетіні де содан. Адам Ата мен Хауа Анадан бастап бірде қуантып, бірде жылатып, бірде үміттендіріп, бірде түңілтіп келе жатқан махаббат атты құдіретті күшке ешкім ұстаздық ете алмаса керек. «Достық жоғалған жерде – қоғам, махаббат жоғалған жерде ұрпақ азады», – депті Мұхаммед пайғамбар. Ұлағатты пікір!. Міне,санаулы айлардан соң өз кемелеріңді өмір-теңіздің асау толқындарына қарсы салып, жаң өмірге қадам   басасыздар.Армандарыңыз орындалсын,достықққа адал , сезімдеріңізге сызат түспесін,-Жинасаң да әлемнің бар алтынын,

Адамдығың көрсетпесе жарқылын,
Қоршар сені салқын шаттық, салқын үн.
Ешкім рух байлығынан бөлініп,
Шын бақытқа жеткен емес, жарқыным-деп,рухани бай болуға шақырамын
.
Сергіту сәті.

 Мұхар Шахановтың  сөзіне жазылған әндері де  жетерлік. Оның бірнешеуін  қазірде  эстрада  әншілері сахна  төрінде орындап жүр. Мысалы: «Өмір-өзен»,«Ақ бантик »,«Әке туралы жыр»,«Жас жұбайлар жыры» сабақ соңында Дихан мен Жандостың орындауында ән

Бағалау

Үй тапсырмасы:М.Шаханов ,«Өркениеттің адасуы» романы

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "М.Шахановтың өмірі мен шығармашылығы.«Танакөз » поэмасы, «Ғашықтық ғаламаты» балладасы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по учету энергопотребления

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

М.Шахановтың өмірі мен шығармашылығы.«Танакөз » поэмасы, «Ғашықтық ғаламаты» балладасы
Сабақтың мақсаты:
М.Шахановтың өмірі туралы білім беру, шығармаларының идеялық-тақырыптық мәнін талдау, өмірмен байланыстыра отырып, , ізгі қасиеттерді бойларына сіңіре білуге ықпал ету;Оқушылардың мәнерлеп оқу, сөйлеу дағдысын  қалыптастыру,ойлау қабілеттерін дамыту.адалдыққа ,шыншылдыққа тәрбиелеу..
Типі: жаңа сабақты меңгерту
Түрі: К.Бітібаеваның  жаңа білімді меңгерту  технологиясы

Әдісі: интерактивті әдіс, сұрақ-жауап,дәлелдеу,талдау,жинақтау,салыстыру,
Көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,тарих,қоғамтану.
Оқуға ұсынылған шығармалар: .«Танакөз » поэмасы.«Ғашықтық ғаламаты» балладасы

 

«Аңыз адам» журналы №12(48) маусым,2012ж
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.а)Оқушылар назарын сабаққа аудару ә) топқа бөлу «Достық» «Махаббат» (тақырыпқа сай қанатты сөз )

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 872 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.01.2015 5088
    • DOCX 30.3 кбайт
    • 22 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Омарова Баршагуль Дюсембаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Омарова Баршагуль Дюсембаевна
    Омарова Баршагуль Дюсембаевна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 33416
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 760 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 979 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 218 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 551 человек

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Мини-курс

Родительство

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

ИТ-инструменты в управлении документооборотом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Практика гештальт-терапии: техники и инструменты

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 311 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 65 человек