Главная / Другое / ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕДЕГІ ЫБЫРАЙ ТАҒЫЛЫМЫ

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕДЕГІ ЫБЫРАЙ ТАҒЫЛЫМЫ

Еркенова Гулнар Бахытовна

Математика пәнінің мұғалімі

Родина жалпы білім беретін орта мектебі

Қостанай облысы, Арқалық қаласы

Қазақстан Республикасы

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕДЕГІ ЫБЫРАЙ ТАҒЫЛЫМЫ

Ы. Алтынсарин Қазақстандағы мектептердегі оқыту ісінің жүйелілік әдістемесін білім талабына сай дұрыс жолға қойды. Оған мысал, өзі бірінші ашқан жаңа әдісті орыс-қазақ мектебіндегі негізгі жаңашыл идеясы –ондағы оқу үрдісін ана тіліне негіздей отырып, орыс тілін меңгеру болса, оқу ісін ұйымдастырудағы жаңашыл идеясы-оқулықтар мен оқу құралдарын орыс графикасына сүйене отырып, жаңа алфавит негізінде дайындау еді. Ы. Алтынсаринның бұл игілікті әрекеті – ағарту саласындағы ұлттық тәлім-тәрбие мен білім мазмұнын сақтай отырып, күнделікті оқыту ісіне жүйелі түрде енгізу еді[1]. Ал бүгінгі таңда Ы. Алтынсаринді мектеп тарихындағы білім беру ісінде жаңа алфавитті алғаш пайдаланушы деп тануымыз, оның батыл түрде жасаған жанкешті еңбегінің тек беташары деп айта аламыз. Өзінің шынайы сипаты тұрғысында, ағарту саласына жаңашыл сипат берген бұл игілікті жұмыс ғылыми тұрғыдан қарасақ, бүгінгі таңдағы төл оқу әдістемелік кешенді даярлаудағы теориялық ізденістердің бастамасы деп айтуға болады. Анықтап көрсетсек, оның ағартушылық дүниетанымы астарындағы гуманистік идеялары мен істерінің бүгінгі ұлттық білім беру жүйесіндегі келелі мәселелерді шешуге негіз болатындығын білу және тану. Ы. Алтынсарин қазақ халқының рухани жан дүниесінің ерекшеліктеріне де айрықша назар аударды. Әрине, бұл жерде ол қазақ халқының діни дүниетанымының белсенділігін есепке алады. Сол кездегі қазақ халқының ағартушылық көзқарасы негізінен мұсылман оқуына бағытталған еді. Патша

өкіметі мұсылман оқу орындарының беделін қаншалықты түсіруге тырысса, жергілікті халықтың бұл оқу орындарына деген пікірі соншалықты жоғары болды. Ы. Алтынсарин қазақ халқының рухани салтындағы осы ерекшелікті ескере отырып, 1883 ж. «Мұсылманшылықтың тұтқасы» атты оқулықты өз мектептерінің бағдарламасына енгізеді. Ислам дінінің жас ұрпақ тәрбиесіндегі алатын орны, мұсылманның бала тәрбиесі мен этикалық тәлімінің озық үлгілерін оқыту ісіне пайдалана білген Ы. Алтынсариннің бұл еңбегі – ұлт тәрбиесінің жаңа белесі болды.Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән береді.[2] «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық, «қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу құралын жазды. Бұл кітаптарындағы оқушыны отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке — тәрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мән-мағынасын жоймақ емес.Тек қана оқу-ағарту жұмыстары емес, Ыбырай сонымен бірге сол кездегі қоғамдық — саяси өмірге сергек араласып, ғылым-білімге, еңбек пен өнерге, дінге, этнографияға қатысты мақалалар жазды. Оның, әсіресе, көркем еңбектері қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті.

Ұлылырдың ұлылығын бүгінгі ұрпаққа жеткізу-зиялы қауымның абыройлы міндеті. Осымен байланысты Ы. Алтынсариннің қазақ халқының қоғамдық өмірінен алар орнын талдап, сөз етуді жөн көрдік. Ол орыстың революциялық-демократтық қозғалысы туып, дами бастаған кезде қоғамдық аренаға шығып, өзінің ағартушылық, тәлімгерлік, жазушылық, ғалымдық еңбегімен ерекше көзге түскен аса көрнекті қайраткер еді[3].

Ыбырай өз замандас отандастарының ағартушылық ой-пікірлерін қуаттап, қазақ жерінде оқу-білімнің шамшырағын жақты, педагогтік-демократиялық көзқарастың негізін салды. Өз заманының озық ойлы азаматы болды. Бір жағынан феодалдық-патриархалды тұрмыс билеген, екінші жағынан, патша өкіметінің отарлау саясаты езген қараңғы ортада Ыбырай ашқан мектептердің қоңырауы тұңғыш сыңғырлап, ұлы ағартушы-педагогтың ой-пікірлері, өлең-жырлары мен әңгімелері халық санасына жаңалық болып сіңді. Ол қоғамдық әділетсіздікке, надандық пен білімсіздікке қарсы күресті. 1857 жылы Орынбордағы қазақ балалары үшін ашылған жеті жылдық мектепті үздік бітіріп келген Ыбырай, өзінің бар саналы өмірін туған халқын алдыңғы қатарлы білімді елдердің қатарын қосуға арнады, болашаққа қырағы көзбен қарады.

XIX ғасырдың орта шенінде қазақ даласында мектеп ашу ісі қиынның қиыны еді. Мектеп үйі, оқытушы, оқу құралдары, т.б. нәрселер көшпелі қазақ санасына онша орнықпаған ұғым болатын. Бұл айтылғандармен қоса осындай игілікті іске қожа, молда, бай, болыстар мен патша чиновниктері барынша салқын қарады[4]. Патша өкіметі отар халықтарды қараңғылықта ұстауды қолайлы санады. Оған қоса оқудың, білімнің мәнісін түсінуге халық санасындағы ескі стереотиптік көзқарас та кесірін тигізді. Бірақ осы айтылғандардың бәрі Ы. Алтынсариннің таудай талабына бөгет бола алмады. «Мектеп-білім берудің басты құралы, халықтың келешегі тек осы мектептерде» - деп түсінген ұлы педагог Ы. Алтынсарин осы мақсатпен қысы-жазы ел-елді аралар, халықты өнер-білімге шақырып қана қоймай, мектеп ашуға қаржы жинау ісімен айналысты.Бұқара халық Ыбырайдың игілікті ісін ықыласпен қолдап, біраз қаржы жинап берді.

1864 жылы қаңтарда Торғайда тұңғыш қазақ балалары үшін мектеп ашып, 14 баланы мектепке қабылдады, балалар интернатта жатып оқитын болды. Мұндағы тәлім-тәрбие ісіне Ыбырайдың өзі тікелей басшылық етті. Өзінің осы игілікті ісі жайында Қазақ университетінің профессоры Н. И. Ильминскийге жазған хатында былай дейді: «Осы жылы қаңтардың 8-і күні менің көптен күткен арманым орындалып, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Бәрі де жақсы, есті балалар...[5] Қазақтар балаларын мектепке беруге ынталы екендігін көрсетіп отыр. Оларға ең алдымен мемлекеттің заңын үйрет деп өтініш жасап жүр. Ондағы ойлары кейін олардан закуншиктер шықсын дегені ғой. Ол елін надандыққа қамап отырған феодалдық-патриархалдық, рушылдық қоғамның кертартпа жақтары мен отаршылдық саясатты сынай отырып, туған халқының келешегіне зор сеніммен қарады. «Тастан сарай салғызған. Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған» алдыңғы қатарлы өнерлі жұрттардың ғылыми-техникалық табыстарын сөз ете келіп:

Үміт еткен достарым,

Сіздерге бердім батамды,- деп батасын береді[6].

Ы. Алтынсарин өзі ашқан орыс-қазақ мектептерін миссионерлік бағытта жат пікірден де, шығыстың жаттамалы діни оқуынан да қорғап бақты. Жастарға шынайы білім беретін дүнияуи пәндерді (жаратылыстану, география, тарих, есеп т.б) оқытуды іске асырды. Ы. Алтынсариннің ағартушылық ой-пікілерінің біртіндеп іске асуына оның Торғайда облыстық мектеп инспекторы болып тағайындалуы (1879) және бұл қызметте өмірінің соңғы минутына дейін үздіксіз он жыл табандылықпен еңбек етуі көп пайдасын тигізді. Инспекторлық қызметке кіріскеннен-ақ Ы. Алтынсарин дүнияуи мектептер ашуды қолға алды. Алдымен ол облыстық, уездік қалаларда орталық училищелер ашуды ойластырды. Елек, Николаевск, (Қостанай), Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашып, олардың жанынан кітапхана ұйымдастыруға, монша салуға, зор күш жұмсады. Ол кейін әр болыс сайын бастауыш мектептер ашуды қолға алды. Ыбырайдың оқу-ағарту ісіндегі тағы бір жаңалығы қазақ жастарына кәсіби мамандық беру мәселесін қолға алуы болды. Ол Торғайда, Қарабұтақта қолөнер училищесін; Қостанайда ауылшаруашылығы училищесін ашып, қазақ жастарын қажетті маман кадрлар даярлау ісіне зер салды. Қазақ қыздарына тұңғыш дүнияуи білім беру ісіне жол ашқан да Ы. Алтынсарин болды. Ол Ырғызда қазақ қыздарына арнап интернаты бар мектеп аштырды. Мұның өзі қазақ халқының өміріне орасан зор маңызы бар тарихи уақиға еді[7]. Ы. Алтынсарин патша әкімшілігінен Торғай облысының барлық уездерінде қыздар училищесін ашуды өтінді. Соның нәтижесінде Торғайда (1891), Қостанайда (1893), Ақтөбеде (1896), қызар училищелері ашылды.Ы. Алтынсарин қазақ шәкірттерінің таным түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік құралдар жазу мәселесімен де шұғылданды. Ол орыс-қазақ училищелерінде К. Д. Ушинскийдің «Балалар дүниесі», Л. Н. Толстойдың «Әліппе және оқу кітабын», Б. Ф. Бунаковтың «Әліппе мен оқу құралын» ,Тихомироновтың «Грамматиканың элементарлық курсын» оқу құралы ретінде ұсына отырып , кейін солардың үлгісімен өзі де «Қазақ хрестоматиясы», «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты екі оқу құралын бастырып шығарды. Хрестоматияға Ыбырай, біріншіден, қазақ халқының Қара батыр, Байұлы, Жиренше шешен, Тазша бала туралы ертегі, аңыз-әңгімелерін енгізсе, екіншіден өзінің «Бай баласы мен жарлы баласы», «Таза бұлақ», «Жеміс ағаштары», «Аурудан аяған күштірек», «Әке мен бала», т.б ғибратқа, өсиетке толы құрылған дидактикалық әңгімелерін, үшіншіден «Талаптың пайдасы», «Бір уыс мақта», «Силинші ханым», «Алтын шекілдеуік», «Мейірімді бала», «Жаман жолдас», «Зергерлік» т.б. орыс, батыс классиктерінің тәлімдік мәні зор әңгімелерін аударып енгізді.

1883 жылы өзінің «Мұсылмандық тұтқасы» атты оқу құралын жазып, Қазан қаласында араб әрпімен, өзінің досы Н. И. Ильминскийдің көмегімен бастырып шығарды.Бұл еңбекті жазудағы мақсаты жөнінде кітаптың кіріспесінде «...Біріншіден, қазақ жастарының дін жөніндегі түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпеуі үшін, ал екіншіден, қазақтың жазба тілінде татар тілінің орынсыз етек алуына жол бермеу үшін осы оқу құралын құрастыруға кірістім» дейді.Ыбырайдың бұл кітабының құндылығы, біріншіден, мұсылман дінінің шариғат заңдарына ана тілінде түсінік беру болса, екіншіден, діни терминдердің мән-мағынасын ашуға зер салуында, үшіншіден, (ең бастысы) шариғат заңын өмір тіршілігімен, адам тәрбиесімен тығыз байланыстыра талдауында болып отыр. Ол діннің өзін тәрбиенің құралы ретінде қарастырып, «..имансыз еткен жақсылықтың пайдасы жоқ. Мәселен, біреу намаз оқыса да, ол намаздың керектігіне көңілін дұрыстамаса, әлбетте, ол намаз болып табылмайды» деп адамның не нәрсеге болса да берік сенімді жүректен терең орын алмаса, ол нәтиже бермейді деген қорытынды жасайды. Екіншіден, Ыбырай мұсылмандықтың бес парызының бірі ораза тұту, намаз оқу болса, оны да жұртты алдау үшін немесе құдай алдындағы парызымды өтей салып, жұртқа мұсылман болып көрінейінші деген айла-әрекетпен іске асырудың өзі күнә дегенді айтады. Үшінші, көңілдегі жақсылық, жамандық ниеттер сол адамның іс-әрекеті арқылы сыртқа көрінеді. Қашан да иман мен дін мәнісін шын көңілдің адалдығымен насихаттағанда ғана ол құдайдың сүйген құлы болады, онсыз тілдің ұшымен дінді өтірік насихаттау күпірлік деп түсіндіреді[8].

Ы. Алтынсарин өзінің біраз еңбектерін қазақ халқының салт-дәстүрлерінің ерекшеліктерін зерттеп, этнографиялық очерктер жазуға арнады. Ол 1870 жылы Ресей география қоғамының Орынбор өлкетану бөлімшесінің тарсыруы бойынша «Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды дерлеу және оған ас беру дәстүрлерінің очеркі» мен «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату, және той жасау дәстүрлерінің очерктері» атты екі еңбегін жазып тапсырды.

Ыбырайдың қазақ халқының салт-дәстүрлерін зерттеудегі мақсаты дәстүрлердің озығы мен тозығын ғылыми түрде талдап, өзінің көзқарасын білдіре отырып, мән-мағынасын ашу, озық дәстүрді тәрбиенің құралы ету еді.

Сонымен бірге қазақ мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі жөнінде орыс достарына ғылыми мағлұмат беруді көздеді.

Тәжірибе-барлық ғылымның бастамасы деп Ы. Алтынсарин айтқандай, Қазақстан педагогикасы- мектептеріміздің даму тәжірибесіне негізделіп қалыптасқан ғылым. Сондықтан ұлттық мектептің даму тәжірибесінен Ы. Алтынсариннің де педагогикалық көзқарастарының тарихи желісімен біртұтастығын заманалық өміршеңдігін көреміз. Олардың негіздерінің оқу-тәрбие ісінде жүзеге асып келгеніне және асырыла беретініне көзіміз жетеді.

Ы. Алтынсарин оқытушының өз жұмысында оқушыларын зерттеп танып білу керек екендігіне көңіл аударған. Оқытушының, әрбір оқушының жалпы мінез-құлқына, ақыл-парасатына зер салып өзгешеліктерін ескеріп шын көңғілмен еңбек сіңіруі тиіс екендігін ескерткен.Мектептің заман талабына сай жауап бере алатын және ғылыми-техникалық прогреспен үндес жабдықталу мәселесі- қашан да болсы өзекті мәселе. Кезінде бұған Ы. Алтынсарин де ерекше көңіл бөлген. Ол мектепте оқушылар Ғылым мен өнердің үлгілерін де көрсін деген оймен өзі ашқан мектептерді оқу-техникалық құралдармен жабдықтауға көп еңбек еткен[9].

Қорыта айтқанда, «Мектеп-қазақ халқына білім берудің басты құралы, біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы тек қана мектептерде» деп Ы. Алтынсарин күткен үміт бүгіндері оның отанында жүзеге асып отыр.Ыбырай шығармашылығын оқушыларға таныту, білгізу, оқыту өмірдің өзі сияқты толассыз, тоқтаусыз құбылыс және. Өйткені мәселеге шындап, бүгінгі интеллектуалды оқушының көзқарасымен қарасақ, Ыбырайды тану тек халықтың, қоғамның , ғылымның ғана міндеті емес, оны оқып үйрену өзін мәдениетті, білімді санайтын әрбір азаматтың парызы , оның ұлттық көркемдік түсінігін тәрбиелеумен өсірудің бірден-бір құралы. Ұлы ағартушының мұрасы қашан да қажет, қашан да ақтаулы мәселе[10]. Оның әрбір еңбегінен оқушы рухани тілектеріне жауап табады, нәр алады, эстетикалық талабы мен талғамын есептейді, өмір мен өнердің үйлесу, үндесу, үлгісін тауып, тағлым сабақ алады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, 2008

2. Ә. Садықов. Ы. Алтынсаринның педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі. Алматы «Мектеп», 1969 ж.

3. Ы. Алтынсарин. Таза бұлақ. Өлеңдер, әңгімелер, хаттар, очерктер. Алматы Жазушы 1998 ж.

4. «Мәдени мұра» бағдарламасы.2004-2008 ж. Игіліктер. Тарихи-танымдық анықтамалық. Алматы, «Ел-шежіре» баспасы 2008 ж.

5. Б. С. Сүлейменов Ы. Алтынсарин. Таңдамалы шығармалар. Алматы баспасы 1955 ж

6. Ә. Ламашев. Ыбырай Алтынсарин және оның орыс достары мен ізбасарлары.Алматы «Қазақстан» 1998 ж.

7. М. Жармұмамедов. Ыбырай Алтынсарин тағлымы. Алматы 1998 ж.

8. Бастауыш мектеп № 11-2001 ж.

9. Қазақстан мектебі № 6-2005 ж.

10. Қазақ әдебиеті Атамұра 2003 ж.

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕДЕГІ ЫБЫРАЙ ТАҒЫЛЫМЫ
  • Другое
Описание:

Автор Мағауова Салтанат Абайқызы
Дата добавления 01.04.2015
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 642
Номер материала 58994
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓