Инфоурок Директору, завучу КонспектыҰлттық инновациялық жүйенің ашық сипаты оның тиімділігін қамтамасыз ету үшін шешуші маңызы

Ұлттық инновациялық жүйенің ашық сипаты оның тиімділігін қамтамасыз ету үшін шешуші маңызы

Скачать материал

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі

Гуманитарлық – педагогикалық колледж

Дизайн пән бірлестігі

 

 

Ғылыми жұмыс

 

 

 

        Тақырыбы:

 «ҚАЗАҚСТАНДА ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫНА ГУМАНИТАРЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ ҰЖЫМЫНЫҢ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ»

 

          Дайындаған: Жунисбекова Римма Газизовна

 

 

 

 

 

Ақсукент 2015 ж.

ҚАЗАҚСТАНДА ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫНА ГУМАНИТАРЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ ҰЖЫМЫНЫҢ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Индустриялық инфрақұрылымды дамыту Қазақстанның экономикасын жаңғырту әртараптандыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мәселесінде қазіргі заманғы индустриялық инфрақұрылымды қалыптастыру стратегиялық мәнге ие болуда. Индустриялық саясаттың осы бағытын іске асырудың өзектілігі мыналарға негізделген: Қазақстанның экономикасына салынған инвестициялардың зор ағынына қарамастан, негізгі инвестициялар әлі де өнеркәсіптің өндіруші салаларында, сондай-ақ құрылыстың, сауданың, қызметтер мен демалыс орнының кірістілігі жоғары салаларында генерациялануда.

Инновациялық процестерді басқаруға кешендік, жүйелік әрекет етудің болмауы елдің инновациялық әлеуетін дамытуды тежейді және оны одан әрі дамытудың басымдықтарын дұрыс білдіруге мүмкіндік бермейді.

Шешім таппауы отандық инновациялық әлеуеттің дамуына теріс әсер ететін мынадай негізгі проблемаларды бөлуге болады:

- оларды тұтынушылар талап еткен жағдайға дейін нарыққа шығарылатын технологиялар мен өнімдер көпшілігінің аяқталмауы. Бұл әлеуетті серіктестердің көз алдында ұсынылған технологиялардың (немесе өнімдердің) құнын күрт төмендетеді.

- технологиялық жаңа ендірмелерді енгізудің және оларды нарықка шығарудың қазіргі заманғы тетігінің болмауы. Нарықтық жағдайлардағы жаңа ендірмелерді игеру тетігі жоғарғы тәуекел, бірақ табысты жағдайда жоғары қайтарым тән болатын шағын инновациялық нарықпен үздіксіз байланысты. Дамыған экономикаларда шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамыту үшін қажетті жағдайды (инфрақұрылымды) қамтамасыз ететін халық шаруашылығының ерекше секторы жұмыс істейді.

- инновациялық жобаларға жәрдемдесетін, технологиялық парктер және мамандандырылған бизнес-инкубаторлар, тәуекелдік қаржыландыру қорларының желісі (венчурлік қорлар), олардың жылдам өсу кезеңіндегі фирмаларды қолдаудың арнайы қаржылық тетіктері, фирмаларды және зияткерлік меншікті сертификацияланған бағалаушылар және басқалары сияқты, дамыған инфрақұрылымдық элементтердің болмауы;

- ішкі нарықта озық технологияларға және өнеркәсіптік жаңа ендірмелерге төлем қабілетті тапсырыстың болмауы. Ғылым және ғылымды қажетсінетін қызмет көрсету саласына жатады және бұл қызметтер көрсетуді нарық талап етуі тиіс. Өкінішке орай, ғылыми қызметтер көрсету мен ғылымды қажетсінетін өнімдердің отандық нарығы қазіргі уақытта өте аз. Кәсіпорындардың көпшілігі ғылымның қызметтер көрсетуін сатып ала алмайды.

Сонымен, инновациялық кәсіпкерлік ғылыми-техникалық және өндірістік салалар арасындағы делдалдық рөлдерді байланыстырып дамытуды көздейді. Инновациялық кәсіпкерліктің соңғы мақсаты жаңа дәуірдің бәсекеге қабілетті ғылымды қажетсінетін өнімді сериялық өндіруді және әлемдік стандарттар деңгейіндегі жоғары сұранысты жылдам реттейтін кәсіпорындарды дамыту болып табылады [1,2].

Бүгінгі қаржы қиындықтарына қарамастан, Қазақстанда инновациялық идеяларды өмірге енгізетін зерттеушілерді қолдайтын бюро қызметі ұйымдастырылды, сондай-ақ инновациялар мен жаңалықтар және технологияларды дамыту орны құрылды. Сонымен қатар, ғылым және ғылыми-техникалық саясат концепциясының жобасы жүзеге аса бастады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін мемлекет деңгейінде арнайы бағдарлама бекiтілді. Бұл бағдарламаның басты мақсаты – отандық, сондай-ақ шетелдік ғылыми әлеуетті және технологияларды пайдаланудың негізінде бәсекеге қабілетті түпкілікті өнімді жасауды қамтамасыз ететін ашық үлгідегі инновациялық жүйені қалыптастыру болып табылады [3,4].

Жоғарыда аталған бағдарламалар елдің экономикасындағы инновациялардың пайда болуы, таралуы мен пайдаланылуының мейілінше оңтайлы тетіктеріне белсенді мемлекеттік реттеу жүргізуді, яғни олардың тиімді коммерциялануын болжайды.

Қазақстанда Ұлттық инновациялық жүйені (ҰИЖ) қалыптастырудың негізгі қағидаттары:      

- мемлекеттік ҰИЖ-ны қалыптастыру мен дамыту процесіндегі белсенді рөлі;

- дамудың ұлттық, салалық және өңірлік басымдықтарының келісушілігі;

- мемлекеттің жеке капиталмен серіктестігі;

- жүйенің ашық сипатты.

Мемлекеттің белсенді рөлі – бірінші кезекте ҰИЖ қалыптастыру үшін қажет. Шетелдік тәжірибені талдау көрсетіп отырғандай, әлемнің бір де бір елінде ҰИЖ-ды нарық, жеке сектор дербес қалыптастырған жоқ. Барлық елдерде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетін арттыру үшін мемлекет жүйеге белсенді қатысушының рөлін өзіне алуға тура келді. Мемлекеттің белсенді рөлі ҰИЖ барлық элементтерінің өзара іс-қимылдарын мемлекеттік деңгейде үйлестіруді жүзеге асыруға; дамудың ұлттық, салалық және өңірлік басымдықтарының келісушілігін қамтамасыз етуге; ресурстарды басым бағыттарға шоғырландыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттің жеке капиталмен серіктестігі инновациялық даму барысында жеке сектордың ресурстарын тарту үшін қажет. Мемлекет жеке секторды алмастыра алмайды, ол ҰИЖ-ні қалыптастыру мен дамыту процесінде ұйымдастырушы, катализатор және үйлестіруші ретінде ғана көрінеді, бірақ оның басты мақсаты – жеке капиталды инновациялық процестерге белсенді қатысуға тарту болып табылады. ҰИЖ-дың қалыптасуына қарай оның жұмыс істеуіндегі және одан әрі дамуындағы мемлекеттің рөлі қысқаратын болады.

Ұлттық инновациялық жүйенің ашық сипаты оның тиімділігін қамтамасыз ету үшін шешуші маңызы бар. Ашықтық дәстүрлік ғылыми ортада да, дара өнертапқыш та туындатқан ішкі және сыртқы инновацияларды қабылдау жүйесінің қабілетін білдіреді. ҰИЖ кез келген қызықты өнертабысты, кез келген коммерциялық перспективалық әзірлемені іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл өндіріс пен ғылыми зерттеулердің жаһандану процестерінен барынша нәтиже алуға, инновациялық қызметке елдің барлық талантты адамдарын тартуға мүмкіндік береді.

Ұлттық инновациялық қор элементтерін қарастырсақ, олар: ғылым (ғылыми-зерттеу институты, ғылыми орталықтар, т.б.), инновациялық инфрақұрылым (технопарктер, инновациялық орталықтар, трансферттік технологиялар орталығы), инновациялық кәсіпорын (кәсіпкерлік орта), қаржылық инфрақұрылым (банк институттары, венчурлік қорлар).

Осындай әрекеттермен еліміздің ұлттық инновациялық жүйесінде ғылыми-инновациялық инфрақұрылым қалыптасады, венчурлік қаржыландыру жүйесі құрылады, кәсіпкерлік субъектілеріндегі негізгі құралға инвестиция көлемі ұлғаяды.

Сонымен қатар жоғарыдағы бағдарламалардың іске асуының негізінде елде 2004 жылдан бастап «Ұлттық инновациялық қор» АҚ (ҰИҚ) құрылды. Қазіргі таңда бұл қордың жұмысының нәтижесі инновациялық шаруашылықты дамытуға бағытталатын құны 80 млрд теңге көлеміндегі 54 жобаны қаржыландыруда. Оның ішінде 10 жоба - инновациялық, 32 жоба – ҒЗТКЖҚ, 9 жоба - венчурлік қорға тиесілі болса және 3 элемент инновациялық инфрақұрылымды қаржыландыруға бағытталған.

Қазіргі таңда ҰИҚ-дың қатысуымен жалпы құны 11212,8 млн теңгені (86,2 млн АҚШ доллар) құрайтын 5 отандық венчурлік қор және жалпы құны 600 млн АҚШ доллар көлемін құрайтын 5 шетелдік қор құрылды.

Ақпараттық технология саласында елімізде алғаш рет Қазақстандық технологияны трансферттеу желісі құрылды. Ол дегеніміз – инновациялық жобаларды өткізуде және осы салада серіктестік құруға және технологиялық ақпараттарды тиімді таратуға мүмкіндік беретін, технологиялық сұраулар мен ұсыныстарының мәліметтер базасы немесе электрондық алаңы. Оның құрушысы – «Технологияны инжиниргтеу мен трансферттеу орталығы» АҚ.

Дүниежүзілік тәжірибеге қарайтын болсақ, шағын иннновациялық кәсіпкерлік қызметіне және дамуына ең қолайлы жағдай ғылыми технологиялық орталықтарда – инкубаторларда, технопарктерде, технополистерде ұйымдастырылады екен. Бұл ұйымдар шағын инновациялық кәсіпорындарды бір «шатырдың астына», бір қалада шоғырландырып, оларға ғылыми-техникалық зерттеу лабораторияларын, өндірістік-тәжірибелік цехтарын және жалға бөлмелер ұсынады. Бұл жерде мемлекеттік қаржы, коммерциялық банктер және венчурлі қорлар қаржылары шоғырланады. Әдетте, ғылыми технопарктер мынадай жерлерде орналасады:

- жоғары оқу орындары, университеттер мен институттар бар жерлерде;

- өндіріс аймақтарын, жер телімдерін, лабораторияларды жалға алуға мүмкіндік бар жерлерде;

- мемлекет тарапынан қолдау мен салық жеңілдіктерін алуға мүмкіншілік бар жерлерде;

- автокөлік, теміржол магистралдарына және шикізат көздеріне жақын жерлерде.

Ғылыми-технологиялық орталықтардың қызмет көрсету деңгейінің кеңеюі, өспелілігіне байланысты оларды былайша тізіп көрсетуге болады: инкубаторлар, технологиялық парктер, технополистер, ғылым мен технология аймақтары.

Республикалық және жергілiктi бюджеттерден қаржыландыру көлемi тиiстi жылға арналған бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады. Стратегия iс-шараларын қаржыландыру үшiн ұлттық басқару компаниясы «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ-ның құрамына кіретін даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, оның ішінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қаражаттары тартылады.

Бұдан басқа, жаңа технологиялық және ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстi құруға, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған неғұрлым басым да тиiмдi жобаларды iске асыру үшiн халықаралық ұйымдар мен донор-елдердi тарту көзделедi.

Инновациялық даму саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеті, ұлттық инновациялық жүйенің негізгі элементтері: ғылыми әлеуетті, инновациялық инфрақұрылымды, қаржылық инфрақұрылымды, инновациялық кәсіпкерлікті қалыптастыру және дамыту болып табылады.

 

 «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адам қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру», - деп Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңында айқын көрсетілген.

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп білім қызметкерлерінің бірінші құрылтайында сөйлеген сөзінде Елбасы айтқандай ұстаздарды өз Отанын шексіз сүйетін, еліміздің болашығына, оның гүлденуіне аянбай үлес қосатын білімді жеткеншектерді даярлау міндеттері күтіп тұр.
Сол кезеңге лайық ұлттық санасы жаңғырған жаңа ұрпақ тәрбиелеу міндеті мойынымызда. Барлық кедергілерді жеңу табысқа талпыну өз қолымызда деп білеміз.

Осыған сәйкес Гуманитарлық -педагогикалық колледж ұжымы алдында білім жүйесін сапалық жағынан жаңарту, студенттердің жеке басын үйлесімді дамытуға бағытталған міндеттер қойды.

         Жаңа өмір жаңашыл болғандықтан жаңа әрекеттерді талап етеді.  Сондықтан жаңаша ойлау, жаңа инновациялық технологияларды сапалы және шығармашылықпен қолдануды талап етеді.

Осы міндеттерді жүзеге асыру бағытында 2010-2011 оқу жылынан бері Гуманитарлық-педагогикалық колледжінде бинарлық маркетинг жүйесі негізінде инновациялық эксперименталдық алаң құрылған.

         Төменде В.В.Якименко және М.Исхакова басшылығындағы Гуманитарлық - педагогикалық колледжі инновациялық-эксперименталдық алаңының маркетинг жүйесінің жұмыс барысы көрсетілген.

 

 

 

«Шығармашылыққа дамыта оқыту технологиясы»

 

 

Оның басты мақсаты:  оқытушылардың білім беру денгейін көтеру, жаңа инновациялық технологияларды кеңінен пайдалану, оқу тәрбие жұмысының сапасын көтеру. Интеграциялау, гуманизациялау, көркемдік – эстетикалық, проблемалық принциптерді басшылыққа ала отырып әрбір оқытушының шығармашылық қабілетін, ізденушілік, танымдық белсенділігін арттыру.

Бірінші кезеңде – таңдаған технология бойынша команда жинау. Екінші кезеңде - әр мұғалім өзі таңдаған технология бойынша материал жинау. Үшінші кезеңде жаңа технология бойынша жинаған материалдар негізінде слайдтар дайындап презентациялау. Төртінші кезеңде - инновациялық жаңалықтарын сабақтарда қолданып, ашық сабақтар ұйымдастыру. Бесінші кезең - Жинақталған материалдар бойынша әдістемелік құралдар, мақалалар, жинақтарды басылымнан шығару. Ғылыми конференциялар ұйымдастыру.

 

2011-2012 оқу жылында  Гуманитарлық-педагогикалық колледжінде ғылыми бағытты Садыков Төлеп  және инновациялық бағытты Исмаилова Камила Анваровна  дуальді  оқыту технологиясын ендіру  жолын  қолға  алу  мәселесі бойынша  облыс көлемінде  кәсіпкерлерді  тартып, үш  жақты  келісім-шарт жасасып, білім  басқармасымен келісе  отыры  семинар  өткізді. Оқытушылардың  тек  сабақ  жоспарларымен  ғана  шектелмей публикация, мақала, әдістемелік  жинақ, электронды  оқулықтар  пайдалану мәселелеріне  үлкен  мән берді.

 

2012-2013 оқу жылында  Гуманитарлық-педагогикалық колледжінде инновациялық бағытты Джанабаева Жанна  Сатыбалдиевна және ғылыми бағытты Тойлыбаева Айсулу Амирсейтовна  жалғастырды, колледж ұжымы  алты технология бойынша жұмыс жүргізді. Гуманитарлық-педагогикалық колледждің инновациялық эксперименталдық алаңы өз жұмысын жоспарға сәйкес кезеңдерге бөліп жүргізді.

     Бұл жұмыс басында қиын болды. Көптеген проблемалар туындады, бірақ алаң өз жұмысын тоқтатпады. Команда құрылған соң ұжым болып жұмыс жүргізіп, көптеген нәтижелерге жеттік. Әсіресе презентация мен ашық сабақтар өте қызықты өтті. Оқытушылардың шығармашылығы мен белсенділігі артты.

 

«Тәрбиелеу – білім беру ортасы, тәрбие жүйесінің үлгісі» тақырыбындағы семинардың мақсаты:  Дені сау, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, рухани ойлау дәрежесі биік,  мәдениетті де парасатты, ар-ожданы мол, елін, жерін сүйетін патриот тұлға ретінде адамгершілік қасиеті мен эстетикалық талғамы жоғары, салауатты өмір сүруді таңдайтын, қазіргі қоғам талабына сай, іскер азамат тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  өз жолдауында «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз», «Өмір бойы білім алу әрбір Қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деген болатын. Қазақстанды әлемге танытатын, дамыған елдермен терезесін тең ететін жарқын келешек  кепілі - білімді ұрпақ.

2013-2014 оқу  жылында Гуманитарлық-педагогикалық колледжінде инновациялық бағытты Жунисбекова Римма Газизона және ғылыми бағытты Юсупов Абдулла  басқарды,  бұл  жыл  өте  табысты  өтті, Интерактивті   тақтамен жұмыс жасау деңгейін жоғарылату  мақсатында  курстар ұйымдастырып, сертификаттар берілді. Колледж  көлемінде және  одан  тыс конференцияларға  қатысып,  материалдарын  баспа  арқылы  жинау жұмыстары жүргізілді. Мәселен:

v ІІІ Республикалық оқытушылар  конференциясына  17 колледж  оқытушысы қатысты

v «Ең үздік флипчарт»  облыстық  конкурсына 2  оқытушы  қатысты

v Мамыр  айында Исмаилова Гульчехра Камалқызы халықаралық туризм  бойынша туркия елінде курстан  өтіп  келді.

v Қазанның  1 мен 13 аралығында  Саипова Минавар халықаралық туризм  бойынша туркия елінде курстан  өтіп  келді.

v Қазанның  8 мен 18  Жунисбекова Римма Алматы қаласында Республикалық «Өрлеу»  курсында  персонал-кадрларды басқару бойынша

v «Ұлағатты ұстаз» байқауына 4 оқытушы қатысқан 

v «Жас дарын»  колледжішілік пәнаралық Олимпиадасы ұйымдастырылды 

v «Үздік жыл мұғалімі -2013» байқауы ұйымдастырылды.

 

 Әр  сәрсенбіде    әдістемелік – инновациялық   ақпараттарда  талдау  жиналысы өтті. Әр  айда  компьютерлік  сауаттылық  бойынша, заң және  педагогика-психология  бойынша   тесттер  алынды. Ұрпақ тәрбиелеуде Гуманитарлық-педагогикалық колледжі де алдына келесі мақсаттарды қойды: білім сапасын арттыра отырып, экономикалық және кәсіби  бәсекеде жеңіп  шығатын мамандарды даярлау болып табылады.

 

 

Жобалап  оқыту  технологиясы  колледж  көлемінде  эксперименттік  топтарды  өзара  үлестіру  арқылы  жүзеге  асырылды. Жыл  соңында әр бір   оқытушы  өзінің  эксперименттік  тобына  талдау жасап, жоба  жұмыстар  жинағын  әдістемелік жинақ -материал есебінде жарыққа  шығарды. Барлық эксперименттік топтарда  өткізілген сапалы ашық  сабақтар мен республикалық деңгейде  қатысқан  байқаулар  колледж директоры Исмаилова Гульчехра Камалқызының атынан  2 000-10 000 теңге аралығында жүлделермен  және  Түркістан-Астана-Бұхара қалаларына  саяхаттар ұйымдастырумен қолдау тауып отырды.

2013-2014 оқу  жылында Гуманитарлық-педагогикалық колледжінде инновациялық бағытты Жунисбекова Римма Газизона және ақпараттық бағытты Ибрагимов Давран Рахимжанович  басқарды,  бұл  жыл  өте  табысты басталды.  Гуманитарлық-педагогикалық колледжінің 10 жылдық мерей  тойына орай көптен  күткен колледж Сайты және  колледждің  жеке  теле арнасының  жұмысы жүйеге  қойылды, «Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» тақырыбындағы республикалық тамыз педагогикалық кеңесі аясындағы Гуманитарлық педагогикалық колледжінің педагогикалық кеңесінде баяндама тыңдалды.

 «Ұшқыр ізденіс пен шығармашылық шабыт-2015»  тақырыбындағы ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ жарияланды.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері

1.     Байқау шығармашыл педагогтарды анықтау және қолдау көрсету, білім берудегі ұсынылатын және қолданыста жүзеге асырылған нәтижелі жобаларды анықтау мақсатында өткізіледі.

2.     Мұғалімдердің зерттеушілік әрекетін және олардың кәсіби өсуін ынталандыру, шығармашыл мұғалімдерді және әкімшілікке қолдау көрсету;

3.     Білім беру үдерісін жүзеге асыруға қабілетті идеяларды анықтау және тарату;

4.     Білім беру үдерісіне қатысты идеялардың нәтижелі жүзеге асуына қолайлы жағдай жасау;

5.     Инновациялық-педагогикалық тәжірибені қалыптастыру, ақпараттық жүйе арқылы инновациялық жобаларды, экспериментальды-зертханалық  жұмыстарды қолдау, ғылыми зерттеу жүргізу, сонымен қатар жоғары оқу орындарымен серіктестікте болу.

«Ұшқыр ізденіс пен шығармашылық шабыт-2015» байқауының  жүлде  қоры-100 000 теңге  деп  колледж теле  арнасынан  жарияланды.

 Халықаралық «ТУРАН -ПРОФИ» КӘСІПТІК АКАДЕМИЯСЫ «БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ИНСТУТИТЫ» мекемесінен  «Кәсіптік-педагогикалық шеберлікті арттырудың заманауи тәсілдері» тақырыбында курста сертификат алғандар:

ü  29.09.-08.10.2014 аралығында

1.     А. Шатемирова,

2.     Ш.Наркулова,

3.     Қ.Базарбаев,

4.     Ұ.Дандыбаева

ü 08.10.-16.10.2014 аралығында: 

1.     Халмурадов Ш.,

2.     Саипов М.,

3.     Умарова С.,

4.     Абзелова Ұ.,

5.     Мадаев Р.,

6.     Саипова М.,

7.     Мухитдинова Н.,

8.     Жунисбекова Р. 

2014 жылдың Қазан айында «videouroki.net» -оқытушылар сайтына олимпиядаға жоспарларын  информатика және  ағылшын тілі пәні бойынша жариялаған- О.И.Кудрявцевтың басшылығындағы  жобада 4-оқытушы:

Қараша айында- «KOPILKAUROKOV.RU»-оқытушылар сайтына авторлық  презентация-тест-сабақ жоспарларын пән бойынша жариялағандар Д.А.Тарасовтың басшылығындағы  жобада 20-оқытушы:

«ЗИЯТ» ғылыми-әдістемелік орталығына публикация үшін қараша айында тексерту мен талдауға 14 оқытушы материалдар жіберді, Колледж  көлемінде және  одан  тыс конференцияларға  қатысып,  материалдарын  баспа  арқылы  жинау тек Көпсалалы мед колледжге -2 оқытушы студенттерін қатыстырды: Нурметова Д., Мирзаметова Д.

Желтоқсан  айында Исматуллаева А., Умарова С., т.б.  жоспарлауымен  аудандық «Жүрек жылуы» атты  семинар аудандық  оқу  бөлімімен  бірлесе  ұйымдастырылып,  өткізілді.

 Послание Президента РК Н. Назарбаева народу Казахстана «Нұрлы жол - Путь в будущее» (11 Ноября 2014, 15:27)- жолдауда:«Қазақстан - ұшқан құстың қанаты талатын ұланғайыр аумақтың иeci. Сондықтан, аталған жоспар орасан қаражат пен еңбекті, аса ауқымды жұмысты қажет етеді. «Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара» деген қағида қалыптасқан. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынасы айрықша маңызға ие. Көне замандарда ірі қалаларымыздың көбі Ұлы Жібек Жолын жағалай қоныс тепкен.

Қазір де қайнаған тіршілік күре жолдардың бойында. Жол - шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі.

Біз Жалпы ұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.

Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні - осы! Ел Бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы Жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!»-делінген.

Жылдың инновациялық  жобасы ретінде 2004 жылдан  бері  колледж оқытушыларының  белсенді  әрекеттерімен Қазақстан Республикасының кіші халықтар  ассамблеясы жұмысы  аясында  ұйымдастырылған, ҚР парламентінің депутаты Розақұл Халмурадов тұсауын  кескен  колледж ішілік ассамблея  жұмысы  негізінде колледж директоры Исмаилова Гульчехра Камалқызының қолдауымен дайындалған, оған ақпарараттық-редакторлық қызметті Р.Г.Жунисбекова, техникалық қызметті Д.Р.Ибрагимов, ал  аудан атынан  өзбек  мәдени  орталығы ұсынған-Инновационный-музей «Шелкового пути»- «Жібек жолы» инновациялық мұражайын ашу жобасы Республика  көлемінде  жарияланған байқауда  өз мәресіне жетті.

 

 

Егер  осы  жоба  жүзеге  асса,   онда  «Жібек жолы»  бойында  орналасқан  Сайрам  ауданнының  Бизнес-жоспарының  ауқымы  кеңейіп, экономикалық  бағытта үлкен  қадам  алға  жасап, мәдени  тұрғыда  республика  және  одан тыс  елдерде  танымал  болып, колледждің  шығармашылық- экономикалық  бағытында дайындалған мамандарға  сұраныс мейілінше  артады,  ауданда мектеп-өндіріс-орта  арнаулы  оқу  орындары-кәсіпкерлер байланысы  жұмысы жүзеге  асып, аудан,  облыс  көлемінде  әлеуметтік жағынан  аз  қамтылған  халықтарға  қол ұшын беру  мүмкіндігі бар. Халықаралық  EXPO-2017 көрмесіне өз үлесін қосу  мәселесі  де  қарастырылар еді.

 

 

  ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.     Послание Президента РК Н. Назарбаева народу Казахстана «Нұрлы жол - Путь в будущее» (11 Ноября 2014, 15:27)-

2.     Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі технологиялық даму бағдарламасын бекіту туралы. 2007 ж., 26 қараша, №1131.

3.     Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөнiндегi 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасы. 2005 ж., 25 сәуір, №387.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұлттық инновациялық жүйенің ашық сипаты оның тиімділігін қамтамасыз ету үшін шешуші маңызы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Овощевод

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бүгінгі қаржы қиындықтарына қарамастан, Қазақстанда инновациялық идеяларды өмірге енгізетін зерттеушілерді қолдайтын бюро қызметі ұйымдастырылды, сондай-ақ инновациялар мен жаңалықтар және технологияларды дамыту орны құрылды. Сонымен қатар, ғылым және ғылыми-техникалық саясат концепциясының жобасы жүзеге аса бастады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін мемлекет деңгейінде арнайы бағдарлама бекiтілді. Бұл бағдарламаның басты мақсаты – отандық, сондай-ақ шетелдік ғылыми әлеуетті және технологияларды пайдаланудың негізінде бәсекеге қабілетті түпкілікті өнімді жасауды қамтамасыз ететін ашық үлгідегі инновациялық жүйені қалыптастыру болып табылады

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 586 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.04.2020 499
    • DOCX 3.6 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шайхетдинова Гульфия Гайнитдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 83159
    • Всего материалов: 225

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы нарративного подхода: теория и методы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Управление брендом на российском рынке

Бренд-менеджер

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Курс повышения квалификации

Эмоциональное выгорание социальных работников. Профилактика и методы борьбы

36 ч. — 144 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология развития и воспитания детей: особенности и подходы

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология обучения и развития детей: от садика до школы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек