Инфоурок Другое Другие методич. материалыҰлттың болашағы ұрпағында, ұрпақтың тәрбиесі ұстаз қолында

Ұлттың болашағы ұрпағында, ұрпақтың тәрбиесі ұстаз қолында

Скачать материал

Патриоттық тәрбие – жеке тұлғаның

қалыптасуының кепілі

Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. 

Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс.Ұлы Абай: Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады, десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: – Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді,- деген екен.

Тәрбие болмаған жерде шын ақылды, мәдениетті мір де болмақ емес деп қазақтың классик  тәлімгері Ж. Аймауытов тәрбие беру үздіксіз үдеріс болып табылатынын ерекше атап өткен.

Олай болса, тәрбиеаға ұрпақтың жас ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз етеін үдеріс.

    Ұлттың болашағы ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі ұстаз қолында. Ал ұстаз мұраты мен мақсаты – жетілген, толыққанды  жеке тұлғаны тәрбиелеу. Мұғалім балалармен қандай жұмыс істесе де, олардың мінез – құлқының, тәртібінің сана – сезімінің қалыптасуына ықпал етеді. Ұстаз екенсің, ұстазға тән  қасиетті бойыңа  дарытып, көкірегіңе ұялат, ұстазға сеніп тапсырған әр үйдің келешегіне, үміт күтіп отырған  мұрагерінің санасына білім, жанына жақсылық сыйла. Ұстазды  көргенде жиренетін шәкірт емес, оны көруге асығатын шәкірт тәрбиелеу – бүгінгі өмірдің басты талабы.

Тәрбие мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру үдерісінде, сабақтан тыс уақытта және білім алушылардың бос уақытында жүзеге асырылады.

          Бала – біздің ертеңгі үмітіміз. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз – ертеңгі ана.Олар ата-анасына және ұстазына қарап бой түзейді.

           Қай ғасырда болсын ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік, ақыл – парасаты мол, мәдени ғылыми өрісі кең ұрпақты тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндет. Бұл міндетті, әрине, бала тәрбиесіне жауапты ұстаз, яғни сынып жетекші жүзеге асырады.  Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімнің даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасып, шыңдалуына байланысты.

         Бірнеше жылдық  сынып жетекшілік тәжірибемде түрлі сыныптармен жұмыс жасадым. Сынып жетекші ретінде әр оқушының жан дүниесін түсініп, онымен оңай жұмыс жасау үшін сыныптан тыс жұмыстар мен тәрбие сағаттарын түрлі формада өткізудің пайдасы зор екенін аңғардым. Ескере кететін бір жай бүгінгі күні  дәстүрлі, яғни  лекция, әңгіме  түрінде өтетін сабақтардың пайдасы аз екені  белгілі болып отыр. Яғни мұндай сабақтарда негізінен сынып жетекші сөйлеп, оқушы тек тыңдарман ретінде қалып қояды. Ал заманауи үлгідегі сыныптан тыс жұмыстарда  көбінесе мұғалім бағыт беруші де оқушы басты рөлде болады. Ендеше, сынып жетекшілері сыныптан тыс жұмыс түрлерін жоспарлағанда  оқушыларының ерекшелігіне қарай жұмыс түрлерін  түрлендіріп отыру аса  тиімді тәсіл болып табылады.

         Өзім жетекшілік ететін 9-сынып оқушылары тәрбие сағаттарын, сыныптан тыс жұмыстарды өздері ұйымдастырып, өздері өткізеді. Оқушыларды осындай дәрежеге жеткізу, әрине, бір күннің немесе бір жылдың жемісі емес, бастауыш сыныптан орта буынға енді аяқ басқан 5-сынып оқушыларының өзіне деген сенімділігін оятып, қандай да бір жұмысты өткізуі үшін үлкендердің, әсіресе, тәрбиеші ұстаздың көмегі, қолдауы  керек-ақ. Осы жолда жасаған алғашқы қадамым – мектеп психологымен бірлесе отырып әр оқушының мінез-құлқын анықтағаннан кейін сыныптан тыс жұмыстың жоспарын  оқушының ерекшелігіне қарай құруды жөн көрдім. Алдыма қойған басты мақсатымның бірі – тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда аса тартымды амалдар мен ұтымды жұмыс түрлерін қолдану болса, әр түрлі амалдарды жоспарлағанда ұжымдық, жұптық, топтық жұмыстардың түрлеріне ерекше көңіл бөлемін. Оқушылардың өздерін ізденіске бағыттау да олардың өздеріне деген сенімділігін арттырып, жеке тұлға болып қалыптасуына әсер етеді. Әр оқушының жүрегіне жол таба білсек, олармен кез келген жұмысты атқаруға болады.

Қазақстанды «Отаным» деп таныған әрбір азаматтың бойына осы ұлы сезімді ұялату – әрбір сынып жетекшінің басты міндеті деп ойлаймын. Патриоттық сезімді құр ұранды сөз ретінде қолданбай, іс жүзінде жүзеге асыра білу – үлкен шеберлікті қажет етеді. Егер баланың бойына патриоттық тәрбиені қалыптастыра білсек, онда сол арқылы қалған  бағыттар оңай жүзеге асатынына сенімім мол. Сол себепті өз тәжірибемде патриоттық тақырыпқа көбірек көңіл бөлемін.

Биылғы оқу жылында алғашқы сынып сағаты «Мен елімнің патриотымын» деген тақырыпта өтті. Мақсаты:Оқушылардың өз Отанына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адам керек екенін түсіндіру, оқушылардың сөйлеу мәдениетін, тілін дамыту; ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Сынып сағатын өткізуді өз міндетіне алған Аяжан мен Орынбасар алғы сөздерін Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабалардың игі істерін, дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономиканы өркендету үстінде күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады » деген сөзімен бастап, әрі қарай сабақты пікірталас түрінде өткізетіндерін айтты. «Ой да ортақ пікір де ортақ» дегендей, оқушылар

-         Жалпы «патриот» деп кімді айтамыз?

-         Патриотизм дегенді қалай түсінесің?

-         Осы ХХІ ғасырда ерлік жасауға бола ма, оны қалай түсіндіресің?

-         Қазіргі таңда жастардың бойына патриоттық сезімді ұялататын әндер бар деп ойлайсың ба?

Қалай ойлайсың, сен өз еліңнің патриотысың ба? т.б

сұрақтар төңірегінде ойларын ортаға салды. Соңында «патриоттық сезім» сөзін топтастырып, «Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты мен де ол үшін жауаптымын» деген ойды меңгерді. Және сынып сағатын «Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату»деген сөзбен қорытындылауы өте ұтымды шықты.

 Патриоттық тәрбиенің обьектісі мен қайнар көзі – Отан десек, оның мазмұны – байлықтары, тілі, дәстүрі, тарихи ескерткіштері. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердін қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Олай болса, патриоттық тәрбиенін қазіргі кезде алатын орны ерекше.

 

Жангабулова Асемгуль Ергалиевна

Павлодар облысыАқсу қаласы

Қызылжар орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұлттың болашағы ұрпағында, ұрпақтың тәрбиесі ұстаз қолында"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ұлттың болашағы ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі ұстаз қолында. Ал ұстаз мұраты мен мақсаты – жетілген, толыққанды жеке тұлғаны тәрбиелеу. Мұғалім балалармен қандай жұмыс істесе де, олардың мінез – құлқының, тәртібінің сана – сезімінің қалыптасуына ықпал етеді. Ұстаз екенсің, ұстазға тән қасиетті бойыңа дарытып, көкірегіңе ұялат, ұстазға сеніп тапсырған әр үйдің келешегіне, үміт күтіп отырған мұрагерінің санасына білім, жанына жақсылық сыйла. Ұстазды көргенде жиренетін шәкірт емес, оны көруге асығатын шәкірт тәрбиелеу – бүгінгі өмірдің басты талабы.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 539 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.09.2020 893
    • DOCX 21.1 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Полищук Татьяна Алексеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Полищук Татьяна Алексеевна
    Полищук Татьяна Алексеевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 78969
    • Всего материалов: 244

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

От Зейгарника до Личко: путь к пониманию человеческой психологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов
Сейчас в эфире

Восстановительные и медиативные практики в профилактике кибербуллинга

Перейти к трансляции