Главная / Классному руководителю / "Ұлт көшбасшысы- Елбасым" ашық тәрбие сағаты

"Ұлт көшбасшысы- Елбасым" ашық тәрбие сағаты

Күні:01.11.2015

Сынып:7

Тақырыбы: Ұлт көшбасшысы- Елбасым

Мақсаты:

  1. Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру.

  2. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып,патриоттық  сезімдерін арттыру.

  3. Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бол білуге

тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, слайд, шарлар, Н.Ә.Назарбаевтың қанатты сөздері.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап


Барысы:

І. Ұйымдастыру  кезеңі

Мұғалім:

- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта амандығын тілеп, тілеулес болып отырады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі.
Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төріңде,

Әнұраның тұр көгіңде шырқалып.

(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады)


ІІ. Негізгі бөлім

Жүргізуші (Айбол):

Бағдарлап елдің ертеңін,

Тыныштық тауып жатпаған.

Болашақ үшін тер төгіп,

Үмітін елдің ақтаған.

Жүргізуші (Аида):

Қиялы ұшқыр ойлы адам,

Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын ойлаған,

Аман-сау жүрші, Атамыз.


Оқушылар: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!

Айбол: Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Ұлт көшбасшысы-Елбасым» атты ашық сынып сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Диана: Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.

Айбол: -Н.Ә.Назарбаев кім?

Аида: Ол-еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.

Данияр: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

Жасынан зерек, алғыр азамат өскенде металлург мамандығын алып жұмыс жасаған. Ол халық қалауымен 1991 жылы1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Содан бері 24 жыл өтті.

Айбол: Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.

Ал енді біз білетін Н.Ә.Назарбаев кім?


hello_html_m21c1469d.png

Диана: Нұрсұлтан ата-ақ пейілді, сезімтал жан және біз үшін нағыз үлгі болар тұлға.

Аида:  Атасының есімі-Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті.

Айбол: Алланың 99 аты бар екен. Соның бірі-Нұр, тағы бірі- Сұлтан. Анасының аты-Әлжан екен. Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты. Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған.  1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы партия мектебін бітірген. 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды. Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.

Диана:2010 жылы Елбасы Қазақстан өлкесінің барлық жерін түгел аралап шығуымен қатар шет мемлекеттерге де барған.
Осының бәрі ел қамы, ел болашағымен байланысты. Достық қарым –қатынас
жақсы жолға қойылған. Тынымсыз еңбегі арқасында Қазақстанды әлем таныды. Түркі әлемінің ақылгөй данасы атануы, ескерткіш орнатуы-зор құрмет. Иордания қаласында бір үлкен даңғылға есімінің берілуі –әлем алдындағы зор беделі.


Мұғалім:1 Желтоқсан Президент күні. Назарымызды Президент күніне арналған видеоға аударайық.


Бекжан:

Әнге толсын барлық қала ауыл бар
Қағылсын бір барабандар, дабылдар
Елбасының туған күнін ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар

Данияр:

Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың,

Сомданып, тұлғаланып, өскен бойың.

Жер шары әлемдегі барлық елдер,

Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.

Аида:

Арманын орындадың бабалардың,

Көтердің көкшіл туын даналардың

Қазақтың асқақтатар өр рухын,

Ақтадың аппақ сүтін аналардың.

Диана:

Ұл едің қатарынан артық туған,

Еңбекке жастайынан белін буған.

Танытып әрбір елге белін буған,

Жастарға жалын бердің білім қуған.

Данияр:

Отан деген-әр адамның жүрегі,

Оған ел де, жер де, су да кіреді.

Отанымды бар әлемге паш еткен,

Президентім-мақтанышым, тірегім.
Бекжан

Тұратұғын болашақтың үні кеп
Т артылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндейік, бауырлар
Басшымыздың бүгін мерекесі деп

Аида:

Сәулесі күн шатырлы аспан,

Кең дала төсі толқыған егін.

Көлдері күміс шашқан,

Қазақстан –Республикам менің.

Бекжан

Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, 
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

Диана:

Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл қаланы.

Ардақты атамекенім,

Отаным Қазақстан.

Аида:

Сан ұлттың басын қосып Қазақстан

Бекемдеп саясатын іш пен тыстан

Елбасы, алдын ала болжай біліп,

Сүрінбей аман өттік дағдарыстан

Жыл сайын табыс қоссын табысыңа

Әр қазақ берік болсын намысына

Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,

Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына

Бекжан:

Туды ұстап тура жолға түсіріп, 
Жас Отанның өмірін де түсініп, 
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, 
Бір керемет жасады-ау кісілік!


Айбол: Хор: «Жаса, Қазақстан» әні орындалады.

ЖАСА! ҚАЗАҚСТАН!

Жаса! Қазақстан!

Жаса, менің қазағым

Артта қалды қыйындық пен азабың

Жаса! Қазақстан!

Жаса, менің ұлы елім

Атқан таңдай ашық болсын ажарың

Жаса! Қазақстан!

Алаш жұртым ардағым

Алтын бесік, байтақ далам, бар бағым

Жаса! Қазақстан!

Ата мекен тұрағым

Көк аспанда желбіресін байрағың


Жақын көңіл жайсаң ел қазағым

Өз ұраның айтылсын, өз әнің

Ана тілдің айбыны асқақтап

Болсын таза дін!

Батыр ұлдар ел көшін бастаған

Жасымасын жас ұрпақ, жас бала

Ашық аспан астында мәртебең

Артсын басқадан

(Қайырмасы)


Даламызға мұрагер халқымыз

Даламызда мақтаныш даңқымыз

Ұмытылмай ұрпаққа ұлассын

Дәстүр салтымыз

Ару қыздар аяулым, ақ гүлім

Шаңырақтың шырағын жақ бүгін

Думандатып тойласын әрқашан Елім, шаттығын

(Қайырмасы)


Данияр:

Барша қауым бейнеттен арылғанда,

Жаңа ғасыр есігі ашылғандай.

Елбасы тыным таппай ел кезіп жүр,

Ел үшін Асанқайғы бабасындай.

Аида:

Біз шын мәнінде Президент Назарбаевты біздің бәрімізге, ұлтына, сеніміне және саяси көзқарасына қарамастан қолайлы да еркін өмір сүруімізге барлық мүмкіндік жасап келе жатқаны үшін мақтан етеміз.

Диана:

Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далада атам қолға ту алған, 
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Диана: Н.Ә.Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен» деген жинағынан оқушылардың жаттаған нақыл сөздері.

Айбол:

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-тәуелсіз Қазақстан.

Данияр:

Отанды сүю-өркениеттіліктің бірінші белгісі.

Аида:

Салтанатты жарасқан қаласы бар, ұшан- теңіз байтақ даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етейік!

Диана:

Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет.

Отаны бірдің-тілегі бір, жүрегі бір.

Айбол:

Көп ұлтты ел болуымыз-біздің байлығымыз, мақтанышымыз.

Данияр:

Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар.

Әлемде егемен Қазақстан бар.

Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар.

Ең бастысы-бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім бар7

Бекжан:

Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын
Данияр:

Осы бағытпен өркендей берсе жағдаймыз бұдан да жақсаратынымызға күмән жоқ.
Нұр аға – қазақ халқының маңдайына біткен бақ.
Қазақстан Президентінің басқа мемлекеттер Президенттерімен кездесуі, достық қарым-қатынастары тек ұлт болашағы үшін.

Мұғалім: Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев туралы слайдқа назар аударайық

Диана:

Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.

Айбол:

Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Жүргізуші (Айбол): 

Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,

Жас сәби үлкен-кіші кәрімізге.

Сіз –басшы, халқың-қосшы бола бергей,

Жарасып келе жатыр әніміз де, сәніміз де,-дей келе  «Ұлт көшбасшысы-Елбасым» атты ашық сынып сағатымызды аяқтаймыз.

Оқушылар: Тұңғыш Президент  күні құтты болсын!




"Ұлт көшбасшысы- Елбасым" ашық тәрбие сағаты
  • Классному руководителю
Описание:

Күні:01.11.2015

Сынып:7

Тақырыбы: Ұлт көшбасшысы- Елбасым

Мақсаты:

1.Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру.

2.Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып,патриоттық сезімдерін арттыру.

3. Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бол білуге

тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, слайд, шарлар, Н.Ә.Назарбаевтың қанатты сөздері.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім:

- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта амандығын тілеп, тілеулес болып отырады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі.
Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төріңде,

Әнұраның тұр көгіңде шырқалып.

(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады)

Автор Рамазан Айяулы Нурланқызы
Дата добавления 13.04.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другое
Просмотров 636
Номер материала MA-066405
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓