Инфоурок Классному руководителю Конспекты"Әліппе - білім бастауы"

"Әліппе - білім бастауы"

Скачать материал

 

Тақырыбы:  «Әліппе – білім бастауы»

Ертеңгілік мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнінен алған

                                  білімдерін тиянақтау , өз өнерлерін ортаға

                                  салу. Эстетикалық талғамдарын кеңейте түсу,

                                  оқу-білім алуға , достық қарым-қатынас      

                                  орнатуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Әліппе деген –алтын жол», «Қош , сүйікті Әліппем!» сөздері жазылған банер плакат , шарлар, карта, тақта.

Видео: «Әліппе»

Даяна :        Армысыңдар , аналар!

                      Бармысыңдар,  балалар!

                      Сөзіме құлақ салыңдар,

                      Бір серпіліп қалыңдар!

                      Әліппеге арналмақ,

                      Бүгінгі жыр- әніміз. 

Мұғалім:

          Құрметті ата - аналар, ұстаздар! Бүгін бізде үлкен мереке, зор қуаныш. Алдарыңыздағы кішкентай бүлдіршіндер алғаш қолдарына ұстаған оқулығы «Әліппе» болса, бүгінгі күн сол әліппені аяқтап, білім асуының алғашқы белесінен асып отыр.                            

      Әрине, бұл балалар үшін жетістік, жеңіс! Ендеше, сіздерді осы асуды, осы белесті бағындырған шәкірттерімнің білімін, өнерін тамашалауға қош келдіңіздер!

                    Ата-ана қуанып шаттанады,

                    Оқыды деп баласы мақтанады.

                    Алдарына бұлардың кім шығады,

                     Барлық маман мектептен аттанады.

                    Әліппені бітірді балаларым,

                    Әліппеден нәр алған даналарым.

                    Өзі оқып жазатын халге жетті,

                    Құтты болсын білімі балалардың!

Айзере:

                     Көз салып қараңызшы бойымызға,

                    Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

                     Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

                     Әліппемен қоштасу тойымызға!

Даяна:   Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар,

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп,әнде бүгін шырқалар.

 

Мұғалім:

Тыңда, халқым, ертегі,

 Ертегі сыр шертеді.

 Бүгінгі мынау заманда

 Жер шары деген ғаламда

 Балаларға білім беретін,

 «Мектеп» патшалығы өмір сүріпті.

 - Патшалықты өте ақылды, ойлы Жәнібек атты Әліппе патша басқарыпты. Ол патшаның екі уәзірі болыпты.  Біріншісі  ақылды да мейрімді – Берікжан, ал екіншісі  халқының қамын ойлаған Айбек мырза екен.

 - Әліппе патшаның кеңесшілер сарайында білім беру ісінде үздік саналған, өз ісінің шебері атанған көптеген ұстаздар қызмет етіпті.

 «Мектеп» патшалығында іші балаларға толы шағын-шағын бірнеше сарай болыпты.

-         Әліппе хан елін жинап тақтан кететінін жарияламақшы.

Айбек  (1 уәзір): Уа халайық, келіңіздер,  көріңіздер, Әліппе хан тақтан кеткелі жатыр.

Берікжан:  (2 уәзір): Уа жарандар, жарандар! Әліппе хан өз орнына ағасын ана тіліні сайламақшы. 40 уәзірі мен екі күтушісінің, ханды шығарып салу салтанатының куәсі болыңдар!

 Мұғалім:        Нұрлы үмітін арқалаған  арқаға

                           Жан сәулесін  тарататын баршаға

                          Шын пейілмен  құрметімізді  көрсетіп,

                           Бүлдіршіндерді   шақырайық  ортаға.

Даяна: Ендеше, 1-ші  сынып оқушыларын  қарсы  алайық.

(Оқушылар сахнаға шығып, орындықтарға отырады.)

Айзере:          Өтті оқу сан сабақ

                        Бүгін үлкен салтанат.

                        Оқулықпен достаспақ ,

                        Әліппемен қоштаспақ ,

                        Өсті білім ,бойлары

                        Құтты болсын тойлары.

 

Вальс: (Дияна- Өмірбек, Райымбек-Фарида, Берікжан- Інжу)

 

 

Мұғалім:     Іші толған әріпке,

Білімдіге жарық не?

 

Оқушылар:  Болашаққа жол ашқан,

Ол – сүйікті Әліппе.

Хор: «Әліппе» (Музыка мұғалімімен)

 

Мұғалім:  Әліппе хан Петровка мектеп шаһарында тек қана білімді және өнерлі балалар өмір сүреді.

            

Әліппе:   Армысыңдар, жас достар!

Армысыздар ата-ана

Болашаққа жол бастар

Әліппең, келді ортаға

Менің атым –Әліппе

Meні анаңдай дәріпте,

Meні оқып ержеткен

Ағаң, менен әкең де.

-         Мен де өнерлімін, мен сендерге арнап өлең айтайын.

Ән: «Әліппе» (Қыздар билейді)

 

Мұғалім:  

 Бар білімнің бастауы,

 Бар ғылымның бастауы.

 Жас балғынға нұр шашқан,

 Қандай кітап жол ашқан?

 

 Оқушылар: «Әліппе!»

 -Олай болса «Әліппеге» арнап ән айтып берейік.

 

Ән: «Рахмет саған Әліппе»:

Тақпақтар:


Камшат:

 Келгенде алғаш мектепке

 Білмеуші едік әріпте

 Оқимыз қазір ертекте

 Үйреттің оны Әліппе.

 Енді біз жаза аламыз

 Әріпті қосып әріпке.

 Ырза боп саған жүреміз,

 Қош бол сүйікті Әліппе!

 

Нурай:

 Әліппем, меніңӘліппем,

 Өшпейтін нұрлы әріппен

 Есігін аштым білімнің

 Өзіңнен кілтті алып мен.

 Әліппе алып қолыма

 Білімнің аштым есігін

 Ақ ниет тілеп жолыма

 Жазылды тұңғыш есімім.

 

Өмірбек:

Әліпбиді жаттадық

 Онда жүйе, қалып бар.

 Біздің қазақ тілінде

 42 әріп бар.

 

Жақсыбек:

Іші толған әріпке,

 Жақсы кітап Әліппе.

 Әріптерді жаттаймыз,

 Есте мықтап сақтаймыз.

 

Жанболат:

Ұмытпаймыз бәрін де,

 Біз жазамыз «Ана» -деп

 «Қаһарман ел- қазақ» деп

 Бала-шаға ғажап деп.

 

Фарида:

 Жеміске құты тола ма?

 Бір-бірлеп теріп алмасаң.

 Әп сәтте шыға қала ма?

 Еккен дәнін ойласаң.

 Білім де сондай қарағым,

 Біртіндеп сіңер ойыңа.

 Ұғып ал, білім боларын

 Шам-шырағың жолыңа

 

Айбек: Әліппені бастадық,

 Көп ойнауды тастадық.

 Адам болу ниетімен,

 Білім жолын таңдадық.

Аружан:

 Дыбыстарды буындап,

 Буындардан сөз құрап.

 Әңгімелеп ой жинап,

 Тіл сыңдырдың сен бірақ.

 

Райымбек:

 Әліппе алып әріп танып,

Тіл сындырдым.

 Қолын жайып апам енді,

 Маған былай бата берді.

 «Бола көрме осал»-деді,

 «Оқып үздік бес ал»-деді.

 Орындаймын мен талабын,

 «3» емес-ау, «5» аламын.

 

Лейла:

 Көздері қорықты,

 Кіші мен ұлық та

 Таныған әріпті

 Бірінші сыныпта.

 

А. Даяна:

Ардақты арайлы,

 Салт-дәстүр ғұрып та.

 Бойыңа тарайды,

 Бірінші сыныпта.

 

Інжу:

Таң атып, күн шығып

 Бұғады түн ыққа.

 Біл сырын құлшынып,

 Бірінші сыныпта.

 

Берікжан: Біртіңдеп бойлайсың

 Тұнса әлем тұныққа.

 Ғалымша ойлайсың

 Бірінші сыныпта.

 

Дияна:

 Бала, бала, балдайсың,

 Бал жеміспен қандайсың?

 Балдай тәтті бал жеміс,

 Бал жемістен ал деңіз.

 Бала,бала балдайсың,

 Бауырсақпен қандайсың?

 Бауырсақтың майы көп

 Жеймін «нәйім, нәйім»-деп.

 Бала, бала, балдайсың,

 Балдан берсем қандайсың?

 Алыптардай толамын,

 Балпанақтай баламын.


 

Би: Даяна «Үнді биі»

 

Мұғалім: - Жарайсыңдар . Енді әріпті жұмбақты шешіп көрейік.

«Жұмбақты шеш» 

Н – әрпі:

Ас біткеннің анасы

 Қасиетті нан осы.

 Қайсы әріптен басталған

 Соңғы әрпіне де қарашы.

 

Ғ – әрпі:

 Ұқсайды өзі шалғыға

 Елестет көз алдыңа,

 Қане, ойланып табайық

 Болды екен бұл қай әріп?

 

Т – әрпі:

Бастайды ол «таңды» да,

Бастайды ол «талды» да.

Келіп тұрған қай дыбыс,

«Тау» мен «тастың» алдында?

 

С – әрпі:

Сауысқынды, сағызды,

Сарымсақты, сәбізді.

Бастап тұрған қай дыбыс?

 

Ы – әрпі:

Кесе, шыны, пияла

 Оларсыз шай құя ма?

 Қасықсыз тамақ жемейміз

 Бәрінің атын не дейміз?

 

З – әрпі:

Қаздан көре аласың

 Қағаздан да табасың

 Байқамасаң анықтап

 Үш екен деп қаласың.

 

Даяна:

Білім деген қажаптың

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

 

Ұлдар биі:  «Жігіттер»

 

Ән: «Оқуда озат боламыз»    (Даяна, Даяна, Айзере, Дияна)

 

Айзере:

-         Бізді осындай  күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген  ата-  аналарымызға  мың алғыс айтамыз.

 

Ойын  жүргізу:  сөз құрастыру    (  ата- аналардан  екі  адам   қатысады.)

ЖИЫРМА                                ТОҚСАН

ТОҚЫЛДАҚ                             ШЕГІРТКЕ

 

Мұғалім: - Рахмет сіздерге, тағы екі ата – ана керек. Екі оқушы шығып, ата – анасымен жаңылтпаштар оқиды (жарысып кім тез,).

 

Мұғалім:

«Көрініс» қойылымын көрейік

 Балғындарға көңіл бөлейік

Өнерге баға берейік

Бәріміз тамашалап көрейік..

 

«Көрініс»:   «Әліппе мен дәптер»    (Жәнібек, Дияна)

 

Көрініс «Әліппе мен дәптер»

Әліппе мен дәптер сөмке ішінде кездесіп қалады, Әліппе аздап ұсталған, ал дәптер су жаңа.

Дәптер:    Әй, былай  сырылып  тұр, мен саған былай тұрып, орын бер дедім .

-         Ойбай шегімай, мынау ескі Әліппе қайтаде өзі. (смех звук)

Әліппе:  «Күлме досына, келеді басына » деген мақал бар.

Дәптер: Күлмей  жылайын ба?

Әліппе:  Неге сонша күлесің? Бүгіннен бастап екеуміз ұрсыссақ, әрі қарай қалай өмір сүреміз.

Дәптер: Маған ақыл үйретпей-ақ қой. Ақылыңның керегі жоқ.

Әліппе:  Сен кеше ғана өмірге келдің. Баратын жерін мектеп, мектепте тәртіп сақтау керек.

Дәптер: Мектепке келгеніне неше  күн болды?

Әліппе:  Екі жыл болды.

Дәптер: Өзім де біліп отыр едім. Қартайған екенсің. Бетің кірленген сияқты.

Әліппе:  Менің бетімде 42 әріп бар, ақын да,  ғалым да мені оқып , сауатын ашқан. Менің сыртқы түріме  қарап баға берме? Ішімді оқы.

Дәптер: Мен жаңамын, әдемі бетіме жазады. Мен білім алуға  көмектесемін.

Әліппе:  Сен мақтаңба! Екеумізде адамға қызмет етеміз.

 

(Қоңырау)

 

 

Камшат:  

Ашыла берді алдымнан

 Кең дүние есігі.

 Соғылған сомдар алтыннан

 Әліппе – білім бесігі.

 Үйретті бізді Әліппе,                 

 Қырық екі дербес әріпке.

 Сөз, сөйлем құрап әріптен,       

 Лайық болдық дәріпке.

 

Т. Даяна

Дәптер сенің серігің,

Дәптер досың болады.

Әріптердің сұлбасы

Дәптеріме қонады.

Айтқан сөзім құптады

Ұстазым құрметтеп.

Дәптерлерді күт бала

Дәптеріңді  кірлетпе.

 

Әліппе

Балалар  сабақты  жақсы  оқыңдар!

  «5» болсын алар бағамыз,

  Біліммен  бақыт  табамыз.

  Өнер білім  көп тоқып,

  Өсе берсін санамыз.

Айзере: Иә ,бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені біз тұнғыш сауатымызды  ашқан «Әліппе» ханмен  қоштаспақпыз.

 

 Әліппе – Ал  достар  ,бүгін сендер  енді  менің жолымды әрі қарай жатғастыратын  ана тілі  пәнімен танысасыңдар.

(Ортаға ана тілі келеді, Әліппе оны таққа отырғызады.)

Ана тілі

Туған елдің тілімін,

Ақылы мен танымын.

Түсіндірер бәріне

Ана тілі пәнімін.

Ана тілім- ұраным

Ана тілім-  құралым.

Ана тілім болмаса

Мықты болмас тұрағым.

 

Хормен  :  Әліппемен  қоштастық,

                   Ана тілмен достастық.

 

(Карта, магнит, әріптер)

 

Әріптер мекені

 Бұл достарым қызық  неткен                    Камшат

 Әріп біткен зытып кеткен.

 Алматыға «А» бекіпті,                            

 «Ә»-ні Ләйлә  әкетіпті                                Лейла

Қ- ның өзі таңдап кеткен

Қарағандыны мекендеуге.                          Өмірбек

 

«Б» Балхаш қаласына

Түнеп қапты, нанасың ба?                           Камшат

 

«Т»-ның өзі таңдап барған

 Мекені екен Талдықорған.                           Өмірбек

 

Даяна: «Кайда?» десең калған әріп                

Олар да ауыл аудан барып,

Еңбек етіп жатыр екен

       Әріп біткен батыр екен

 

Мұғалім:

Жиналған қауым таң қалсын

Ән бимен шашу шашылсын

Бименен кешті жалғасын    деп  Айзеренің  орындауында  «Өзбек»  биі

 

Даяна:

  Оқу білім ордасы

  Білім  нәрін беретін

  Кең сарайдай  мектебім

  Сол мектепті  сүйемін. деп  

 

 «Қаражорға»    биі   мектеп  ұжымдарына  арналады. (Жақсыбек, Жанболат, Нурай, А.Даяна)

 

 

Айзере:

Әліппе  даңғыл жол  ашты

Жанадан пәндер  жалғасты

Әліппе  сырын ұқтырған

Рахмет ұстаз   алғашқы.

 

Хор: «Ардақты ұстазым»

 

Айзере:

                  Қанаттанды  мектептен,

                  Әкең менен анаңда

                  Ғылым үшін тер төккен

                  Ағаң менен анаңда.

 

Даяна : 

                        Сырлы әріптер сыр түйіп

                         Сабырмен саған қарайды

                         Сырларын білсең бас иіп

                         Керегіңе жарайды.

Мұғалім:  

                        Әліппе деген алтын жол

                        Апарар сені алысқа

                        Жеңіл емес ауыр жол

                        Тырысып бақ намысқа.

 

-         Сөз  кезегі  мектебіміздің директоры _________________________

беріледі,

 

Ақ тілеуі ата-ананың аялаған,

 Баласын шапағаты саялаған .

 Ежелден бала өсірген қайран қазақ ,

 Ақ батасын баласынан аямаған.

 

Ата – аналардан  тілек.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Әліппе - білім бастауы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы:  «Әліппе – білім бастауы»

Ертеңгілік мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнінен алған

                                  білімдерін тиянақтау , өз өнерлерін ортаға

                                  салу. Эстетикалық талғамдарын кеңейте түсу,

                                  оқу-білім алуға , достық қарым-қатынас      

                                  орнатуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Әліппе деген –алтын жол», «Қош , сүйікті Әліппем!» сөздері жазылған банер плакат , шарлар, карта, тақта.

Видео: «Әліппе»

Даяна :        Армысыңдар , аналар!

                      Бармысыңдар,  балалар!

                      Сөзіме құлақ салыңдар,

                      Бір серпіліп қалыңдар!

                      Әліппеге арналмақ,

                      Бүгінгі жыр- әніміз. 

Мұғалім:

          Құрметті ата - аналар, ұстаздар! Бүгін бізде үлкен мереке, зор қуаныш. Алдарыңыздағы кішкентай бүлдіршіндер алғаш қолдарына ұстаған оқулығы «Әліппе» болса, бүгінгі күн сол әліппені аяқтап, білім асуының алғашқы белесінен асып отыр.                            

      Әрине, бұл балалар үшін жетістік, жеңіс! Ендеше, сіздерді осы асуды, осы белесті бағындырған шәкірттерімнің білімін, өнерін тамашалауға қош келдіңіздер!

                    Ата-ана қуанып шаттанады,

                    Оқыды деп баласы мақтанады.

                    Алдарына бұлардың кім шығады,

                     Барлық маман мектептен аттанады.

                    Әліппені бітірді балаларым,

                    Әліппеден нәр алған даналарым.

                    Өзі оқып жазатын халге жетті,

                    Құтты болсын білімі балалардың!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 334 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.02.2015 735
    • DOCX 53.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ивакина Асель Нурлановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ивакина Асель Нурлановна
    Ивакина Асель Нурлановна
    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 4
    • Всего просмотров: 26166
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 121 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 141 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 405 человек из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 536 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 781 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 982 человека

Мини-курс

История педагогических идей: основатели и теоретики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проектный подход к рекламе: эффективные стратегии и инструменты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Реклама для роста бизнеса: эффективные стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 20 регионов