Главная / Другое / Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы. Поэмадағы трагедиялық сипат.

Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы. Поэмадағы трагедиялық сипат.

Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы.

Поэмадағы трагедиялық сипат.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

  • Поэманың мән-мағынасын түсіндіру арқылы негізгі ойды ажырату;

  • Ақынның ойын, көзқарасын оқушылардың өздеріне жұмыс істете отырып меңгерту;

  • Оқушының өзіндік ойының қалыптасуына ықпал ету;

Дамытушылық:

  • Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу тілін дамыту; ойлануға, ой қорыта білуге дағдыландыру;

  • Мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

  • Танымдылығын кеңейту;

Тәрбиелік:

  • Адамдық асыл қасиеттерге ұмтылуға, ізгілікке тәрбиелеу;

  • Қызығушылығын оятып, білімділікке ұмтылуға тәрбиелеу;

Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, талдау

Сабақтың көрнекілігі: тақырып бойынша жасалған слайдтар.

Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті, тарих, қазақ тілі

Болжамдалған нәтиже:

  • өз бетінше ой қортындысын жасай біледі;

  • білім мазмұнын игереді;

  • өз ойларын әдеби тілмен жеткізуге төселеді;

  • қазақ тілінде айтылған тұжырымдарды түсінеді;

Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

Ү. Сабаққа қортынды жасау.

ҮІ. Оқушылардың білімін бағалау

ҮІІ. Үй тапсырмасы

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Қызығушылығын ояту. Болжау әңгіме құру стратегиясы. (Сынып 5 топқа бөлінген. Әр топ тақтадағы сурет арқылы әңгіме құрайды.)

  1. ХХ ғасырдың бас кезіндегі тарихи-әлеуметтік жағдай.

  2. ХХ ғасырдың бас кезіндегі (20-30 жылдардағы) қазақ әдебиеті.

  3. Ілияс Жансүгіровтың өмірбаяны

  4. «Құлагер» поэмасының жазылу тарихы

  5. Тарихи деректер

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Кіріспе бөлім. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

  2. Негізгі бөлім.

  1. Әдебиет теориясын қайталау.

  1. Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» шығармасы қазақ әдебиетінің қай жанрына жатады?

  2. Бұл шығарманың поэма екенін кім дәлелдейді?

  • Поэма дегеніміз – белгілі бір оқиғаны өлеңмен баяндап айтатын, жыр-толғау түрінде жазылған көлемді шығарма.

  • Поэмада кейіпкерлердің образдары олардың іс-әрекеттері, ішкі сезімі, жан дүниесі арқылы ашылады.

  • Оқушылар бұл шығарманың сюжетінің бар екенін және өлең жолдарымен жазылғанын айтады.

  1. Трагедия дегеніміз не?

  • Соңы қайғылы оқиғамен шешім табатын драмалық шығарма.

  1. Шығарманың атауына назар аудару. Әр топ «Құлагер» деген сөзге топтау жұмысын жасайды.


  1. Поэма неліктен «Құлагер» деп аталған?

Ілиястың «Құлагер» поэмасы, сырт қарағанда, ақынның сәйгүлігі – Құлагердің мерт болуына арналған. Бірақ бір жолдарында ақын:

Өзгеге ұғындырмас өзі бұзбай,

Сыншыдан сақта Құдай сортаң тұздай.

Шатасқан шалдуырдан жиіркенем,

Елімнің серісіне сөз айтқызбай,

дейді. Бұл поэма жазылған кезде халықтың ұлттық салт-дәстүрін тоталитарлық тәртіп «ұлтшылдық» деп жариялап, тыйым салған еді. Сол себептен Ақан сері болғандықтан серілікті ашық мақтау мүмкін емес еді. Осы жайларға байланысты Ілияс поэманың атын «Құлагер» деп алып, оқиғаны соның төңірегінде құрған да, өзінің мұратты ойын астарлап жеткізген.

  1. Кейіпкердің образын ашу.

  1. Поэманың басты кейіпкері кім?

    • Қазақ халқының ақыны, асқан дарын иесі, әйгілі әнші, сазгер Ақан сері Қорамсаұлы.

    • Поэмадан үзінді тыңдау.

  2. Поэмада берілген өлең жолдары арқылы Ақан образын тереңірек қарастыру.


Суреттеу

Ақанның образы

Сөздікпен жұмыс

«Ол күнде тауда жалғыз жан жүр,

Дүниеден аулақтаған дабыр-дүбір.

Қара шал қайыңды отыр көлеңкелеп,

Бір қу бас шал үстінде ілулі тұр.


Не еткен жан, әлде даңғыл, әлде мұңғыл?

Бұл өзі күңірентіп айтады жыр».


Қара шал,

әлде даңғыл, әлде мұңғыл


Даңғыл – сайрап жатқан, бір тегіс

Мұңғыл – дым білмес

Керексіз кісі болған сол заманға,

Қайткенмен бір жұмбақ бар Ақанда.

Ез болмай, елге сыймай кім тұра алған,

Жалғыз боп жанаса алмай барлық жанға.

Керексіз кісі, Ез болмай, жалғыз

Ез – ынжық, бос адам.

Жалғыз – бір өзі

Тентіреп тауда, таста неге жүрді,

Тасталып танылмаған асыл тастай?


Асыл тас

Асыл тас – драгоценный камень

Ақандай осы тауда сері жүрген,

Су ішіп, тауда шие теріп жүрген.

Қайыңдай мінсіз, таудай таза жігіт,

Көң-қоңыр, былапыттан безіп жүрген.

қайыңдай мінсіз, таудай таза жігіт

мінсіз – безупречный


Кісі емес Ақан төрде билік айтқан,

Ұры емес ауыл торып, ел шулатқан.

Кісі емес билік айтқан,

Ұры емес ауыл торып, ел шулатқан

Билік етпеген – не правил народом

Ұры емес – не вор

Жүйрік ат, сонар саят, қыз-қырқынмен

Өмірді өткізген жан өз ырқымен.

Өмірдің ащы емес, тұщысын да

Қызықтап жігіт ойын, қыз күлкімен.

жігіт ойын, қыз күлкі.

Сері – сәнді киініп, салдық құратын өнерлі жігіт. Ауыспалы мағынасы: нағыз жігіт.


Адамнан, айналадан, күйіркеден,

Бой тартып ел ішінен жиіркенген,

Безінген біржолата тағы болып,

Аулақтап әсем тауда жүруменен.

Тағы

Тағы- жалғыз тіршілік ететін қасқыр;

Тағы – қолға үйренбеген жабайы жануар

Бұл өзі ауылында аз оқыған,

Алғыр ой, ақын, әнші – көп тоқыған.

Елді улап, өлім тілеп жалмаң қаққан

Бұл емес, бөлек еді көп сопыдан.

Аз оқыған, алайда алғыр ойлы ақын, әрі әнші болған

Аз – мало

Алғыр ойлы – человек передовых мыслей

Арқада Ақанды айтқан әңгіме көп,

Қылады оны әулие әлдене деп.

Әулие

Әулие – святой







  1. Поэманың композициялық құрылымы арқылы мазмұнын ашу.

Сюжеттің басталуы

Начало сюжета.

Ас

Сюжеттің байланысуы

Завязка

Ақанның асқа келуі

Сюжеттің дамуы

Развитие события

Аттың сыны

Сюжеттің шиеленісуі

Завязка

Бәйге

Шарықтау шегі

Кульминация

Құлагердің озуы

Шешімі

Развязка

Құлагердің мерт болуы.



ІҮ. Бекіту.

Сюжеттің басталуы.

Басталды әңгіменің былай басы,

Болды оған жетпіс, сексен жыл шамасы.

Арқада Ерейменді мекен еткен

Керейде Сағынайдың болыпты асы.


Арқа елінде Сағынай деген байға үлкен ас беріледі. Асқа бүкіл үш жүздің елі түгел шақырылады. Ас Ереймен тау етегінде өтеді. Астың суреті, қонақ күту, бәйге аттарының жиналуы, аттарды сыншылардың сынауы, жаршылардың балуан күрес пен ат жарыстарының болуын жарлап жария ету дәстүрі, балуан күрес пен ат бәйгесі толығымен суреттеледі.


Сұрақтары:

  • Ас дегеніміз не?

Ас беру – ел-жұртқа қадірлі адамның қайтыс болғанына бір жыл толған соң, я болмаса бірнеше жыл өткен соң, ең үлкен жолын жасап, сауын айтып, мол жиынға тамақ беріп, ат бәйгесі, палуан күрес, жамбы ату, айтыс сияқты қызық көрсетіп, ұлан-асыр той өткізген. Ас беру ұйымшыл елдің, дәулетті адамдардың қолынан келітін іс. Мысалы: Абылай ханның асы, Құнанбайдың әкесі Өскенбайдың асы, керей Сағынайдың асы, дулат Сыпатай батырдың асы бүкіл елге мәлім болып, аңызға айналған.



Сюжеттің байланысуы

Қайырып қыстай баптап Құлагерді,

Осы астың дақпыртына Ақан келді.

Мінгізіп бәйге бала, жайтаңдатып,

Ауылына ас баргеннің тақау келді.


Кермеге қойды байлап Құлагерді,

«Маңайдан жан жүрмесін» деді сері.

Көзінен неге таса қылсын Ақан,

Іргені ат жақтағы түргіздірді.


Өлгенде Сағынай шал ел шулатқан,

Көктұйғын содан бері ішін тартқан.

Сұлы жеп, сүт сіміріп мәпеленіп,

Белдеуде осы Көк ат қыстай қатқан.


Көктұйғын күңірентіп талай шапқан,

Бәйге алып шапқан сайын алыстатқан;

Осы аста бас бәйгені оймен алып,

Батыраш көптен бері үйде жатқан.


Ниетпен дәл осындай көк ат келген,

Қашаннан «қап!» - деп азу басып жүрген.

Құлагер Көкшетаудан кеп қалған соң,

Қызғанып Батыраштың іші өртенген.



Асқа Ақан сері де келеді. Әйгілі сері бәйгеге сүйікті аты Құлагерді қосады. Алтайдан келген Батыраш байдың атақты жүйрігі Көктұйғын да осы бәйгеге арнап қыстай бапталған. Құлагердің келгенін естіген Батыраштың «қызғаныштан іші өртенеді».

Сюжеттің дамуы – Бәйгеге қосылатын аттарға Күреңбай сын айтады. Ол Құлагерді ары-бері қарап, «бүгінгі бәйгеде тап осы жылқы бәйге алады» деп болжам жасайды. «Халық Күреңбайдың сөзін естіп, тұрып қалды» делінген.



Сюжеттің шиеленісуі

Ат саны барған сайын бірден өсті,

Атқа еріп, тамашалап халық көшті.

Аттарды жазып-сызып көрушілер

Санақшы санын бір мың үш жүз десті.


Қызыл шыт тартып беріп баласына,

Көп аттың қоя берді арасына:

  • «Алдыңа бір-екі-ақ ат салып отыр,

Келгенше сонау жердің шамасына.


Бұл айдау – қырған жорық, байқап отыр,

Барғанша бұлаң құйрық, шайқап отыр;

Жел жақта шаң қаптырма, ұрма, қалқам!

Тек қана тізгін қағып жайқа отыр.


Қайтарда тізгініңді тежеп отыр,

Тақымды қамшы салмай безеп отыр.

Бол да отыр бірдің соңы, ызаң озба,

Тек қана бір мөлшерді көзде де отыр.


Көрдің бе, сонау жатқан көк өзекті?

Өткенде сол өзектен салшы тепкі;

Қоя бер басын сонда, қарғатайым!

Өзі алар онан кейін қалған бетті.



Бәйгеге мың үш жүз ат қосылды. Бәйгенің алдында Ақан баласы Ыбанға ақыл-кеңес береді. Барғанша ұрма, қамшы салма, озба деп айтады. Көк өзекке келгенде тепкі сал, аттың басын қоя бер дейді.


Шарықтау шегі

Алуан ат – торы осында, қара осында,

Не саңлақ, сәйгүліктің бәрі осында.

Күңіреніп, кең даланы дүбірлетіп.

Төгілді ат Ерейменнің саласына.


Жер бетін қағып ұшқан құстай шүйгіп,

Адақтап барған сайын шықты жүйрік.

Төртеудің мың үш жүзден мойны озып,

Құлагер келе жатты тістеп құйрық.


Сонымен Ерейменге төрт ат кетті.

Төрт бала барған сайын ұзап кетті,

Қара үзіп қала берді өзге бала,

Қалғанды қорлық теуіп, ыза ап кетті.


Созылды осы төрт ат көл айнала,

Алдына екі ат шықты жеке дара.

Өтетін ат қылт етіп жыланды өзек,

Суы жоқ, бұрасы көп – жырықана.


Құлагер жеткізсін бе жекпе-жекке,

Келеді басын тартып, қорқып текке.

Көк атты қағып, соғып омыраумен,

Ағындап келіп түсті көк өзекке.



Бәйгеде мың үш жүз аттан төртеудің мойны озып шығады. Көл айнала барғанда алдына екі ат шықты жеке дара. Ол – Ақанның Құлагері мен Батыраштың Көктұйғыны еді. Құлагер омырауымен Көктұйғынды қағып-соғып ағындап келіп түсті көк өзекке.


Шешімі

Қара жоқ, мыңдаған ат қалды артта,

Өзге аттар әлде қайда бұл мезетте;

Құланың басын қоя бермек еді,

Кезекті бір тосқауыл осы өзекте.


Қусақтың осы қылта мойынында,

Аттардың шауып өтер жолы мұнда;

Кек кернеп, жасырынып тұрды біреу,

Бір жаман осы өзекте ой қылуға.



Бәйгеде мың үш жүз аттан Көктұйғын мен Құлагер озып келе жатады. Батыраштың жіберген қарақшылары Құлагерді көк өзекте күтіп тұрып, айбалтамен шауып, мерт қылады.

  1. Бейнефильмнен үзінді көру.

Мұғалімнің сөзі. Ақан Құлагерін жоқтап ән шығарады. Құлагердің бас сүйегін алып, елден безіп, тауда жалғыз өмір сүреді.Құлагер азасына байланысты дүниеге Ақанның «Бай, бай, Құлагер-ай» әні келеді. Асқа жиналған жұрт Құлагер азасына арналған Ақанның әнін еліне алып қайтады.

Ү. Қортынды жасау. Кестені толтыру.

Құлагер трагедиясы.


Ақан трагедиясы

Ақын трагедиясы.









Ілияс Жансүгіровты қазақ әдебиетінің Құлагері деп атайды. Екеуінің арасында қандай ұқсастық бар?

Екеуінің дүлдүлдігін былай қойғанда, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық бар. Бәйгенің алдын бермейтін қас жүйріктерге ғана тән намыскерлікпен зымырап келе жатқан Құлагер Жыландысайға келгенде жұлдыздай аға жөнеледі. Сол сәтте қалтарыстан тап берген қарақшы кер құланы маңдайдан айбалтамен періп өтеді де, қайран тұлпар қара жерге гүрс етіп құлап қала береді.

Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде арындап алға шыққан шағында Ілияс та сталиндік репрессияның құрбаны болып қаза тапты.

ҮІ. Үй тапсырмасы.

Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасынан алған әсерің туралы досыңа хат жаз.

ҮІІ. Оқушылардың білімін бағалау.

















Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы. Поэмадағы трагедиялық сипат.
  • Другое
Описание:

Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы. Поэмадағы трагедиялық сипат.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

  • Поэманың мән-мағынасын түсіндіру арқылы негізгі ойды ажырату;
  • Ақынның ойын, көзқарасын оқушылардың өздеріне жұмыс істете отырып меңгерту;
  • Оқушының өзіндік ойының қалыптасуына ықпал ету;

Дамытушылық:

  • Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу тілін дамыту; ойлануға, ой қорыта білуге дағдыландыру;
  • Мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
  • Танымдылығын кеңейту;

Тәрбиелік:

 

  • Адамдық асыл қасиеттерге ұмтылуға, ізгілікке тәрбиелеу;
  • Қызығушылығын оятып, білімділікке ұмтылуға тәрбиелеу;
Автор Хазгалиева Камиля Камилевна
Дата добавления 01.04.2015
Раздел Другое
Подраздел Планирования
Просмотров 2641
Номер материала 59041
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓