Главная / Иностранные языки / Ілияс Жансүгіров «Күй» поэмасы

Ілияс Жансүгіров «Күй» поэмасы




Сабақ тақырыбы: Ілияс Жансүгіров «Күй» поэмасы

Сабақ мақсаты: білімділік :ақын шығармашылығына шолу жасап, «Күй» композициялық мазмұнымен танысу, негізгі идеясын анықтау.

Дамытушылық:сын тұрғысынан ойлау компоненттері арқылы оқушылардың ойлау әрекеттерін арттыру, ой еркіндігін, сөйлеу мәдениетін арттыру

Тәрбиелік: эстетикалық тәрбие беру

Жабдықталу: интерактивтік тақта, қобыз, домбыра суреттері

Сабақ түрі: сын тұрғысынан ойлау сабағы

Сабақ әдістері: ассоциация, бес жол өлең

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Жаңа сабақ

Балалар, біз бүгін еліміздің дүл-дүл ақыны Ілияс Жансүгіровтың шығармашылығымен танысамыз.Жансүгіров 1894 жылы Жетісу Жерінде Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Ол балаларға арнап өлеңдер жазған.Өлеңдері туған жері Жетісуға арналады («Жер таппан жерге жетер Жетісуым».

«Домбырасыз ән қайда?»өлеңі бар. Ақынның аса ірі туындылары- поэмалары. Олар: «Күйші», «Дала», «Құлагер» ,«Күй». Бұл шығармалары өнер тақырыбына жазылған.Бүгін біз «Күй» поэмасына тоқталамыз.

Жұмбақ жасырынып , сабақтың тақырыбы ашылады.

Жүректi баурар үнi бай,

Баршаға ортақ тiлi бай . (музыка)

І.Қызығушылық ояту үшін «ассоциация» әдісі арқылы ойларын жинақтау



Күмбірлейді зарлайды

Күй

музыка жанры

әуен домбыра

қобыз

саз күйші

сазгер

көңіл-күйді көтереді

Құрманғазы Дина Ықылас


ІІ. Мағынаны ажырату

Поэманы оқыту (кітапта үзінді берілген)

Түсіндірме жұмыс:

Апақ- сапақ - кешқұрым





Ақшам – кешкі намаз уақыты

Қолқалату- жалынып сұрау

А. Поэманы оқушылар кезекпен дауыстап оқиды.

-поэманың композициялық құрылымын талдау:

А.кіріспе

1.Молықбай шал қандай аспапта ойнады?(қобызшы Молықбай шал туралы баяндау)

(тиісті жерін мәтіннен балалар оқиды

...дейтұғын «кәне, балам, әпер қобыз!»

Ә.Негізгі бөлім( «Бозінген» күйі туралы)

Б.Қорытынды (күйдің адам өміріндегі маңызы)

Сергіту сәті.

Жасырынған аспаптың атын дұрыс айту.

Ұзын мойын,

Екі ішек.

Қатар – қатар текпішек.

Басып көрсең бір – бірлеп,

Үн шығады күмбірлеп.

(Домбыра)

Шығарма бойынша жоспар құру:

1.Молықбай шал-шебер қобызшы.

2.Күтімдегі сұлу, маңғаз інген.

3.Керуенге сатылған інгеннің зары.

Мәтіннен көркемдегіш құрал, бейнелі сөздер іздеу.

-өлеңнен теңеу жолдарын іздеу:

Екі көз жасты өзендей сорғалатып,

Төрт табан құмды қосып нан илеген.

-кейіптеулерді тауып оқу (кейіптеудің ережесін айту)

Табиғат құбылыстарын жандандырып, кісі кейпінде суреттеу тәсілін

кейіптеу деп атайды.

Сыр суы көңілі босап сыңқылдаған,

Тұнжырап жиде, жыңғыл дым үндемей,

Күйініп көкте жұлдыз, жел жылаған.

Селеулер жел оятқан билеген би.













ІІІ. Рефлексия

Сабақты қорыту:

Сұрақ: Оқиға қалай аяқталды?

Молықбай шал қай кезде ойнауын қойды?

Өзіңе қобыздың үні қалай әсер етті?

Поэманың мазмұны бойынша қобыздың қай кезде зарын естідіңдер?

Венн диаграммасы бойынша қобыз бен домбыраны салыстыру


Домбыра

күмбірлейді

Қобыз

зарлайды

Ішекті аспап

Қуысты

Мойыны бар

Ағаштан жасайды

Шебер

Күй














Бес жол өлеңмен сабақ аяқталады:

Күй

Зарлы , көңілді

Ойнайды,асқақтайды,тыңдайды

Құрманғазы-қазақ белгілі күйшісі

әуен



Сабақ белгілі Еуропа сазгері Авербахтың сөзімен аяқталады:

Музыка- бүкіл әлемдік тіл; оны аударудың қажеті жоқ, ол тілде жан мен жан тілдеседі.

Үй жұмысы: поэма бойынша сурет салып келу

«Қазақтың күйі- қазақтың жаны» атты шағын әңгіме жазып келу



















Бiр құлаштай сабы бар,

Бунақтары тағы бар.

Басы ұқсас қайыққа,

Жолықтырар ойыққа,

Қос танабы тартылған,

Ұзына бойы ән тұнған. (Домбыра)



Ілияс Жансүгіров «Күй» поэмасы
  • Иностранные языки
Описание:

ақын шығармашылығына шолу жасап, «Күй» композициялық мазмұнымен танысу, негізгі идеясын анықтау. Дамытушылық:сын тұрғысынан ойлау компоненттері арқылы оқушылардың ойлау әрекеттерін арттыру, ой еркіндігін, сөйлеу мәдениетін арттыру

Тәрбиелік: эстетикалық тәрбие беру

Жабдықталу: интерактивтік тақта, қобыз, домбыра суреттері

Сабақ түрі: сын тұрғысынан ойлау сабағы

 

Сабақ әдістері: ассоциация, бес жол өлең

Сабақ белгілі Еуропа сазгері Авербахтың сөзімен аяқталады:

 

Музыка- бүкіл әлемдік  тіл; оны аударудың қажеті жоқ, ол тілде жан мен жан тілдеседі.                              

«Домбырасыз ән қайда?»өлеңі бар. Ақынның аса ірі туындылары- поэмалары. Олар: «Күйші», «Дала», «Құлагер» ,«Күй». Бұл шығармалары өнер тақырыбына жазылған.Бүгін біз «Күй» поэмасына тоқталамыз.

 

Жұмбақ  жасырынып , сабақтың  тақырыбы  ашылады.

 

Автор Даниярова Салтанат Абулгапаровна
Дата добавления 06.01.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел
Просмотров 2536
Номер материала 37521
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓