Главная / География / Литосфера және оның даму заңдылықтары

Литосфера және оның даму заңдылықтары

Сабақ №8 мерзімі:


Сабақтың тақырыбы: Литосфера және оның даму заңдылықтары.

Сабақтың мақсаты: Білімділік.Литосфера бөлігінің, тектоникалық ғылымы, материктік пен мұхиттық платформалар туралы білім беру.

Дамытушылық: Литосфералық плиталарды кескін картаға кескіндеу арқылы оқушылардың білімдерін жетілдіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Географиялық білімге, мәдениетке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, репродуктивті.

Сабақтың барысы: І: Ұйымдастыру кезеңі 1 мин. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ: Өткен тақырыпты қайталау үшін сұрақтар қою.

  1. Тау жыныстарының жасын анықтау әдістері.

  2. Геохронологиялық кесте.

  3. Тектоникалық ғылымы нені зерттейді?

  4. Платформа деп нені атайды?

  5. Ең ежелгі тау қатпарлығы туралы не білесің?

  6. Силур, девон дәуірінде қалыптасқан қатпарлықтар.

  7. Жас платформалар немесе эпигерциндік плиталарды кескін картадан көрсет.

  8. Мезозой эрасының кезеңі.

  9. Палеоген, неогенде жүрген тау жасалу қозғалыстары.

  10. Неотектоникалық қозғалыстар дегеніміз не?

ІІІ: Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  1. Жер шарын жұқа, қатты қабық литосфера бөлігі болып табылады. Литосфераның жоғары бөлігі 8 химиялық элементтен тұрады: 2-кестеден қарау.

Тектоникалық ғылымы нені оқытады? (геосинклиналдық даму жайында). Материктік жер қыртысы екі бөліктен тұрады:

платформаға

геосинклиналға

Жер қыртысының үздіксіз даму нәтижесінде геосинклиналдар платформаға айналады, бұл процесс екі кезеңнен тұрады:

Алғашқы кезең

Екінші кезең

Қатты майысып, су басқан жер қыртысының ойыстарында қалыңдығы 15-20 км жететін шөгінді жыныстар жиналады. Жердің ішкі қойынауында күштер арасалмағы өзгереді.Нәтижесінде, жерсілкінулер, жаңартау атқылаулары, қатпарлану жүреді.Осылайша биік таулар пайда болады.

Тау жүйелері сыртқы күштердің әсерінен үгіліп аласарады.

Соңғы кезде ғалымдар арасында литосфералық тақталар қозғалысы теориясы-литосфералар бір-бірінен терен жарылыстармен, рифтілермен бөлініп тұрады.

Картадан көрсету. Рифтілердің орналасуы. Дүниежүзілік мұхит астында. Олар материктік және мұхиттық болып бөлінеді. 8-суреттен дәлелдерді келтіру.Геологиялық уақыт аралығында олар өзгеріске түсті.

Литосфералық тақталар қозғалысы туралы түсіндіру.

  1. Литосфера өзіне нені қамтиды? Оның құрамы мен құрылысы.

Материктік жер қыртысы

Мұхиттық жер қыртысы

Жоғары бөлігі шөгінді жыныстардан тұрады.төменде гранит пен бальзат.

Платформалар мен геосинклиналдар жіктеледі. Жазық платформалар 53%, Шығыс еуропа, Батыс сібір, Ұлы Қытай, Ұлы жазық, орталық жазық, Амазонка, Ла-Плата.

Гранит қабаты жоқ. Шөгінді қабаты жұқа болады.

Шекаралас аймақтарда өтпелі сипат. Тынық мұхитта кездеседі.

Платформаларды қалқандар мен тақталар құрайды.

Қалқандар-кристалды жыныстар жер бетіне шығып тұрады.Қыратты-үстірт,Үгілу баяу жүреді. Тақта-платформаның қалқаннан тыс, шөгінді жыныстармен жабылған бөлігі.

Неотектоникалық қозғалыстар әсерінен платформалар қозғалмалы сипат алады. Мәселен, Қытай платформасы, бірнеше бөліктерге ажырап кеткен, жер сілкіну жиі болып тұрады. Сондықтан параплатформа деп атайды.

Ішкі күштердің әсерінен платформалардың терең жарықтар пайда болады.Сібір мен Үндістан платформалар бағалы металдарға бай.

Антиклинарийлер, синклинарийлерге түсініктер беру.

Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақта нені білдіңдер?

Несімен сабақ қызықтырды?

Қандай сұрақтар болды?

Нені тағы да білгілерің келеді?

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру.Кескін картадан литосфералық плиталарды кескіндеу.



Литосфера және оның даму заңдылықтары
  • География
Описание:

1.     Жер шарын жұқа, қатты қабық литосфера бөлігі болып табылады. Литосфераның жоғары бөлігі 8 химиялық элементтен тұрады: 2-кестеден қарау.

Тектоникалық ғылымы нені оқытады? (геосинклиналдық даму жайында). Материктік жер қыртысы екі бөліктен тұрады:

платформаға

геосинклиналға

Жер қыртысының үздіксіз даму нәтижесінде геосинклиналдар платформаға айналады, бұл процесс екі кезеңнен тұрады:

 

Алғашқы кезең

Екінші кезең

Қатты майысып, су басқан жер қыртысының ойыстарында қалыңдығы 15-20 км жететін шөгінді жыныстар жиналады. Жердің ішкі қойынауында күштер арасалмағы өзгереді.Нәтижесінде, жерсілкінулер, жаңартау атқылаулары, қатпарлану жүреді.Осылайша биік таулар пайда болады.

Тау жүйелері сыртқы күштердің әсерінен үгіліп аласарады.

Автор Арынтаева Лазат Жумашевна
Дата добавления 21.12.2014
Раздел География
Подраздел
Просмотров 1771
Номер материала 9405
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓