Главная / Начальные классы / "Әліппемен қоштасу" 1-сынып

"Әліппемен қоштасу" 1-сынып

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі

Дайындаған: Хамитова Мөлдір Нұржанқызы

Тақырыбы: Таныстырған 42 әріппен

Қош бол, менің қасиетті Әліппем!

Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс-әрекеттері  арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту.Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру.Оқушылардың ата-ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Әліппе, Ана тілі, Математика макеттері, нақыл сөздер, шарлар, әріптер таңбалары мен цифрлар т.б., слайд

Музыка ойнап тұрады.  Сахнаға хан мен оның кішкене қызы шығады. 
Уа, халайық! Армысың,
Ағайын туған, бармысың
Жарлығымды тыңдаңдар, 
Босқа қарап қалмаңдар
Мен сендерге сенемін
Қызымды мектепке апарғанға
Ат басындай алтын беремін
Қызы: Жоқ, әке
Бұл не дегенің?
Оқымай-ақ мен бәрін білемін
Сабақ, оқу, әріп, жазу
Дәптер, кітап – ол не керек?
Ол не беред?
Мен сұлумын, ханшамын
Тәтті қыздың бірімін
Оқуыңа өзің бар,
 Керек емес білімің
Тазша бала: Уа, тақсыр, армысыз, 
Ханшайымда бармысыз,
Жақсы хабарым бар, 1 «а» сыныптың оқушылары, Әліппемен қоштасу тойын тойлап жатыр, соны көріп ханшаның пікірі өзгерер, қонаққа барып көрелік.
Хан: Ойбай, қызыма көмегі тисе, жүр, түс алға!

Оқушы: Армысыздар аяулы ұстаздар, құрметті атааналар бүгінгі 1 «а» сынып оқушыларының: Таныстырған 42 әріппен, Қош бол, менің қасиетті Әліппем! атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Оқушы:

Нұржан: Кешегі сәби балаңыз, 
 Жарады міне қараңыз. 
 Ғылым, білім жолына 
 Енді қайық саламыз. 

Радомир: . Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Хош келіпсіз ұстаздар, ата – аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.



Ұлдар, ұлдар тоқтаңдар! Құр мақтан сөзбен ешкімді сендіре алмаймыз. Одан да мына қонақтарға өз өнерімізді көрсетуге асығайық.

Хан мен оның қызы келеді: Уа, халайық осында 1 «а» сыныбының әліппемен қоштасу кеші болып жатыр деп естіп едім сол распа? Осы кешке арнайы қызымды алып келдім бір көмегі тиер деп. Егер қызыма осы 1 «а» сыныбы ұнаса осында оқуға қалдырамын.

Оқушы: Йа, атай сіз шатаспай келдіңіз қош келдіңіз біздің кешімізге, төрлетіңіз.

Ендеше біздің оқушыларымыздың өнерін тамашалаңыз!

Ортаға қара жорға биімен бүлдіршіндерімізді қарсы алыңыздар.

Оқушы: Айтыңдаршы, 
 Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Оқушылар: Ол –әліппе.
Мұғалім: Ендеше, бүгінгі кешіміздің басты қонағы әліппені ортаға шықырайық.

Әліппе...Әліппе......Әліппе


(Музыка қосылып, балалар әліппені тосады)
Мұғалім: Әліппе неге кешікті екен?
Осы кезде электронды почтаға хат келіп түседі. 
Оқушы : Балалар, жолда досын ертіп келе жатқан әліппені ҚЫС ХАНШАЙЫМЫ  ұстап алыпты. Оның бізге мынадай талабы бар екен. Егер оның жұмбағына дұрыс жауап берсек ол біздің досымыз әліппені босатады екен.





Бетін адам ашады  

Білім нұрын шашады .(Кітап) 

Үйреткен білімді, 
42 білімді (алфавит)

Қабат-қабат қаттама 
Ақылың болса аттама (кітап) 


Оқушылар қыс ханшайымының сұрағына жауап беремізбе? (ендеше құлақ түлелік)

Жарайсыңдар балалар сендер қыс ханшайымының сұрағына дұрыс жауап бердіңдер , ендеше ортаға Әліппені шақырайық.!

Әліппе ортаға шығады: 
 
 -Армысыңдар жас достар! 
 Армысыңдар, ата-ана! 
 Болашаққа жол бастар, 
 Әліппең келді ортаға. 
 Білім деген ғажаптың, 
 Әліппесін меңгерген. 
 Келешегі қазақтың, 
 Басталады сендерден. 
Жақсы білім көрімдік, 
 Болсын бізге халайық. 
 Не үйретіп, не білдік, 
 Қане, ортаға салайық! 

Нұржан: Бар кітапқа бас болған,
Әліппе-ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.


Радомир:Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі
Соғылған сомдап алтыннан
Әліппе - білім бесігі

Нұрмұхаммед: Әліппе сауатыңмен санамды аштың
Достарыммен теңдес араластым
Үйреніп әріптер мен әңгімені
Күн сайын алға қарай қадам бастым.

Би: 2 сынып оқушыларын барбарики биімен қарсы алайық.

Мұғалім: балалар, енді әліппемен қоштасар сәтте келіп жетті. Әліппе кітабынан әріптерді танып білдік. Ұқыпты, таза ұстадық.
Ертең алтыға толатын, 
Сендердей оқушы болатын
Әліппені алып қолына
Үлгілі шәкірт болатын кішкене бүлдіршінге әліппені тапсырайық.

( әліппе кітабын бүлдіршінге тапсырады)

Әліппе: Білімнің көп қой саласы, 
Әліппе соған  жолбасшы
Ғылымның қиын жалғасын
Басқа кітаптан табарсың! 
-    Қош болыңдар, балалар! 

Оқушы: балалар біреу есікті қағама тыңдап көрейікші.

Ортаға ана тілі келеді.

Ана тілі: Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

Балалар мен алыс жолдан сендерге білім нәрін әкеле жатырмын менде қызықты ертегілер, әңгімелер, жұмбақтар бар менімен жақын танысқыларын келеме!

(Балалар хормен йа деп жауап береді)

Мұғалім: Ана тілі отырып оқушылардың өнерін тамашалаңыз.

Оқушы: Ана тілін ақтандар,
Ана тілін сақтандар.
Ана тілмен безеніп
Ата берсін ақ таңдар.

Ән: Болат Армат « Тайбурылдың шабысы»

Хан: маган осы сынып қатты ұнады мен қызымды осы сыныпта оқуға қалдыраман.

Йа, әке шынында да білімді балалар екен осы сыныпта қаламын. Олармен дос болуға қарсы емеспін.

Оқушылар ханшайымды өзіміздің сыныбымызда қалдырамызба?

Йа, әрине қалдырамыз. Бірақ біздің сыныпқа өтпестен бұрын бізге бір өнерін көрсетсін.

Жарайды: сендерге бір ән орындап берейін.

Оқушы: Балалар, енді әліппеден басқа да қызықты кітаптарды оқи алады. Бізге қонаққа кітапханашы Өзипа апайымыз келіп отыр. Өзипа апайымызға сөз берейік.
Кітапханашы: Балалар, мені мерекелеріңе шақырғандарың үшін көп рахмет. Сендер енді өз беттеріңмен оқи аласыңдар. Кітапханада әдемі, балаларға арналған кітапшалар көп. Мен сендерге бүгінгі мерекелеріңе сыйлық ретінде бірнеше кітап ала келдім. (Кітаптарды балаларға таратады, «Ана тілі» таратуға көмектеседі).
Ана тілі: Балалар, енді басқа да қызықты кітаптар оқитын боласыңдар. Ынта қойып оқысаңдар көп нәрсеге үйренесіңдер.
Балалар мен сендермен шаттық шеңберін құрғым келіп тұр.

Барлығымыз ортаға жиналайық.

Шаттық шеңбері «Кім болам»



Мені таза ұстауға, мені жақсылап оқуға уәде бересіңдерме?

Ендеше барлығымыз бірге ант қабылдайық.

Ант қабылдау
 Отанымды с
үюге
жа
қсы оқуға

Ата анамды сыйлауға
9.
Үлкеді құрметтеуге
10. Кішіге
қамқор болуға
Барлы
ғы хормен:
Ант етеміз, Ант етеміз, ант етеміз

Оқушы: - Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз. Ендігі ән сіздерге арналады.
Ән: «Айналайын ақ мамам!»

-Қымбатты оқушылар, сендерді мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймын! Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!


Макаров жалпы орта білім беретін мектебі









Таныстырған 42 әріппен

Қош бол, менің қасиетті Әліппем!

( сыныптан тыс шара)





Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі

Хамитова Мөлдір Нұржанқызы







2014-2015 оқу жылы


"Әліппемен қоштасу" 1-сынып
  • Начальные классы
Описание:

Дайындаған: Хамитова Мөлдір Нұржанқызы

Тақырыбы: Таныстырған 42 әріппен

Қош бол, менің қасиетті Әліппем!

Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту.Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру.Оқушылардың ата-ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Әліппе, Ана тілі, Математика макеттері, нақыл сөздер, шарлар, әріптер таңбалары мен цифрлар т.б., слайд

Музыка ойнап тұрады. Сахнаға хан мен оның кішкене қызы шығады.
Уа, халайық! Армысың,
Ағайын туған, бармысың
Жарлығымды тыңдаңдар,
Босқа қарап қалмаңдар
Мен сендерге сенемін
Қызымды мектепке апарғанға
Ат басындай алтын беремін
Қызы: Жоқ, әке
Бұл не дегенің?
Оқымай-ақ мен бәрін білемін
Сабақ, оқу, әріп, жазу
Дәптер, кітап – ол не керек?
Ол не беред?
Мен сұлумын, ханшамын
Тәтті қыздың бірімін
Оқуыңа өзің бар,
Керек емес білімің
Тазша бала: Уа, тақсыр, армысыз,
Ханшайымда бармысыз,
Жақсы хабарым бар, 1 «а» сыныптың оқушылары, Әліппемен қоштасу тойын тойлап жатыр, соны көріп ханшаның пікірі өзгерер, қонаққа барып көрелік.
Хан: Ойбай, қызыма көмегі тисе, жүр, түс алға!

Автор Хамитова Мөлдір Нұржанқызы
Дата добавления 06.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Планирования
Просмотров 2384
Номер материала 58950
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓