Инфоурок Начальные классы КонспектыӘліппемен қоштасу (1 класс)

Әліппемен қоштасу (1 класс)

Скачать материал

«Қош бол, сүйікті Әліппе»

Мақсаты: 1. Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін қорыту, төрт айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлері мен

іскерліктерін ата – аналарға көрсету.

2. Өз ойларын ашық, еркін айту, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін, жан – жақты білімдерін, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту,

талғамдарын дамыту.

3. Білімге деген сүйіспеншіліктерін, білім алуға, өнерге деген құштарлықтарын арттыру. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін - бірі сыйлауға, өзін – өзі дұрыс ұстауға, ұжымшылдыққа, әсемдікке, еңбекке баулу, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Безендірілуі: мазмұнды суреттер, әліппе туралы тақпақтар жазылған көрнекіліктер, нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, кеспе әріптер, «Әліппе», «Ана

тілі» оқулығының макеттері, слайдтар,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Музыка ойнап тұрады.

1 - жүргізуші:

Так, так, так
Бәрің бері қара!
Бүгін бізде
Болмақ қандай шара?
2 – жүргізуші :

Келеді бүгін мектепке,
Ән салып, би билеуге.
Қоштасқалы отыр екен
Сүйікті кітап Әліппемен.

1-жүргізуші:

Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ.

2-жүргізуші:

Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан әліппені бітірдік қой, Айзада !

1-жүргізуші:

Ия, Айбат. Біз енді алыстағы туыстарымызға өзіміз-ақ хат жаза аламыз.
2-жүргізуші:

Біз енді кез-келген сөздерді, сөйлемдерді тіпті қысқа әңгімелерді де оқи аламыз.

1-2-жүргізуші:

Осы біздің мұғаліміміз  бен оқушылар қайда екен?

2-жүргізуші:

Айзада, менде бір сиқырлы дүрбі бар, кел көрейік.

1-жүргізуші:

 Ой, біздің мұғалім  әліппе тойы қалай өтеді деп уайымдап тұр ғой.
2-жүргізуші:

Ал, оқушылар ше?
1-жүргізуші:

Олар қызу дайындықта.

2-жүргізуші:

 Берші, менде көрейін.

Олар әне келеді.

Қой, қарсы алайық!
1-жүргізуші:

 Еңбегімен елге сыйлы,
Барлық адам мақтаған.
Бізге оқытқан Әліппені
Ұстазымыз жақсы адам,-   деп  Динара  апайымыз бен оқушыларды ортаға шақырамыз.

(Музыка ойналып, оқушылар  келіп, орындарына тұрады)

1 – оқушы  Наргиз :

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
2 – оқушы  Ербұлан :

Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Мұғалімнің сөзі.

Армысыздар, құрметті ертеңгілікке келіп отырған қонақтар, ардақты ұстаздар, қадірменді ата - аналар. Бүгін сіздер 1 "В"сынып оқушыларының әзірлеген «Әліппе деген — алтын жол» — атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Бүгін бізде үлкен мереке, зор қуаныш. Алдарыңыздағы кішкентай бүлдіршіндер осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қуанышпен, әрі жүрексіне аттап келгенде, алғаш қолдарына ұстаған оқулығы «Әліппе» болса, бүгінгі күн сол әліппені аяқтап, білім асуының алғашқы белесінен асып отыр. Әрине, бұл балалар үшін жетістік, жеңіс! Әліппе – бұл бүкіл ғылымның алғашқы есігі, білім шыңына бастайтын алғашқы соқпақ. Ендеше, сіздерді осы асуды, осы белесті бағындырған шәкірттерімнің білімін, өнерін тамашалауға шақырамын.

Мұғалім:

Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың!

Видео  «Ғажайыптанға саяхат»

-Балалар біз әріптерді қайдан үйрендік?

-Әліппе оқулығы - бүкіл ғылымның алғашқы соқпағы, білімге бастар алғашқы жолы.

-Ендеше, құрметті бүлдіршіндер, Әліппемізді құрметпенен шығарып салуға кірісейік!

Олай болса, ортамызға бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!

 

 

 

Әліппе:

Армысыздар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне, ортаға салыңдар.

1-жүргізуші:

Төрлет, Әліппе, қонақ бол!

Ал, қанекей, балалар, сөз кезегі өздеріңде. Әліппеге арнап, өз өнерімізді көрсетейік!

Асылай:                                                                                

Талабы биік таудаймыз,

Мың бұралған бишіміз.

Біз қызықпыз, қызықпыз,

Кейде еркелеу, бұзықпыз.

Мирас :

Біз шеберміз,

Ақылдымыз.

Көңілдіміз,

Үлкендерге ізеттіміз.

Кішкентайларға қамқоршымыз,

Жақсылықты ұнатамыз,

Жамандықтан тез қашамыз.

2-жүргізуші:

1 «В» сынып қыздары мен ұлдарының орындауында  Би: Вальс

1-жүргізуші: 

«Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға»,- деп Абай атамыз айтқандай, 42 әріпті үйретіп, білімге жетелеген алғашқы  ұстазымызға алғысымызды айтып, әнімізді, тақпақтарымызды арнаймыз.

Ерәли:

Ең алғаш алғанымда әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?

Ұстазым оның кілтін алып берді.

Е.Алинұр:

Білім алып мектепте

Талай пәнді оқимыз

Мұғалімнің айтқанын

Зердемізге тоқимыз.

Мұғалім:

Балалар, мен сендерге мынадай сұрақ қойғым келіп тұр, сендер жауап бере қойыңдаршы.

- Іші толы әріпке,

Білімдіге жарық не?

Хормен:

Болашаққа жол ашар -

Ол - сүйікті Әліппе!

Хор: Әліппе

Ендеше, балалар, біз сендердің  әліппеден алған білімдеріңді тексеріп көрейік.

Слайд арқылы жанауарларды табу (жұмбақ шешу)

 «Білімді аңдар»  көрінісі                   

Мұғалім:

Балалар! Сендер әліппемен  ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?

Оқушылар: Математика, дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.

Ендеше қазір мен сендерге тапсырма беріп,  математика пәнінен білімдеріңді тексеремін.

«Алма теру» ойыны.(Карточкаларды алып артындағы есептерді шығару)

Мұғалім:

- Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?

Адлан:

Әліпбиді білдіңдер,

Әр әріпті танып дәл.

Біздің қазақ тілінде,

Қырық екі әріп бар.

У.Тамерлен:

Алфавиттің «А» тұрады басында,

Әрқашанда «Ә» тұрады қасында,

Байқадың ба, «Б» тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде түсінші!?

Нұрасыл:

«А» деген ол аналар ғой ардақты,

«Ә» деген ол әкелер ғой салмақты.

«Б» деген ол балалар ғой әдемі.

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Алшақ кетпей сондықтан да расында,

Тұрады олар алфавиттің басында.

Алуа:

Әліппем менің Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

 Ертеңгі сәуле жарықпен.

Ақкөл:

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те,

Оқимыз қазір ертек те,

Үйреткен оны Әліппе!

Дияс:

Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.

К.Темирлан :

Әсем ою өрнекпен,
Көмкерілген Әліппем.
Сен болмасаң білімге,
Бастайтын жолды біліп пе ем?
Нұрлы:

Енді жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің әліппе.

Лаура:

Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің.

Дильназ:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп, шықты міне балаңыз.

2-жүргізуші: Әліппемен қоштасатын сәтте жетті. Келесі сөз кезегін Әліппеге береміз.

Әліппе:

Ал, достар! Бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілі пәнін ортаға шақырайық!

Ана тілі:

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Туған елдің тілімін,

Ақылыммен танылам.

Түсіндірер бәріңе,

Ана тілі мен болам!

Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.

(«Ана тілі» төрге шығып отырады)

 

1-жүргізуші

Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз. Ендігі ән- шашуымыз сіздерге арналады.

 

 

 

Т.Алинур:  

Бұл мереке сенің арқаң анашым, 
Бір мен үшін керектіні табасың.
Балаң жақсы деген сөзді естісең, 
Күлімсіреп, қуанып бір қаласың.

Адема:

Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі.

Шаншылмасын ешқашан,

Аналардың жүрегі.

Аян:

Ақыл құйған санама,

Күннен де артық расында.

Күн - алыста, ал анам,

Ылғи менің қасымда.

 

2-жүргізуші::
Келесі би сіздерге арналады, аяулы ата-аналар , қабыл алыңыздар!
«Ли-ли поп» биі

 

Мұғалім:

Құрметті қонақтар, сіздер 1 «В»сынып бүлдіршіндерінің сүйікті Әліппелерімен қоштасуларының куәсі болдыңыздар.

Бүгінгі кеш әр үйдің,

Той басы деп саналар,

Балалардың есімі,

Әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан,

Ертеңгілік соңында,

Ақ тілекпен баршаға

Тілек айтар қонақтар.

Құттықтау сөздер: ұстаздарға, ата - аналарға

 

1. Шәкірттерімді Білім әлемінің беташары Әліппені табысты аяқтауымен құттықтап, білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын дей отырып, сөз кезегін мектебіміздің директорына беремін.

2. Әліппені жақсы меңгеріп, сауатты жазып оқуларыңа ата - аналардың қосқан үлесі мол. Сіздерге алғысымызды білдіре отырып, келесі құттықтау сөзді сіздерге беремін.

 

Қорытынды

 

 

 

 

 

 


 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әліппемен қоштасу (1 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Қош бол, сүйікті Әліппе»Мақсаты: 1. Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін қорыту, төрт айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлері меніскерліктерін ата – аналарға көрсету.2. Өз ойларын ашық, еркін айту, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін, жан – жақты білімдерін, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту,талғамдарын дамыту.3. Білімге деген сүйіспеншіліктерін, білім алуға, өнерге деген құштарлықтарын арттыру. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін - бірі сыйлауға, өзін – өзі дұрыс ұстауға, ұжымшылдыққа, әсемдікке, еңбекке баулу, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.Безендірілуі: мазмұнды суреттер, әліппе туралы тақпақтар жазылған көрнекіліктер, нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, кеспе әріптер, «Әліппе», «Анатілі» оқулығының макеттері, слайдтар,Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру.Музыка ойнап тұрады. 1 - жүргізуші:Так, так, так Бәрің бері қара! Бүгін бізде Болмақ қандай шара?2 – жүргізуші : Келеді бүгін мектепке, Ән салып, би билеуге. Қоштасқалы отыр екен Сүйікті кітап Әліппемен.1-жүргізуші: Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ.2-жүргізуші: Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан әліппені бітірдік қой, Айзада !1-жүргізуші: Ия, Айбат. Біз енді алыстағы туыстарымызға өзіміз-ақ хат жаза аламыз.2-жүргізуші: Біз енді кез-келген сөздерді, сөйлемдерді тіпті қысқа әңгімелерді де оқи аламыз. 1-2-жүргізуші:Осы біздің мұғаліміміз бен оқушылар қайда екен?2-жүргізуші: Айзада, менде бір сиқырлы дүрбі бар, кел көрейік.1-жүргізуші: Ой, біздің мұғалім әліппе тойы қалай өтеді деп уайымдап тұр ғой. 2-жүргізуші: Ал, оқушылар ше?1-жүргізуші: Олар қызу дайындықта.2-жүргізуші: Берші, менде көрейін. Олар әне келеді.Қой, қарсы алайық!1-жүргізуші: Еңбегімен елге сыйлы, Барлық адам мақтаған. Бізге оқытқан Әліппені Ұстазымыз жақсы адам,- деп Динара апайымыз бен оқушыларды ортаға шақырамыз.(Музыка ойналып, оқушылар келіп, орындарына тұрады)1 – оқушы Наргиз :Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар, Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар. Алдарыңда қызғалдақтай құлпырған, Біз алаңсыз балғын шақты балалар.2 – оқушы Ербұлан : Көз салып қараңызшы бойымызға Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға. Қош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар, Әліппемен қоштасу тойымызға.Мұғалімнің сөзі.Армысыздар, құрметті ертеңгілікке келіп отырған қонақтар, ардақты ұстаздар, қадірменді ата - аналар. Бүгін сіздер 1 "В"сынып оқушыларының әзірлеген «Әліппе деген — алтын жол» — атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!Бүгін бізде үлкен мереке, зор қуаныш. Алдарыңыздағы кішкентай бүлдіршіндер осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қуанышпен, әрі жүрексіне аттап келгенде, алғаш қолдарына ұстаған оқулығы «Әліппе» болса, бүгінгі күн сол әліппені аяқтап, білім асуының алғашқы белесінен асып отыр. Әрине, бұл балалар үшін жетістік, жеңіс! Әліппе – бұл бүкіл ғылымның алғашқы есігі, білім шыңына бастайтын алғашқы соқпақ. Ендеше, сіздерді осы асуды, осы белесті бағындырған шәкірттерімнің білімін, өнерін тамашалауға шақырамын.Мұғалім:Әліппені бітірді балаларым, Әліппеден нәр алған даналарым. Өзі оқып жазатын хәлге жетті. Құтты болсын білімі балалардың!Видео «Ғажайыптанға саяхат»-Балалар біз әріптерді қайдан үйрендік?-Әліппе оқулығы - бүкіл ғылымның алғашқы соқпағы, білімге бастар алғашқы жолы.-Ендеше, құрметті бүлдіршіндер, Әліппемізді құрметпенен шығарып салуға кірісейік!Олай болса, ортамызға бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық.Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!Әліппе:Армысыздар жас достар! Армысыңдар, ата - ана! Болашаққа жол бастар, Әліппең келді ортаға. Мерекеңмен құттықтаймын Бүлдіршіндер, балғындар! Не үйреніп, не білдік Кәне, ортаға салыңдар.1-жүргізуші:Төрлет, Әліппе, қонақ бол!Ал, қанекей, балалар, сөз кезегі өздеріңде. Әліппеге арнап, өз өнерімізді көрсетейік! Асылай: Талабы биік таудаймыз,Мың бұралған бишіміз.Біз қызықпыз, қызықпыз,Кейде еркелеу, бұзықпыз.Мирас : Біз шеберміз,Ақылдымыз.Көңілдіміз,Үлкендерге ізеттіміз.Кішкентайларға қамқоршымыз,Жақсылықты ұнатамыз,Жамандықтан тез қашамыз.2-жүргізуші: 1 «В» сынып қыздары мен ұлдарының орындауында Би: Вальс1-жүргізуші:«Ұстаздық еткен жалықпас,Үйретуден балаға»,- деп Абай атамыз айтқандай, 42 әріпті үйретіп, білімге жетелеген алғашқы ұстазымызға алғысымызды айтып, әнімізді, тақпақтарымызды арнаймыз.Ерәли:Ең алғаш алғанымда әліппеніҚызығып қарай бердім әріптерді.Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?Ұстазым оның кілтін алып берді.Е.Алинұр:Білім алып мектептеТалай пәнді оқимызМұғалімнің айтқанынЗердемізге тоқимыз.Мұғалім:Балалар, мен сендерге мынадай сұрақ қойғым келіп тұр, сендер жауап бере қойыңдаршы.- Іші толы әріпке,Білімдіге жарық не?Хормен: Болашаққа жол ашар -Ол - сүйікті Әліппе!Хор: Әліппе Ендеше, балалар, біз сендердің әліппеден алған білімдеріңді тексеріп көрейік. Слайд арқылы жанауарларды табу (жұмбақ шешу) «Білімді аңдар» көрінісі Мұғалім:Балалар! Сендер әліппемен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?Оқушылар: Математика, дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.Ендеше қазір мен сендерге тапсырма беріп, математика пәнінен білімдеріңді тексеремін. «Алма теру» ойыны.(Карточкаларды алып артындағы есептерді шығару)Мұғалім:- Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек? Адлан:Әліпбиді білдіңдер,Әр әріпті танып дәл.Біздің қазақ тілінде,Қырық екі әріп бар.У.Тамерлен:Алфавиттің «А» тұрады басында,Әрқашанда «Ә» тұрады қасында,Байқадың ба, «Б» тұрады үшінші,Ал осының сыры неде түсінші!?Нұрасыл:«А» деген ол аналар ғой ардақты,«Ә» деген ол әкелер ғой салмақты.«Б» деген ол балалар ғой әдемі.Біздің елде үшеуі де кәделі.Алшақ кетпей сондықтан да расында,Тұрады олар алфавиттің басында.Алуа:Әліппем менің Әліппем,Сені қолға алып мен.Есігін аштым мектептің, Ертеңгі сәуле жарықпен.Ақкөл:Келгенде алғаш мектепке,Білмеуші едік әріп те,Оқимыз қазір ертек те,Үйреткен оны Әліппе!Дияс:Әліппе деген алтын жолАпарар сені алысқа.Жеңіл емес ауыр жолТырысып бақ намысқа.К.Темирлан :Әсем ою өрнекпен, Көмкерілген Әліппем. Сен болмасаң білімге, Бастайтын жолды біліп пе ем?Нұрлы:Енді жаза білеміз, Әріпті қосып әріпке. Риза боп саған жүреміз, Сүйікті біздің әліппе.Лаура:Қош бол, құтты Әліппем, Көп нәрсені үйреттің. Таныстырып әріппен Тақылдатып сөйлеттің.Дильназ:Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға басқа кітап аламыз. Ата-ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп, шықты міне балаңыз.2-жүргізуші: Әліппемен қоштасатын сәтте жетті. Келесі сөз кезегін Әліппеге береміз.Әліппе:Ал, достар! Бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілі пәнін ортаға шақырайық!Ана тілі:Сәлеметсіңдер ме, балалар!Туған елдің тілімін,Ақылыммен танылам.Түсіндірер бәріңе,Ана тілі мен болам!Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.(«Ана тілі» төрге шығып отырады)1-жүргізушіБізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз. Ендігі ән- шашуымыз сіздерге арналады. Т.Алинур:Бұл мереке сенің арқаң анашым, Бір мен үшін керектіні табасың. Балаң жақсы деген сөзді естісең, Күлімсіреп, қуанып бір қаласың.Адема:Баланың да тірегі,Дананың да тірегі.Шаншылмасын ешқашан,Аналардың жүрегі.Аян:Ақыл құйған санама,Күннен де артық расында.Күн - алыста, ал анам,Ылғи менің қасымда.2-жүргізуші:: Келесі би сіздерге арналады, аяулы ата-аналар , қабыл алыңыздар!«Ли-ли поп» биіМұғалім:Құрметті қонақтар, сіздер 1 «В»сынып бүлдіршіндерінің сүйікті Әліппелерімен қоштасуларының куәсі болдыңыздар.Бүгінгі кеш әр үйдің,Той басы деп саналар,Балалардың есімі,Әулеттерге таралар.Ырым етіп сондықтан,Ертеңгілік соңында,Ақ тілекпен баршағаТілек айтар қонақтар.Құттықтау сөздер: ұстаздарға, ата - аналарға1. Шәкірттерімді Білім әлемінің беташары Әліппені табысты аяқтауымен құттықтап, білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын дей отырып, сөз кезегін мектебіміздің директорына беремін.2. Әліппені жақсы меңгеріп, сауатты жазып оқуларыңа ата - аналардың қосқан үлесі мол. Сіздерге алғысымызды білдіре отырып, келесі құттықтау сөзді сіздерге беремін.Қорытынды

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 902 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.09.2020 331
    • DOCX 29.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Домославская Ольга Геннадьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 78960
    • Всего материалов: 230

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 393 человека из 65 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 211 человек

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания литературного чтения в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 195 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 351 человек

Мини-курс

GR: аспекты коммуникации и взаимодействия с государственными органами

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовое моделирование и управление инвестиционными проектами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии карьерного роста и развития

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе