Инфоурок Другое КонспектыҰлы Жеңіс күніне арналған мақала

Ұлы Жеңіс күніне арналған мақала

Скачать материал

                   Соғыс жылдарындағы сәбилер үні

 

       Менің туған атам Өкен Әбілмәжінов 1938 жылы, 15 маусымда Алматы облысы, Октябрь ауданы, Көктал ауылында дүниеге келген. Балалық шағы  сұрапыл соғыс жылдарымен қатар өтті.Атамның  әкесі –Әбілмәжін Құрманбайұлы 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, содан қайтып оралмаған. Ұлы Отан соғысының алдында дүниеге келген, оның зардаптарын басынан кешірген ұрпақтардан қазіргі күнге санаулысы ғана жеткен. Олардың көбі зейнеткерлікке де жетпей дүниеден өтіп кеткен. Атам, 1945 жылы мектеп табалдырығын аттады. Мектептегі алғашқы ұстазы –Қалиев Оспанхан және жұбайы Әлиман деген кісілер, тек білім беріп қана қоймай, ата-анасының орнында болған. Бұлай айтатын себебі, әке-шешелері таңның атысы, күннің батысы дала жұмыстарын жасаумен жүрген.Жазғы каникул деген болмаған. Каникул кездерінде колхоздың әр түрлі шараларына қатысатын болған.  5-ші класстан бастап колхоздың белді жұмысшыларына айналған. 7-ші класстан кейін Көктал селосындағы интернатқа орналасып, үздік оқып бітірген. Атам : «Адам қаншалықты қиындық көрген сайын, шыдамды болады екен.Балалық шақтың аса бір қиын кездері есте ерекше сақталады» - деп соғыстан кейінгі жылдардағы әңгімесін бізге айтып, М.Мақатаевтың мына өлең жолдарын еске алады:

 

 Кейінгі ұрпақ саған салған өткелдің

 Сағасында өткен жастық, өткен күн.

 Қаршадайдан қара шаруа атанған

 Сол әкеңді батыр емес деп көргін.

 

Аңыздарға тере жүріп масақты

 Рас, рас көзімізден жас ақты.

 Бірақ сол бір дауыл жылдар, өрт жылдар

 Бәрімізді бір-бір батыр жасапты.

 

        Соғыс жылдарында аянбай жұмыс атқарып, балалық шақтың дәмін сезбеді. Атам еңбек жолын ерте бастаған. 1957-1959 ж.ж-«Октябрь» совхозында аға бухгалтер, 1959-1973 ж.ж – Басши совхозы бас бухгалтер, экономист, зоотехник, 1974-1986-«Октябрь» совхозының директоры, 1986-1996 ж.ж – Басши совхозы директорының орынбасары қызметін атқарған. 1980 жылы – Жоғарғы Сьездің Құрмет Грамотасы, 1982 жылы - Құрмет Ордені, 2011 жылы – Тәуелсіздікке 20 жыл медалімен марапатталды. Қазіргі таңда Өкен Әбілмәжінұлы, Кербұлақ және Панфилов аудандарының құрметті азаматы.Атам биыл 78 жасқа толады, балаларынан 8 немере-3 шөбере сүйіп отыр. Мен осындай атамның немересі болғаныма қатты қуанамын және атамды мақтанышпен айта аламын.

        Соғыстан зардап шеккен жанұя кемде-кем шығар. Соғыстан кейінгі сәбилердің үні, тек 1951 жылдан бастап естіле бастаған. Осыдан-ақ қазақ елінің өсуін соғыс қаншалықты қысқартқанын көруге болады. Саналы өмірін совет үкіметінің қалыптасуына арнаған, Отан үшін жанын қиған азаматтардың ұрпағы ретінде, барша жұртты Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, оларға өмірлеріңізді мәнді өткізіп, балаларыңыздың, немере-шөберелеріңіздің қызығын көріңіздер деген тілек айтамын.

 

                                                                                         

                                                                               Ернур Даулетов-немересі,

                                                                               Нұрым орта мектебі,

                                                                               Математика пәнінің мұғалімі

                                                                                   

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұлы Жеңіс күніне арналған мақала"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист архива

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бұл мақала Ұлы Отан соғысына қатысқан ата-бабаларымыз жайлы. Ұлы Жеңіс күніне орай жазылған. Онда мен өзімнің атамның еңбегі туралы, соғыс кезінде қандай қиыншылықтар көргені жайлы, тіршіліктері қандай болғанын жаздым. Бұл мақала сол сұрапыл соғыс кезінде осы күнге жеткен ұрпақтар туралы да сөз болады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 467 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.10.2020 260
    • DOCX 14.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кебедова Патимат Абдулаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кебедова Патимат Абдулаевна
    Кебедова Патимат Абдулаевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 73216
    • Всего материалов: 191

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Социальные и правовые аспекты эпохи Просвещения: влияние на образование сегодня

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Нейропсихология в школе: путь к успеху и благополучию детей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 55 человек

Мини-курс

Практика гештальт-терапии: техники и инструменты

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 311 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 63 человека