Инфоурок Классному руководителю ПрезентацииҰлы дала менің өлкем

Ұлы дала менің өлкем

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ ұлы дала менің өлкем.docx

Қасым Ахмиров атындағы ЖОББМБ

Тарих пәні мұғалімі: Жаумбаева А.Е.

Сыныптан тыс шараның тақырыбы:

«Ұлы дала менің өлкем»

зияткерлік ойыны

 Мақсаты:

ü  Ұлы дала тарихының өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра еліміздің даму тарихы туралы ұғым қалыптастыру, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай тәуелсіздік жолындағы тарихи жетістіктерімізді зерделеу.

ü Өз Отаны, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

ü ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыру.

Түрі: зияткерлік ойын

Сынып: 9-11 сынып оқушылары

Барысы:

Жүргізуші: - Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі «Ұлы дала менің өлкем» атты зияткерлік ойынға бақ пен білімімізді сынауға қош келдіңіздер! Сайысқа 3 топ қатысады.

Топ аттары:

1.     «Алтын адам» тобы

2.     «Бәйтерек» тобы

3.     «Ханшатыр» тобы

 

Сайыс төрт айналымнан тұрады:

1.     «Қас қағым сәтте»

2.     «Мәдени мұра»

3.     «Нұрлы көш»

4.     «Жиырма бес жылдағы жиырма бес белес»

-         XX ғасыр сүргінін бастан кешіп, жаңа мыңжылдықтың табалдырығын жаңғырған қалпында аттаған Қазақстан өзінің барша төлтума болмысын, жарқын да бай мәдениетін, ғасырлар қойнауында қалыптасқан салт-дәстүрін, қызық та қилы тарихын әлем халықтарының алдына жайып салып, құлдығы мен зорлығы жоқ жаңа өмірді жаңғырту үшін, еңбек пен мәдениетті жарастыру үшін, сұлулық пен парасаттың салтанаты құру үшін сіз бен біз елімнің асыл тарихын қастерлей білуіміз шарт.

-         Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық мерейтойының қарсаңында өткізгелі отырған ««Ұлы дала менің өлкем» атты зияткерлік ойынын бастауға рұқсат етіңіздер.

 

Көңілді тапқырлар, алғырлар,

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

 

1-айналым

«Қас қағым сәтте»

Ø Тақтаға 42 әріп жазылған плакат ілінеді. Әр топ жеребе бойынша ретін біліп әріп таңдайды,  әр әріпте жауабы сол әріптен басталатын жалпы сұрақтар жасырылған.  Әр сұрақ 10 ұпаймен  есептеледі. Егер таңдаған сұрағын таба алмаса, реті бойынша келесі топқа беріледі.

 

А- Қазба жұмыстарын жүргізетін ғалым  (Археолог)

Ә- 1771жылы қай хан қайтыс болған соң Абылай хан сайланды?  (Әбілмәмбет)

Б-  Жылқы сүйектері табылған энеолиттік тұрақ?  (Ботай)

В-Ежелгі мемлекеттердің бірі?  (Вавилон)

Г-  Үйсіндердің билеуші лауазымы? (Гуньмо)

Ғ- Мағжан Жұмабаев «Пайғамбар» деген өлеңінде түркілердің арғы атасы кім деп

     тұжырымдады.   (Ғұндар)

Д-Кеңес өкіметіне қарсылық көрсеткен ақтар атаманы (Дутов)

Е- Түркістан қай ханның астанасы болды.  (Есім хан)

Е- ҚР туының  авторы  (Ш. Ниязбеков)

Ж-1742ж қазан айында патша үкіметі қай өзеннің бойына мал жаюға тиым салды?(Жайық)

З- Парсы тілді халықтардың көрнекті әдеби шығармасы «Авеста» уағыздаған ілім  (Заратуштра)

И- Кіші жүзде хандық билікті жойып, отарлауды тездету және әкімшілік билеуді іске асыру

     туралы реформаның жобасын дайындаған кім? (Игелстром)

Й- ҚР қай жылы БҰҰ-на мүше болды? (1992ж 2наурыз)

К-Қырғыз манаптарымен болған шайқаста қаза тапқан қазақ ханы? (Кенесары)

Қ-Ж. Баласағұнның ХІ-ға жазған еңбегі (Құтты білік)

Л- Абылай хан Әмірсананы жоңғардың қай билеушісіне ұстап бермеуге қазақ шонжарларын

      көндірді?  (Лама Доржыға)

М-Әмір Темірдің мемлекеті  (Мауеренахр)

Н-Сегіз тайпа бірлестігі  (Найман)

Ң- І д.ж соғыстың шығу себебі?  (Австро-Венгрия мұрагері Франц Фердинандтың өлтірілуі)

О- Қазақ  жасақтары жиналған Оңт. Қаз.  тау  (Ордабасы)

Ө-Алтын Ордада исламды мемлекеттік дін етіп жариялаған хан (Өзбек хан)

П-Тасқа салынған  суреттер  (Петроглифтер)

Р- Қазақстанға отарлау саясатын  жүргізген мемлекет (Ресей)

С-Қасым ханның басты мақсаты қай жердегі қалаларды қазақ хандығының құрамына қосу

    болды (Сыр бойындағы)   

Т-  Ұлы Отан соғысында 2 мәрте Кеңес Одағының батыры атағын алған қазақ  ұшқыш

       (Т. Бигелдинов)      

У- Абылай ханның бас мирасқоры?  (Уәли сұлтан)

Ұ- Ұлан байтақ жерлерді жаулап алған Шыңғыс хан өлер алдында 4 ұлына бөліп берген жерлері

    қалай  аталады?  (Ұлыс)

Ү- Жыл мезгілдерін қазақтар қай жұлдызға қарап белгілеген?  (Үркер)

Ф- Кроманьондық(саналы адам)  адам  қай жерден  табылды?  (Франция)

Х- Сырым Датұлы қай жерде дүние салды?  (Хиуада)

Һ- Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш  президенті?  (Қ. Сәтбаев)

Ц- Қазақ хандығына шығыстан қауіп төндірген империя (Цинь империясы)

Ч- Үйсін тайпасының астанасы? (Чигучен)

Ш- Ғұндардың мемлекет билеушісінің титулі?  (Шаньюй)

Щ- ҚазАКСР қай жылы  құрылды алғашқы президенті? (1920ж С. Меңдешов)

Ъ-1916ж Ұлт азаттық көтерілістің шығу себебі? (25маусым патша жарлығы 19-43жас )

 

Ы- 1731ж Орыс елшілері келгенде Әбілхайырдың Орадасы қай жерде болды? (Ырғыз өзені)

І- Аңырақай шайқасында қазақ әскерінің тегеурініне шыдамаған Жоңғарлар қай өзенді бойлай еліне қарай шегінді?  (Іле)

Ь- «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұранмен қазақ  елін аштыққа

     ұшыратқан мемлекет басшысы?  (Голощекин)

Э- Халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін зерттейтін ғылым  саласы?  (Этнография)

Ю-  Іле су жолымен алғаш рет Қытайға тауар апарып сатқан көпес  (Юлдашев)

Я- Оғыз  мемлекетінің астанасы?  (Янгикент)

 

2-айналым

«Мәдени мұра»

Ø Берілген сұрақтар жеребе бойынша таңдалып алынады. Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай.

Ø Көмекші сұрақ алған жағдайда 1 ұпайы шегеріледі

Ø Дұрыс жауап болмаған жағдайда келесі топ жауап береді

Ø Ұпай және жеребе тастау кезегі дұрыс жауап  берген топқа беріледі

 

1.     Монументтегі барлық дүние алтын күн және аспан әлемінің үш негізін кейіптейтін үш аймаққа бөлінген, ішкі архитектурасы белгілі бір рәмізді білдіреді.Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын  күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа ие болды («Бәйтерек» монументі)

2.     Монументтің екі қапталын айнала қазақ халқының тарихи өткен  өмір белестерінен сыр шертетін шағын мүсіндемелік бедерлі бейнелер, яғни сонау сақтар дәуірінен Тәуелсіздіктің жариялануына дейінгі тарихи кезеңдерді көрсетететін ұтымды шешім тапқан көрініс суреттер орналасып әрі олар бір-бірімен жымдаса жалғасып көркем жарасым тапқан. Бұл қай ескерткіш? («Тәуелсіздік» монументі)

3.     Миллиондаған жылдар бойы өзен аңғарында ойдым-ойдым қызғылт түсті шатқалдар пайда болған. Дәл осындай табиғаты ерекше шатқал дүние жүзінде Қазақстаннан басқа тек АҚШ-тағы Колорадо штатында ғана кездеседі. Бұл қай ескерткіш? («Шарын шатқалы»)

4.     Қазақстан картасы мәдени – әлеуметтік және өндірістік обьектілерді ғана емес, Қазақстанның флорасын, фаунасын, ландшафтын көрсететін әлемдегі ең бірінші кешен болып танылады. Картаның ерекше сәнмен жасалған макетерінің бірі – Каспий теңізі. Сонымен қатар картада еліміздің темір жол желісі мен пойыздардың кішірейтілген үлгісі берілген. («Атамекен» «Қазақстан картасы» этномемориалдық кешені)

5.     Қазақ хандығының өркендеген және тыныштық орнаған кезі. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» деп еске алады. Көрнекті орыс тарихшысы В.И.Левшин даналығы , оның ел билеудегі шеберлігі үшін грек жеріндегі Спарта мектебінің ақылгөйі заңгер Ликургке теңеген. Оның тұсында қазақ еліне Орыс мемлекеті, Жоңғария,Орта Азия хандықтары көз тігіп өауіп төндірді. (Тәуке хан)

6.     Халық жадында сақталған аңызда 17 жастағы тұтқынға түскен қалмақ қызы тау шыңынан Әулиекөлге секіріп кетеді де, сұлудың түскен жерінен таңғажайып жартас пайда болған...

Сұрақ: Аңызда аталған Әулиекөлдің қазіргі күнгі атауы? (Бурабай көлі)

7.     Аспаптың шегін аттың жалынан керілген қылдан тартылған еспе ысқышпен үйкегенде аққудың үніне ұқсас дауыс шығады» дейді П.Паллас.

Сұрақ: П.Паллас қай аспап жөнінде айтып отыр? (Қобыз)

8.     Күмбездің жанында тас мүсіндер болған. Осы тас мүсіндерді 1771 ж. Григорий Волошин, 1856 жылы Шоқан Уәлиханов қағаз бетіне нобайлаған. Онда қасиетті құты ұстаған үш әйел мен бір еркек суреттелген. Қазір мүсіндер  жоғалып кеткен.

Сұрақ: Бұл қай күмбез?

Көмекші сұрақ: Григории Потанин «Қазақтың Орынбор мен Зайсанға дейінгі кеңістікті алып жатқан ұлан байтақ даласы – түгелдей білетін сүйікті хикая, қазақ эпикасының ұшар биігі. Жалпы жұртқа ортақ сюжет болғанымен бірде-бір халық мұны дәл қазақтардай өз эпикасының асқар щыңы ете алмаған» деген... 1939 жылы Ғабит Мүсірепов осы жырдың негізінде 4 актілі драмалық пьеса жазып шығарған. (Қозы Көрпеш – Баян сұлу күмбезі)

9.     Б.з.д. V ғасырда грек тарихшысы Геродот скифтердің сүттен сусын ашытатынын айта келіп, олардың сүт консервілеу құпиясын мұқият сақтайтынын, ол құпияны ешкімге айтпайтынын жазады.

Көмекші сұрақ: В.Толстиков деген орыс дәрігер « ...асқазанды ыстып, адамның өзін әрлендіреді, оның тәнін жаңартады» деп жазған екен. «Ауруға ем, сауға қуат дәрі...» деп Жамбыл атамыз өлеңіне қосқан бұл қай сусын? (Қымыз)

10. 7) Бұл қала алғашында Шауғар деп аталды. Қала кейінгі қазақ хандығы кезінде қатты гүлденіп қала халқының саны  артты. Қазақтың көрнекті ханы Есім ханның астанасы болды.  Қала үлкен діни орталық болып Қазақстандағы діни астана дәрежесіне жетті. Қала қамалы қазіргі таңда қайта жөндеуден өтіп туристердің тамашалайтын орнына айналып отыр. Бұл қай қала еді?  (Яссы Түркістан)

     Қосымша көмек: Бұл қалаға қазақтың жеті ханының мәйіті әкелініп    жерленді.

 

3-айналым.

«Нұрлы көш»

-         Тәуелсіздік алып келген жетістікте, оң өзгерістерде мол. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік!

Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстарының бәрі де Тәуелсіздіктің жетістігі.

Олай болса «Нұрлы көш» деп аталатын айналымның шартымен таныс болыңыз.

Ø 2- айналымда ұпай аз жинаған топ ұяшықтарды таңдау құқығына ие болады.

Ø Әрбір дұрыс жауап 5 ұпай. Дұрыс емес жауап үшін 2 ұпай шегеріледі.

Ø Жоғары ұпай жинаған 2 топ келесі айналымға өтуге мүмкіндік алады.

 

                                                                                     

   6 ұяшықта тарих әлеміндегі ұлы адамдардың айтқан  нақыл сөздері жасырылған.   Ұяшық нөмері сұрақтың жеңіл ауырлығына қатысы жоқ. Ойлануға 1минут

 

1.     «Қазақ халқының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деген кімнің сөзі

(А. Байтұрсынов)

2.  «Мені өлтірсеңдер де арманым жоқ, себебі мен елімді, жерімді, Отанымды сендерден қорғап қалдым, енді қайда барсаңдар да өлімнен басқа жол жоқ»                     (Сақ қойшысы Шырақ) 

 

3.  « Біз бұл соғыста сөзсіз жеңеміз, себебі біздің қаруымыз Отанға деген сүйіспеншілігіміз», «Отан үшін отқа түс күймейсің» деп айтқан кім?

                                                                                                                                    (Б.Момышұлы)

4.  «Мен ініңді өлтірсем халқым үшін майданда өлтірдім» деп ақылдылығымен Жоңғар қонтайшысы Қалдан Серен тұтқынынан босаған кім?   (Абылай хан)

 

5.     Бүкіл қазаққа Оян, қазақ деп ұрандап өмірден өткен кім еді?   (М.  Дулатов)

6.     XX  ғасыр Гомері атанған ақын туралы Сәкен Сейфуллин «Оның жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сияқты. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» деген. Ол кім? (Жамбыл Жабаев)

4-айналым

«25 жылдағы 25 белес»

-         Тәуелсіз Қазақстан осынау 25 жыл ішінде өзінің бейбітшілікті қалайтын, ұлтаралық келісімді қолдайтын іргелі ел екенін дәлелдеді. Талпынысты тұғырлы табысқа ұластырған өткен жылдар жемісін қағаз бетіне түсірейік.

Ø Екі топқа Тәуелсіздік шежіресін жазып шығу үшін парақтар үлестіріліп беріледі.

Ø Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай

Ø Сайыс соңында ұпайлар есептеліп, жеңімпаз анықталады.

1991 жыл – Тәуелсіздік алған жыл

1992 жыл – Тәуелсіз ҚР-ның  Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды

1993 жыл – 15 қараша Ұлттық валютамыз «теңге» дүниеге келді

1994 жыл – Талғат Мұсабаев Союз-ТМ 6 ғарыш кемесімен көкке самғады

1995 жыл – 30 тамызда Ата Заңымыз қабылданды

1996 жыл – 20-қаңтарда ҚР-ның 1-ші сессиясы болып өтті

1997 жыл – «Қуғын сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды

1998 жыл – 6-мамыр –Астана күні

1999 жыл – 10-қаңтарда Президент  сайлауы өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Президент болып сайланды

2000 жыл- «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды

2001 жыл – Тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды

2002 жыл – «Денсаулық жылы» жарияланды

2003 жыл – 2005 жыл – ауыл жылы жарияланды

2004 жыл – «Қазақстан – Ресей жылы» жарияланды

2005 жыл – Ресейде «Абай жылы» болды

2006 жыл – ҚР-ның Тәуелсіздігіне 15 жыл

2007 жыл – «Қазақ тілін қолдау жылы»

2008 жыл – Украинаның Қазақстандағы жылы

2009 жыл- Халық санағы жүргізілді

2010 жыл – Астана қаласында мемлекет тарихында тұңғыш рет Орта Азия елдерінің басшыларының қатысуымен ЕҚЫҰ-ның саммиті өтті.

2011 жыл – Еліміздің Тәуелсіздігіне 20 жыл толды және тағы басқа

 

Қорытынды: Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді.

Еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек ету, оқу оқып, білім игеру, жас тәуелсіз мемлекетімізді гүлдендіру, бекіту, халықтар арамыздағы ынтымақтастық пен достықты нығайту – ең басты парызымыз!

 

                            Пайдаланған әдебиеттер:

1.     Республикалық педагогикалық журнал «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар»

№ 01-2012,№12-2013, №5-2011

2.     9-11 сынып Қазақстан тарихы оқулығы

3.     Итнернет ресурс:    www. Infourok.ru/atazhrt-…

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұлы дала менің өлкем"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор школы

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Ұлы дала менің өлкем.ppt

Скачать материал "Ұлы дала менің өлкем"

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • “Ұлы дала менің өлкем”      зияткерлік ойынТарих  пәнінің  мұғалімі:  
 Жаум...

    1 слайд

    “Ұлы дала менің өлкем”
    зияткерлік ойын
    Тарих пәнінің мұғалімі:
    Жаумбаева А.Е.
    9-11 сыныптар

  • Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар,
ол – тәуелсіз Қазақстан.
В этом м...

    2 слайд




    Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар,
    ол – тәуелсіз Қазақстан.
    В этом мире у нас есть только одна Отчизна– это независимый Казахстан.

    Н. А. Назарбаев



  • Бейбітшіліқ Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампа...

    3 слайд

    Бейбітшіліқ






    Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың
    25 жылы

    Независимый Казахстан:
    25 лет мира, согласия и созидания

    25

  • Сайыс айналымдары: «Қас қағым сәтте»
  «Мәдени мұра»
 «Нұрлы көш»
  «25 жылда...

    4 слайд

    Сайыс айналымдары:
    «Қас қағым сәтте»
    «Мәдени мұра»
    «Нұрлы көш»
    «25 жылдағы 25 белес»

  •  «Қас қағым сәтте»

    5 слайд


    «Қас қағым сәтте»

  • «Мәдени мұра»Әр сұраққа 3 ұпай

    6 слайд

    «Мәдени мұра»
    Әр сұраққа 3 ұпай

  • 7 слайд

  • 8 слайд

  • 9 слайд

  • 10 слайд

  • 11 слайд

  • 12 слайд

  • БВГҒЗИЙКОДЕЛМӨПРСТҮФХһЦЧЖЕҢНӘАҰУШЩъЫІь“Нұрлы көш”Әрбір дұрыс жауап 
5 ұпай

    13 слайд

    Б
    В
    Г
    Ғ
    З
    И
    Й
    К
    О
    Д
    Е
    Л
    М
    Ө
    П
    Р
    С
    Т
    Ү
    Ф
    Х
    һ
    Ц
    Ч
    Ж
    Е
    Ң
    Н
    Ә
    А
    Ұ
    У
    Ш
    Щ
    ъ
    Ы
    І
    ь
    “Нұрлы көш”
    Әрбір дұрыс жауап
    5 ұпай

  • Нұрлы көш1 23456

    14 слайд

    Нұрлы көш






    1
    2
    3
    4
    5
    6

  • «Қазақ халқының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деген кімнің сөзі

    15 слайд

    «Қазақ халқының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деген кімнің сөзі

  • 6.	XX  ғасыр Гомері атанған ақын туралы Сәкен Сейфуллин «Оның жырлары теңіз т...

    16 слайд

    6.XX ғасыр Гомері атанған ақын туралы Сәкен Сейфуллин «Оның жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сияқты. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» деген. Ол кім?

  • «Мені өлтірсеңдер де арманым жоқ, себебі мен елімді, жерімді, Отанымды сенде...

    17 слайд

    «Мені өлтірсеңдер де арманым жоқ, себебі мен елімді, жерімді, Отанымды сендерден қорғап қалдым, енді қайда барсаңдар да өлімнен басқа жол жоқ»

  • « Біз бұл соғыста сөзсіз жеңеміз, себебі біздің қаруымыз Отанға деген сүйіспе...

    18 слайд

    « Біз бұл соғыста сөзсіз жеңеміз, себебі біздің қаруымыз Отанға деген сүйіспеншілігіміз» , «Отан үшін отқа түс күймейсің»

  • «Мен ініңді өлтірсем халқым үшін майданда өлтірдім» деп ақылдылығымен Жоңғар...

    19 слайд

    «Мен ініңді өлтірсем халқым үшін майданда өлтірдім» деп ақылдылығымен Жоңғар қонтайшысы Қалдан Серен тұтқынынан босаған кім?

  • Бүкіл қазаққа Оян, қазақ деп ұрандап өмірден өткен кім еді?

    20 слайд

    Бүкіл қазаққа Оян, қазақ деп ұрандап өмірден өткен кім еді?

  • Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай«25 жылдағы
 25 белес»

    21 слайд

    Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай
    «25 жылдағы
    25 белес»

  • 	Әрбір дұрыс жауапқа
 10 ұпайТәуелсіздік шежіресін 
жазып шық

    22 слайд

    Әрбір дұрыс жауапқа
    10 ұпай
    Тәуелсіздік шежіресін
    жазып шық

  • 19911992199319941995199619971998199920002001200220032004200520062007200820092...

    23 слайд

    1991
    1992
    1993
    1994
    1995
    1996
    1997
    1998
    1999
    2000
    2001
    2002
    2003
    2004
    2005
    2006
    2007
    2008
    2009
    2010

    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016

  • “ Өз тарихын сыйламаған халық, өзін де сыйламайды” Нұрсұлтан Әбішұлы

    24 слайд

    “ Өз тарихын сыйламаған халық,
    өзін де сыйламайды”

    Нұрсұлтан Әбішұлы

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Ұлы дала менің өлкем»зияткерлік ойыны Мақсаты: Ұлы дала тарихының өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра еліміздің даму тарихы туралы ұғым қалыптастыру, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай тәуелсіздік жолындағы тарихи жетістіктерімізді зерделеу.Өз Отаны, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыру.Түрі: зияткерлік ойынСынып: 9-11 сынып оқушылары

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 831 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.09.2020 755
    • RAR 5.8 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Николаева Елена Владимировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Николаева Елена Владимировна
    Николаева Елена Владимировна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 77082
    • Всего материалов: 244

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 755 человек из 75 регионов

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 211 человек из 52 регионов

Мини-курс

Маркетинг в сфере услуг: от управления до рекламы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 13 регионов

Мини-курс

Современные тенденции в искусстве: от постмодернизма до поп-культуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 16 регионов

Мини-курс

Figma: основные принципы дизайна и композиции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 76 человек из 35 регионов