Главная / Русский язык и литература / Өлең сөздің патшасы

Өлең сөздің патшасы


Алматы қаласы Әуезов ауданы №104 жалпы білім беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуанбаева Айгүл Сейтқалиқызы


Тақырыбы«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» мәнерлеп оқу байқауы

2,3,4 сыныптар  
Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер 
Абай Құнанбаевтың мол мұрасын сыныптан тыс сайыс арқылы 
насихаттау. 
Міндеті: 1.Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем

сөздің мәйегін бойына сіңдіру. 
2. Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеуді ұрпақ 
бойынан көру. 
3. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына 
мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, 
қастерлей білуге баулу. 
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, видео слайд, музыкалық әуен,ақынның

портреті,қара сөздері,шығармашылығы туралы бұрыш.
І жүргізуші: 
Дана Абайды 
Қазақтың ақылына балаймын. 
Туатұғын алдынан ғасырына балаймын! 
Ақылының нұры бар, Абайы бар қазақтың, 
Жан алаңы, мұңы бар- қазағы бар Абайдың. 
ІІ жүргізуші: 
Арлы Абайды 
Қазақтың қайраты деп ұғамын, 
Қайда барса айбыны, айбаты деп ұғамын! 
Жер шарының шиырлап, қай жағынан шығайын, 
Құбылаға бұрғандай, Абайға бет бұрамын!

І жүргізуші: 
Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы - мәңгілік мұра. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап адымдап келеді. 
ІІ жүргізуші:Құрметті ұстаздар және оқушылар, «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»  сайысымызға хош келдіңіздер! 
І жүргізуші: 
Сайыс шарттарымен таныс болыңыздар. Сайыс 3 кезеңнен тұрады. 
1-кезең:
«Зымыран» сұрақтары


2-кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр»

Шарты: берілген өлеңдердің жалғасын табу


3-кезең: «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы »

Шарты: Абай шығармаларын жатқа мәнерлеп айту 
ІІ жүргізуші: 
Сайысқа төрелік ететін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар. 
Қазылар алқасы:__________________________________________
І жүргізуші: 
Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға, 
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға. 
Қошеметтеп, көрермен, қол соғыңдар 
Сайысқа қатысушы тұлғаларға,- дей отырып, сайыстың

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» сайысында бақ сынайтын сайыскерлерге кезек береміз. 


Сайысқа 2,3,4 сыныптар қатысады. ІІІ топқа бөлінеді, тапсырмалар жас ерекшелігіне қарай беріледі.


(Зал қараңғыланып, тақтада Абай портреті ілініп тұрады. Оқушылардан кім екендігі сұралады. Ендеше, оқушылар бүгін Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығы жайлы болмақ.)


Тақтадан Абай атамыздың өмірі жайлы видео слайды көрсетіледі.

ІІ жүргізуші: 
Әсем әннен ғажап ләззатты үн шығар, 
Ойы сергек жан оны ұғар, 
Бар сезіміңді қозғар ән-күйге 
Жастар, тілімді ал, бол құмар,- деп Абай атамыз да ән өнерін аса жоғары бағалағаны белгілі. 
І жүргізуші: 
Олай болса,
«Зымыран» сұрақтарына кезек берейік

Сұрақтар оқушылардың жас ерекшелігіне қарай қоямын.

2-сыныптарға

  1. Абай Құнанбаев қай жылы дүниеге келді? (10 тамыз, 1845ж)

  2. Абай Құнанбаевтың туған жерін ата.(Семей облысы,Қарқаралы ауылы)

  3. Абайдың әкесі кім? (Өскенбайұлы Құнанбай)

  4. Анасы кім? (Ұлажан)

  5. Абайдың әжесі кім? (Зере)

  6. Жылдың төрт мезгіліне арнап өлең жазған кім? (Абай)

3-сыныптарға

  1. Абай Құнанбаев неше жасынан өлең жазған. (10 жасынан)

  2. Абай Құнанбаевтың неше қара сөзі бар? (45)

  3. Абайдың азан шақырып қойған аты кім? (Ибраһим)

  4. Абай Құнанбаев қандай ақын? (ағартушы, философ, копазитор, саяси қайраткер)

  5. Абай Құнанбаевтың алғашқы ұстазы кім? (Ғабитжан молдадан дәріс алған)

4-сыныптарға

  1. Абай Құнанбаев Семейдегі Ахмет Риза медресесінде неше жыл оқыды. (3 жыл)

  2. Құнанбайдың неше баласы бар? (4, Тәңірберді, Абай, Ысқақ, Оспан)

  3. Ақынның арғы тегі (орта жүз,арғын)

  4. Абай Құнанбаев қандай ғалымдардың еңбектерін зерттеген. (Дрепр,Спиноза,Спенсер,Льюис,Дарвин)

  5. Ақынның шәкірттерін ата? (Шәкәрім, Көкбай, Ақылбай, Кәкітай және Мағауия)

  6. Абайдың неше баласы бар? (7ұл, 3 қызы, Ақылбай, Әбдірахман, Әкімбай, Мағауия, Тұрағұл, Мекайыл,Ізкаел, Райхан,Кенже)

І жүргізуші: 
Өзің едің өлең-жырдың тарланы, 
Шоқ жұлдыздай биік туған арманы. 
Қуат алдым жырларыңнан, нәр алдым, 
Қолдасын деп Абай ата аруағы –дей келе келесі бөлімге де кезек берейік.
«Тапқыр болсаң, тауып көр»

Шарты: берілген өлеңдердің жалғасын табу


2-сыныптар

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланыпшаттанба.

Ойнап босқа күлуге,

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрседен асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ -

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой -

Бес асыл іс, көрсеңіз.

Суытып көңіл тыйсаңыз.

Оны ойға жисаңыз.

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисағыз?

Болмасаң да ұқсап бақ,


3-сыныптар

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,

Қолымды дөп сермесем, естер ме едім?

Адамның бір қызығы – бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

4-сыныптар

Берекелі болса ел-

Жағасы жайлау ол бір көл.

Жапырағы жайқалып,

Бұлғақтайды соқса жел.

Жан-жағынан күркіреп,

Құйып жатса аққан сел,

Оның малы өзгеден

Өзгеше боп өсер тел.

Берекесі кеткен ел-

Суы ашыған батпақ көл.

Құс қаңқылдап, жағалап,

Сулай аламас алмас жазғы төл.

Оның суын ішкен мал

Тышқақ тиіп, аспас бел.

Көл деп оны кім жайлар,

Суы құрсын , ол – бір шөл.

ІІ жүргізуші: 
Поэзия әлеміне самғадың, 
Әділетті көксеуден еш талмадың. 
Ақындардың көшбасшысы атанып, 
Ел аузында мәңгі қалды жазғаның- дей келе бөлімге де кезек берейік.

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы »

Шарты: Абай шығармаларын жатқа мәнерлеп айту 
І жүргізуші: 
Орындалмай қалды қанша арманы, 
Жас ақындар өнеріңді жалғады. 
Ұрпақтарың есіне алып өзіңді, 
Жауһар жырмен мүсініңді сомдады. 
ІІ жүргізуші: 
Құрметті жыр сүйер қауым, бүгінгі сайысқа арналған ән-шашуды қабыл алыңыздар. 
Ән: 3а сынып оқушысы Нұрхан Ерәділ
«Қөзімнің қарасы»
І жүргізуші:
 
Бойларыңда от бар екен байқадық, 

Жүректерде шоқ бар екен байқадық. 
Әрқашанда осы шоқты өшірмей, 
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым,- деген ізгі тілекпен сайыс жеңімпаздарын марапаттау үшін қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріледі. 

ІІ жүргізуші: 
Мен өлеңге сыйғыза алман Абайды, 
Жыр құдайы жоғарыдан қарайды. 
Көлеңкелі кеудесіне қазақтың 
Шымырлаған шуақ болып тарайды. 

Өлең-жырдың көктеткен боз тақырын, 
Анық басып, жүрдің байқап ақырын. 
Қазақ бүгін көтереді көгіне, 
Халық үшін қан жылаған ақынын. 


Ән: 4б сынып оқушысы Хожахмет Меруерт «Желсіз түнде жарық-ай»


І жүргізуші: 

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы

Қиыннан қиыстырар ер данасы,

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы – дей келе бүгінгі сайысымыз аяқталды.

Сау болыңыздар!







104 жалпы білім беретін мектеп









Тақырыбы: Өлең – сөздің патшасы, сөз

сарасы мәнерлеп оқу байқауы

2,3,4 сыныптар


C:\Users\Жулдыз\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.IE5\9LFTABSR\MC900432665[1].png

Қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі:Қуанбаева А.С.







Алматы қаласы 2015 жылы

Өлең сөздің патшасы
  • Русский язык и литература
Описание:

Алматы қаласы Әуезов ауданы №104 жалпы білім беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуанбаева Айгүл Сейтқалиқызы

Пәні:қазақ тілі

Сынып: 2

Тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың жұрнақ пен жалғау жайында алған білімдерін

кеңейту,түбір сөзге жұрнақ жалғатып,жаңа сөз жасату,сол

сөздермен сөйлемдер құрату.

Дамытушылық: қисынды ойлау,алған білім, білік, дағдыны қолдану

дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды білімдікке, ұйымшылдыққа,еңбекқорлыққа,бірін-

бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: дәстүрлі

Сабақтың түрі: жаңа білім беру

Қолданылатын әдістері: түсіндіру, миға шабуыл, сұрақ-жауап, рефлекция,

семантикалық карта.

Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, слайд, үлестірмелі парақшалар,

фишкалар

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеремін. Зейіндерін аударамын. Оқу құралдарының түгелдігіне назар аударамын. Дәптерлерін жинап, таратамын.

Сабақтың ұраны: Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз,

Біз талантты жас қыран,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Балалар ұранымызда айтылғандай бүгінгі сабақта әрқайсымыз өткен тақырыптар бойынша өзіміздің алған білімдерімізді көрсетейік.

Оқушыларды 2 топқа бөліп отырғызу.

Оқушылар мен сендерді сабаққа жауап берулеріңе қарай фишкалар арқылы бағалаймын.

Қызыл-5, көк – 4, сары - 3

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

4-5 оқушыдан үйге берілген 4-жаттығу сұралады.

Берілген сөздерге жалғау жалғап, сөйлем құрастырып жазу.

Миға шабуыл

Өткенді қайталау

Ерте-ерте ертеде, бір-бірінен өткен ағайынды үш жалқау болыпты. Бар бітіргендері бас көтермей ұйықтау екен. Бір күні оларға сонау алыстан сәлемдеме келеді. Сәлемдемені олар «Сен ал, сен ал» деп біріне – бірі сілтейді. Сендердің жалқауларға келген сәлемдемені алғыларың келе ме?

  • -Иә алғымыз келеді.
  • -Ендеше, бұл сәлемдемені алу үшін алдымен қазір мен оқитын жұмбақтардың шешуін тауып, шешуіндегі сөздерді сөз құрамына талдауларың қажет. Дайынсыңдар ма?
  • -Дайынбыз.

1.Аяғы жоқ жүреді, ауызы жоқ сөйлейді. (хат)

2.Кіруге адам батпайды,

Аман-есен сақтайды. (сандық)

3. Байлаған сайын тереңге,

Шығасың биік белеске. (білім)

4. Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой)

Жұмбақтың шешуін тапқан балалар тақтаға шешуі болған сөздерді құрамына қарай талдайды.

  • -Сонымен естеріңе түсті ме, қосымша дегеніміз не?
  • -Түбір сөз дегеніміз не?
  • -Жұрнақ деніміз не?
  • -Жалғау деніміз не?

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту

Тақтамен жұмыс

1-жаттығу өлеңді мәнерлеп оқиды. Жұрнақ, жалғау жалғанған сөздерді теріп, тақтаға бір-бір оқушы шығып,екі бағанға бөліп жазады.

Жұрнақ

жалғау

талап-ты

оқи-мын

өс-тіп

серт-ке

бес-тік

өлең ін

жатта-п

күн-де

пән-нен

Оқулықпен жұмыс

2-жаттығу (ауызша орындалады) Жұмбақтарды оқып, шешуін тап. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын табады.

Түсі аппақ қардай,

Тәттілігі балдай. (қант

Өзі суда өседі,

Суға қайнап піседі. (күріш)

Дәптермен жұмыс

3-жаттығу мәтінді мәнерлеп оқиды. Қосымшалы сөздерді теріп жазып, түріне ажыратады.

Аққу

Ерте заманда аққулар көлде емес, ну орманда күнелтіпті. Ұшқан құс, жүгірген аң аққудың көркіне қызығыпты.

Бәрі аққуды адалдығы, ақылдылығы үшін сыйлапты. Айбарлы арыстан да, жүректі жолбарыс та, қырағы қыран да аққудың алдында бастарын иіпті.

Сергіту сәті (электронды)

«Жалғастыр» ойыны

Бір оқушы түбір сөз айтады, екінші оқушы жұрнақ, үшінші оқушы жалғау айтады,тақтаға жазып, сөз құрамына талдайды.

ІV. Сабақты бекіту

Семантикалық кестені толтыру

4-жаттығу берілген сөздерді құрамына қарай бөліп жазады.

Тиісті қосымшаның тұсына «+» белгісін қояды.

Қосымшалы сөз

Түбір

Қосымша

бақытты

бақыт

-ты

үйге

үй

-ге

адалдық

адал

-дық

сыйлық

сый

-лық

елде

ел

-де

көңілді

көңіл

-ді

ауылдың

ауыл

-дың

жақсылық

жақсы

-лық

көшемен

көше

-мен

V. Бағалау

VI.Үйге тапсырма

124- бет, 5- жаттығу ережелерді қайталау

№104 жалпы білім беретін мектеп

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау

Қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі: Қуанбаева А.С

Алматы қаласы 2015 жыл

Автор Қуанбаева Айгүл Сейтқалиқызы
Дата добавления 02.06.2015
Раздел Русский язык и литература
Подраздел Конспекты
Просмотров 1466
Номер материала 59841
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓