Инфоурок Другое Другие методич. материалыЛатынға оралу (қаз тілі латын әліпбиімен)

Латынға оралу (қаз тілі латын әліпбиімен)

Скачать материал

Латынға оралу (қаз тілі латын әліпбиімен)

Латыннан бұрын қазақ тілінің таңбалық жүйесін жасауды шетелдік ғалымдар кириллицадан бастағаны белгілі.  «Қазақ жазуының теориялық негіздері» атты  2010 жылы жарық көрген зерттеуінде Қ.Күдеринова қазіргі кириллицаға негізделген әліпбидің жобалары 19-ғасырдың соңына қарай жасала бастағанын жазады. Ол былай деп жазады: «Орыс графикасына негізделген ең алғашқы қазақ әліпбиі жобасын Н.И.Ильминский жасады. Н.И. Ильминский әліпбиіндегі қазақ тілінің өзіне тән дыбыс дауыстылардың таңбалары мынадай болды: (үстіне ноқат салды – Ғ.Қ.Хасанов) а – (ә), о – (ө), у – (ү), і – (і), ы – (ы), н – (ң), к – (қ), г – (ғ). Сөйтіп, зерттеуші он шақты қосымша белгі алғанымен, орыс әліпбиіндегі е, в, и, ф, ц, х, ч, щ, ъ, ь, э, ю, я таңбаларын (қазақ тілі дыбыстық құрамына тән емес дыбыс таңбаларын қолданбады» [Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. – Алматы, 2010, 115 б.]. Н.И. Ильминский қазақ тілінің дыбыстық құрамына тән емес дыбыс таңбаларын алмайды. Ол жөнінде былай дейді: «кроме приспособления русских букв к татарским звукам, мне пришлось постепенно изменять и установлять орфографию. В первом издании букваря я писал су – вода, аулъ – деревня, аю – медведь. Теперь мы пишем сыу, ауыл, айыу». Ильминскийдің бұл жобасына В.В. Григорьев қарсы шығып, өзінің «О передаче звуков киргизского языка буквами русской азбуки» деп аталатын мақаласында орыс әліпбиіндегі таңбалар өзгермеуі тиіс деп көрсетеді.

Бұл әліпби В.В. Григорьев тарапынан сыналғанымен қазақ тілі дыбыстарын алғашқы әріптерге түсіру әрекеті еді. Бүгінде тіліміздің сөйлеу жүйесін бұзып отырған орыс қаріптерін Н.И.Ильминскийдің қолданбауы қазақ дыбыстарының орыс дыбыстарынан мүлде бөлек екенін аңғаруында жатса керек. Қ. Күдеринова ол туралы: «Оқымысты тарапынан осындай сынға ұшырағанмен Н.Ильминскийдің орыс графикасымен берген қазақ әліпбиінің қазақ тілі дыбыстар жүйесін белгілеуде артықшылығы бар», – деп жазады [Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. – Алматы, 2010, 116 б.]. Бұндағы артықшылықты ол Н.И.Ильминскийдің е дыбысының жуан, жіңішке вариантарын таңбалаудан көреді. Сонымен бірге, біздіңше, тағы бір артықшылық артық орыс әріптерін қазақ әліпбиіне енгізбеуінде деп білеміз. Әліпби өзгерген сайын орфографиялық нормалар да өзгереді, ал орфоэпиялық нормалар өзгеріске түсе бермейді. Алайда әріпке сүйене сөйлеу етек алған кезде тілдің басты өзегі болатын орфоэпиялық нормаларға да қауіп төнетінін бүгінгі күннің өзгерісі көрсетіп отыр.

Ал мың жылға жуық араб жазуында болған қазақ тілінің орфоэпиялық нормалары да соған байланысты өзгеріске ұшырағаны анық. Алайда бұл өзгеріс араб-парсы сөздерін сол тілдердің айту нормаларына байланысты дыбыстаудан туғаны анық. Оған дәлел, Абайдың өлеңдері мен қарасөздеріндегі араб-парсы сөздерінің дыбысталуын алсақ та жеткілікті.

Ал елімізде 1927 жылы әуелі Ташкентте, сосын Қызылордада өткен конференцияларда араб графикасын жақтағандар: А. Байтұрсынов, І. Ахметов, Е. Омаров, Ә. Байтасов, ал Ә.Байділдаұлы, Т.Шонанұлы, Ә.Ермеков тағы басқа оқығандар латын әліпбиін қолдады. Араб жазуын қолдағандар мынадай дәлелдер келтірді:

«1) Араб әліпбиі қазақ тілінің дыбыстық жүйесін дәл бере алады;

2) араб әліпбиі оқуға, жазуға, сауат ашуға қолайлы;

3) өнер құралдарына орнатуға қолайлы;

4) көзге көркем көрінеді;

5) араб әрпімен жазғанда қол сағат тілінің бағытымен бірдей оңнан солға қарай жүреді;

6) жазу машинасына, баспа машиналарына орнатуға араб әліпбиінің жаңасы латындікінен анағұрлым артық» [Әбілқасымов Б., Мәжітаева Ш. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. – Астана: Елорда. – 2000, 189 б.].

Ал, олардың қарсыластары «араб әрпі сауат ашуға, оқуға, жазуға қиын, себебі:

1) бір әріптің 4 түрі бар;

2) араб әрпінің көбі бір түсті;

3) жазу оңнан солға қарай, ал цифрлар солдан оңға қарай жазылады. Бұл жазуда да, баспа жұмысында да қиыншылық тудырады;

4) ғылыми кітаптарда (алгебра, геометрия, физика т.б.) пән белгілері латын әрпімен жазылдаы, араб әрпі бұған жарамайды;

5) араб әрпі нотаны жазуға жарамайды;

6) араб әрпі баспахана жұмысында көп қиыншылық туғызады: теру, басу, жөнінде қымбатқа түседі» [Әбілқасымов Б., Мәжітаева Ш. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. – Астана: Елорда. – 2000, 189 б.]. Міне, осы таластан соң туатын қорытынды: алаш зияларының басты мақсаты орыс жазуына жоламау болатын.  Екі жақтың да ұстанған ұстанымдары қалай болса да кириллицаға көшпеу болатын. Екі әліпбиді ұстанған екі тараптың басты ұстанымы фонетикалық принципті орфографияға негіздеу болатын.

Мәселен, Ж. Аймауытов «Емлені өзгертуге жоба» деген мақаласында: «...Емлені өзгерту керек дегендегі көздейтін бас нысанам – сөзді грамматика заңына тірей бермей, қалай естілсе, солай жазу, емле ережелерін азайту, яғни жоғалту»,  – деп жазған болатын [Әбілқасымов Б., Мәжітаева Ш. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. – Астана: Елорда. – 2000, 186 б.]. Ал А. Байтұрсыновта араб жазуына негізделген әліпбиді ұсынғанда фонетикалық ұстанымды мақұл көрді. Ол: «Хасыл кәләм ойым: сөз жазылу керек айтылатұғын түрінше, яғни сөз ішінде қай дыбыс естілсе, сол дыбыстың әрпін жазу, естілген дыбыстың әріпі жазылмай басқа әріп жазу керек болса, не үшін ол керекті ғылым наху не сарф жолыменен ыспат етілсін», – дейді [Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1992, 382 б.]. Ол өзінің 24 әріптен тұратын әліпбиін осы ұстаным бойынша түзеген болатын. Латын әліпбиін қолдамаса да осы ұстанымды негіз етіп Х. Досмұхамедұлы латын әліпбиінің жобасын жасағаны белгілі. 1926 жылы Баку сиезінде көпшілік дауыспен (101 дауыс, арабқа 7 дауыс) латын әліпбиі қабылданғанымен қазақ тілін бұл әліпбиге көшіру оңай болмады. Бұндағы қайшылық фонетикалық немесе морфологиялық ұстанымның қайсысы қолайлы болады деген күрделі сұрақтан туды. Қ. Күдеринованың көрсетуінше, латын әліпбиінің алғашқы жобасы 1927-1928 жж. «Еңбекші  қазақ», «Лениншіл жас», «Тілші» газеттерінде 24 әріп, 1 дәйекшемен жарияланды. Бұл алғашқы әліпби сол кездегі А. Байтұрсынов жасаған әліпбимен бірдей болды және өте дұрыс әзірленіп, жасалған әліпби еді, себебі теориялық база бірден-бір дұрыс еді. Латын әліпбиін енгзу әлі ерте деп Мәскеудегі жиналыста айтқанымен, латын жазуына енгізделген қазақ жазуын жобасын Н. Төреқұлов 28 әріп бойынша әзірледі.  1929 жылы Қызылордада Т.Шонанұлы, Е. Омаров, Қ. Кемеңгеров, Қ. Жұбанов, Е.Д. Поливанов т.б. қызу талқылаған конференцияда бұл әліпби жетілдірілді. Латын жазуына көшу баяу жүргеніне қарамастан 1929 жылы қазақ жазуы ресми түрде латын әліпбиіне 29 әріппен көшті. Бұл мәселелер Н. Әміржанованың «Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының графикасы мен орфографиясы» (Алматы, 2010) кандидаттық зерттеуінде қарастырылғанын айта кету керек.

1-кесте – 1929ж. латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі [Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. – Алматы, 2010, 131 б.].

Қ. Күдеринова бұл қазақ әліпбиінде 9 дауысты мен 20 дауыссыз фонема болғандығын жазады [132 б.]. Қазір күннің тұрғысынан келгенде бұл дыбыстарға тән жайттарды орынды ескерген әліпби екендігі анық байқалады. Бұл әліпбиде фонетикалық ұстаным орынды түрде ескерілді, сондықтан емлетану да осы ұстанымға сай жасалды. Сол кезде Т. Шонанов былай деп жазыпты: «Наш фонетический принцип – не принцип фонетической академической транскрипции. Мы понимаем под словом фонетическим принципом передачу без искажения смысла слова, звуков нашей речи» деп жазыпты [Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. – Алматы, 2010,, 133 б.]. Бұл әліпбидің артықшылығы мыналар:

1. Оқуға қолайлы, жазуға оңай, өте қарапайым;

2. кірме әріптер жоқ;

3. жол асты, жол үсті белгілері жоқ.

4. бір дыбыс –бір әріп ұстанымы сақталды.

Қабылданған әліпбидің кемшілігі ретінде ә, ө, ы, ғ дыбыстарының белгілері латын стандартына сәйкес алынбағанын айтуға болады. Осы кезден бастап, латын графикасына қазақ тілі «көндіге» бастады. Мәселен, бұл әліпбиге 1933 жылы Қ. Жұбанов өзінің толықтыруларын енгізді, яғни әліпбиде 24 әріп, 1 дәйекше болды. Толықтыруда, сондай-ақ,  f, h, x әріптерін енгізілді. Қ. Жұбанов ұу, үу, ый, ій қосар таңбаларының орнына бір таңба алуды, дәйекше қызметін пайдалануды ұсынады [2, 138 б.]. Қ.Жұбановтың бұл ұсынысы, яғни ый, ій, ұу, үу қабылданбады. Ол кезде Қ. Жұбанов болашақта қазақтар бұл қосарлы дыбыстарды дыбыстаудан алыстап кететінін білмеді. Дегенмен бұл әліпби әріптер саны қосылмағанда үздік әліпбидің санатында қалар ма еді?

Бұл әліпби С. Аманжолов, С. Жиенбаев, Қ. Жұбанов т.б. ғалымдардың тарапынан жетілдірілді. Терминдер орыс тілі емлесі бойынша жазылатын ұстанымды Қ. Жұбанов, С. Аманжолов ұсынды.

С. Аманжолов латын жазуына негізделген қазақ жазуында мынадай кемшіліктерді көрсетті:

«1) әліпбиде х, f, v таңбаларының болмауы;

2) и, у таңбаларының жоқтығы, соның салдарынан миссисипи, миссури сияқты сөздердің 6, 7 әріптің орнына, 113-19 әріпке дейін жазылу;

3) фонетикалық принциптің ұсталынуы;

4)...кірме сөздердің әртүрлі орфограммалануы (келі, динамы)

5) сөз ішінде екі дауысты дыбыс қатар келмейді деп, зоология, биология, театр сөздерінің зологыйа, быйалогыйа, тыйатыр болып таңбалануы...» [Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. – Алматы, 2010, 144 б.]. 

Соңынан С. Аманжолов көрсеткен осы жағдайлар орыс әліпбиіне көшкен кезде ескерілді де, себебі орыс жазуына көшу жобасын әзірлеген С. Аманжолов еді. Бұл жағдайлар соңынан қазақ фонетикасына аса ауыр соққы болып тиіп, соның зардабын күні бүгінге дейін тартып келеміз.

1940 жылы қазақ жазуы кириллицаға негізделген графикаға көшірілді. Бұл ауыстыру саяси жағдайға байланысты болды. Б. Әбілқасымов мен Ш.Мәжітаева бұның себебін былай түсіндірді: «1910 жылдардан бастап А.Байтұрсынов араб жазуын қазақ халқының үндестік заңына ыңғайластырып реформалады, оның реформалаған жазуын бірден алу түркі жұрты ең озық жүйе деп таныса да, орыс жазуын бірден алу түркі тілді халықтардың қарсылығын туғызатындығын түсінген орталық уақытша латын жазуын уағыздап, түркі халықтарына алғаш латын жазуын қабылдатты. 1937-38 жылдарадғы қуғын-сүргіннен кейін, зиялы қауымның көрнекті өкілдері атылып, айдалып кеткен соң, латын жазуынан орыс графикасына көшу идеясы көтеріліп, 1940 жылдан бастап түркі халықтары, оның ішінде, қазақтар да орыс графикасына халықтардың тілегі бойынша деген сылтаумен көшірілді». Қ. Күдеринованың көрсетуінше, 1939 жылы әзірленген жобада 40 әріп болды. Орыс графикасына негізделген әліпбиді негізінен С. Аманжолов әзірледі. Бұған дейін де ол орыс тіліндегі терминдерді латынша жазудың қиындығы туралы баспасөз бетінде жариялап, орыс графикасына көшу тиімділігі туралы ойлар айтқан болатын. 1940 жылы 30 тамызда 41 әріптен тұратын жаңа әліпби жобасы әзірленді, оған һ әрпі енгізілді [2, 146 б.]. С. Аманжолов я, ю әріптері арқылы әріптерді көп жазудан құтылу жолын ұсынды, яғни йа дыбысын я, ал йұу не йүу дыбысын ю әрпі беретінін жазды. Бір айта кететіні А. Ысқақов э әрпін алып тастау керектігін, себебі оны е береді, сондықтан э әрпін әліпбиден алуды ұсынды. Соңынан 1952 жылы ый, ій, ұу, үу қосарын и, у таңбаларымен белгілеу қабылданып, и, у әріптері осыдан бастап, біресе дауысты, біресе дауыссыз бола бастады. Сөйтіп, 42 әріптен тұратын әлемдегі әрпі көп орыс жазуына негізделген қазақ жазуы пайда болды.

Осыдан бастап, әріппен сөйлейтін ұрпақ қалыптаса бастады. Тілшілердің таңба басқа, дыбыс басқа болады деген есебі дұрыс болмады. Орыс жазуына негізделген қазақ жазуы қазақ фонетикасына мынадай өрескел қателіктерді әкелді:

1) болашақ мұғалімдер қазақ фонетикасын қате теориялық түсінік бойынша оқыды;

2) дауыссыз и, у дыбыстары біресе дауысты, біресе дауыссыз деген қате тұжырым пайда болды;

3) кірме сөздер мен терминдер тіліміздің басты заңы сингармонизмге бағындырылмады, таза орыс тілінің дыбыстық заңы бойынша айтылды;

4) акцент жоғала бастады;

5) жуан және жіңішкелік белгі бойынша сөйлеу қалыптаса бастады, мәселен, Асель, халің қалай?; (Әсел, қалың қалай?)

6) сөзде екі дауысты дыбыс қатар жазылатын орфограмма енгізілді, мыс: тиын, қиын, жиын;

7)  ерін үндестігі есепке алынбады, мектеп бағдарламасына енгізілмеді;

8) қазақ тілінде дыбыс «сингема» емес, «фонема» деген тұжырым енгізілді;

9) орфографиялық сөздікте фонетикалық ұстаным басты болмады, орфографияда ала-құлалықтар пайда болды;

10) сөйлеуде орфоэпиялық норма басты болмай, орфографиялық норма басты болды;

11) емлетануда шешілмес қиындықтар пайда болды  т.т.

1980 жылдары Ә. Жүнісбек қазақ тілінің фонетикасының теориялық жағын дұрыстау туралы сөз көтеріп, ғылыми зерттеулерді эксперименттер арқылы жүргізді. Кейін тәуелсіздік алғаннан соң бұл мәселелер терең зерттеле бастады. Ә. Жүнісбектің көрсетуінше, тілімізде дауысты дыбыстар саны 9, яғни А, Ә, Ы, І, Е, Ұ, Ү, О, Ө, ал дауыссыздар саны 17, яғни Б, Д, Ғ-Г, Ж, З, Й, Қ-К, Л, М, Н, Ң, П, Р, С, Т, У, Ш, сонда бәрін қосқанда 26 дыбыс бар деген сөз [Қазақ грамматикасы, 14-21 бб.]. Бұнда Ә. Жүнісбек ғ мен г, қ мен к бір дыбыстар тобына жатқызады. Ал оларды жеке таңбаласақ, 17 емес, дауыссыздар саны 19 болады, сонда қорытындасында тілімізде дауыссыздар саны 19, ал дауыстылар саны 9, жиыны 28 дыбыс болады. Сонда қазақ тілінде кезінде Н.И.Ильминский, В.В. Радлов көрсеткен 28 дыбыс қана бар. Тілде әріптер ауысса да дыбыстар өзгермей қала беретінін естен шығармаған жөн. Г, К әріптерін жеке таңбалау жеңіл болады деп санайтындарға латынға 28 әріппен де көшуге көнеміз. Ал бәйге жасап, оны тілшілер емес басқаларға жеңіп беретін болсақ, болашақ ұрпақ алдында қарабет болатынымыз анық.

Болашақта латын әліпбиіне көшкенде 26 әріппен көшсек қана біз тілімізді өзінің үндесімі заңы негізінде сақтап қала аламыз. Ал 42 әріпті ауыстыра салу, «бір адым алға, екі артқа жүру» дегенге алып барары сөзсіз. Зияткерлік ұлтты қалыптастыруда латын әліпбиіне тек осылай ғана көшу ғана өзінің игі нәтижесін берері сөзсіз. Басында латын әліпбиіне 26 әріп бойынша көшу мынадай қиындықтар туғызатыны анық:

1) өз қазағымыздың өзі бір күнде «сауатсыз» болып қалатындай жағдай туындайды;

2) басқа ұлттардың түсінбестігі туатыны анық;

3) орфографиялық нормалар тұтасымен өзгеретіні барлық халыққа қиындық туғызады;

4) қаражат жұмсалады;

5) жер-су атауларын қайта жазу мәселесі дау-дамай тудырады;

6) бұрынғы тарихымыз, мәдениетіміздің мол мұрасы, кітаптар болашақ ұрпаққа түсініксіз болып қалуы ықтимал.

Дегенмен де латын әліпбиіне 26 әріп бойынша көшсек қазақтың болашақ таза қазақтық ұлтын қалыптастыратынымыз айдан анық. Латын әліпбиіне осылай көшсек мынадай жақсылықтарға жетеміз:

1) қазақ тілінің басты үш дыбыстық заңы, атап айтқанда, буын үндестік заңы, дыбыс үндестік заңы, ерін үндестік заңы бұзылудан сақталады;

2) акцент пайда болып, дұрыс интонация нығая бастайды;

3) кірме лексика, терминдер сөздер үндестік заңдарына бағынады, мәселен: стартер – сартер.

4) бірінші кластан бастап балалардың басын ауыртып келе жатқан, емлетануда қиындық туғызып жүрген, қазақ сөздерінде ешқашан дыбысталмайтын және болмайтын басы артық 16 әріптен құтыламыз.

5) сөйлеу мәдениеті көтеріліп, орфоэпиялық нормалар орфографиялық нормаларды ығыстыра бастайды, соның негізінде зияткерлік ұлт негізі қалыптаса бастайды.

6) латын әліпбиін меңгеру ақпараттық кеңістікке шығуды жеңілдетеді, яғни ғаламтор жүйесін халқымызға ана тілінде меңгеруге жол ашады.

7) басқа елде тұратын қандастарымызға өз тілінде ақпарат алуды жеңілдетеді.

Латын әліпбиін меңгеру қиынға түспейтіні анық, себебі бүгінде ұялы байланыстағы хабарламалардың көпшілігі осы графикамен жазылуда.

Қазір еліміздің қазақ қоғамы таза қазақ, шала қазақ және қазақтықтан ада қазақ деген үш қабаттан тұратын белгілі. Егер, латынға 26 әріппен көшсек қана таза қазақ қабатын зияткерлік деңгейге көтере аламыз. Қазір бізде зияткерлік делініп жүргендер шала қазақ қабатындағы адамдардан тұратын жасырын емес.

Бұлар туралы Ә. Жүнісбек былай деп жазады: «Қазіргі орыс айтылымындағы «Ұлттық жобаның» негізінде жазып көрсетіп («федерацияны п [p]-мен жазамыз ба?» деп жерден жеті қоян тапқандай күлкіге қарқ болып, мазақ қып жүрген орыстілді ағайындарымыз таға бар. Олар ұлттық әліпби ұлт сөздерін жазуға арналған деген зарымызға құлақ аспаса амал қанша». Өз ана тілінің дыбыстау заңын бұзып сөйлейтін адамнан, яғни өз тілін сыйламайтын, орыс не ағылшын тілінде емін-еркін сайрайтын адамнан өз ұлтын шынайы сүю шығады дегенге сене қою қиын. Зияткерлік ұлт сапына кіремін деген адам ең алдымен өз ана тілін сүю керек, себебі өз ана тілін сүйген адамнан ғана өз елі мен өз ұлтын сүю туса керек. Латын әліпбиіне көшу қазақ тілінде бұрын болмаған реформа болса да одан қорқуды қоятын уақыт жеткені айқын. Әзірбайжан, Өзбекстанда әліпби ауыстыру, оған түпкілікті көшу әлі жүріп жатқанын есепке алсақ, Қазақ елі латын қарпіне көшуді биылдан бастағаны абзал болар. Оның үстіне, бұл ірі реформа болғандықтан, Әлекең өте дұрыс көрсеткен «сауат ашу» кезеңі де біраз уақытымызды алып кетері хақ. Мақалада өте дұрыс көтерілген  мәселе – латынға көшу тілдік реформаның бастапқы кезеңі болуы тиіс екендігі. Бұл реформа Әлекең айтқандай, үш мәселені – дыбыс, әліпби және еміле-ережені бірдей қамтуы керек.

Жалпы әлемдік елдермен бәсекеге түсуде елімізге керек басты қарудың бірі – латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуы болса керек. Әлемдегі басқа ұлттармен бәсекеге түсуде қазақ ұлтына қажетті нәрсе жалпы зияткерлік мен әлемдік деңгейдегі білім. Ал бұларға бастар қадам жақын уақытта латын әліпбиіне көшу деп есептеймін.

Жазудан айту басым болған кезеңдегі «оқымаған» халық орыс тілінен келген сөздерді өз тілінің ұлттық бояуымен көмкеріп, бөтелке (бутылка) бөшке (бочка), бәтеңке (ботинка), орыс (русс), шайнек (чайник), кәмпит (конфеты), ұшқыш (летчик), пәнер (фанер), жорнал (журнал) деп өз сөзі етіп алған еді. Осы халықтық ұстаным Ахмет Байтұрсынов сияқты ғалымдар еңбектерінің негізгі тірегі болған еді. Бірақ қазақ тілінің табиғи ұлттық бояуын сақтауға талаптанғандар «ұлтшыл» атанып итжеккенге айдалғанын тарихтан оқып білдік. Содан кейінгі кезеңде «операция», «ассимиляция», «электр», «эксковатор», «съезд», «космос», «бюджет», «атом», «театр», «архитектура», «фотография», «телеграф», «архив» секілді сөздер тау суындай тасқындап келіп жатты.

Әртүрлі елдердің арасындағы  байланыс, қарым-қатынас күшейген сайын бір-бірінің тілінен сөз алу да жиілей түсетіні табиғи жағдай, бірақ әр халық тіліне келген кірме сөздерді «өз бояуымен сырлап» өзінікі етіп дыбыстық өзгерістермен қабылдайды. Тек өзге тіл сөздерін өзгеріссіз алатын, өз тілінің табиғи заңдылығын ескермейтін біз болдық. Орыс сөздерінде келген сөз басындағы қос дауыссызды қатар айтуға үйреніп кеткеніміз  сонша, енді дұрыс тұрған қазақтың өз сөздерін де «қос дауыссызды қатар айту» үлгісімен бүлдіре бастадық. Мысалы, трактор, спорт, стакан, кран, сияқты т.б. сөздер басындағы қос дауыссыз қиналмай айтуға үйренген қазекем енді өзінің дұрыс тұрған сөздерін бр (бір), бреу (біреу), крсін (кірсін), қздар (қыздар), қрқ (қырық), стық (ыстық), рас (ырас), смағұл (ысмағұл-сымағұл), рсты (ырысты) деп бүлдіріп, екі дауыссыз арасында, не сөз басында келетін қысаң «ы», «і» дыбыстарын өте көмескі айтуға, тіпті айтпай кетуге бейімделе бастадық. Мұндай жағдайлар тіліміздің қоңыр қазақы әуеніне де әсер етіп келеді. Осындай жағдайда өз кезінде Ахмет Байтұрсыновтың: «Түбінде тілді оқығандар бүлдіреді» деп оқыған адамдар өзге тілдің ықпалына тез бейімделгіш болатындығын аңғарып ескерткені ойға оралады.

Тілді тіл етіп, бар табиғаты мен болмыс-бітімін айқындап тұратын басты заңдылықтарының бірі — дыбыстардың бір-бірімен көрші тұруы, тіркесуі. Қазақ тілінде буын, сөз ішіндегі және сөз бен сөз аралығындағы дыбыстар өзара келісіп, үйлесіп, үндесіп, басқаша айтқанда, бір-бірімен қол ұстасып, жарасым тауып, үндесіп заңына бағынып тұрады. Бұл заңнан тысқары тұрған дыбыс, буын не сөз болмайды. Ал тілінде үндестік заңы емес, сөз екпіні үстем орыс тілінен енген сөздер қазақ тілінің басты заңдылығына кері әсер етіп келеді. Сондықтан қазақ тіліндегі әр сөздің табиғи бояуы дыбыстар тіркесі арқылы, яғни үндестік заңы арқылы танылады. Орыс тілі  және осы тіл арқылы дауыстының не бірнеше дауыссыздың сөз ішінде, әсіресе, бір буында қатар келуі қазақ тілінің табиғатына жат тіркесімдер болып табылады. Осындай тіркесі бар сөздер қазақ сөзінің ұлттық болуына дақ түсіреді. Мысалы: поэма, дуэт, какао, соус, оазис, Аида, Раиса, Зоя, сияқты сөздер тіліміздің айтылым табиғатына сай келмейді.

Сондай-ақ қазіргі жазуымызда қазақ тілінде «қатаң дыбыстан соң қатаң дыбыс, ұяң дыбыстан соң ұяң дыбыс келеді» деген заңдылығы «сұхбат», «сахна», «мәслихат», «ресми», «шашлық», «лағман», «қызмет» сияқты көптеген сөздер де бұзылып жүр. «Емле», «мемлекет» деген сөздерде дұрыс жазылмай орнығып қалды. Қазақ тілінің дыбыстық заңы бойынша сөз басында  «и», «у», «л», «р», дыбыстары, ал сөз аяғында «б», «д», «ж», «г», дыбыстары келмейтін болса, йод, йон, университет , логика, ленолиуим, лагерь, радио, рельс, штаб, завод, гараж, массаж, монтаж, филолог, монолог, педагог сияқты т.б сөздерде дыбыстық әуеніміз қазақы болмай, «мазақы» күй кешіп тұр. Бір түбір сөздің ішінде бір дыбыстың қатар қайталануы бұрын араб сөздері арқылы  келсе де, оны халық ұлттық бояуымен өзгертіп (молла-молда, алла-алда-Алдаберген, суннат-сүндет, үммет-үмбет) алса, орыс тілі арқылы келген «касса», «миллион», «тонна», «аппарат» сияқты сөздер өзгеріссіз қолданып, тіліміз заңдылығына сай келмей тұр.

Тіл білімінде сөздің мағынасына өзгерте алатын, мағынаға қатысты дыбысты фонема деп атайды, ал оның сөйлеу барысындағы естілетін әртүрлі реңдері дыбыс (вариант, вариация) деп аталады. Бір фонеманың құрамында бірнеше дыбыс, яғни әр фонеманың варианттары; кейбірінде вариациялары да бар. Егер фонеманың реңдерін арнайы әріптермен таңбаласақ, оған таңба да жетпес еді, бұл дұрыс та болмас еді. Бірақ осындай кемшілік біздің қазіргі әліпбиімізде бар. Мысалы, «қ» фонемасының реңдеріне х, һ дыбыстары жатады. Сондықтан қош-хош, қалық- халық, қабар-хабар, қайыр-хайыр, қақарман-қахарман-қаһарман, Гауқар-Гауһар-Гаухар деген сөздерде қай дыбысты қолдансаң да мағына өзгермей тұрғаны, бір фонеманы үш әріппен таңбалаудан туындаған заңсыздық, басқаша айтқанда, бір адамның үш есімі бар, не үш төлқұжаты болғаны сияқты. Сөйтіп, қазақтың «қ» фонемасымен айтылатын сөздер әліпбиімізге қазақ тілінде жоқ, орыстың «х» фонемасы енгізілуіне байланысты, бірде қазақтың «қ» фонемасымен,бірде орыстың «х» фонемасымен, енді бірде араб сөздеріндегі «һ» фонемасымен әртүрлі жазылып, жұртты адастырып тұр. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Қысқасы, тіліміз шұбарланып, ұлттық бояуы мен реңін жоғалта бастады. Қазіргі әліпбиіміздегі осы сияқты тағы басқа кемшіліктер латын әліпбиіне көшкен кезде шешімін табады.

Тілдің қоғаммен бірге дамып, ғылым мен техника дамыған сайын көршілес елдерден және басқа да шетелдерден жаңа сөздер кіруі арқылы да толығып отыратыны табиғи заңдылық болып табылады. Қазіргідей басқа елдермен арада барыс-келіс жиілеген замандағы күнделікті тіршілікте өзге тіл сөздерінің енуі де, әсері де күшейе түспесе, бояуламайды. Ал кірме сөздердің барлығын дер кезінде қазақы айтылымға икемдеп отыру да оңай шаруа емес. Әрбір оқыған сауатты адам өзге тілден келген сөздің де қазіргі  кирилл әріптерімен өзгеше жазылып тұрғанын оғаш көріп тез қабылдай қоймауы мүмкін. Ал латын әліпбиі бұл қиындықты өзі реттеп, жұртшылық кірме сөздерді қазақы қылып жазып, қазақы оқып кеткенін өздері де байқамай қалар еді. Сондықтан тіліміздің табиғи айтылымына қайшы келетін кемшіліктерімізден арылатын кез келді. Әр сөзді бабалар салған жолмен ұлттық үндесіміне қарай айтуымыз үшін жарыса қапталдап кедіргі келтіретін ескі әліпбиімізді латын әліпбиіне ештеңеден қорықпай алмастыра салуға мүмкіндік келді. Демек, ұрпақ келешегін ойласақ, ұлттығымыздың негізгі белгісінің бірі тілімізді сақтап қаламыз десек, бірден-бір дұрыс жол — латынға көшу.

Латын графикасына (таңбасы) негізделген қазақ әліпбиін жасау ісінде тіліміз дыбыс жүйесіндегі төл дыбыстар мен өзге тілден енген кірме дыбыстарды жеке-жеке қарастырып, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен жазу барысында туындайтын әртүрлі заңдылықтары ескерілуі тиіс. Демек, бұл іс кез келгеннің қолынан келе бермейді, арнайы фонолог маманның ғылыми тұрғыда қарастырған зерттеу  жұмыстарына үңілу керек. Ал қазіргі кезде графикалық лингвистикадан (тілді таңбалау ісі жөніндегі ғылым саласы) хабары жоқ адамдар да латын әліпбиінің жобасын дайындап, соны қайтсе де өткізу, авторлық құқық алу сияқты өз қара басына жұмыс жасап жүргендер де баршылық. Сондықтан таңба-әріп-фонема-жазу сырын білетін, графизация (тілдің таңбалануы) мәселесімен шұғылданып жүрген фонолог мамандардың көзқарастарына жүгінген жөн. Осы орайда, латын графикасын қазақ әліпбиіне икемдеу бағытында өзінің салмақты ойлары мен ғылыми маңызды зерттеулерін көп талқысына ұсынып жүрген білікті ғалым Әлімхан Жүнісбеков еңбектерінің маңызы зор. Қазіргі таңда Әлімхан Жүнісбеков бастаған ғалымдар қазақ тілі дыбыс жүйесіндегі 28 фонеманы (9 дауысты, 19 дауыссыз) латын графикасымен таңбалап, жаңа қазақ әліпбиін дайындап отыр. Бұған қоса, кірме сөздерді таңбалау үшін «в», «ф», «һ» әріптерін де әліпбиге алу туралы пікір айтылды. Себебі бұл әріптер 1938 жылы әліпбиімізге енгізгелі қазақ тілінде әбден орнығып болды.

Сөйтіп, ғалымдар 30-31 әріптен тұратын әліпби жасауды нысана етіп отыр. Бұл бұрынғы 42 әріптің қысқарып, 10 таңбасы алып тасталынатынын көрсетеді. Мысалы, бұрынғы әліпбиде «ащы», «тұщы» және өзге тілден келген щетка, щи, деген санаулы сөзді таңбалау үшін арнайы «щ» әрпі алынған болса, енді осындай әріптердің қысқаруы нәтижесінде кірме әріптерге қатысты 30-40 басы артық ереже өзінен-өзі жойылып кетеді екен.

Қазір ғалымдар қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру ісін қазақ жазуын реформалау (қайта қарастыру) ісімен байланыстыру жұмыстарының ғылыми негіздемесін дайындап отыр.

Классикалық латын әліпбиі 26 әріптен тұрады: Аa, Bb, Cc, Dd, Ee, Ff, Gg, Hh, Ii, Jj, Kk, Ll, Mm, Nn, Oo, Pp, Qq, Rr, Ss,Tt, Uu,Vv,Ww, Xx,Yy, Zz. Ол роман, герман және басқа тілдердердің жазбаларының негізі.

 Кейбір тілде белгілеуге сәйкес латын әріптері жоқ дыбыстарды белгілеу үшін латын әліпбиі кеңейтіледі. Кеңейтудің мынадай әдістері бар:

 — әліпбиге жаңа әріптер қосу, мысалы, ŋ, ç, ş;

 — диакритикаларды қосу, мысалы, á, ä, ğ;

 — теріс диакритиканы қолдану, мысалы, ı — нүктесіз i;

 — бір дыбысты белгілеу үшін бірнеше әріп қолдану, мысалы, ш дыбысы sh немесе sch арқылы белгіленеді;

— бір дыбысты белгілеу үшін бірнеше әріп және диакритикалық белгі қолдану, мысалы, x үшін c'h;

 — әліпбидегі жеке әріптердің мәндерін өзгерту, мысалы, x әріпі

Енді қазақ тілінің жазбасын осы әдістердің бірін пайдаланып латын әліпбиіне көшіруді талқыламас бұрын, осындай көшуді жүргізген түркі тілдес елдердің (Түркия, Түркменстан, Өзбекстан, Әзірбайжан) тәжірибелерін қарастырайық:

1928 жылы қабылданған түрік тілінің әліпбиі 29 әріптен тұрады, олардың ішінде классикалық латын әліпбиінен тыс 6 әріп ğ, ü, ş, ı, ö, ç бар;

 1990-шы жылдары бірнеше рет өзгерген туркмен тілінің әліпбиі 30 әріптен тұрады, олардың ішінде классикалық латын әліпбиінен тыс 8 әріп ç, ä, ž, ň, ö, ş, ü, бар;

 1993 жылы қабылданған өзбек тілінің әліпбиі классикалық латын әліпбиінен тыс 6 әріп ç, ş, ğ, ö, ñ, ɉ қамтыды, ал 1995 жылы оларды әліпбиден алып тастап, орфографиялық ережелерді қайта жазды: аталған әріптер ch, sh, g’, o’, ng және j-ға сәйкес ауыстырылды, мұндағы ’ – аксант эгю (апостроф) таңба алдында ‘ түрінде, ал таңба соңында ’ түрінде жазылады, мысалы, ‘alphabet – алфавит’;

 2004 жылы қабылданған әзірбайжан тілінің әліпбиі 32 әріптен тұрады, онда классикалық латын әліпбиінен тыс 13 әріп ä, ö, ө, ç, ñ, ň, ſ, ü, ž, ş, ə, , ӱ бар.

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл статусына сәйкес елімізде жасалынып жатқан электрондық ақпараттық ресурстар қазақ тілінде болғаны жөн. Ақпараттық ресурстарды жасау көп қаржы мен жұмысты талап ететін үдеріс болғандықтан, оларды барлық компьютердің пернетақталарында бар 26 әріптік классикалық латын әліпбиінде жасаған тиімді. Себебі, оларды басқа ұлттық әліпбиде жасау үшін қосымша қаржысыз әзірленбейтін шрифтер, драйверлер және сұрыптау мен іздеу программаларын қолдану қажет.

Қазақ тілінің 28 төл дыбысы бар, оның ішінде 9 дауысты және 19 дауыссыз. 1929 жылғы реформа кезінде дауыссыз «х» дыбысы қосылып, жалпы дыбыстар саны 29 болды. Олар қолданыстағы әліпбиде былай таңбаланады: а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і- дауыстылар; б, ғ, г, д, ж, з, й, қ, к, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш, һ- дауыссыздар (мұнда а, о, ұ, ы, е – фонемалар, ал ә, ө, ү, і – олардың алафондары және ғ-г мен қ-к- бір дыбысқа біріккен бір фонеманың үндесім түрлері). Ал 1940 жылғы реформа кезінде орыс тілінен 11 дыбыс енген, олар орыс қолданыстағы әліпбиде в, ё, и, ц, ч, щ, ф, х, э, ю, я деп белгіленеді. Кейінгілердің ішінде қазақ тілінің фонологиялық заңдарын бүлдірмейтін в, х және ф дыбыстарына тоқталайық. Оның біріншісі адамдардың тегін (фамилиясын) жазуда кеңінен қолданып кеткен. Сонымен қатар, қазақ тіліне аударылмай етене еніп кеткен «валюта, вакуум, вакцина, вариант, вектор, вексель, викторина, вирус, виртуал, вице, вокал», «хаки, хаос, химия, хлор, хроника, хром, хрусталь» және «факт, факультет, фаза, файл, фауна, федерация, фельетон, физика, филармония, фильм, фонетика, формула, фракция, функция» сияқты көптеген термин сөздердің маңыздылығын ескеріп, кірме в, х және ф дыбыстарын қазақ дыбыстарының қатарында қалдыруға болады деген ой келеді. Бұдан қазақ тілі зиян шекпейді, қайта ол халықаралық терминдердің дұрыс оқылуына көмектеседі. Яғни, қазақ тілінде 31 дыбыс болады, олар: а, ә, б, в, ғ, г, д, ж, з, е, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, ш, ы, і.

Осы айтылғандарды ескеріп, қазақ әліпбиінің латын графикасына көшірудің мынадай қағидаларын ұсынуға болады:

 1. Жаңа әліпби тек қана қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне негізделіп жасалуы керек, яғни, қазақ тілінің заңдылықтарына қайшылық тудыратын орыс тілінен енген кейбір дыбыстарды алып тастау қажет. Сондықтан, ең алдымен қазақ тілінің офографиясын тек қана қазақ дыбыстары негізінде қайта жасап, орфографиялық сөздік шығару қажет.

 2. Қазақ тілі дыбыстарын классикалық латын әліпбиі қамтылған пернетақтадағы таңбалармен ғана белгілеу керек. Бұл компьютер және телекоммуникациялық құралдар арқылы қазақ тілінде ешқандай кедергісіз жазбаша қатынасуға мүмкіндік береді. Себебі олардың кейбірінде классикалық латын әліпбиінен тыс әріпі бар ұлттық тілдерді қолдауға мүмкіндік беретін қажетті пернетақта және шрифтер мен драйверлерді орнатуға мүмкіндік жоқ.

 3. Қазақ тілі дыбыстар белгілерінің орналасу реті классикалық латын әріптерінің кодтауымен сәйкес және болуы қажет. Бұл қазақ тілін компьютер арқылы тиімді өңдеу мен дамытуға кең мүмкіншілік береді. Себебі, ұлттық әліпбилерді пайдаланып жасалынған ақпараттық ресурстар тек қажетті қаріптер мен драйверлерді ғана емес, оларға қоса, әліпбидегі әріптердің ретіне негізделіп құрылған барлық ақпараттық технологияларда қолданылатын сұрыптау (реттеу) және іздеу программаларын да талап етеді. Ал оларды жеке ұлттық тілге арнап жасау және мыңдап тарап жатқан ақпараттық технологияларда орнату тым қымбат. Сонымен қатар, оларды үзілмей шығып жатқан жаңа ақпараттық технологияларға да бағыттап жасау керек, яғни, осы мәселелермен тұрақты айналасу қажет.

         Енді осы қағидаларға сәйкес қазақ тілінің дыбыстарын классикалық латын әріптерімен белгілеуін қарастырайық. Бізге берілгені классикалық латын әліпбиінде 26 әріп бар, ал қазақ тіліндегі дыбыс саны одан көп: төл дыбыстар саны 28, қосатын дыбыстар саны 3. Сондықтан біз мынадай 3 есепті шешуіміз керек:

1) Жалғыз әріппен ғана белгіленетін дыбыстарды анықтау.

2) Әріп пен арнаулы таңба тіркесімен белгіленетін дыбыстарды анықтау.

3) Көмекші таңбаны анықтау.

Осы есептерді шешу үшін біз компьютер арқылы қазақтың дыбыстық жүйесіндегі дыбыстардың түрлері мен қасиеттерін талқыладық және құрамында қолданыстағы әліпбидің 100 миллион әріптері бар қазақ мәтініндер жинағындағы әріптердің кездесу жиілігі анықтадық. Бұл ұсынылатын әліпбиде қазақ тілінің қай дыбысын қай әріппен және қай дыбысты қай әріпке қандай таңбаны тіркеу арқылы тиімді (сөздің жазуын ұзартпайтындай) етіп белгілеуді анықтауға қажет.

Қазақтың а, о, е, ұ, ү дауысты дыбыстарын мына Aa, Oo, Ee, Vv, Uu, 5 әріппен белгілейміз, ал қазақтың б, г, ғ д, з, ж, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш дауыссыз дыбыстарын мына Bb, Gg, Ff, Dd, Zz, Xx, Yy, Kk, Qq, Ll, Mm, Nn, Hh, Pp, Rr, Ss, Tt, Ww, Сс 19 әріппен белгілейміз. Мұнда бір фонеманың үндесім жұптары г, ғ және к, қ дыбыстарының әрқайсысын жеке әріппен белгілеген жөн, себебі олардың кездесу жиіліктері жоғары. Олардың бірінші жұбын Gg, Ff әріптерімен белгілеуді, ал екінші жұппен ‘қазақ’ дегенді ‘kazak’ немесе ‘qazaq’ деп жазғанның соңғысы дұрыс сияқты болғандықтан к, қ дыбыстарын Kk, Qq әріптерімен белгілеуді ұсынамыз. Осыдан кейін бізде қолданылмаған 1 ғана Ii әріпі қалды.

Біздің зерттеумен анықталған жиілігі жоғары i дыбысы жұрнақ пен жалғауларға қатысып, бір сөзде бірнеше рет кездеседі (мысалы, ‘бiлiктiлiктің’ дегенде оның саны 5). Кейбiр сөздердің жазылуын тым ұзын қылмас үшін, i дыбысын да жалғыз Ii әрiпімен белгілейміз. Оған сыңар ы дыбысын көрші Jj әрiпімен белгілейміз.

 Сонымен біз классикалық латын әліпбиінің барлық 26 әріпін қолдандық. Ал бізде белгілеуі әлі анықталмаған 5 қазақтың дыбысы бар: ә, ө, в, х, ф. Оларды басқа тілдердегі сияқты екі таңбаның тіркесі арқылы белгілеуге болады. Әдеттегідей, тіркестің біріншісі ретінде белгілейтін дыбысқа жақын фонеманың әріпі Aa, Oo, Bb, Kk, Pp сәйкес болуы керек. Кейбір тілде тіркестің екіншісі ретінде де осы тілдің әліпбиінің әріпі алынады. Мысалы, ағылшын және өзбек тілінде ң дыбысы латын әліпбиінің n мен g әрпінің тіркесі арқылы белгіленген. Қазақ тілінде бұл әдісті қолданғанда «Кейбір сөздердің оқылуы дұрыс болмайды немесе бөлек сөздердің жазылулары бірдей болып кетеді» деген проблема шығады. Мысалы, егер біз г дыбысын g әріпімен белгілісек, онда «күнгі, күңі» сөздері «kungі» болып бірдей жазылады. Енді біз зерттеген мәтіндік корпуста ә, ө, в, х, ф әріптеріне тіркеспейтін әріп жоқ екендігін ескеріп, оларды белгілегенде Aa, Oo, Bb, Kk, Pp әріптерінің сыңары ретінде әріптен басқа таңба аламыз.

         Әдетте біз мәтінді пернетақтаның тек төменгі регистрі арқылы (shif батырмасын баспай) тереміз. Бізге цифрлар, жақшалар, арифметикалық амалдар таңбалары, тыныс белгілері, тырнақшалар және көлденең сызықшалардан басқа таңба керек. Ондай таңбалар екеу ғана: ’ — аксант эгю (э батырмасы) және ` — аксант граф (ё батырмасы). Мұндағы аксант эгю таңбасы қосақталып мәтіндегі тырнақша ретінде, ‘ ’ жиі кездеседі, себебі ол кез келген таңбаның алдында ‘ түрінде, ал таңбадан кейін ’ түрінде бейнеленеді. Мысалы, жоғарыда ‘қазақ’ деген сөзде пайдаланылған (осы таңбаны өзбектер қолданған, яғни, ол ...).

Сонымен пернетақтада қолданылмаған жалғыз аксант граф (дәйекше) таңбасы қалды. Оны қазақтың ә, ө, в, х, ф дыбыстарын қос таңба арқылы белгілеу үшін қолданамыз, яғни, олар мынадай A`a`, O`o`, B`b`, Kk`, P`p` болады. Бұл сөздердің жазылуын тым ұзартпайды. Мысалы, әке = a`ke, өмір = o`mir.

Әліпби белгілі болғаннан кейін сөздердің жазу емлелерін анықтап, тілдің морфологиялық және синтаксистік ережелерін айқындау қажет. Оларды компьютерде жиналған тілдің мәтіндік корпусын зерттеу нәтижесін және осы күнге дейін жасалған морфологиялық және синтаксистік ережелердің математикалық моделдерін ескеріп жасау керек.

Енді ә, ө дыбыстарына сәйкес белгілердің, яғни, a`, o` қатысуымен жазылатын кейбір сөздерді көрсетейік:

1. Құрамында осы дыбыстар бір-ақ рет кездесетін жалаң сөздер: әдіскер=a`disker, әзірлеу=a`zirlew, әкімшілік=a`kimcilik, әңгіме=a`hgime, бәйге=ba`yge, бәсеке=ba`seke, өгейшілік=o`geycilik, өміршең=o`mirceh, өңгерілген=o`hgerilgen, өшіргіш=o`cirgic, бөбек=bo`bek.

2. Құрамындады осы дыбыстар бірнеше рет кездесетін күрделі сөздер: көздәрі=ko`zda`ri, көзкөрген=ko`zko`rgen, көзмөлшер=ko`zmo`lcer, көккөд=ko`kko`l, көкжөтел=ko`kz`o`tel, көкөніс=ko`ko`nis, көпмәнді=ko`pma`ndi, көркемөнер=ko`rkemo`ner.

3. Құрамында осы дыбыстар бірнеше рет кездесетін жалаң сөздер: әзәзіл = a`za`zil, зәмзәм= za`mza`m, нәмәрт = na`ma`rt, нәркүмән = na`rkuma`n, тәбәрік= ta`ba`rik.

 Енді қазіргі кирилл әліпбиіндегі қазақ мәтінін латын әріптеріне көшірмес бұрын, оның ішіндегі қазақ тіліне жатпайтын барлық бөтен дыбыстарды белгілейтін әріптерден арылуымыз керек, себебі ұсыналған әліпбиде оларды белгілейтін әріптер де ережелер де жоқ. Олай болатыны, ешбір тілге басқа тілдің дыбыстарын заңдастырмай кіргізбейді және басқа тілдің дыбыстарын қолданып жасалған сөздерді өзінің фонетикалық ережесіне бағындырып сәйкес орфоэпия мен орфография емлелерін жасайды. Мысалы, орыс тілінде қазақ тіліндегі кейбір адам есімдерін, жер және су аттарын қазақша жазбай, өзіне түрлендіріп алады. Нәтижесінде Әділ = Адил, Іңкәр = Инкар, Ұзынағаш= Узунагач, Іле=Или болды. Мұндай әдіс әліпбилері бөлек кезкелген тілдерде де қолданылады. Сондықтан біз кирилл әліпбиіндегі кейбір қазақ сөздерінде кездесетін ё, и, э, ю, я, ц, ч, щ, ь, ъ әріптерінен арылу ережелерін жасап, оларды программалық жүзеге асырып конвертерді дайындадық.

Ахмет Байтұрсынов жасаған төте жазу орыс ғалымдары арқылы әлемге танылып, жоғары бағасын алды. Ғалымның әліпби мен жазу санасында ашқан осы ғылыми жаңалығы, жазу заңдылықтарымыздың негізгі тірегі болып, басқа әліпбиге, латынға, одан кириллицаға көшкенімізбен де қазіргі күнде де жазуымызға қызмет етіп келеді. Төте жазуда болмасақ та , әліпби түзу және жазу заңдылығы Ахмет Байтұрсынов ұстанған қағидаларға негізделген. Ал қазіргі қиындықтарымыз да осы Ахмет Байтұрсынов көрсеткен кейбір ұстанымдардан ауытқып, кірме дыбыстарды әліппеге талғаусыз қабылдап, содан соң кірме сөздерді де өзгеріссіз жазып, өзіміздің төл сөздеріміз бен терминдерімізді де ғалым көрсеткен жолмен қарыштата алмауымыздан туындады. Сондықтан Байтұрсынов ұсынған қағидаларға қайта келу керектігін еріксіз мойындағандықтан да әліпби өзгертіп отырмыз. Ертең латыншаға өткен кезде Ахмет Байтұрсынов ұстанған қағидаларды басшылыққа аламыз. Ал неге төте жазу емес, латын әліпбиі дегенге келсек, халық өз еркімен таңдауға мүмкіндігі болып тұрғанда әлемнің озық елдері игілгін көріп, көпшілігі қолдап отырған латын әліпбиіне біздің де көшкеніміз дұрыс болар еді. Егер біз қазір араб әліпбиімен жүрген болсақ, онда латынға көшу туралы әңгіме болмауы мүмкін. Қазіргі таңда латын әліпбиі үлкен беделге ие болып, қолданыс аясы да мүмкіндігі де зор екендігін танытып отыр. Сондай-ақ графизация (әріп таңбалау) заңдылықтары әріптің дыбысты таңбалау, көру, оқу, жазу талаптарына сай келуін қажет етеді. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатыны байқалады. Барлық дәрі-дәрмек атаулары, математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер — барлығы да латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады. Латын графикасын қолданатын барлық елдердің әліпбиіндегі әріп саны тілдегі фонемалар санынан әлдеқайда аз болуы да оның жетістігі болып табылады. Дегенмен кейбір елдің латын әліпбиінде әртүрлі диакритикалық таңбалардың (нүкте, қос нүкте,сызықша, айшық, дәйекші) көп алынуы да белгілі дәрежеде қиындық келтіреді. Осындай қосымша белгілер арқылы көптеген елдің барлық фонемалары латынның 26 таңбасымен ғана белгіленуі жазу үнемділігін танытатын тиімді әліпби дәрежесіне жеткізіп отыр.

Ғылыми қауым латын әліпбиіне көшкен түркі халықтарының жағдайына да жеке зерттеу жүргізіп келеді. Осы бағытта арнайы бағдарлама да бар секілді. Латын әліпбиіне көшкен өзбек ағайындарда туындаған бір қиындық — өзбек мектебі латынша  жазса, орыс мектептері бұрынғы кирилл жазуында қалып отыр. Себебі өзбек тіліндегі мектепке латын әріптерін меңгерген мұғалім, латынша шыққан оқулықтар, ал орыс мектебіне басқа кітап, басқа мұғалім керек екен. Орысша оқитындарға кітап қоры жеткілікті болса, өзбек мектебіндегі латынша оқитындарға ондай мүмкіндік жоқ, орыс әліпбиін танымайды. Сол сияқты латын әріптерімен шыққан басылымдардың таралуы да аз екен. Әрине, мұндай кемшілікті уақытша қиындық қана деп білеміз.

Қиындықтар болмайды емес, болады. Бірақ «шегірткеден қорыққан егін екпейді»   дегендей, қиындықтан қорқып қол қусырып отыруға да болмайды. Бес мың жылдық тарихы бар Қытай мемлекеті өздерінің ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан тарихи мұрасын бір әліпбиден екіншісіне көшірудің мүмкін еместігінен өз иероглифтерінен айырылмай отыр. Бірақ Қытайда  да латын әліпбиінің өз орны, осы әліпбиге деген қызығушылық бар. Қытай 1949 жылы өз иероглифтерін латын әріптерінен транскрипциялады, соның арқасында қазір шетелдіктердің қытай тілін латын әріптері негізінде меңгеруі бұрынғыға қарағанда жеңілдей түскен. Ал жапон елінде ғылыми жұмыста және байланыс құралдарын пайдалануға ыңғайлы болуы үшін екінші әліпби ретінде латын жазуы қолданылады.

Тағы бір ескеретін жай — латын әліпбиіне өтсек, барлық мәселе шешіледі деп арқаны кеңге салуға да болмайды. Латын әліпбиіндегі британдық ағылшындар өз тілдерінің америка, европа құрлықтарында әр жерде әртүрлі айтылып кетпеуіне, немістер мен еврейлер жер-жерден келген өз қандастарының тілді бұзбай дұрыс меңгеруіне, француздар өз тіліне ағылшын кірме сөздерінің көп еніп кетпеуіне басқа елдер де алаңдаушылық білдіріп, үнемі назарда ұстап, тілін дамыту шараларын жүргізіп, тіпті «тіл полициясын» да осы іске қосып отыр. Сондықтан бізде тілімізге бұрынғыдан да жауапкершілікпен  қарап, Елбасы айтқандай, «қазақ қазақпен қазақша сөйлеуі керек». Тіл сөйлеген үстіне сөйлей берсең ғана шыңдалып, айналадағы басқаларға да әсер ете түседі.

"Қазақ әліпбиін латынға көшірудегі негізгі желеу ақпараттандыру үрдісінің үдесінен шығу. Бірақ, адам компьютерге қызмет етпейді, компьютер адамға, халқыққа, ұлтқа қызмет ету керек.Осылай жер байлығына малданып жүре берсек, басыңыздан бақайшағыңызға дейін «латындап» қойсаңыз да ілгері жылжымайсыз. “Ұлтқа қызмет ету бiлiмнен емес мiнезден”- дейді Әлихан Бөкейхан. Осы ғасыр қытай ғасыры екені белгілі болып қалды,, технологиялық, индустриялық жетістіктен кейін мәдениетін, өнер білімін, тілін жан жағына таңа бастайды, бұл үрдіс көрші қазақты айналып өтпейтіні белгілі. Сонда шығамыз біреуіміз, «қытай иероглифіне көшу заман талабы» деп. Жапон, кәріс, қытай да бұл «ауруды» бастан өткерген, латынға көшпекші болған, бірақ көшпеді, ешкімнен кем қалған жоқ, керісінше сол батысыңнан озып тұр. Өзінде барды бағаламаған, өзгеден іздеген - балалық ауру. Қазақ түркінің қара шаңырағындағы ел. Ер Түріктің сына жазуы бар, ішінде қазаққа және барша түрікке керекті дыбыстар бар және біреудікі емес, бабаңдыкі. Компьютерге енгізу қазақша айтқанда боқтан оңай. Руниканың баспа түрі ғана бар дерсіз. Жазба түрін жасау ғалымдарымызға қиындыққа соқпас. Ұлттың басты атрибутының біреуі жазу. Басқа ұлтты өзіміз жазуынан танимыз, кім екенін аңғарамыз. Қашанғы сылтауратып қағымыздан жеріп жүреміз. Әлихан атамыз айтқандай мінез көрсетіп, төл жазымызға көшуіміз керек. Келешекте компьютер ойланбай ақ кез келген тілде сайрай береді, ал клавиатура мәселесі тіпті қазір шешіліп тұр десе болғандай, ол кнопка емес, теп тегіс қалаған кнопкаға керек қарпіңізді программалап аласыз", - дейді С.Ыбырай.

қазақ тіліндегі сөздердің табиғи қалпында айтылуына кезінде кирилл жазуына көшуіміз кедергі болды дер едім. Қазіргі кезде тілімізде өзге тіл сөздері көп болғаны бір басқа, ата-баба дәстүрімен жеткен табиғи дыбыстау әуеніміз де өзгере бастаған екен. Біз өзге тілдегі сөздердің барлығын түсіне бермесек те, олардың дыбыстау әуеніне қарай француз сөзі ме, неміс сөзі ме, қытай, жапон сөзі ме  — ажырата аламыз. Ал бұрын қандай болды? Бұрынғы жазбаларда: «Қазақтар сөйлегенде ән салып тұрғандай» депті. Мұның себебі тілімізде сөздің қос дауыссыздан басталмауы, бір дауысты бір дауыссызды соңына ертіп немесе бір дауыссыз бір дауыстыны ертіп, өзара үндесіп айтылуы болса керек. Сондықтан да болар, бұрынғы аталарымыз «кровать, бревно, стакан, стол, трактор» деген сөздерге екі дауыссыздың ортасына, не сөз алдына дауысты дыбысты қосып, «кереует, бөрене, ыстақан, үстел, тырақтыр» деп қазақы «әндете» айтқан, ал қазір олай емес. Сондықтан да болар, қазақы қоңыр үнді әннен, күйден іздеп, дәстүрлі әуенді сағынып отырамыз. Аға буын өз ана тілінің бабалар дәстүріне сай дұрыс айтылуын қалап, кейінгі ұрпағына аманат етіп, оқытып, үйретеді. Бірақ қазіргі жастар арасында тілдің айтылым (орфография) және жазылым (орфография) заңдылықтарын ажырата қарамай, тек жазылым бойынша сөйлеу етек алып бара жатыр. Мысалы; «аман келді» деген тіркесте сөз арасындағы «нк» дыбыстарын біреулері сол күйінде айтса, екінші бірі «нг» (аман гелді), үшінші- «ңк» (амаң келді), төртіншісі-«ңг» (амаңгелді) деп төрт түрлі айта береді. Бұл тіркес төртіншісі тоғыспалы ықпал арқылы дұрыс айтылған. Бұл заңдылықты мектеп оқушылары түгілі кейбір ғалым ағалар да: «Қазіргі жастар бұлай айта алмайды, дәстүр-дәстүр деп артық кетуге болмайды» деп, ана тіліміздің басты ерекшілігін танытатын  үндестік заңын мойындағысы келмейді. Сонда ана тілін жете білмейтін кейбір жастардың сөйлеуі — қазіргі заңдылық та, бабалардан жеткен тіліміздің табиғи айтылымы ескірген заңдылық болғаны ма?! Мысалы, көгілдір экрандағы түрлі ән байқауларын тамашалайтын көрермендер тамылжыта ән салған әншіге қазылар алқасы «әнді ескі әуенмен, бұрынғы дәстүрмен айтып тұрсың, мұны қазір жұрт қабылдамайды» деп, сөзін орынды-орынсыз созып, сөздің екпінін дұрыс қоймай, сөз арасына шетелдің әуенін қосып, сөзді түсініксіз дыбыстармен бұзып «современный» орындаушыны мадақтап жататынына куә болып жатады. Бұл жағдай балаларға арналған мысал, өлеңдердегі есектің «ән айтуды қораздан үйрен» деп бұлбұлға ақыл бергеніндей әсер етеді. Бұл өзге тілде сөйлеп, өзге әліпбидің ықпалымен жазу тек тілге ғана әсер етіп қоймай, адамның бүкіл болмысына да ықпал ететіндігін байқатады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Латынға оралу (қаз тілі латын әліпбиімен)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Логист

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Латыннан бұрын қазақ тілінің таңбалық жүйесін жасауды шетелдік ғалымдар кириллицадан бастағаны белгілі.  «Қазақ жазуының теориялық негіздері» атты  2010 жылы жарық көрген зерттеуінде Қ.Күдеринова қазіргі кириллицаға негізделген әліпбидің жобалары 19-ғасырдың соңына қарай жасала бастағанын жазады. Ол былай деп жазады: «Орыс графикасына негізделген ең алғашқы қазақ әліпбиі жобасын Н.И.Ильминский жасады. Н.И. Ильминский әліпбиіндегі қазақ тілінің өзіне тән дыбыс дауыстылардың таңбалары мынадай болды: (үстіне ноқат салды – Ғ.Қ.Хасанов) а – (ә), о – (ө), у – (ү), і – (і), ы – (ы), н – (ң), к – (қ), г – (ғ). Сөйтіп, зерттеуші он шақты қосымша белгі алғанымен, орыс әліпбиіндегі е, в, и, ф, ц, х, ч, щ, ъ, ь, э, ю, я таңбаларын (қазақ тілі дыбыстық құрамына тән емес дыбыс таңбаларын қолданбады» [Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. – Алматы, 2010, 115 б.]. Н.И. Ильминский қазақ тілінің дыбыстық құрамына тән емес дыбыс таңбаларын алмайды. Ол жөнінде былай дейді: «кроме приспособления русских букв к татарским звукам, мне пришлось постепенно изменять и установлять орфографию. В первом издании букваря я писал су – вода, аулъ – деревня, аю – медведь. Теперь мы пишем сыу, ауыл, айыу». Ильминскийдің бұл жобасына В.В. Григорьев қарсы шығып, өзінің «О передаче звуков киргизского языка буквами русской азбуки» деп аталатын мақаласында орыс әліпбиіндегі таңбалар өзгермеуі тиіс деп көрсетеді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 513 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Реферат по предмету "Право" на тему: «Судебное установление усыновления (удочерения) детей: процессуальный порядок»
  • Учебник: «Право (базовый и углублённый уровни)», Никитин А.Ф., Никитина Т.И.
  • Тема: § 54. Права и обязанности родителей и детей. Усыновление, опека (попечительство)
Рейтинг: 5 из 5
  • 30.09.2020
  • 2211
  • 23
«Право (базовый и углублённый уровни)», Никитин А.Ф., Никитина Т.И.
ПРАКТИЧЕСКИЕ РАБОТЫ СТРУКТУРНЫЕ СХЕМЫ ЭЛЕКТРОСТАНЦИЙ ТИПА КЭС, ТЭЦ И ПОДСТАНЦИЙ
  • Учебник: «Электротехника, учебник для нач. проф. образования», П.А, Бутырин, О.В. Толчеев и др.
  • Тема: РАЗДЕЛ I. ЭЛЕКТРИЧЕСКИЕ И МАГНИТНЫЕ ЦЕПИ
  • 30.09.2020
  • 1576
  • 35
«Электротехника, учебник для нач. проф. образования», П.А, Бутырин, О.В. Толчеев и др.
По теме: «Изучение конструкции, технических параметров и изоляции основного электрооборудования электрических станций и сетей»
  • Учебник: «Электротехника, учебник для нач. проф. образования», П.А, Бутырин, О.В. Толчеев и др.
  • Тема: 7.5. Асинхронные машины
  • 30.09.2020
  • 438
  • 1
«Электротехника, учебник для нач. проф. образования», П.А, Бутырин, О.В. Толчеев и др.
  • 30.09.2020
  • 818
  • 10
«Электротехника, учебник для нач. проф. образования», П.А, Бутырин, О.В. Толчеев и др.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.01.2015 825
    • DOCX 135 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рахышова Мадина Маратбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рахышова Мадина Маратбековна
    Рахышова Мадина Маратбековна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 40605
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Мини-курс

Карьера и развитие в современном мире

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Социальная и поведенческая психология

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 16 регионов

Мини-курс

Стратегическое планирование и маркетинговые коммуникации

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 19 регионов