Главная / Информатика / Лабораторная работа по программе Microsoft PowerPoint (на казахском языке)

Лабораторная работа по программе Microsoft PowerPoint (на казахском языке)


Microsoft PowerPoint программасы

1 лабораториялық жұмыс. Презентациялар құру

Жұмыстың мақсаты:

  • PowerPoint программасын іске қосу және презентация құрудың тәсілдерін таңдау;

  • Автомазмұн шебері көмегімен презентациялар құру;

  • Шаблондар көмегімен және бос презентация құру;

  • Слайдқа мәтін, суреттер, графикалық объектілер енгізу,

  • PowerPoint программасында жұмыс істеу режимдерінің ерекшеліктерін ескеру әрекеттерін меңгеру.

Microsoft PowerPoint – Microsoft Office-тің құрамындағы, презентациялық

материалдар дайындауға арналған программа. Бұл программа кодоскоптарға және 35 мм-лік мөлдір қабыршақтарға (пленка) арналған слайдтар, қағазда үлестірілетін материалдар, компьютер экранында анимациялық көріністерді бейнелей алатын презентациялар дайындау мүмкіндігін береді. Micrisoft PowerPoint программасында баяндама немесе мекеменің ашылу салтанаты т.с.с әртүрлі материалдарды оның дыбыстық және мультемедиалық мүмкіндіктерін пайдаланып жандандырып жіберуге болады.

  1. PowerPoint программасын іске қосу

  • Powerpoint программасы тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу батырмасын шерткенде ашылатын бас менюдің Программалар, Microsoft Power Point қатарында тышқанды шерту арқылы іске қосылады.

  • Менің компьютерім немесе Сілтеуіш программасының терезесінде С дискісінде сақталған Microsoft Offіce бумасындағы Microsoft Power Point жарлығын-да тышқанды екі рет шерту арқылы да іске қосуға болады.

Power point программасы іске қосылған мезетте презентация құрудың тәсілдерін таңдау және бұрын құрылған презентацияны беретін сұқбат терезе ашылады(1.1 сурет ).

  • Автомазмұн шебері (Мастер автосодержания) ауыстырғышы таңдаласа, жаңа презентация , белгілі тақырыпқа сәйкес мәтін және безендіру элементтері еңгізіліп

сақталған презентациялар тізімінен қажеттісін таңдап,сатылы түрде сұрақтарға жауап бере отырып құрылады. Бұл кезде презентация мазмұныы автоматты түрде жасалады.

  • Перзентациялар шаблоны (шаблон презентации) ауыстырғышы өз презентацияыңызды бұрыннан безндіру элементтері сақталып қойылған шаблон түріне келтіріп дайындау мүмкіндігін береді.

  • Бос презентация (Пустую презентацию) ауыстырғышы ешқандай мәтін енгізілмеген және безендіру элементтері пайдаланылмаған таза, бос презентация құру мүмкіндігін береді.

  • Презентация ашу ауыстырғышы бұрны құрылып, сақталып қойған презентацияны оқу мүмкіндігін береді. Бұл ауыстырғыш қосылғаннан кейін, ашуға қажетті презентация сақталған орынды көрсетуді талап ететін сұқбат терезе пайда болады.

2.Автомазмұн шебері көмегімен презентация құру

Автомазмұн шебері( Мастер автосодержания)көмегімен:

  • Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар; (Докпады по общим вопросам)

  • Қызмет бабы бойынша баяндамалар;(Доклады по служебным вопросам)

  • Мекеменің жұмыс істеу жөнінде мағлұмат;(Сведения о функционировании предприятия)

  • Сауда-саттық және маркетинг жөнінде іс есеп-қисаптар;(деловые отчеты о продажах и маркетинге)

  • Жеке хабарламалар(личные сообщения)сияқты тақырыптарды кеңінен”””” ашуға арналған алдын ала дайындалып қойылған презентациялар ішінен таңдап,өз презентациямызды құра аламыз.Microsoft Power Point программасы іске қосылғаннан кейін пайда болған сұқбат терезеде Автомазмұн шебері өрісін таңдап,ОК батырмасын шертеміз.Осы кезде Автомазмұн шебері”””іске қосылады.

Автомазмұн шебері презентация құру үшін сатылы түрде мынадай сұрақтарға жауап беруді талап етеді:

1-ші қадамда Презентацияның түрі,яғни оның жалпы тақырыптық бағытын таңдаймыз;Келесі қадамға өту үшін қажетті тақырыпты таңдаған соң, Ары қарай(Далее)батырмасын шертеміз.

2-ші қадамда Презентацияны көрсету тәсілдері, презентацияның баяндамашы өзі түсіндіретін болғандықтан тек иллюстративті слайдтардан құралатынын немесе ақпараттық киоск түрінде дайындалып, көрермендер өз беттерінше қарауға арналатын опцияларының бірін таңдау қажет;

3-ші қадамда Презентацияны шығару материялының форматы,қағазға басылатынын, фотографиялық слайд немесе электрондық презентация болу керектігін көрсету қажет.

4-ші қадамда Қосымша мәліметтер: презентацияның тақырыбы және титулды слайдта жазылатын мәтіндерді теріп жазамыз.

Осы сұрақтардың бәріне жауап алғаннан кейін автомазмұн шебері презентацияны дайындайды.Тиісті мәліметтерді енгізгеннен кейін Дайын(Готово) батырмасын шертеміз.

Дайын болған презентациядағы мәтіндерді өз ыңғайымызға қарай өзгертіп, арнайы эффектілер қосып,көркемдеу элементтерін қолдана аламыз.Автомазмұн шеберін презентациямен жұмыс істеп отырған кезде қосу қажет болса,Файл-Құру(Файл-Создать)командасын орындап,ашылған сұқбат терезенің Презентациялар ішкі бетінде Автомазмұн шебері шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту жеткілікті.

3.Шаблондар көмегімен және бос презентация құру

Power Point программасында презентация құру әрекетін автомазмұн шебері көмегімен басқа екі түрлі тәсіл арқылы орындауға болады.Оның бірі алдын-ала безендіру элементтерін пайдалана отырып құру болса,екіншісі ешқандай безендіру элементтері қарастырылмаған бос презентация құрып алып,одан кейін көркемдеу болып табылады. Power Point программасының бір ерекшелігі осы екі жағдайда да,құрылған презентацияны,алдын ала безендіру элементтері сақталынып қойылған басқа шаблон түріне алмастыруға болады.

3.1 Презентацияны шаблондар көмегімен құру

Power Point программасында безендіріліп,дайындалған презентациялар шаблондар түрінде сақталынып қойылған.Кез келген уақытта осы шаблондарды пайдалана отырып,өз презентациямызды құруға болады.


Шаблондарды пайдаланып құру әрекетін Power Point программасы іске қосылған мезетте ашылған сұқбат терезеде Презентациялар шаблоны(Шаблоны презентаций)опциясын таңдау арқылы құру мүмкіндігі бар. Осы опция таңдалғаннан кейін Жалпы(Общие), Презентациялар дизайндары(Дизайны презентаций), Презентациялар,Web-парақтар(Web-страницы)астарлы беттерінен тұратын,Презентацияны құру сұқбат терезесі ашылады(1.3-сурет).Осы сұқбат терезе Файл-Құру командасын орындағаннан кейін де ашылады.Сұқбат терезенің оң жақ шетінде орналасқан үш батырма”””” көмегімен презентациялар тізімін ірі шарт белгілер, ұсақ шарт белгілер және кесте түрінде көруге болады.

Презентацияның шаблонын тышқан көмегімен белгілеген кезде шығатын үлгіден қарап отырып, өзімізге ұнағанын таңдап ОК батырмасын шертеміз.Осы мезетте экранға Слайд құру сұқбат терезесі шығады(1.4-сурет).Бұл сұхбат терезеде қажетті слайдтың түрін көрсетуіміз қажет.Экранда таңдалған шаблонға сәйкес бос презентация пайда болады.Осы презентацияға тиісті мәтіндерді енгізіп,арнайы эффектілер қосып, көркемдейміз.

3.2Бос презентация құру

Бос презентация, яғни ешқандай көркемдеу элементтері қолданылмаған таза презентация құру әрекетін :

  • Power Point программасын іске қосу мезетінде экранда пайда болған сұқбат терезенің Презентация құру өрісіндегі Боспезентация(Пустую презентацию) опциясын таңдау арқылы;

  • Файл-Құр укомандасын орындағанда ашылған сұқбат терезенің Жалпы(Общие)астарлы бетінде Жаңа презентацияны(Новую презентацию) шарт белгісін таңдау арқылы;

  • Стандарттар саймандар тақтасындағы Құру(Создать) батырмасында тышқанды шерту арқылы орындауға болады.

Осы әрекеттердің бірі орындалған соң экранда Слайд құру сұқбат терезесі ашылады (1.4-сурет).

Презентация слайдтарын құрастыру, үйлестіру схемасын таңдау әрекетін Слайд құрусұқбат терезесінде жүзеге асыруға болады.

“””””

Power Point программасында слайдтар белгіленуінің 24 түрлі варианты бар.Осы варианттар ішінен өзімізге қажеттісін таңдаған соң ОК батырмасын шертеміз.

4.Слайдқа мәтін, сурет, графикалық объектілер енгізу

Шаблон көмегімен немесе бос презентацяны құру командалары орындалған соң, Слайд құру сұқбат терезесі ашылады.Осы сұқбат терезеде слайдтағы мәтін, графикалық объектілер, диаграммалардың орналасу схемасын таңдай аламыз.Қажетті схеманы таңдап,ОК батырмасын шерткен соң, экранда слайд пайда болады(1.5-сурет).Әрбір өрісте әрекеттің орындалуына байланысты қандай элемент енгізілетіні көрсетіліп тұрады.Мысалы,слайдтың жоғарғы жағындағы өріс аймағында тышқанды бір рет шертсек тақырып енгізіледі т.с.с.Бастапқы уақытта слайд схемасы дұрыс таңдалмай қалса, оны кейін өзгертуге болады.

Тышқанды бір рет шертіп, тақырыпты және сол жақтағы өріске мәтінді енгізген соң, олардың қаріп түрін,түсін т.б. өзгертуге, яғни форматтауға болады.Форматталатын мәтінді ерекшелеп,белгілеген соң,Формат-Қаріп(Формат-Шрифт)командасын орындағанда ашылған сұқбат терезеде”””немесе форматтау саймандар тақтасындағы батырмалар көмегімен тиісті әрекеттерді орындаймыз.Форматтау әрекетін өріс ішіндегі бүкіл мәтінге қатысты орндау үшін, өріс жақтауында тышқанды шертіп,алдымен оны ерекшелеп аламыз.

Мәтін енгізу өрісінде оны таңбаланған тізім түрінде жазған ыңғайлы.Әдетте таңба ретінде қара дөңгелектер немесе төртбұрыштар қолданылады.Осы стандартты таңбаларды өзгерту үшін, таңбаланған тізім жазылған өрісте тышқанды шертеміз де Формат-Таңба(Формат-Маркер)командасын орындаймыз.Таңбалар(Маркеры)сұқбат тезесі ашылады.Қаріптің Wingdings деген түрін ашсақ,бірнеше символдар тізімі шығады. Осы тізімнен кез келгенін таңдап,ОКбатырмасын шерту арқылы таңба ретінде қолдануға болады.

Таңбаланған тізімнің соңында Enter пернесін басатын болсақ,келесі жолға таңба қойылады.Бос таңбадан кейін осы пернені қайта бассақ бұл таңба өшіп қалады.Ал, тұтас тізімнің таңбасын алып тастау үшін,оны ерекшелеген соң Ctrl+A қос пернесін басамыз немесе саймандар тақтасындағы Таңбаланған тізім батырмасын шертеміз.””””

Сондай-ақ,слайдқа кесте,диаграмма, сурет сияқты объектілерді слайд схемасын таңдаған кезде шығатын,өріс аймағында тышқанды екі рет шерту арқылы негізе аламыз. Енгізу-Сурет(Вставка-рисунок)командасын орындап:

Картинкалар(Картинки)- Microsoft Clip Gallery объектілерін;

Файлдан(Из файла) –файл түрінде сақтаулы тұрған суреттерді;

Автофигуралар-әртүрлі автофигуралар;

Бірнеше тармақтан тұратын диаграмма(Организационная диаграмма), Word Art объектілерін,сканерден көшірме(со сканера), Microsoft Word кестесін енгізу мүмкіндігі бар.

Енгізу-Объект(Вставка-Объект) командасын орындап,ашылған сұқбат терезеде қажетті типін таңдау арқылы объект енгізуге болады(1.7-сурет).Мысалы,слайдқа Microsoft Excel кітабының бір парағын орналастыруға болады т.с.с.Слайдқа Excel программасында құрылған дайын диаграмманы буферге көшіріп алып,енгізуге де болады.Ол үшін Excel программасында қажетті диаграмманы ерекшелеп,Түзету-Көшіру(Правка-Копировать)командасын орындау арқылы,буферге аламыз. Power Point программасына оралып,Түзету-Енгізу(Правка-Вставить)немесе жанама менюдегі Енгізу командасын орындаймыз.

Microsoft Office құрамындағы Microsoft Graphарнайы””””программасының көмегімен қарапайым диаграммаларды құру мүмкіндігі бар.Енгізу-Диаграмма (Вставка-Диаграмма) командасын орындаймыз немесе слайдқа диаграмма енгізу схемасы таңдалса,диаграмма өрісінде тышқанды екі рет шертеміз.Саймандар тақтасындағы диаграма енгізу батырмасында тышқанды шертуге де болады(1.8-сурет) .Меню қатарындағы командалар мен саймандар тақтасында болған өзгерістерді бірден байқауға болады.Кестедегі мәліметтерді тұтас белгілеу үшін,қатарлар мен бағаналардың тақырыптары қиылысқан сол жақ жоғарғы бұрышта тышқанды шертеміз.Del пернесін басу арқылы оларды өшіріп,өзімізге керекті мәліметтерді енгіземіз де, меню қатарынан Диаграмма-Диаграмманың типі (Диаграмма-Тип диаграммы) командасын орындап,диаграманың типін таңдаймыз.Диаграмма-Параметрлер(Диаграмма-Параметры)

Командасын орындап,қажетті параметрлерді тағайындаймыз(түсініктеме,тақырып,жазбалар қосу т.с.с.).Диаграманы слайдқа орналастыру үшін,слайдта тышқанды шертіп, Мәліметтер кестесі терезесін жабамыз.

5.Power Point программасында слайдпен жұмыс істеу режимдері

Power Point программасының графикалық объектлерді бейнелеуге арналған басқа программалардан айырмашылығы, бір мезгілде бірнеше слайдтардан тұратын презентациялармен жұмыс істеу мүмкіндігін береді.Осы себепті слайдтарды қараудың бірнеше режимдері бар:

  • Слайдтар режимі(режим слайда);

  • Құрылымдық режим(режим структуры);

  • Слайдтарды сұрыптау режимі(режим сортировщика слайдов);

  • Бетке ескертпе жазу режимі(режим страниц заметок);

  • Слайдтарды көрсету режимі(режим Показ слайдов);

Бұл режимнің әрқайсысы слайдты әртүрлі етіп көрсетеді және бір режимде жасаған өзгерту барлық режимде де іске асады.

Слайдтар режимі-презентацияның әр слайдын жеке қарауға және өңдеуге өте ыңғайлы.Осы режимде мәтін енгізуге және өндеуге,графикалық объктілер мен кестелер енгізуге болады.Сонымен бірге өзіміз дайндаған немесе дайын суреттер,мәтіндік түсініктемелер енгізу мүмкіндігі бар.

Құрылымдық режим презентацияның тек мәтіндік мазмұнын көрсетеді.Бұл режимде презентациядағы мәтінді өзгертуге немесе жаңа мәтін енгізуге болады.Слайд режимінде жасаған безендіру әрекеттерін құрылымдық режимде орындай алмаймыз.

Слайдтарды сұрыптау режимінде- презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп, терезеде орналасады.Тұтас презентацияның түріне арналған слайдтардың фоны,түстерді таңдау сияқты ортақ параметрлерді тағайындай отырып , болған өзгерістерді бақылауға ыңғайлы.Нақты бір слайдтын мазмұнын өзгерту мүмкін емес болғанымен, оларды өшіру, қайталау, көрсету ретін өзгерту әрекеттерін орындауға болады.

Бетке ескертпе жазу режимі- презентация кезінде баяндамашы қолдану үшін беттерге ескертпелер құруға арналған.Бүл режимге көшкен кезде слайдтын кішірейтілген көшірмесі беттің жоғарғы бөлігіне орналасады да төменгі бөлігін мәтіндік түсініктемемен толтыруға болады.

Слайдтарды көрсету режимі- дайындалған презентация слайдтары бірінен кейін бірі экранда көріне бастайды. Бұл режимінде қолданылған барлық анимациялық эффектілер экранда көрінеді (графикалық объектілер немесе мәтіннің әріптері бірінен кейін бірі жоғарғы, төменгі немесе т.б. жақтан ұшып келуі, түсі өзгеруі т.б.).

Осы режимдердің біріне көшу үшін, Typ (Вид) командасының ішкі менюіндегі қажетті режимнің бірін таңдаймыз немесе программа терезесінің сол жақ төменгі шетінде орналасқан режим батырмасының тиістісін шерту жеткілікті (1.8-сурет).

Құрылымдық режимде жұмыс істеу ерекшеліктері

Құрылымдық режим презентацияның негізгі бөлімдерін жоспарлау мен ұйымдастыруда өте ыңғайлы. Бұл режимде презентациядағы мәтіндер””

толық көрінетін болғандықтан , оның мазмұнын анықтап, тексере отырып өз қалайымызша өзгерте аламыз. Осы режимге көшу үшін, Құрылымдық режим (Режим структуры) батырмасын шерту жеткілікті 9-сурет “”””

Құрылымдық (Структуризация ) саймандар тақтасындағы батырмалар көмегімен слайдтың немесе мәтеннің орнын ауыстыру, слайдтардың тек тақырып аймағын ғана көрсету, презентацияның жаңа слайдтын құру т.с.с. мүмкіндіктері бар.”””””(10-сурет)

Деңгейді жоғарылату (Повысить уровень)- Деңгейді бір сатыға жоғарылатады. Мысалы, презентацияның жаңа слайдын құру қажет болса, жаңа тізім құрғаннан кейін осы батырманы шертеміз. Бұрыннан жазылып құрған тізім элеметтінде осы батырманы шертсек, оның деңгейі жоғарылап, слайд тақырыбына ауысыды.Деңгейді төмендету (Понизить уровень)-Деңгейді бір сатыға төмендетеді. Таңбаланған тізім элементтерінің деңгейін төмендетеді.

Жоғары (Вверх)-слайдтын немесе тізім элеметтінің орнын жоғары қарай ауыстырады. Мысалы, көрсеткішті екінші слайдтын тақырып аймағына орналыстырып, осы батырманы шертсек, ол бірінші слайдтын соңғы тізім элементінің алдына жылжиды. Яғни бірінші слайдтын тізімінің соңғы элементі екінші слайдқа орын ауыстырады.

Төмен (Вниз)-Слайдтың немесе тізім элеметтің орнын төмен қарай ауыстырады.

Үлкейту(Развернуть)-тізім элеметтері жасырылып тұрған жағдайда оларды ашады, яғни көрсетеді.

Жасыру (Свернуть)- тізім элеметтерін көрінбейтіндей етіп, жасырады.

Барлығын жасыру (Свернуть все)- презентациядағы тізім элеметтерінің бәрін жасырып, тек слайдтардың тақырыптары ғана көрінеді.

Барлығын үлкейту (Развернуть все)- презентациядағы барлық тізім элеметтері жасырылып тұрған кезде, оларды қайтадан көрсетеді.

Форматталуын көрсету (Отобразить форматирование)- Мәтіндердің қалай форматталғандығын бейнелейді.

Тапсырмалар:

1. Power Point”программасын іске қосыңыз.

2.Автомазмұн шебері көмегімен Жеке-Хабарландырулар/жарнама

(Личные-Объявления/реклама) тақырыбында презентация құрыңыз.

3.Осы құрылған презентация мәтіндерін”Өсімдіктер әлеміне саяхат” атты үйірменің жарнамасы болатындай етіп өзгертіңіз.Жағдай(Событие) деген өріске жоғарыда айтылған тақырыпты,ертіңгі күнді және өзімен бірге қалам,дәптер әкелуі керектігін ескртіп,үйірме болатын орынды белгілеңіз.

4.Слайдтың оң жақ шетіне”объектілеріндегі гүлдің суретін қосыңыз.

5.Презентацияның келесі слайдын құрып,оған жалпы үйірменің мақсаттарын жазыңыз.


Мысалы,өсімдіктер әлемімен танысу,өсімдіктер өмірінің негізі т.с.с.Жарнаманы басқа тақырыпқа жазғыңыз келсе, тақырыбын,мәтіндерін өзгертіңіз.

6.Презентацияны слайдпен жұмыс істеудің бес режимінде қарап,ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.

7.”Жарнама”деген атпен файл етіп сақтап қойыңыз.

8.Шаблондар ішінен өзіңізге ұнағанын үлгіден таңдап ,тағы бір презентация құрыңыз.Схемасын диаграмма мен мәтін болатындай етіп таңдаңыз.

9.Тақырып өрісіне сабақ үлгірімі деп енгізіңіз.Мәліметтер кестесін физика ,математика және информатика пәндерінің бағаларымен толтырыңыз да ,диаграмма құрыңыз. Диаграмманы безендіріңіз.Өз қалауыңызша басқа мәтіндермен өзгертіңіз де ,”Кесте” деген атпен сақтап қойыңыз.

10.Бос презентацияны өзіңізге ұнайтын пән бойынша,үйге берілген тапсырмаға құрыңыз .Презентацияны әртүрлі объектілер енгізіп,бірнеше слайдтан тұратындай етіп жасауыңызға болады.Осы жұмысты келесі сабақтарда жалғастырамыз.Тапсырма деген атпен сақтап қойыңыз.

11.Терезе(Окно)меню командасын ашып онда осы сақталған үш презентацияның бар екеніне көзіңізді жеткізіңіз.

12.Осы сабақтың соңында оқытушыға “Жарнама” ,”Кесте” және “Тапсырма” деген үш файлды жұмыстың қорытындысы ретінде көрсетіңіз.

Бақылау сұрақтары

1. Power Point программасы қалай іске қосылады?

2. Power Point программасының қандай мүмкіндіктері бар?

3.Автомазмұн шебері қалай іске қосылады?

4. Автомазмұн шебері қандай қызмет атқарады?

5.Презентация деген не?

6. Автомазмұн шебері көмегімен презентация қалай құрылады?

7. Автомазмұн шебері көмегімен құрылған презентацияны өндеуге бола ма?

8. Презентациямен жұмыс жасап отырып,автомазмұн шеберін іске қосуға бола ма?

9.Бос презентация қалай құрылады?Шаблон көмегімен ше?Бұлардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?

10.Слайдпен жұмыс істеудің қандай режимдері бар?Олардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?

11.Презентация мәтіндерін өңдеуді қандай режимде жүзеге асыруға болады?

12.Құрылымдық режимде графиктік объектілер көріне ме?

13.Слайдты көрсету режимі қандай әрекеттерді орындауға ыңғайлы?

14. Слайдтарды көрсету режимінде өндеу әрекеттерін орындауға бола ма?

15.Бір режимнен басқа режимге меню командаларының көмегімен қалай көшуге болады?Батырмалар көмегімен ше?

16. Power Point программасында жұмыс істеу режимінің батырмалары терезенің қай жағында орналасқан?

17. Power Point программасы терезенің стандартты элементтерін және олардың орналасу ретін атаңыз?

18.Саймандар тақтасы не үшін қажет?Оларды көрсетпей экраннан алып тастауға бола ма?

19. Саймандар тақтасының орындарын өзгертуге бола ма?

2 лабораториялық жұмыс

Презентацияларды безендіру мүмкіндіктері

Жұмыстың мақсаты:

  • Power Point прграммасында дайындалған презентацияларды безендіру;

  • презентацияда бір слайдтан келесі көшу тәсілдермен танысу;

  • құрамдас мәтін анимациясын таңдау;

  • слайдта қарастырылған бөлімдерді ерекшелеп көрсету;

  • мәтін элементтерін безендіру;

Power Point программасында презентацияны безендіру үшін көптеген фондық өрнектер, слайдтарды эффектті түрде ауыстыру әрекеттерін орындау мүмкіндігі бар.Презентация слайдтарын шаблон арқылы және өз қалауымызша безендіре аламыз.Презентацияны шаблон арқылы безендіру кезінде, барлық слайдтағы элементтер арнайы бір түрлі түстер схемасына сәйкес болады.Ал,өз қалауымызша слайдтың безендіру элементтерінің түстерін,құю тәсілін таңдай аламыз.Сондай-ақ, слайдқа енгізілген объектілер,диаграммалар безендірілуін де өз қалауымызшаорындай аламыз.Ал, басқа программалардан буферге алып,енділірген объектілерді сол программаның өзіне қайта оралап безендіруге тура келеді.

  1. Power Point программасында дайындалған презентацияларды шаблон арқылы безендіру

Слайдтарды безендіру үшін арнайы шаблондарды пайдалануға болады.

Құрылған бос презентацияны безендіру үшін немесе шаблон арқылықұрылған презентацияның безендірілуін басқа түрге ауыстыру қажет болса,Стандарттар саймандар тақтасындағы Безендіруді қолдану(Применить оформление) батырмасын шертеміз немесе Формат-Безендіруді қолдану командасын орындаймыз.Осы мезетте экранда арнайы бір түстік гаммаға сәйкес келетін, форматталынған мәтін және графикалық элементтерден тұратын бірнеше шаблондар орналасқан Безендіруді қолдану(Применить оформление)сұқбат терезесі ашылады(2.1-сурет).Сұқбат тезенің оң жақ шетіндегі үлгіден қарап отырып,қажетті шаблонды таңдап алған соң,Қолдану(Применить)батырмасын шертеміз.Автомазмұн шебері көмегімен құрылған презентацияны да осы әрекеттерді орындай отырып,басқа шаблон түріне ауыстыра аламыз.

Power Point программасында шаблондар тізімінен таңдай отырып, безендіру арқылы,презентацияның барлық слайдтарына бірдей түс және фонның түрлерін бере аламыз.Бұл кезде презентацияның барлық слайдтарына сол таңдалған шаблонның безендіру элементтері тағайндалады

2.Слайдтарды безендіру элементтері

Әрбір адамның өз қалауы бойнша слайдтардың бір-біріне тәуелсіз мынадай элементтерін тағайындауға болады:

  • Слайд белгіленуі(Разметка слайда).Слайд белгіленуі ретінде слайдқа орналастыратын мәтін,сурет,диаграмма т.б. формасын айтуға болады.

  • Түрлі түстер схемасы(Цветовая схема).Түстердің кең мөлшерлі спектрінен кез келген түсті таңдау мүмкіндігін береді.

  • Фон.Слайдтағы түстер тек біртүсті ғана болуы міндетті емес.Палитрадағы ұқсас түстердің бірінен басқасына біртіндеп ауысуға болады.Сондай-ақ,бір түстің өзін вариациялық түрде қанықтыра отырып,түстің әр түрлі өрнектерін шығаруға болады.

Слайдтың осы элементтері,яғни слайд белгіленуі,түрлі түстер схемасы,фонды үйлесімді түрде өзгерте отырып,өз шаблонымызды құруға болады.

2.1 Слайд белгіленуі

Слайд белгіленуін(Разметка слайда),яғни мәтін,сурет,диаграмма элементтерінің слайдта орналасу схемасын презентацияның әрбір слайдына өз қалауымызша таңдау мүмкіндігі бар.Слайд белгіленуін тек презентация құрылатын кезде ғана емес,онымен жұмыс істеп отырып,кез келген уақытта өзгертуге болады.

Слайд белгіленуін тек бір слайд үшін таңдау қажет болса,слайд режимінде Формат-Слайд белгіленуі(Формат-Разметка слайда)командасын орындаймыз.Ал,бірнеше слайдтың белгіленуін өзгерту үшін,осы команданы слайдтарды белгілеп алған соң орындаймыз.Бірнеше слайдтар сұрыптау(сортировка слайда)режиміне ауысып,біреуі белгіленген соң,келесісінде тышқанды шерту кезінде “пернесін басып тұру арқылы белгіленеді.

2.2Түрлі түстер схемасы

Түрлі түстер схемасы әрбір шаблон компоненттерінің бірі болып табылады.Ол презентацияның әртүрлі элементтерін безендіруге арналған реттелген сегіз түрлі түстер тізбегінен құралған.Түрлі түстер схемасында слайдтардың фоны бірінші орында тұрады,қалған жеті түс фонның үстіне орналасатын мәтін,диаграмма және басқа объектілерді безендіруге арналған.Формат-Түрлі түстер схемасы(Формат-Цветовая схема)командасын орындағанда ашылған сұқбат терезенің Стандартты(Стандартная)ішкі бетінде схеманың қажеттісін таңдау мүмкіндігі бар(2.2-сурет).Ал,Арнайы(Специальная)ішкі бетінде түрлі түстер схемасындағы түстерді өзгертуге болады(2.3-сурет).”””””””


Осы сегіз түрлі безендіру элементтерінің(1-кесте)кез келгенін өзгерту үшін, Арнайы(Специальная) ішкі бетінде қажеттісін таңдап алған соң,Түсті өзгерту(Изменить цвет)батырмасын шертеміз.Келесі ашылған сұқбат терезеде алтыбұрышты түрлі түстен және спектрден өзімізге ұнаған түсті таңдаймыз.

Түс өрісі (цветовое поле)

Сипаттама

1.Фон

Слайд фоны ретінде қолданатын түс

2.Мәтін және сызықтар

(текст и линии)

Жазба (Надпись) ішінде орналасқан таңбаланған тізімдегі немесе мәтіндік блоктағы мәтіннің түсі. Осы түс Сызық (Линия) және Бағыттауыш (Стрелка) аспаптарының көмегімен құрылған сызық , бағыттауыштарға автофигуралар және сурет салу аспаптары көмегімен салынған басқа да объектілерге қатысты болады.

3.Көлеңкелер(Тени)

Көлеңке (Тень) батырмасы көмегімен құрылған көлеңкелердің түсі.

4.Тақырып (Заголовок)

Слайдтағы тақырыптар мен тақырыпшылардың түсі .

5.Акцент

Диаграммалар бірнеше тармақты диаграммалар (оргдиаграммы) және басқа ендірілген объектілерде екінші түс ретінде қолданылатын түс.

6.Құю (Заливка)

Автофигуралар және сурет салу саймандарының көмегімен құрылған объектілерді құю түсі. Осы түс диаграммаларды бірінші ретті мәліметтерге қатысты болады.

7.Гиперсілтемелі акцент

Диаграммалар бірнеше тармақты диаграммалар (оргдиаграммы) және басқа ендірілген объектілерде үшінші түс ретінде қолданылатын түс.Осы түс гиперсілтемені шақыратын объектілерге де қатысты болады (басқы слайдтағы презентацияға және WEB-парақтарға көшуді көрсететін объектілер).

8.Гиперсілтемемен жалғасатын

акцент (Акцент с последующей

гиперссылкой)

Диграммалар, бірнеше тармақты диаграммалар және басқа ендірілген объектілерде төртінші түс ретінде қолданылады. Бұл түс екпінді болыптұрған гиперсілтемелік объектілерге қатысты.


2.3 Фондық түстерді өзгерту

Фонды таңдау үшін слайдтар режимінде Формат-Фон командасын орындаймыз.Тізімді ашу батырмасында тышқанды шертсек,фон түстері көрінеді.Таңдалған фондық түсті үлгіден көре отырып,тағайындай аламыз(2.4-сурет).

Таңдау батырмасын шерткенде небары 8 түс көрінеді.Бұл түстер бірін-бірі толықтырады және көп жағдайларда слайдты безендіруге жеткілікті болады.Бірақ,бұдан да басқа түстерді пайдалану мүмкіндіктері бар.Ол үшін осы тізімнен Қосымша түстер(Дополнительные цвета)өрісін таңдаймыз.Бұл кезде қосымша сұқбат терезе ашылады(2.5-сурет).Кәдімгі(Обычные),Спектр деген екі ішкі беттен тұратын бұл сұқбат терезеде кәдімгі немесе спектрден түсті таңдай отырып,жаңа түс дайындауға болады.Өзіміз дайындаған түс пен бұрынғы түсті жаңа(новый) ,алдыңғы(текущий)өрісте салыстыра аламыз.Фондық түс таңдалған соң Қолдану(Применить)батырмасын шертсек осы фон тек жұмыс жасап отырған бір ғана слайдқа беріледі.Фондық түсті барлықслайдтарға беру үшін Барлығына қолдану(Применить ко всем) батырмасын шертеміз

Құю тәсілдерін таңдау

Слайдтың бір бөлігінен екінші бөлігіне қарай түстің қанықтылығын өзгертуге және өрнек немесе текстура түрінде түстерді әртүрлі етіп дайындауға болады. Түс қанығуы өзгерісінің арнайы грандиентті құю деп аталып түрін қолдана отырып,өте әдемі дизайндарды дайындауға болады.Құю тәсілдерін таңдау үшін Формат-Фон командасын орындағанда ашылған сұқбат терезедегі таңдау батырмасын шерткенде ашылған тізімнен Құю тәсілдері(Способы заливки)командасын орындаймыз.Осы мезетте Құю(Заливка)сұқбат терезесі ашылады(2.6-сурет).

“”””” Грандиентті ішкі бетінде кез-келген түстің бірін және оған сәйкес штрихтеу типі мен вариантын таңдап,қажетті эффектіні дайындаймыз.ОК батырмасын,одан кейін Қолдану немесеБәріне қолдану батырмасын шертеміз.

Текстура және Өрнек(Узор) ішкі беттерінде слайдтағы фонның түрлерін әртүрлі етіп өзгерту мүмкіндіктері бар.Ал,фонға сурет қосу қажет болса,Сурет(Рисунок) ішкі бетінде Сурет батырмасын шерткен соң,тиісті форматта сурет жазылған файлдың сақталған орнын көрсету қажет.

Жеке слайдтарды безендіру

Жеке слайдтарды безендіру үшін,алдымен безендірілетін бір немесе бірнеше слайдты көрсету қажет.Ол үшін слайдтарды сұрыптау режиміне көшеміз.Қажетті слайдтта тышқанды шертеміз.Егер бір мезгілде бірнеше слайдты безендіру үшін тышқанды шерту кезінде Shift пернесін басулы күйінде ұстап тұрамыз.Белгіленген слайдтар қалың жақтаумен қоршалады.Слайдтарды белгіленген соң,тиісті безендіру әрекеттерін орындаймыз.

Фон үлгісін алып тастау

Кейбір жағдайларда слайдтың фоны өзіне үйлесімсіз болады.Мысалы сыртқы беттегі өте әдәмі суреттер тағы да басқа безендірулер,басқа слайдтарда оғаш көрінуі мүмкін.Мұндай жағдайларда слайд фонындағы құрылымдық элементтерді өшіру немесе алып тастау қажет.Ол үшін,Формат-Фонкомандасын орындап,ашылған сұқбат терезеде Фон үлгісін алып тастау(Исключить фон образца) өрісінің белгісін көрсетіп қою керек(фонның құрылымдық элементтерін қайта қалпына келтіру үшін осы белгіні алып тастаймыз).Слайдқа енгізілген сурет слайдтың фонымен үйлесімсіз болған жағдайда,суреттің түсін өзгертуге болады.Суретті белгілеп тышқанның оң жақ батырмасын шерткенде ашылған жанама менюден Бейнені баптау тақтасын көрсету(Отобразить панель настройки изображения)командасын орындаймыз.Осы тақтадағы Суретті қайта бояу(Перекрасить рисунок) батырмасын шертеміз немесе суреттің жанама менюінен Суреттің форматы (Формат рисунка) командасын орындағанда ашылған сұқбат терезенің Сурет (Рисунок) ішкі бетінде Қайта бояу(Перекрасить) батырмасын шертеміз.Ашылған терезеде кез келген түсті таңдап,суреттің және құю түсін өзгертуге болады.””””””””

3.Презентацияда бір слайдтан келесі слайдқа ауысу тәсілдері

Презентацияны құрайтын слайдтардың барлығы бір жүйеге келтірілуі және анық бір матермалды тізбекті түрде бейнелеу мәселесін шешуі қажет.Презентация арқылы берілетін ақпарат аудиторияда мағыналы қабылдануы үшін, слайдтар бірінен кейін бірі алдынғысын толықтырып отыруы керек. Power Point программасында презентация слайдының бірінен келесісіне өтудің бірнеше тәсілдері қарастырылған.Слайдфондарын таңдау сияқты , презентацияның тақырыбына байланысты слайдтан слайдқа өту түрн де таңдауға болады. Слайдтардың бірінен келесісіне ауысыдың әрқайсысы бірнеше варианттан тұратын оннан аса түрі бар.

  • Жалюзи . Жалюзи жаңа слайд толық көрінгенше біртіндеп ашылады.Терезеге орнататын жалюзилер сияқты горизонталь және вертикаль түрлері болады.Бір жарнаманы екіншісімен динамикалық түрде ауыстыруға арналған жарнамалық слайдтарда қолдануға өте тиімді.

  • Тіктөртбұрыш.Тіктөртбұрыш слайдтың дәл центріндегі нүктеге дейін үлкейеді.

  • Дойбылар(Шашки). Кішкене квадратшалар слайдты тұтас алды да, жан- жаққа немесе төмен қарай үлкейді.

  • Ағын(Наплыв). Жаңа слайд жоғарыдан, төменнен, кез келген жақтан немесе кез келген бұрыштан пайда болады да, бірте-бірте алдынғы слайдты жауып қалады.

  • Жарып шығу (Прорезание).Көшу әрекеті тез болатыны соншалық, басқа ауысулардағыдай өту әрекеті байқалмай қалады.

  • Еру(Растворение). Жаңа слайдты құрайтын кішкене нүктелер бірте-бірте үлкейіп алдыңғы слайдты жауып кетеді.

  • Қара түс арқылы гүлдену (Выцветание через черное).Біртіндеп жоғалу және пайда болу әрекеті жүзеге асады. Жаңа слайд қара фоннан пайда болады.

  • Кездейсоқ жолақтар (Случайные полосы).Қалың және жіңішке (вертикаль немесе горизонталь) сызықтар пайда болады да,біртіндеп жаңа слайдқа айналады.

  • Панорама.Слайд бетінде вертикаль немесе горизонталь орналасқан перде сияқты көрінеді.

  • Бұрыштар(Уголки).Жаңа слайд алдынғы слайдты диагональ бойынша тісті қиықпен жаба отырып пайда болады.

  • Ашылу(Открывание).Жаңа слайд бірден тұтас экранды алып тұратын енгізуден бұның айырмашылығы, жаңа бейне экраны сегіз бағыттың кез келгенінде біртіндеп ашылады.

  • Пайда болу (Появление).Бұрынғы слайдты жаба отырып, жаңа слайд баяу пайда болады.

  • Кездейсоқ ауысу(Случайный переход).Жеке слайдтардың арасындағы ауысылар әртүрлі және әрбір жаңа слайдта кездойсоқ түрде өзгереді.

  • Ауысу жоқ.(Нет перехода). Келесі слацдқа өту кезінде ешқандай эффект болмайды.

Слайдтарға осы ауысулардың бірін қолдану үшін слайдтарды сұрыптау режиміне көшу керек . Кез келген слайдты белгілеген соң,оның жанама менюінен,яғни тышқанның оң батырмасын шерткенде ашылған менюден Слайд ауысуы(Переход слайда) командасын орындаймыз.Осы кезде Слайд ауысуы сұқбат терезесі ашылады.(2.8-сурет).””””””””

Эффектілердің тұсындағы батырманы шертіп.жоғарыда айтылған эффекттілердің бірін таңдаймыз.Жай(медленно),орташа(среднее),тез(быстро)жылдамдықта ауысу өрісінің бірін көрсетеміз.Сондай-ақ,ауысу тышқанды шерткен кезде немесе автоматты түрде орындалатындай етіп, тиісті өрістің қанат белгісін көрсетеміз.Дыбыс қосу батырмасын шертіп,ауысу кезінде дыбыс шығару мүмкіндігі де бар.Осы көрсетілген эффектілерді алдын-ала қарау үшін,Эффект аймағында тышқанды шерту жеткілікті.

Презентациядағы слайдтардың бірдей ауысуы

Презентациядағы слайдтардың ауысудың барлық сладтарға бірдей ортақ тәсілін көрсету үшін мына әрекеттерді орындаймыз:

1.Слайдтарды сұрыптау режиміне көшеміз де Түзету-Барлығын белгілеу(Правка- Выделить все)меню командасын орындаймыз.Барлық слайдтардың жақтаулары қалың болып көрінуі тиіс.

2.Кез келген слайдтың бірінде тышқанның оң батырмасын шертеміз де,жанама менюдегі Слайд ауысу(Переход слайда)командасын орындаймыз.Слайд ауысуы сұқбат терезесі ашылады(2.8-сурет).

3.Қажетті ауысу эффектілер таңдаған соң,Қолдану(Применить) батырмасын шертеміз.

Ауысу эффектілері тағайындалған соң,слайд режимінде әрбір слайдтың төменгі жағында кішкене шарт белгілер көрініп тұрады.Яғни,бұл шарт белгілер слайдқа ауысу эффектілері тағайындалғанын білдіреді.

Слайдтың пайда болуын автоматтындыру үшін, Слайд ауысуы сұқбат терезесіндегі Автоматты түрде өрісіңің қанат белгісін және уақытын секунд өлшемімен көрсетеміз. Осы әрекет орындалып, Слайдты көрсету ( Показ слайда ) режиміне көшесек, экранға слайдтың элементтері белгіленген уақыттан кейін автоматты түрде шығатын болады. Слайдтың ауысуы қандай түрде болатын көру үшін,оның төменгі жағында орналасқан шарт белгіде тышқанды шерту қажет.

Презентацияны көрсету барысында оған аудитория назарын аударту үшін,слайдтың бір бөлігін ғана көрсете отырып,негізгі баяндаманың немесе ақпараттың ішкі мазмұнын біртіндеп ашу керек.

Тұтас презентация үшін ең алдымен слайдтан слайдқа ауысудыңортақ тәсілін тағайындау қажет.Одан кеін ғана жеке слайдтардың ауысу тәсілін өзгертуге болады.Слайдтарды сұрыптау режимінде, ауысу тәсілін өзгертетін слайдта тышқанды шертеміз.Ал бірнеше слайдтың ауысуы бір мезгілде өзгерту қажет болса,тышқанды шерту кезінде Shift пернесін басулыкүйінде ұстап тұрамыз.Жанама менюдеге Слайд ауысуы(Переход слайда) командасын орындып,ашылған сұқбат терезеде қажетті ауысу эффектілер тағайндаймыз.Бір презентацияда әр түрлі ауысу тәсілдерін көп қолдана бермеген жөн.

4.Құрамдас мәтін анимациясын таңдау

Power Point программасында екпінді слайдқа мәтінді біртіндеп енгізу үшін,құрамдас мәтін анимациясы(встроенная анимация текста) қолданылады.Осы эффектілер қолданылған соң, слайдты көрсету процесінде,тышқанды шерткен сайын слайдтың әрбір элементі немесе мәтіннің таңдалған эффетілермен пайда болады

Power Point программасында слайд жасаудың бірнеше варианттары қарастырылған.Мысалы,слайдттың форматталған бөліктері,әр бағыттан “ұшып” келеді т.с.с.

Слайд жасауда құрамдас мәтін анимациясының варианттарын таңдау үшін, Слайдты көрсету-Құрамдас анимация ( Показ слайда –Встроенная анимация) командасын орындағанда шығатын тізімнен қажетті эффектінің бірін таңдаймыз.Слайдтарды сұрыптау режимінде осы тағайындалған эффектілерді тек алдын ала қарай аламыз.Ал, эффектіні толық көру үшін Слайдты көрсету (Показ слайда) режиміне көшеміз. Осы мезетте тышқанның сол жақ батырмасын шерткен сайын мәтін элементтері таңдалған эффектімен пайда болады.Слайдтты көрсету режимінен аяқталмай тұрып шығу үшін, ESC батырмасын шертеміз.

5.Слайдта қарастырылған бөлімдерді ерекшелеп көрсету

Таңбаланған(маркерленген) тізімнен тұратын слайдтардан құралған презентацияны көрсету кезінде оның әрбір бөліміне тоқталу қажет болсын. Яғни, аудиториядағы адамдар презентацияның бір бөлімін қарастырған мезгілде , оның алдындағы және соңындағы бөлімдеріне көңіл аудармайтындай етіп жасайық. Бұны тізім элементтері біртіндеп аашылып, көрсетілген мәтін өшіріліп қалатындай эффект жасау арқылы жүзеге асыруға болады. Мұнлай эффектіні тағайындау үшін:

1.Слайдтар режиміне көшеміз де, слайдтағы тізімді белгілейміз.

  1. Белгіленген аймақта тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, жанама менюден Анимация қосу (Нстройка анимации) командасын таңдаймыз.

  2. Ашылған сұқбат терезенің Эффектілер ішкі бетінде , тізім бөлемдерінің көріну эффектің таңдаймыз.Мысалы, Төменнен ұшып келу (Вылет снизу) эффектін таңдайық.

  3. Анамациядан кейін(Помле анимации) тізімінен Шертумен бірге жасыру(Спрятать по щелчку)бөлімін таңдаймыз да, ОК батырмасын шертеміз.

6.Мәтінді безендіру

Әртүрлі қаріп түрлерін, түстерді, бояуларды бір-біріне үйлесімді түрде қолдана отырып, презентация мәтінін безендіру мүмкідігі бар.Бұл кезде әр слайдтағы мәтіндер де бір-бірімен үйлесуі керек.

Форматтау әрекетін мәтінің белгіленген кез келген элементіне қолдануға болады.Мысалы, әрбір әріпке, сөзге, абзацқа т.с.с.Қажетті мәтін элементін белгілеген соң, Формат-Қаріп(Формат –Шрифт) командасын орындаймыз да, ашылған сұқбат терезеде қажетті форматтау мүмкіндіктерін қолданамыз. Презентация безендірілген соң, ұнамаған жағдайда,Түр- Үлгі- Слайдтар үлгісі (Вид- Образец- Образец слайда) командасын орындап , оның түрін өзгерту мүмкіндігі бар.

Тапсырмалар

  1. Алдынғы лабораториялық сабақта дайындаған Жарнама деген презентацияны ашыңыз.

  2. Осы презентацияны шабдон арқылы , өзіңізге ұнағанын таңдай отырып, безендіріңіз.

  3. Фонды өзгерту әрекеттерін орындай отырып, өзіңіздің шаблоныңызды дайндаңыз.

  4. Слайдқа енгізілген гүлдің түсін өзгертіп,құю әрекеттерін пайдалана отырып,түрлендіріңіз.(Ескерту:гүлді ерекшелеп белгілеп алып,топтап шығару(разгруппировать)әрекетін орындау арқылы,жапырақтарын,сабағын,гүлін бөлек түстерге бояуға,әртүрлі бағытта бұруға болады).

  5. Құрамдас мәтін анимациясын қолданамыз.Өзіңізге ұнаған анимацияны қосыңыз.

  6. Слайдтан слайдқа көшу түрлерін,үлгіден қарап отырып,өзіңізге ұнағанын қолданыңыз.

  7. Презентацияны безендіріп болған соң, слайдтты көрсету режиміңде қараңыз, кемшілігі болса түзетіп, Жарнама деген атпен қайтадан сақтаныз.

  8. Кесте, Тапсырма презентацияларын кезекпен ашыңыз. Кестені және диаграмманы, тұтас презентацияны безендіру әрекеттерін орындаңыз.

  9. Өзіңізге ұнаған анимациялық эффектілер және ауысу түрін пайдаланып слайдты көрсету режимінде қараңыз.

  10. Орындаған жұмысыңызға талдау жасап, безендіру әрекеттерін қалай пайдалануға болатынын сипаттаңыз.

Бақылау сұрақтары

  1. Презентация слайдтарын шаблон көмегімен қалай безндіруге болады?

  2. Шаблон көмегімен безенділірген презентация слайдтарының безендіруілін өзгертуге бола ма?Қандай тәсілдері бар?

  3. Презентацияның жеке слайдтарын қалай безендіруге болады?

  4. Слайд белгілеуін презентация құрылғаннан кейін өзгертуге бола ма?

  5. Түрлі түстер схемасы деген не?Оны қалай өзгертуге болады?

  6. Слайд фонын өзгертудің қандай тәсілдері бар?

  7. Құю тәсілдерін қалай таңдауға болады?

  8. Құрамдас мәтін анимациясы деген не?Қандай элементтерге тағайындауға болады?

  9. Слайдтың фондық үлгісі деген не?Оны қалай алып тастауға болады?

  10. Слайдқа ендірілген суреттердің түстерін өзгертуге бола ма?

  11. Слайд ауысуы қалай орындалады?

  12. Слайд ауысуының қандай түрлері бар?

  13. Презентация слайдтарының әрқайсысына ауысудың жеке-жеке әртүрін тағайындауға бола ма?

  14. Слайдта қарастырылған бөлімді ерекшелеп көрсету әрекеті қалай орындалады?

  15. Слайдтың мәтіндік элементтерін безендіру қалай орындалады?

3лабораториялық жұмыс.

Презентация құру кезінде анимациялық эффектілер қосу және

Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдану

Жұмыстың мақсаты:

  • Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосу;

  • Слайдқа музыка және бейнеклиптер енгізу әрекеттерін орындап үйрену.

Microsoft Power Point программасында әртүрлі анимациялық эффектілер және мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдана отырып,презентацияны жандандыруға болады.Мәтін элементтерінің өзіне жеке әріптер,сөз, абзац, түрінде әртүрлі эффектімен пайда болатындай етіп жасау мүмкіндігі бар.Тек мәтін элементтері емес графикалық объектілер,диагрммаларға да анимациялық эффектілер қосуға болады.

1.Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосу

Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосу үшін,Слайдты көрсету-Анимация қосу(Показ слайда-Настройка анимации)командасын орындаймыз.Осы кезде Анимация қосу(Показ слайда)сұқбат терезесі ашылады(3.1-сурет).Бұл сұқбат терезеде слайдтың әрбір элементіне уақыты мен ретін ауыстыру және анимациядан кейін түсін өзгету немесе басқа эффект беру әрекеттерін орындай аламыз.Сұқбат терезенің Уақыт(Время)ішкі бетіне көшеміз де,Анимациясы жоқ объектілер(Объекты без анимации)тобындағы қажетті элементті белгілеп,Қосу(Включть)батырмасын шертеміз.Слайдтың барлық элементтеріне анимация қосу үшін,лоардың әрқайсысынCTRL пернесін басып тұрып белгілейміз немесе жеке-жеке жоғарыда айтылған әрекетті қайталаймыз.”””””””

Осы әрекет орындалған кейін,анимация қосу әрекеті таңдалған элементтердің тізіміАнимациялар тізімі(Порядок анимации) өрісінде көрінеді.Бұл өрістің оң жағындағы батырма слайд элементтерінің пайда болу ретін өзгерту мүмкіндігін береді.Ретін өзгертуге қажетті элементті тышқанды шерту арқылы белгілеп аламыз да,жоғарғы жағындағы батырманы шертетін болсақ,слайдты көрсету кезінде алдымен екінші элеиент одан кейін бірінші элемент пайда болады. Бұл өрістің оң жағында сдайдтың үлгісі орналасқан,Көру(Просмотр) батырмасын шерту арқылы эффектілерді қадағалап отыра аламыз.Уақыт(Время)астарлы бетінде элементтердің пайда болу уақытын көрсету мүмкіндігі бар.Анимациялар реті(Порядок анимации)өрісінде қажетті элементті таңдап алып,тышқанның шертуімен немесе автоматты түрде неше уақыттан кейін пайда болуы керектігін белгілей аламыз.”””””””””

Эффектілерішкі бетінде (3.2-сурет)Анимациялар реті(Порядок анимации)өріснде қажетті элементті белгілеп,эффектіні,дыбысты жене мәтін элементтерінің пайда болуын және анимациядан кейнгі түсі мен эффектісін таңдай аламыз.

Егер,слайдқа диаграмма енгізілген болса,келесі Диаграммалардағы эффектілер(Эффекты в диаграммах)ішкі бетіне көшіп,Диаграмма элементтерін шығару(Вывод элементов диаграммы)тізімінен анимация тәсілінің бірін таңдаймыз.Бұл тізімнің құрамы слайдтағы диаграмма типіне байланысты болады.Одан кейін Эффектіні және дыбысты таңдаңыз(Выберите эффект и звук) тобынан қажетті параметрлерді тағайындаймыз.Уақыт ішкі бетінде қажетті параметрлерді тағайындаймыз.Уақыт ішкі бетінде уақыт аралығын белгілейміз.

Диаграмманың жеке элементтері үшін,жоғарыдан,төменнен,т.б.”ұшу” эффектілерін қолдана алмаймыз,сондықтан,Барлығы бірге(Все вместе)өрісін таңдаймыз.



2.Музыка,дыбыс,бейнеклиптері енгізу

Microsoft Power Point программасында дайндалған презентацияны көрсету кезінде музыкалық,дыбыстық эффектілерді және бейнеклиптерді қолдану мүмкіндігі бар.Бірқатар дыбыстар(мысалы,жазба машинкасының дыбысы,қол шапалақтау т.с.с.)Анимациялар эффектілер(Эффекты анимации)саймандар тақтасынан іске қосылады.Бұдан басқа коолекцияда көптеген музыкалар мен бейнеклиптер бар.Осы коллекцияны қолдану үшін,Енгізу-Кино және дыбыстар(Вставка-Кино и звуки)меню командасының қажетті ішкі командасының бірін орындаймыз.

Ішкі командалары:Коллекцядағы кино(Кино из коллекции),Файлға сақталған кино(Кино из файла), Коллекцядағы дыбыс(Звук из коллекции),Файлға сақталған дыбыс(Звук из файла),Компакт дискідегі жазба(Запись из компакт диска),Дыбыс жазу(Записать звук).Коллекциядағы кино немесе Коллекциядағы дыбыс командалары орындалса, Microsoft Clip Gallery сұқбат терезесінің,сәйкес Бейне(Видео)немесе Дыбыс(Звук)ішкі беттері ашылады.Қажетті бейнеклип немесе дыбыс шарт белгісін ерекшелеп Енгізу(Вставить)батырмасын шерту арқылы,оны слайдқа енгізе аламыз.””””””””””

Слайдқа музыканы, дыбысты немесе бейне-клипті көрсету режимінде белгілі бір уақытта тыңдаймыз етіп есептеп енгізуге болады.Үнсіз келісім бойынша,слайдты көрсету режимінде енгізілген киноны немесе дыбысты тыңдау үшін,оның шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту керек.Ал,тыңдау тәсілін өзгерту үшін слайд режимінде музыкалық клиптің немесе дыбыстың шарт белгісін ерекшелеп алған соң,Анимация қосу(Настройка анимации )командасын орындаймыз.Осы кезде, Анимация қосу(Настройка анимации ) сұқбат терезесінің Таңдау параметрлері(Параметры воспроизведения)ішкі беті ашылады(3.4-сурет).”””””””

Қажетті өрістерді белгілеп,Параметрбатырмасын шертеміз.Қосымша параметрлер(Дополнительные параметры)сұқбат терезесі ашылады(3.5-сурет).Бұл сұқбат терезеде музыканы үздіксіз ойнату,аяқталған соң басынан бсатап қою мүмкіндігі бар.Үздіксіз тыңдау(Непрерывное воспроизведение),Аяқталған соң басынан бастап қою(После окончания установить на начало)тиісті өрістің қанат белгісін көрсетіп қоямыз.”””””””

Дыбыс,музыка және бейнеклиптер Power Point программасында объект түрінде енгізіледі.Дыбыс немесе бейнеклиптерді әмбебап ойнауыштың(универсальный проигрыватель)объектісі ретінде тыңдау үшін Енгізу-ОбъектВставка-Объект)командасын орындаймыз да,Мультимедиа клипі(Клип мультимедиа)қатарында тышқанды шертеміз(3.6-сурет).Бұл кезде дыбысты немесе бейнеклипті тыңдау Windows жүйесімен бірге орнатылған әмбебап ойнауыш көмегімен жүзеге асады.Әмбебап ойнауыш мультимедиа файлдарын және компакт-дискілер мен бейнедискілер сияқты құрылғылардан тыңдау мүмкіндігін береді.””””””””””

Бұл сұхбат терезеде тек мультимедиа клипі ғана емес,тізімде бар кез келген программа объектісін енгізу мүмкіндігі бар.Мультимедиа клипі қатары таңдалған соң, экранда әмбебап ойнауыш терезесі ашылады(3.7-сурет).Файл-Ашу(Файл-Открыть)командасын орындаймыз да, қажетті музыканы таңдаймыз.”””””””

Музыканы,бейнеклипті тыңдау үшін компьютерде арнайы құрылғылар болуы қажет.

3.Слайдқа компакт-дискідегі жазбаларды қосу

  1. Компакт-дискіні орналастырған соң,слайд режимінде жазба қосылатын слайдты ашамыз.

  2. Енгізу-Кино және дыбыс-компакт-дискіден ойнау(Вставка-Кино и звук-Проигрывание компакт-диска)командасын орындаймыз.

  3. Қосымша параметрлер(Дополнительные параметры)(3.6-сурет)сұқбат терезесінде қажетті уақыт параметрлерін енгізіп,ОК батырмасында тышқанды шертеміз.

Слайдта компакт-дискінің шарт белгісі пайда болады.

Ескерту:Осы процедура орындалған кезде,дискіжетекке компакт дискіні салудың қажеті жоқ.

4.Слайдтарды көрсетуге дауыстық және дыбыстық сүйемелдеу

Дауыстық сүйемелдеулерді жазу үшін,компьютерде дыбыстық карта мен микрофон орнатылған болуы керек.Жазу әрекетін слайдтарды көрсетуге дейін және көрсету кезінде де орындауға болады.Презентацияны көрсету кезінде қатысушылардың ескертпелері жазылады.Жазу әрекетін барлық слайдтар үшін емес жекелеген слайдтар немесе объектілер үшін де орындауға болады.Бұрын жазылған жазбаны өзгерту үшін, оны қайтадан жазуға тура келеді.Басқа дыбыстар және мәтін оқыған диктордың дауысы ғана естілетін болады.Сөзбен сүйемелдеуді жазу(Запись речевого сопровождения) үшін міндетті түрде микрофон болуы керек.

1.Слайдты көрсету – Дыбыстық жазба (Показ слайдов- Звукозапись) командасын орындаймыз . Дискі – де қанша бос орын барын және неше минут жазуға болатынын көрсететін сұқбат терезе ашылады.(3.8-сурет).”””””””””

2.Слайдқа дауысты ендірілген объект түрінде негізу үшін,ОК батырмасын шертеміз.Ал,байланысқан объект түрінде енгізу үшін,Дыбысты байланыстыру(Подсоединить звук)қанат белгісін көрсетіп,ОК батырмасын шерткен соң жазуды бастаймыз.

3.Слайдты көрсетуді қарап отырып,дауыстық сүйемелдеуді жазамыз.Көрсетудің соңында хабарлама шығады.

4.Дауыстық сүйемелдеуді оған кеткен уақытпен бірге сақтау үшін,Иә(да),ал тек дауыстың өзін ғана сақтау үшін Жоқ(Нет)батырмасын шертеміз.

Дауыстық сүемелдеу қосылған әрбір слайдтың оң жақ төменгі бұрышы дыбыстың шарт белгісімен таңбаланып қалады.

Ескерту:

Слайдты көрсету режимінде дауыстық сүйемелдеу автоматты түрде іске қосылады.Дауыстық сүйемелдеуді шығармай слайдтарды көрсету үшін,Слайдты көрсету-Презентацияны баптау(Показ слайда-Настройка презентации)командасын орындап, Дауыстық сүйемелдеусіз(Без звукого сопровождения)қанат белгісін көрсетеміз.

Слайдты көрсету кезінде дауыстық сүйемелдеуден басқа енгізілген дыбыстар естілмейді.Себебі,дыбыстық жазбаларды бірмезгілде тыңдау мүмкін емес.

Дауыстық сүйемелдеуді жазуды тоқтату үшін жазу кезінде тышқанның оң жақ батырмасын шертіп,жанама менюдің Үзіліс(Пауза) командасын орындаймыз.

Жазуды тоқтатқан соң,оны қайта жалғастыру үшін,оң жақ батырманы шертіп, Жазуды аяқтау(Закончить запись)командасын орындау қажет.

Дауыстық сүйемелдеуді өшіру үшін,слайд режимінде оның оң жақ төменгі шетінде орналасқан дыбыстық шарт белгісін ерекшеген соң DELETE пернесін басамыз.Әрбір дауыстық сүйемелдеу жазылған слайд үшін жеке-жеке осы әрекетті қайталаймыз.

Тапсырмалар

  1. Алдыңғы лабораториялық сабақта дайындалған Жарнамапрезентациясын ашыңыз,егер жоқ болса үш слайдтан тұратын графикалық объектілер енгізілген презентация құрыңыз.

  2. Слайдтың әрбір элементтеріне анимациялық эффектілер қосып, уақыт параметрлерін тағайндаңыз .

  3. Коллекцияда қандай дыбыстар мен кинолар бар екенін анықтап,өзіңізге ұнағанын қосыңыз.

  4. Әмбебап ойнауыштан мультимедиа клипін қосыңыз.

  5. Егер компьютерге микрофон қосылған болса,дауыстық сүйемелдеу қосып, презентацияны көрсету кезінде алдында қосылған дыбыстар естілмей қалатынына көзіңізді жеткізіңіз.

  6. Дауыстық сүйемелдеу естілмейтіндей етіп,басқар дыбыстар мен киноны көрсету арқылы презентацияны көрсеткен соң, өзіңізге ұнағанын қалдырып,не дауыстық сүйемелдеуді не басқа дыбыстарды өшіріңіз.

  7. Компакт дискіден дыбыс енгізіңіз.Презентацияны көрсетіңіз.

  8. Осы сабақтың соңында өзіңізге ұнаған кино немесе дауыстық сүйемелдеу қосылған презентацияны дайындап көрсетіп,файлға сақтаңыз.

Бақылау сұрақтары

  1. Анимациялық эффектілер деген не?

  2. Анимациялық эффектілерді қосу әрекетін қалай орындауға болады?

  3. Мәтін элементтеріне(әріп,сөз,сөйлем,абзац) анимациялық эффектілер қосуға бола ма?

  4. Графикалық объектілер мен диаграмма элементтеріне эффектілер қалай қосылады?

  5. Анимациялық эффектінің көріну уақытын өз қалауымызша белгілеуге бола ма?

  6. Слайдттағы элементтердің көріну ретін өзгерту әрекеті қалай орындалады?

  7. Презентацияға музыкалық клиптер мен дыбыстар бола ма?

  8. Компакт дискіден дыбыстар енгізуге бола ма?

  9. Компакт дискіден дыбыс енгізілгеннен кейін,ол дискіні жоғалтып алған жағдайда не істеу керек? Мұндай кезде оны тыңдау мүмкін бе?

  10. Дауыстық сүйемелдеу қалай енгізіледі?

  11. Дауыстық сүйемелдеу мен басқа дыбыстық элементтер қатар орындала ала ма?

  12. Дауыстық сүйемелдеу қалай өшіріледі?

4 лабораториялық жұмыс

Презентацияларды көрсету

Жұмыстың мақсаты:

  • Презентацияны көрсету уақытын автоматты түрде қадағалау;

  • Презентацияны көрсетуді қадағалау;

  • Презентация материалдарын баспаға шығару;

  • 1. Презентацияны көрсету кезінде уақытты қадағалау

Microsoft Power Point программасының әрбір слайдтың көрсетуге қанша уақыт кеткенін қадағалап, есептеу мүмкіндігі бар. Слайдтарды көрсетуге қанша уақыт кеткенін қадағалау арқылы алдын ала презентацияға дайындалуға болады.

Презентация материалдарын баяндауға кеткен уақытты қадағалау үшін, слайдтарды сұрыптау режиміне көшеміз, слайдтарды сұрыптау тақтасындағы Уақытты қадағалау(Настройка времени)батырмасында тышқанды шертеміз немесе Слайдты көрсету- Уақытты қадағалау(Показ слайда- Настройка времени) командасын орындаймыз. Осы кезде экранда бірінші слайд оң жақ төменгі шетіндегі секундомермен бірге пайда болады. Презентацияны баяндауды бастай беруге болады.Келесі слайдқа ауысу үшін, тышқанның сол жақ батырмасын шерту керек. Қайталау(Повторить) батырмасын шерту арқылы көрсетуді басынан бастауға болады.

Төмендегі кестеде презентация уақытын қадағалау кезінде бірқатар батырмалар мен пернелердің атқаратын қызметтерінің тізімі келтірілген:””””””””33

  1. Презентацияның жалпы уақыты көрініп тұрады;Бұл батырмада тышқанды шерткенде ағымдағы слайдқа арналған секундомер көрсеткішін алып тастайды;

  2. Баяндауды тоқтатады;

  3. Ағымдағы слайдқа кеткен уақытты көрсетеді;

  4. Қайталау(Повторить)батырмасы.Бұл батырманы шерткен соң презентацияны көрсету басынан басталады.

Power Point программасы презентацияны көрсету уақытын уақытты қадағалаукомандасы берілген мезеттен бастап есептейді .Жаттығу(Репитиция) аяқталған соң, презентацияның ұзақтығын көрсететін және слайдтарды көрсетудің жаңа уақыт шамасын енгізуді таңдау мүмкіндігін беретін сұқбат терезе ашылады(4.2-сурет).Егер нәтиже қанағаттандырмаса Иә(Да) батырмасын шертіп жаңа уақыт шамаларын енгізуге мүмкіндік аламыз.Нәтиже қанағаттандырса Жоқ(Нет) батырмасын шертеміз.”””””””

4.3-суреттегідей әрбір слайдтың астында оны көрсету ұзақтығы шығып тұрады.Енді презентацияның сапасын жоғарылату және ұзақтығын бағалауға болады.Егер слайд көрсетілуі өте ұзақ болса, оны қысқартуға немесе басқа да маңыздырақ қосымша материалдар қосу мүмкіндігі бар.””””””34

Жалпы презентацияны көрсету уақыты әрбір слайдтың ұзақтығына шартты түрде тәуелді болады.

Бұлай слайдты көрсету уақытын бекіту қиын болса,берілген уақыт аралығында слайдтың автоматты түрде ауысу параметрін тағайындау арқылы орындауға болады.Бірақ бұл кезде слайд ауысуы мен баяндау уақыты бір-біріне сәйкес келмесе біраз қиындықтар туады.

2.Слайдқа ескертпелер жазу

Бетке ескертпелер жазу(Режим страниц заметок) режимінде әрбір слайдқа белгілі бір ескертпелер жазуға болады.Осы режимге көшкен соң, слайдтың төменгі жағында ескертпе жазуға арналған бөлігі көрінеді.Өзімізге қажетті мәліметтерді теріп енгіземіз.Бұл ескертпелер аудиторияға көрінбейді.Презентацияны көрсету алдында, осы ескертпелерді қарап немесе қағазға басып алу арқылы ұмытылған мәліметтерді еске түсіруге болады.


3.Слайдтық шоуды жүзеге асыру

Презентация дайын болған соң оны ұйымдастыру тәсілдерін таңдау қажет.Сондай-ақ,презентация үшін компьютер мониторы,диапроектор немесе слайдтық кодоскоптың қайсысы пайдаланатынын,тыңдаушыларға презентацияның қағазға түсірілген көшірмесін тарату мәселесін шешу қажет.Осы мәселелер шешілген соң, Power Point программасы ұйымдастыру тәсілдеріне қарай презентацияны шығару әрекеттерін реттейді.

Егер презентация саны шектеулі қызметкерлерге арналған кезекті хабарлама болса, бір компьютер жеткілікті.Ал, презентация үлкен аудиториға өткізілетін болса, бірнеше компьютерлерді пайдалануға тура келеді. Мұндай жағдайда дұрысы үлкен экранды проектор қолдану.

    1. Презентацияны бөтен компьютерлерде өткізу

Егер презентация компьютерлерде өткізу компьютерлерде өткізу керек.Кейбір жағдайларда презентация өткізілетін компьютерлердің оны дайындаған компьютерден айырмашылығы болуы мүмкін.Мұндай кезде презентация өткізілетін компьютерге , Power Point программасын орнатудан басқа жеңіл жолы бар.Кез келген компьютерге арналған презентациялар пакетін Жинақтау шебері(Мастер упаковки)көмегімен дайындауға болады.Бұл жинақтау шебері байланысқан файлдармен бірге бүкіл презентацияны басқа компьютерде көрсету үшін жазу мүмкіндігін береді. Презентацияны иілгіш дискетке,қатты дискіге немесе желі арқылы басқа компьютерге жазу мүмкіндігі бар.

  1. Файл-Жинақтау(Файл-Упаковать) командасын орындаймыз.Ашылған Жинақтау шебері терезесінде Ары қарай(Далее) батырмасын шертеміз(4.4-сурет).

  2. Басқа компьютерге ағымдағы презентацияны жинақтағымыз келетінін мақұлдаймыз.Қажет болса,бірнеше презентацияны тасымалдауға болады.

  3. Жинақтау шеберіне қандай дискі қолданалатынын және байланысқан файлдар қосылатындығын көрсетеміз.

  4. True Type қаріптерін енгізу (Внедрить шрифты True Type) опциясы таңдалғанына көзімізді жеткіземіз,себебі презентация көрсетілетін компьютерде ол дайындалған қаріптер жарамсыз болып қалуы ықтимал.

Power Point Viewer өзімізбен бірге алғанымызды хабарлаймыз да, Дайын(Готово)батырмасын шертеміз.Әсіресе презентацияда байланысқан және ендірілген файлдар көп болса,бірнеше дискеттер және біраз уақыт қажет болуы мүмкін.”””””””

Презинтацияны басқа компьютерде көрсету үшін, дискіні дискіжетекке орналастырған соң, бас менюдегі Орындау (Выполнить) командасында тышқанды шертеміз. Дискета орналастырылған дискінің атын көрсетемізде, қос нүктеден кейін PNGSETUP.EXE көшірілетін адресті және буманың атын көрсетеміз. Осы файл көшірілген соң презинтацияны көрсете беруге болады, яғни файлдың шарт белгісінде тышқанды екі рет шертеміз.

4. Жасырын слайдтар құру

Power Point программасы жасырын стайдтар құру мүмкіндігін береді. Бұл слайдтар презентацияның көрсетуге арналмаған бір бөлігі болады. Бірақ қажет болса, кез келген уақытта көрсетуе аламыз.

Слайдтарды жасыру үшін:

  1. Слайдтарды сұрыптау режиміне көшеміз.

  2. Жасыруға қажетті слайдтарды белгілейміз.

  3. Слайдтарды сұрыптаушы (Сортировщик слайдов) тақтасындағы

/ Слайдтарды жасыру (Скрыть слайд) батырмасында тышқанды шертеміз. Бұл кезде слайд мүлде жоқ болып кетпейді, оның нөмірі жиктелінеде де, үсті сызылады(4.5- сурет).$$$$$$$$$$

Слайдты жасыру баьырмасы тек слайдтарды сұрыптау режимінде ғана екпінді, ал слайд рижимінде жұмыс жасап отырып оны жасыру қажет болса, Сервис- Слайдтарды жасыру (Сервис- Скрыть слайд) командасын орындаймыз.

Жасырылған слайдтарды ашудың екі тәсілі бар :

  • Жасырылған слайдтың алдындағы слайдта тышқанның оң батырмасын шертіп, Ауысу- Жасырын слайд (Переход- Скрытый слайд) командасын орындаймыз

  • Жасырылған слайдтың алдындағысымен жұмыс жасап отырғанда Н немесе Һ әрпін басамыз.

5.Слайдтың айрықша бөліктерін ерекшелеу

Презентация кезінде белгілі бір ақпараттарды көрсету кезінде оған аудитория назарын аударту үшін:

1.Слайдты көрсету кезінде тышқанның оң жақ батырмасын шертеміз.

2.Жанама менюден Қалам (Перо) командасын орындаймыз.Осы мезетте тышқанның көрсеткіші қаламға ұқсас болады. CTRL+P қос перенсін басу арқылы да орындауға болады.

3.Тышқанның батырмасын басулы күйінде ұстап тұрып, слайдтың белгілі бір элементтерін ерекшелеп белгілей отрып қоршауға немесе кез келген суреттер салуға болады.

4.Осы салынған суреттерді немесе қоршауды өшіру үшін, Е пернесін басамыз. Бұл перне басылмаған күнде де, осы символдар келесі слайдқа өту кезінде өз- өзінен өшіріліп қалады.

5.Курсорды бастапқы қалпына келтіру үшін, CTRL+A қос пернесін басамыз.

Тақтада маңызды нәрсені бормен белгілеп көрсету сияқты, слайдта да ерекшелеп көрсетуге болады.

6.Презентацияларды баспаға шығару

Презентацияларды бапаға шығармас бұрын, шығарылатын қағаздың параметрлерін тағайындау қажет. Фаил- Парақ параметрлері (Фаил-Параметры страницы) командасын орындаймыз да , ашылған парақтын макеті (Макет страницы) сұхбат терезесінде тиісті параметрлерді , яғни қағаздың өлшемін, ориентациясын енгіземіз.(4.6-сурет). Бағыт (Ориентация) ретінде қағаздың кітап немесе альбом ретінде айтады.””””””””””””

Парақ параметрлерін тағайындаған соң, Фаил-Баспаға шығару (Фаил-Печать) командасын орындаймыз. Баспаға шығару параметрлерін тағайындау мүмкніндігін беретін сұхбат терезе ашылады.(4.7-сурет).””””””””””””

Осы сұқбат терезенің жоғарғы жағында компьютерге қосылған принтердің аты жазылып тұрғанына көзімізді жеткіземіз.Терезенің элементтері мынадай бөліктерден құралған:

  • Баспаға шығару.Әрбір слайдты жеке параққа шығарасыз ба? Әлде бір бетке екі,үш немесе алты слайд шығару арқылы қағазды үнемдейсіз бе? Беттерді ескертпелерімен бірге баспаға шығарасыз ба?Тізімнен қажеттісін таңдап аламыз.

  • Көшірме саны (Число копий) .Қажетті көшірме санын көрестеміз.Көшірмелер бойынша реттеу (Разобрать по копиям) белгісін қажет болса көрсетіп қоямыз.

  • Баспаға шығару аралығы(Диапозон печати).Презентацияны тұтас немесе таңдап алынған слайдтарды ғана баспаға шығаруға болады.

  • Жасырын слайдтарды баспаға шығару(Печать скрытых слайдов).Жасырын слайдтарды да баспаға шығару қажет болса осы өрістің белгісін көрсетіп қоямыз.

  • Ақ-қара түсті(Черно-белый).Слайдтағы әртүрлі түстер сұр түсті дақтарға айналыдырылады.

  • Бет бойынша масштабтандыру(Масштабировать по листу).Егер жасалған слайд қағаз бетіне сыймай тұрса немесе оның бір бөлігін ғана алып тұрса, осы өрістегі белгіні көрсетіп қоямыз.Бүл кезде Power Point программасы бетті максималды түрде толтыруды қамтамасыз етеді.

  • Слайдтарды жиектеу(Обрамление слайдов).Қағазға басылытын слайдтар жіңішке сызықтармен қоршалып шығады.

Жеке элементтерді,мысалы жасырын слайдтарды қағазға басып алған соң, осы сұқбат терезеге қайтадан оралып, беттерге жазылған ескертпелерді, слайд құрылымын,презентация слайдтарының өзін де қағазға шығара аламыз.


6.1 Беттерге жазылғын ескертпелерді қағазға шығару

Презентация материалдарын екіге бөлеміз. Бірі аудиторияға көрсетуге арналған қажетті мәтіндер мен бейнелер, ал екіншісі көмекші құрал ретіндегі жеке өзімізге арналған слайдтармен ескертпе беттер болсын. Бұлай жасау үшін,Баспаға жіберу(Печатать) тізімінен Ескертпелер(Заметки) командасын таңдау қажет.Бұл кезде жоғарғы жағында слайдтар,төменгі жағында ескертулер жазылған беттерді қағазға шығара аламыз.

Презентация кезінде екі слайдты көрсету үшін, слайдтардың тізімі болуы керек.Осындай тізім қолымызда болуы үшін , презентацияны құрылымын баспаға шығару қажет. Баспаға жіберу тізімінен Құрылымы(Структуры) қатарын таңдаймыз.Сондай-ақ осы тізімде бір бетте екі, төрт, алты слайдтты баспаға шығару қатарының бірін таңдай аламыз.

Тапсырмалар

  1. Алдыңғы сабақта дайындалған Жарнама презентациясын көрсету уақытын қадағалаңыз.

  2. Презентацияның екінші слайдына ескертпе жазыңыз.

  3. Үшінші слайдын жасырын жасаңыз да, презентацияны көрсетіңіз.

  4. Презентацияны көрсету кезінде жасырын слайдты экранға шығарыңыз.

  5. Презентацияның екінші слайдындағы таңбаланған тізімді қалам көмегімен көрсету кезінде ерекшелеңіз.

  6. Жазылған ескертпе беттерді баспаға шығарыңыз.

  7. Презентацияны басқа компьютерде өткізуге арнап жинақтап, дискетке жазыңыз.

  8. Презентация слайдтарын баспаға шығарып,жұмыстың нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.

Бақылау сұрақтары

  1. Презентацияны көрсету кезінде уақытты қадағалау не үшін қажет?

  2. Уақытты қадағалау қалай орындалады?

  3. Презентацияны жинақтау не үшін қажет?

  4. Презентацияны жинақтау қалай орындалады?

  5. Презентацияны көрсету кезінде айрықша бөліктерді ерекшелеуге бола ма?

  6. Айрықша бөліктерді ерекшеленген таңбалар қалай өшіріледі?

  7. Жасырын слайдтар қалай құрылады?

  8. Жасырын слайдтарды ашуға бола ма?

  9. Слайдтың жасырын екенін қалай анықтауға болады?

  10. Презентация слайдтарын баспаға қалай шығарады?

  11. Ескертпе беттер баспаға қалай шығарылады?

  12. Презентацияның құрылымын баспаға шығаруға бола ма?





Лабораторная работа по программе Microsoft PowerPoint (на казахском языке)
  • Информатика
Описание:

 

Microsoft PowerPoint программасы

№1 лабораториялық жұмыс. Презентациялар құру

       Жұмыстың мақсаты:

·         PowerPoint программасын іске қосу және презентация құрудың тәсілдерін таңдау;

·         Автомазмұн шебері көмегімен презентациялар құру;

·         Шаблондар көмегімен және бос презентация құру;

·         Слайдқа мәтін, суреттер, графикалық объектілер енгізу,

·         PowerPoint программасында жұмыс істеу режимдерінің ерекшеліктерін ескеру әрекеттерін меңгеру.

Microsoft PowerPoint – Microsoft Office-тің құрамындағы, презентациялық

  материалдар  дайындауға арналған программа. Бұл программа кодоскоптарға және  35 мм-лік мөлдір қабыршақтарға (пленка) арналған слайдтар, қағазда үлестірілетін материалдар, компьютер экранында анимациялық көріністерді бейнелей алатын презентациялар дайындау мүмкіндігін береді. Micrisoft PowerPoint программасында баяндама немесе мекеменің ашылу салтанаты т.с.с әртүрлі материалдарды оның дыбыстық және мультемедиалық мүмкіндіктерін пайдаланып жандандырып жіберуге болады.

  1. PowerPoint программасын іске қосу
  • Powerpoint  программасы тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу батырмасын шерткенде ашылатын бас менюдің Программалар, Microsoft Power Point қатарында тышқанды шерту арқылы іске қосылады.
  • Менің компьютерім немесе Сілтеуіш программасының терезесінде С дискісінде сақталған Microsoft Offіce бумасындағы Microsoft Power Point жарлығын-да тышқанды екі рет шерту арқылы да іске қосуға болады.                                      

Power point программасы іске қосылған мезетте презентация құрудың тәсілдерін таңдау және бұрын құрылған презентацияны беретін сұқбат терезе ашылады(1.1 сурет ).

  • Автомазмұн шебері (Мастер автосодержания) ауыстырғышы таңдаласа, жаңа презентация , белгілі тақырыпқа сәйкес мәтін және безендіру элементтері еңгізіліп

 

сақталған презентациялар тізімінен қажеттісін таңдап,сатылы түрде сұрақтарға жауап бере отырып құрылады. Бұл кезде презентация мазмұныы автоматты түрде жасалады.

Автор Ниеткалиева Аксамал Суингалиевна
Дата добавления 09.01.2015
Раздел Информатика
Подраздел
Просмотров 892
Номер материала 47512
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓