Главная / Другое / "Күз келбеті" тақырыбы бойынша сабақ жоспары

"Күз келбеті" тақырыбы бойынша сабақ жоспары

1,2 кіші топ

Ұйымдасқан оқу-әрекетінің

технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас, социум

Бөлім: қазақ тілі, қоршаған айналамен танысу

Тақырыбы: «Күз келбеті»

Мақсаты: балаларды күз келбетін сипаттауға үйрету, түсінік беру. Сөздік қорларын байыту, ойлау, есте сақтау, түсіну қабілеттерін жетілдіру.

Билингвалды компонент: күз-осень, жаңбыр-дождь, салқын-прохладно, бұлттар-тучи, жапырақтар -листья

әрекет кезеңі


Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті

Мотивациялық -қозғаушы

Үлкен шеңбер құрып балаларды сәлемдесуге ұйымдастыру. Доп арқылы «Сенің атың кім?» деген сұраққа жауап беру.

Балалар шеңбер құрып қызыға амандасады.

Сұрақтарға жауап береді.

Ұйымдастырушылық ізденіс

Қонаққа бізге бүгін Гаухар келді. Амндасамыз. Гаухардың қолында не бар? Себет. Дұрыс. Ал себеттің ішінде не бар екен қарайық. Бұл не? Жапырақ . Жапырақтар қандай? Қызыл, сары. Олар неге қызыл, сары? Жылдың қай мезгілі? Дұрыс. Күз.

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

*Фонетикалық жаттығулар:

-бұл-бұл-бұлт

-жаң-жаң-жаңбыр -шө-шө-шөп

-қын-қын-салқын -рақ-рақ-жапырақ

-Балалар бүгін біз күз келбетіне сипттама беріп көреміз:

Балалар қалай киінген?

Жылы. Өйткені күн суық.

Ағаштар қандай?

Жапырақтар не істеді? Аспан қандай? Бұлтты, қара.

«Күзгі жапырақтар» өлеңін оқу

Алтын, сары, қызыл, көк...

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп.

Көз тартады атырап.

(Қ.Шаңғытбаев) Жылдың қай мезгілі туралы айтылған?

  • Жаңа сөздерді қайталау: (суреттер арқылы)

Күз-осень, жаңбыр-дождь, салқын-прохладно, бұлттар-тучи, жапырақ-лист.

Сергіту сәті:

Бетімізге жел соғады Тыныш –тыныш отырады

Тербеледі ағаштар Биік-биік ағаштар.

Тіл дамыту: Сөйлем құрату:

Күзде күн суық. Жаңбыр жауады. Аспанда бұлттар болады.

Жекелей жұмыс: Сурет арқылы жаңа сөздерді бекіту.

Сөздік ойын: «Мен бастаймын, сен қоста»

Жаң-быр, сал-қын, жапы-рақ.

Сөздерді бірге, жеке қайталаймыз.







Жаттығуларды жеке, бірге қайталайды


Балалар сөздерді мәнерлеп дауыстап қайталайды, хормен және жеке

Сөздерді қайталап, қимыл әрекетін жасайды.

Сұрақтарға жауап береді.









Балалар сөздің аяғын айтады

3-4 рет ойын орындалады




Рефлексивті-түзету

Балаларды өз балабақшасына дұрыс сипаттама беруге ұйымдастыру

Балалар ойындар арқылы жаңа сөздерді қайталайды, Сәлемдесу, қоштасу сөздерге жататын сөздерді қайталайды.


"Күз келбеті" тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  • Другое
Описание:

Қазақ  тілі  сабағы.Сабақ  шағын  орталық  тобынының  тәрбиеленушілерімен өткізілген.Сабақ  құрылымы  мен  сабақта  қолданылған  әдіс-тәсілдер  оқушылардың  жас  ерекшеліктері  мен  қабілеттеріне  және  білім  деңгейлеріне  сай.Сабақ  орыс  тілінде  оқытылатын  мектептеріне  арналған.

Білім беру саласы: Қатынас, социум

Бөлім: қазақ тілі, қоршаған айналамен танысу

Тақырыбы: «Күз келбеті»

Мақсаты: балаларды күз келбетін сипаттауға үйрету, түсінік беру. Сөздік қорларын байыту, ойлау, есте сақтау, түсіну қабілеттерін жетілдіру.

 Билингвалды компонент: күз-осень, жаңбыр-дождь, салқын-прохладно, бұлттар-тучи, жапырақтар -листья

Автор Боранбаева Ажар Кенесовна
Дата добавления 28.11.2014
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров 1731
Номер материала 5823
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓