Пәні: Көркем әдебиет

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Күз

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Балалардың күз туралы білімін қалыптастыру. Күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру. Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету. Табиғатқа қамқор болуға, оны аялауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: сары алтындай жайқалған, жиын-терін, берекелі күз, жомарт күз.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Күз мезгілінің суреттері. Бақшадағы көкөністер, баудағы жемістер суреттері.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, тыңдау.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.


1.1.Кіріспе әңгіме:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын, бәріміз қол ұстасып, дөңгелене тұрайық.

Күндей жарық, айдай арайлы,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнді бастайық!

Балалар қосылып айтады.


  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күз неше айдан тұрады?

  • Күзді неге «алтын күз» деп атайды?


2.Ойын: «Табиғат мейірімді».

Ойын шарты: Балаларға әр түрлі сөйлемді бастап беру керек. Балалар сөйлемді әрі қарай жалғастырады.

  • Жер-Ана мейірімді, өйткені ол ... (көкөністер мен жемістерді өсіреді).

  • Күн мейірімді, өйткені ол ... (жарығын, жылуын береді).

3.Дәптермен жұмыс: Ғ. Қайырбековтің «Алтын күз» өлеңімен таныстыру, жаттату.

Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

- Күз айында жемістер мен көкөністер піседі. Жемістер бақта өседі, көкөністер бақшада өседі.

- Жемістер мен көкөністерді ата.

Жемістер: алма, алмұрт, шие, өрік, жүзім, т.б.

Көкөністер: қызанақ, қияр, қырыққабат, қарбыз, қауын,


4.Сергіту сәті: (Баяу музыка әуенімен орындалады.)

- Күзде ағаш жапырақтары сарғаяды, жел соғады, ағаштар тербеледі, жапырақтар жерге қалықтап түседі. Аспанды бұлт торлайды, жаңбыр жауады. Түк, түк, түк (дыбыс шығару). Күн жарқырап шықты, біз қуанамыз! (Балалар қимылмен көрсетеді).


5.Дидактикалық ойын: «Қай ағаштың жемісі?»

Ойын шарты: Тақтада алма, алмұрт, шие ағаштары және жемістері көрсетілген. Әр жемісті сәйкес ағаштарға тауып ілуі керек.

Балалардан күзгі табиғат көрінісі жөнінде сұрау. Балалардың жауабы тыңдау.


Жұмбақ шешу.

Жауып жаңбыр, жерде сабыр,

Шөп, жапырақ солады.

Айтыңдаршы, бөбектерім,

Бұл қай кезде болады? (Күзде)


Қорытынды.

Күзде күн суытады, жауын-шашын көп болады. Айнала сары түске өзгереді, бұл мезгіл «алтын күз» деп аталады. Балалар мектепке барады. Жиын-терін болады.

Белсенді баларды атап өту, мақтау.



  • Начальные классы
Описание:

Бұл сабақта балалар жыл мезгілдерімен оның ішінде күз мезгілімен танысады. Күз айларын біледі.Күз мезгілінің ерекшеліктерін біледі. Күз кезіндегі молшылық астық жеміс-жидек пісіп , адамдар молшылыққа кенелетіндіктен алтын күз деп аталатынын ұғынады.Сабақта түрлі әдіс-тәсілдермен дидактикалық ойындар қолданылған.

Автор Сламбек Назерке Болатқызы
Дата добавления 11.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другое
Просмотров 134
Номер материала MA-066863
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы