Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Кітап біздің досымыз" Кітап мерекесінің жоспары

"Кітап біздің досымыз" Кітап мерекесінің жоспары

Скачать материал

 Қазақстан Республикасы

Алматы облысы

Талдықорған қаласы

Шоқан Уәлиханов атындағы №10 мектеп – гимназия

Кітапханашы Каспакова Салтанат Шалтабайқызы



Кітап біздің досымыз.

Кітап мерекесі

Мақсаты: Оқушыларды оқулықты құрметтей білеуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу.

         Оқушының білімділік танымын өмірімен байланыстыра отырып арттыру.

         Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

         Көрнекілігі: кітаптар көрмесі, кітап туралы қанатты сөздер, мақал-мәтелдер.

1-жүргізуші:                Армысыздар, балалар!

                                      Кітап- шебер ұстаз, тілсіз мұғалім.

                                      Кітап- адал пейіл, асыл дос.

                                      Кітап- мұхит, сол мұхиттан не терең?

                                      Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!

2- жүргізуші:               Кітапты оқи отырып, адамның ішкі рухани жан дүниесі артады.

Айналадағы өмірмен, табиғатпен, адамның еңбегімен, құрбы-құрдастарыңмен танысып, жақсы болуға, жақсылық іс істеуге құштарландыратын осы –кітап.

         Кітап- қарым-қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. «Кітап-білім бұлағы» деп бекер айтылмаған екен.

         Енді біз кітап туралы қандай нақыл сөз, мақал-мәтел, өлеңдер білеміз, соны ортаға салайық.

1-оқушы.

Адамның досы кітап, өмір кілті,

Тең келмес оған жиған дүние-мүлік

Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.

2-оқушы

Тұрады басын құрап әріп неден,

Басталған білім басы әліппеден.

Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит,

Оқысақ кітап сырын ашып терең.

3-оқушы

Кітапты оқымайды сыйламаған,

Білімге жанын жайып қинамаған.

Өсірген кімнің болсын  ой-өрісін,

Сол кітап бек ақылшы күнде маған.

4-оқушы

Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп,

Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.

Молайтып ақылыңды сан еселеп,

Береді білім нәрін кітап көптеп.

5-оқушы

Кітаптар бейне жапырақ

Жырлайтын сырын өмірдің

Оқисың кейде жаттап

Көтеріп күйін көңілдің

6-оқушы

Айдын шалқар кейде бір

Кітапты тұнған көл дерсің

Ауадай қажет бейне бір

Таппасаң нәрін шөлдерсіңъ

7-оқушы

Білім алар көп адам

Жақсы нәрсе жоқ одан

Қызыға кеп оқимын

Кітапты көрсем жаңадан

8-оқушы

Кетпйді ешбір жадымнан

Мектепке бардық күз айы

Тастамай сені жанымнан

Қолтықтап жүрдім ұдайы

9-оқушы

Достарға толы маңайым

Татулық тәтті бәрінен

Ерекше сені санаймын

Құшақтап жүрмін мен әлі.

10-оқушы

Ұсынған қойынан

Білімнің үлесін

Шықпайды ойыңнан

Досың ғой білесің

Бұл не?

Бұл –кітап.

11- оқушы

Бәрін, бәрін білесің,

Оқи берсең кітапты.

12-оқушы

Қазынаны тереңнен табарсың,

Білімді кітаптан аларсың13-оқушы

Асыл ойдың иесі, бар ғалымның жүйесі

Қуанышты

Көңілдің, баспалдағы өмірдің

Жан азығым серігім, ардақтамас сені кім?

Кітап.

Күнде өсіп көңілім, көріктеніп келемін,

Көптің тауып керегін, кезінде айтып беремін.

Бірақ білмес парқымды, байқап жүрмін әркімді

Оқушы.

әсерлемей,асырмай, айтып берші жасырмай,

жан азығым, серігім, ренжіткен сені кім?

Кітап.

Кейбіреулер ерігіп, бос жүруден зерігіп

Бетімді менің ашады, әңімеге басады

Жолдарымда сызады, шырқымды да бұзады

Онымен іс бітпейді, беттерімді бүктейді

Көп жерімді жазады, қайшыменен қияды

Налымаймын неге мен, бұл секілді пендеге.

Оқушы.

Сені сүймес адам аз

Ақылды көп, надан аз

Ондайлардан түңілме

Сені ойлар түбінде

1-жүргізуші:

         Енді Т.Дәуренбеков ағаларыңның «Кітаптар мұңыә әңгімесіне құлақ асайық.

         Мектептің отын қоймасына біреу бір құшақ кітап әкеліп тастады. Есік қайта жабылуы мұң екен, шеткеірек түскен бірі басын көтеріп алды. «Қайда келдім?» дегендей жан-жағына қарап сәл отырды да, жанында жатқан көршісін түртті.

Ол қозғала қоймап еді, жұлқып-жұлқып қалды.

-Ей, тұрсаңшы! Қайда келдік? Тірімісің өзің?

-Ой, мазамды алма. Бүйткен тірлігі құрысын! Мұнан да парақтарымның пәре-пәресі шығып ұшып кеткені жақсы еді.

-не боп қалды? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің бұл қасірет. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық. Басыңды көтер. Жөн сұрасайық. Кімсің өзің? Сыртың бүп-бүтін ғой.

-Сыртымды қайтесің?! – деді анау жер таяна орнынан әрең тұрып. Сыртым бүтін болғанмен ішім түтін. Ана тілі оқуғымын. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, қанша қызмет етті десеңші! Баспа қызметкерлері әрбір әрпімді жекелей теріп, көз майын тауысып па еді? Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі. Мен де, қолымнан келгенше, өз бойымдағы білімді беріп, балаларды адамгершілік парасатқа тәрбиелеуге тырысып бақтым. Сөйткен күнім не болды? Сорым қайнағанда, Адырбай деген баланың қолына түсіп, бір жыл болмай мына күйге ұшырадым. Егер, күтіп ұстаса, келер жылы мені басқа балалар оқымас па еді? Қайтейін, өткен күнім есіме түссе, сай-сүйегім сырқырайды. Іші бауырымнан сау жерім қалмады. Жыртылмаған,, шимайланбаған, сия тамбаған парағым кемде-кем.

-Біздің де оңып тұрған жеріміз жоқ, әріптесім. Ендеше, мұңдас болдық. Мен «Ежелгі дүние тарихы» оқулығы боламын,- деді бірінші кітап. Сотқарбай деген баланың меншігіне тидім. Әдепкіде оқулық болып болып, мектеп босағасын аттамағаныма қуанған едім. Оным көпке бармады. Бірнеше күн өтпей-ақ, Сотқарбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді сиямен бастырып-бастырып сызып тастады. Онан көтеріп жүруге ауырсынды ма, кейде өзіне керекті бір беттерді жыртып алатынды шығарды. Оқу жылы аяқталған күні мектеп ауласында доп қылып тепкілеп-тепкілеп, сілікпемді шығарды да, тастап кетті.

-Әріптестер, қанша айтқанмен «Ана тілімін» ғой. Менің айтқаныма құлақ асыңдар. Бұл жерде тек кішкентайлар емес, жоғары сынып оқушылары да кінәлі-ау!

-Дұрыс айтасың, «Ана тілі»,- деді қаракөлеңкелеу жерде жатқан бір кітап.

-Менің оқушым үйінде парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ойнағанда қой демейді ғой үлкен ағасы. Сондағы сылтауы: «Оқу жылы аяқталды».

- бірақ-деді «ана тілі» сөзін қайта жалғап,- шындығын айтқанда, әркім өз дүниесіне ұқыпты болуы кекрек қой. Ондай балалар жоқ та емес,, бар. Бар емес-ау, көп. Алайда олардың бір кемшілігі –Адырбай мен Сотқарбай сияқтыларға достық ақыл айта алмай келеді. Мысалы, менің өзім сияқты құрдасым болды. Екеуіміз – мектеп кітапханасына бір күнде түстік. Қызық болғанда, сыныпта да парталас болдық.. Міне, оқушы деп оның иесін айт. Ондай баланың қолына түссең, арманың болмас шіркін! Кітабыңа шаң жуытпайды. Керек бетін белгілеу үшін, парағын қайырып бүктемейді. Қағаз салып қояды. Сызбайды., сия тамызбайды. Оның «Ана тілі» кітабы қыстап су жаңа күйінде шықты.

-Енді бізді не істер екен?- дейді кітап.

-Әлде жинап-жинап отқа тамызық етер ме екен?

От деген сөзден бәрі де селк ете қалды. Бір сәт үндері шықпай, іштен тынды.

-мүмкін, бір кәдеге жаратар. Түптер,- деді «Ежелгі дүние тарихы» сәлден соңбасу айтып.

-Түптер,-деді оны кекетіп әлгі кітап.

-Түптесе сені түптер, ал түптеуге келмейтінін тұттай жалаңаш бізді қайтеді? Көрмеймісің, көзге түсуге де ұялып, бір түкпірге бұқпалап отырғанымды.

-Пысықтығына қарағанда есеп кітабы боларсың, - деді оған «Ана тілі».

-Дұрыс айтасың. Бізден енді оқулық шықпайды. Осы отырған бәріміз де жарымжанбыз.

-Әріптестерім, отқа тамыздық қылады деп ұнжырғыларың түспесін,-деді «Ежелгі дүние тарихы» жұбата сөйлеп.

-Мен тарихты білсем, бізді фабрикада жуып, тазартып, баяғыдай ақ қағаз жасап, баспаханаларға жөнелтеді. Тек келесі жолы ұқыпты оқушының қолына түссек деңдер.

-Соны айтсаңшы,-деді бірдей жамырап.

2-жүргізуші

1. Әңгіме неге «кітаптар мұңыә деп аталған?

2. Кітаптарды өздерің қалай ұстайсыңдар?

3. Оқушылырға кітаптың тигізер пайдасы қандай?

4. Кітаптарды кімдер және қалай жасайды?

5. Кітаптардың оқушыларға ренжігендері дұрыс па?

6. Кітап қайда басылып шығады?

7. Кітапты баспадан шығару үшін  не қажет?

-Сендер сол жайлы не білесіңдер, балалар?

1-жүргізуші

         Балалар, кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстау-бәріміздің міндетіміз.

Бізде кітаптары қапталған, өте таза, ұқыпты ұстайтын оқушылар да арамызда бар.

Олар жауапкершілікті түсінген оқушылар.

2-жүргізуші

Ойланайық, балалар,

Кітап-асыл досымыз.

1-жүргізуші

Жайнатып жанымызды

Келтіріп сәнімізді.

Арнайық бас қосқанда

Тамаша әнімізді.


Сен адамзаттың жақын досы!
Келмейді сені оқымай көңіл қойшы.
Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры,
Басылған таңба болып өзіңде осы.

Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.
Жеткізіп өткендердің өсетін,
Шешіліп кейде достай сырласады.

Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы,
Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.
Ашқанда - ақ өткен күнмен беттеріңді,
Келелі күн көз алдыма көп тұрады.

Книга – учитель,
Книга – наставница,
Книга – близкий товарищ и друг,
Ум, как ручей, высыхает и старится,
Если ты выпустишь книгу из рук.
Книга – советчик,
Книга – разведчик,
 
Книга – активный борец и боец,
Книга – нетленная память и вечность,
Спутник планеты Земля, наконец…

 

 Білімнің қайнар бұлағы - кітап.
 Кітап - құдіреті қару.
Кітап ғалым тілсіз мұғалім.
Кітап - өмір ұстазы.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Кітап біздің досымыз" Кітап мерекесінің жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий филиалом музея

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бұл "Кітап біздің досымыз" атты кітап мерекесінің жоспары. Жалпы мақсаты: Оқушыларды оқулықты құрметтей білеуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу. Оқушының білімділік танымын өмірімен байланыстыра отырып арттыру. Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру болып табылады. Осы кітап мерекесін өткізу үшін келесі көрнекілігтерді қолдандым; кітаптар көрмесі, кітап туралы қанатты сөздер, мақал-мәтелдер. Кітап- шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап- адал пейіл, асыл дос. Кітап- мұхит, сол мұхиттан не терең? Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем! Кітапты оқи отырып, адамның ішкі рухани жан дүниесі артады. Айналадағы өмірмен, табиғатпен, адамның еңбегімен, құрбы-құрдастарыңмен танысып, жақсы болуға, жақсылық іс істеуге құштарландыратын осы –кітап. Кітап- қарым-қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. «Кітап-білім бұлағы» деп бекер айтылмаған екен. Енді біз кітап туралы қандай нақыл сөз, мақал-мәтел, өлеңдер білеміз, соны ортаға салайық.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 101 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.11.2020 692
    • DOCX 29.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ашеко Кристина Александровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ашеко Кристина Александровна
    Ашеко Кристина Александровна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 99916
    • Всего материалов: 220

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов и критиков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Институциональные основы современного инвестирования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии в онлайн-обучении

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 17 регионов