Главная / Другое / Кұстардың қысқы тіршілігі

Кұстардың қысқы тіршілігі

Технологиялық карта №

Күні: 18.01.2016ж

Білім саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту

Тақырыбы: Құстардың тіршілігі

Мақсаттары:

а)білімділігі: Құстардың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру.

ә)дамытушылығы:Сабақ барысында орындалған тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

б)тәрбиелігі: Құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: қыстап қалатын құстардың суреттері, үнтаспаға жазылып алынған құстар үні.

Әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық

оятушылық





























Ұйымдастырушылық-

ізденушілік













































































































Рефлекстік –түзетушілік

- Балалардың назарларын сабаққа аудару.

- Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Балалар дөңгелене тұрып, бір - біріне құстардың атына байланысты еркелетіп айтатын сөздерді айтады.

- Көгершінім.

- Балапаным.

- Қарғам.

- Қарлығашым.

- Тотым, т.б.

- Балалар қыс мезгілі суық, қарлы, боранды болады. Қыста суыққа төзе алатын құстар ғана қыстап қалады. Олар мына құстар (суреттерін көрсету): торғай, қарға, кептер, сауысқан.

- Басқа құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Қыста құстар ағаштардың бұтақтарын паналап күнелтеді. Қарны ашып тоңған, жаураған құстар адамдарға жақын ұшып - қонып жүреді. Адамдар жем - шашар жасап, оған жем салып, ағаштың бұтағына іліп қояды.

ә) Балалар құстар, ұя деген сөздерге сөйлем құрастыру.

б) Сергіту сәті

Құстар біздің досымыз, бау - бақшаны қорғайды,

Ұя жасап қарсы алсақ, құстар бізді қолдайды.

  • Ертегі оқып беру.

  • «Құстар қалай қыстайды?» деген ертегіні оқып беру. Қыстың бір суың күні Суықторғай, Қарға, Торғай, Тоқылдақ, Құр, Сауысқандар кездесіп, әңгіме - дүкен құрыпты.

Қарға: Адамдар тұратын жерлерге жақын келіп орналасқанымыз жақсы болады. Бізге дастарқан дайындап қойыпты. Тіпті жеміс те бар екен.

Құр: Бірдеңе таптың ба? Маралдар да келмей қойды. Олардың ізіндегі қардан ашылған шөптің дәнін теріп жеп, бір тоятын едім.

Торғайлар: Мынандай қалың қарда дән қайдан табылсын. Ағаш бүршігімен күн көре тұрамыз да.

Сауысқан: Ей, Қаздар сендер жылы жаққа кетпеп пе едіңдер? Қыс түскенде мұнда неғып жүрсіңдер?

Қаздар: Әй, Сауысқан - ай, танымадың ба? Біз отырықшы Қаздармыз. Кейбір жабайы Қаздар ғой жылы жаққа ұшып кететін. Сендер өздерің неге жылы жаққа кетпедіңдер?

Сауысқан: Мен туған жерде қыстайтын отырықшы құспын ғой. Мен сияқты Алақарға, Шымшық, Тоқылдақ, Торғай қыста өз туған жерлерінде қыстайды.

  • Суретпен жұмыс.

«Құстарға көмек» тақырыбында әңгіме құрастыру.

  • Сөздік жұмысын жүргізу.

Сарышымшық — сұр, қоңыр түсті, бауыры сары, қауырсынды кішкентай құс.

Құр - тауық тұқымдас жабайы құс.

- Дидактикалық ойын

«Қайсысы артық» ойыныны ойнату. Шарты: Мұғалім тақтаға құстардың суретін іледі. Мысалы: суықторғай, тоқылдақ, қарға, жабайы үйрек. Балалар суреттерден қыстап қалатын құстарды атайды, ал жабайы үйректің артық екенін айтады.

- Қорытындылау.

- Қандай құстар қыста қыстап қалады екен?

- Біздер құстарға қандай қамқорлық жасауымыз керек?

- Қандай ертегі тыңдадыңдар? Ол не туралы?

- Балаларды мадақтау.

Балалар шеңберге тұрып құстарға байланысты еркелетіп айтатын сөздерді бір-біріне айтады.









Суретке назар аударады.





Мұқият тыңдайды.







Сөйлем құрастырады.

Сергіту сәтін орындайдыү







Ертегіні мұқият тыңдайды.













































Құстарға көмек тақырыбында әңгіме құрайды.











«Қайсысы артық» ойынын ойнайды.









Сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты қорытындылай

ды.




Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Қыста қыстап қалатын құстарды,олардың қысқы тіршілігін;

Нені игереді: Олардың ерекшеліктерін сипаттауды;

Нені біледі: Құстарға қамқор болуды.







Кұстардың қысқы тіршілігі
  • Другое
Описание:

Білім саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту

Тақырыбы: Құстардың тіршілігі

Мақсаттары:

а)білімділігі:Құстардың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру.

ә)дамытушылығы:Сабақ барысында орындалған тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

б)тәрбиелігі: Құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: қыстап қалатын құстардың суреттері, үнтаспаға жазылып алынған құстар үні.

Әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.

Автор Касенова Айгүл Кайрбекқызы
Дата добавления 29.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Планирования
Просмотров 721
Номер материала MA-064253
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы