- 23.12.2020
- 336
- 0
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Сабақтың жүрісі:Ұйымдастыру. Амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды төрт топқа бөлу, топтардан топ басшысын сайлап,бағалау парағын тарату. Мақсаты: Көшпелілер өмірі, шаруашылығы, мал түрлері, отырықшылық пен көшпеліліліктің айырмашылығы туралы баяндау.Мұғалім сөзі: Сәлеметсіздер ме ? Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі қазақ тілі мен тарих апталығы аясында өткізіліп отырған, ашық сабағымызға қош келдіңіздер ! Ашық сабағымыздың тақырыбы: «Көшпелі мал шаруашылығы- тіршіліктің қайнар көзі» деп аталады. Сабағымызды бастамас бұрын 4 топқа бөлініп алайық: І-топ Кеншілер, ІІ-топ Археологтар, ІІІ-топ Тарихшылар, ІҮ–топ Сәулетшілер Сабағымызды « Кім жылдам ?» ойынынан бастайық. ІI.Қызығушылығын ояту кезеңі: « Кім жылдам ?» ойыны.(әр топқа сұрақтар қойылады,тез жауап беруі керек). Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар: 1. Адамзат тарихы неше кезеңге бөлінеді? (3: тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі) 2. Тас дәуірі қай кезеңдерді қамтиды? (б.з.б. 2,6 млн – б.з.б.3 мың жыл) 3. Тас дәуірі неше кезеңіге бөлінеді? (3: палеолит, мезолит, неолит) 4. Адамдардың ең алғаш қолданған металы? (мыс) 5. Мыс-тас ғасыры қалай аталды, кезеңі? (энеолит – б.з.б. 3000-1800 жыл) 6. Тас дәуіріндегі адамдардың негізгі шаруашылықтары? (аңшылық, терімшілік) 7. Малды қолға үйреткен кезең? (мезолит) 8. Қола дәуірі қай кезеңдерді қамтиды? (б.з.б.2 мың – б.з..б. 8 ғасыр) 9. Қола дәуірін зерттеген ғалымдарды ата (Қ.И.Сәтбаев, В.П.Алексеев, Ә.Х.Марғұлан) 10. Қола дәуірінің ескерткіштерін ата. (Андронов мәдениеті, Беғазы-Дәндібай мәдениеті, Солтүстік Қазақстандағы Арқайым қонысы, Шағалалы қонысы, Жетісу, Таңбалы тас, т.б. ) 11. Алғашқы адамдардың көзқарастары бойынша қандай түсініктер қалыптасты? (тотемизм, анимизм, фетишизм) 12. Жеке меншік қай дәуірде қалыптасты? (қола дәуірінде) Ой қозғау: «Темір» дегенде ойымызға не келеді, көз алдымызға не елестейді? Әрқайсысымыз дәптерімізге жазып, топпен ақылдасып, «Жүзім шоғын жасаймыз» 1 мин, әр топ оқып, қабырғаға іледі. III.Жаңа мағынаны тану: Жаңа сабақты меңгерту. (Жаңа сабақтың жоспары слайдтың көмегімен интерактивті тақтадан көрсетіледі). Жоспары: 1. Темір дәуіріне сипаттама 2. Көшпелі мал шаруашылығы 3. Тебіндік мал жайылым 4. Төрт түлік мал «Адамды адам еткен еңбек» демекші адамдар еңбек ету арқылы сана-сезімдері жетіліп, ойлау қабілеттері артып отырды. Темір дәуірі – адамзат тарихындағы аса маңызды өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең. Темір – өте берік, әрі салмақты металл. Темірден жасалған құралдар тас және қоладан жасалған құралдарға қарағанда әлдеқайда өткір, төзімді болып келеді. Темірді ертеде «Аспан тасы»не «жұлдыз тасы» деп атаған. Бүгінгі таңда Қазақстан темір қоры жөнінен ТМД бойынша Ресей мен Украинадан кейін 3 - орын алады. Осы кендердің барлығы 3 кен байыту комбинаттарында өндіріледі: Соколов - Cарыбай, Лисаков, Қаражол. Темір дәуірі 2 кезеңге бөлінеді: ерте темір дәуірі – б.з.б.ҮІІІ - ІІІ ғасыр, кейінгі темір дәуірі – б.з.б. ІІІ ғасыр- б.з. Ү ғасыр. Темір дәуірі Қазақстан аумағын мекендеген адамдардың өндірісте темірді пайдалануы мен көшпелі мал шаруашылығының дамуымен ерекшеленеді. Темір дәуіріндегі тайпалық одақтар: сақтар, үйсін, қаңлы, ғұн, сарматтар. Темір табиғи жердің бетінде өте сирек кездеседі. Тек метеориттен пайда болған темір ғана балқыма күйінде ұшырасады.Темірді пеш-көрікпен өндірген-1530о. Малшылар ғасырлар бойы дағдыланған мал өсіру, баптау мәдениетін сақтай отырып, жазда – жайлауға, қыста – қыстауға үзбей көшіп жүрген. Мәтінмен жұмыс:І - Кеншілер – темір дәуіріне сипаттамаІІ- Археологтар – Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы ІІІ – Тарихшылар – тебіндік жайылымІҮ – Сәулетшілер – Төрт түлік мал
6 665 136 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Лещенко Наталья Евгеньевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Курс повышения квалификации
72/108 ч.
Мини-курс
3 ч.
Мини-курс
2 ч.
Мини-курс
4 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.