Главная / Иностранные языки / Көркем әдебиетте фразеологизмдердің қолданылуы

Көркем әдебиетте фразеологизмдердің қолданылуы

Даниярова Салтанат Әбілғапарқызы

Көкшетау қаласы, №2 Красный Яр орта мектебі

Көркем әдебиетте фразеологизмдердің қолданылуы.

Фразеологизмдер көркем сөздің ең құнарлы саласына тән ойлау нәтижесі мен халық даналығының туындысы болып саналады. Тіліміздің бұл байлығы ғасырлар бойы қорланып, толассыз дамып, толығып отыратын, әрқашан да қолданысқа дайын тұратын көркем сөз құралы болып саналады. Көркем сөз авторлары өз шығармаларында түрлендіріп, сан құбылтып, әсем де әсерлі, көркем де бейнелі сөз өрнегін жасайды.

Көркем шығарма тіліндегі фразеологизмдерді талдау, сараптау арқылы әдебиеттану жағынан қаламгердің жеке даралық стилін тануға болады.Фразеологизмдер арқылы қаламгерлер өз туындыларына ұлттық сипат беріп, стиль жасаудағы тілдік тәсілдерді колдану ерекшелігін айқындай түседі. Фразеологиялық оралымдар авторлық баяндау болсын, кейіпкер тілі болсын не табиғат суреті болсын, бәріне де өзіндік стильдік әр береді. Қаламгер жалпы халықтық тілдегі тұрақты тіркестерді қолданысқа түсіріп, оларды көріктеуші құрал, стильдік жағынан да пайдаланылады. Орыс ғалымы А.И.Ефимов : «Фразеологическое творчество писателей выражается прежде всего в обновлении привычных для слов контекстов, в которых эти слова обычно выступают.Слова, перемещенные из одного окружения в другое , претерпевают интересные смысловые и стилистические изменения. Изучение фразеологических связей слов определяют творческое своеобразие писателя...»,-дейді. Фразеологизмдер көркем шығарма тіліне айрықша мән беріп, мазмұн дарытады, ұлттық реңк береді. Образды фразеологизмдер кейіпкер мінезін беруде авторлық баяндау кезінде жұмсалып, тілдің стильдік өрнектерін дамытады.

Ғалым Х.Қожахметова фразеологизмдердің жазушы тілінде қолданылуын былайша жіктейді:1. Фразеологизмдердің кеіпкерді мінездеуде қолданылуы.2. фразеологизмдердің кейпкерлердің психологиялық сезім күйлерін суреттеуде жұмсалуы. 3. Фразеологизмдердің әзіл-сықақ қызметінде жұмсалуы.4.Кейіпкердің портретін және тілдік мінездеме беруде қолданылуы.5. фразеологиялық түйдектер- мақал–мәтелдердің кейіпкер тілінде қолданылуы. «Көзге түсетін фразеологизмдерді көркем шығармада мол қолданудың өзі ұлттық хараткер жасаудың белгісі болады ,» - деп түйіндейді ғалым өз ойын.

Фразеологизмдер- ғасырлар бойы қорланып, дамыған халық даналығы,көркем сөз құралы. Дайын қолданылатын тұрақты тіркестермен қатар тілімізде жеке жазушының шығармашылығы негізінде пайда болған авторлық тұрақты оралымдар да байқалады. Лингвостилситика маманы , ғалым Б.Шалабай көркем шығарма тілін зерттеуде оған мынадай үш қырын ұсынады: таза тілдік қыр, стилистикалық қыр, көркем-эстетикалық қыр.

Осыған орай белгілі жазушы, сөз зергері, Ғ. Мүсіреповтың шығармалары бойынша фразеологизмдерді қолданудағы стильдік ерекшеліктерін қарастырсақ. Мүсірепов кейіпкердің жан дүниесін бейнелі тілмен, қуатты сөзбен ашады.

Қолы жұмсақ, айналайын дегені жылы тиді жүрегіме.(қолы жұмсақ,жүрекке жылы тию- жағымды , көңілге қонарлық мағынада берілген.)

Зәресі кеткен адамның қатты бақырып қалғаны естілді.(зәресі кеткен- қорыққан адам)

Владимир ақ көңіл, ылғи ұтылып, аяғында шынын айтып құтылады.(ақ көңіл- мейірі мол адам).

Көзі жетіп болғасын ғана өз жүрегін ақтара бастады. (өз жүрегін ақтара бастады-ішіндегі сырын айту)

Осымен шеше жүрегі біржола орныққандай болып, сол күні жүріп кетті.(жүрегі орнығу-көңілі жай тапты,мазасызданбау мағынасында).

Мұндай суық жүзді, қабағынан қаһар түнерген солдатты өз көзім көрген емен.(суық жүзді, қабағынан қаһар түнерген-ашулы адам).

Әуелі жүрегім жылынып кеткендей болды. (жүрегім жылынды - көңілі жай тапты мағынасында)

Оны түгел түсіну үшін ашса алақанында, жұмса жұдырығында тұрғандай хал керек.(ашса алақанында, жұмса жұдырығында - тәуелді болу мағынасында беріледі).(«Қазақ солдаты» романынан)

Терімізге сыймай, қабағымыздан қан жауып тұрған бізде жұмысы да жоқ. («Ананың анасы») (терісіне сыймау, қабағынан қан жауу – өте ашулы, қаһарлы жағдайда болу).

Сен көзімнің оқырасын алып, шымылдығын аштың (көзімнің оқырасын алып, шымылдығын аштың – күмәні тарап кетті).

Қайсар үзілді-кесілді жауап күтеді. (узілді- кесілді нақты деген мағынада).

Ауылдарыңда Зағипа деген өсекші қатын бар емес пе, хабар берген сол қылауыз.(қылауыз –сөзшең , аузында сөз тұрмайтын адам).

Түн бойы зығырданың қайнап, қыз алып қашатындардың біреуі кездессе деп едің ғой! (зығырданы қайнады -ашуланды). («Боранды түнде» әңгімесінен)

«Бозінген» әркімнің шерлі ішектерін шертіп, қан қатқан жүрегін босатып жатқан секілденді. Бұл фразеологизмдер «Талпақ танау » әңгімесінен

Ата тегінен келе жатқан Тоқайдай шынжыр балақ, шұбар төс шонжар бізде болған емес. (шынжыр балақ, шұбар төс шонжар - әмірі зор, атағы шыққан адамдар)

Торсан бала болып қолына кіргелі, зәрезап болып қалған жүрек орнына түскендей болды. (зәрезап болған жүрек орнына түсті - үрейі басылды)

Мен аузы күйген адаммын. (аузы күйген -басынан қиындық кешкен, өмірден сабақ алған адам).

Бірақ Жәукенің іші жылынбай , тарына берді. (іші жылынбай – біреуге жақсылық істемеу). Бұл фразеологизмдер «Ұлпан» романында қолданылып тұр.

Фразеологизмдер кейіпкерді мінездеуде және кейіпкердің психологиялық сезім күйлерін суреттеуде жұмсалып тұр.

Фразеологиялық түйдектер- мақал–мәтелдердің кейіпкер тілінде қолданылуын «Қазақ солдаты» романынан оқимыз. (Жона бергеннің жұқарар кезі, соза бергеннің үзілер кезі бар.) және «Ұлпан ромнынан»: «Қыры кеткенге қырын келеді» - жолы болмайтын адам.

Ғ.Мүсіреповтің кейіпкер портретін және тілдік мінездеме берудегі фразеологизмдердің қолданылуын қарастырайық:

Апамның бояуы кеткен кәрі көзі анда- санда маған қадала қарайды.(бояуы кеткен көз- кәрі адамның көзі) («Қазақ солдаты» романынан).

Бұл тыриған арық, денсаулығы қыл үстінде, оқымаған, жұмыскер адам.(денсаулығы қыл үстінде - денсаулығы нашар адам мағынасында). («Тимка-Димка» әңгімесінен).

Ойға олақ, сөз бақпаған , мал баққан шаруа.(ойға олақ, сөз бақпаған – жуас, өз жөнімен жүретін адам)(«Ұлпан» романынан).

Тұрақты тіркестер көріктеу құралы ғана емес, жазушының көзқарасын, идеясын, суреттеп отырған кейіпкердің ішкі жан дүниесін, болмысын таныту мақсатында қолданылады. Сол себепті Р.Сыздықова: «Көркем туындының тілін лингвистика тұрғысынан талдау дегеніміз тілдің жеке бөліктерін түгендеу емес, сөздердің, тіркестердің, сөйлемдердің көрінісін зерртеу болмақ.... сол сөздердің қолданысы қандай мақсатты өтеп тұр, солар арқылы жазушы нені, қалай суреттеп тұр - осыларды тану керек.»

Фразеологизмдердің колданылуы автордың шеберлігін танытып қана қоймайды, оның халық тілінің байлығын қандай дәрежеде игергендігін көрсетеді.

Қолданылған әдебиет:

ҚазҰУ хабаршысы. «Филология» сериясы, №5, 2008 жыл

«Қазақ солдаты» романы

«Ұлпан» романы

«Боранды түнде» әңгімесі

«Талпақ танау» әңгімесі

«Ананың анасы» әңгімесі

«Тимка-Димка» әңгімесі(.(Ғ.Мүсірепов)

Қазақ әдеби тілінің сөздігі, 10 том Алматы, 2011 жыл



Көркем әдебиетте фразеологизмдердің қолданылуы
  • Иностранные языки
Описание:

белгілі жазушы, сөз зергері, Ғ. Мүсіреповтың шығармалары бойынша фразеологизмдерді қолданудағы стильдік ерекшеліктерін қарастырсақ. Мүсірепов кейіпкердің жан дүниесін бейнелі тілмен, қуатты сөзбен ашады. Қолы жұмсақ, айналайын дегені жылы тиді жүрегіме.(қолы жұмсақ,жүрекке жылы тию- жағымды , көңілге қонарлық мағынада берілген.) Зәресі кеткен адамның қатты бақырып қалғаны естілді.(зәресі кеткен- қорыққан адам) Владимир ақ көңіл, ылғи ұтылып, аяғында шынын айтып құтылады.(ақ көңіл- мейірі мол адам). Көзі жетіп болғасын ғана өз жүрегін ақтара бастады. (өз жүрегін ақтара бастады-ішіндегі сырын айту)

 

Автор Даниярова Салтанат Абулгапаровна
Дата добавления 06.01.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел
Просмотров 844
Номер материала 37532
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓