Главная / Начальные классы / Көркем әдебиет сабағынан "Мен боламын ғарышкер" тақырыбы

Көркем әдебиет сабағынан "Мен боламын ғарышкер" тақырыбы

Ұйымдасқан іс-әрекеттің технологиялық картасы.

Мерзімі: « » ж.

Тобы: Ортаңғы

Білімнің беру саласы: Әлеуметтік орта. Қатынас.Шығармашылық.

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Мен боламын ғарышкер

Мақсаты: Ғарыш, ғарышкерлер туралы түсінік беру..

Көрнекіліктер: Ғарыш, ғарышкерлер, зымыран туралы суреттер. Қағаз түрлі түсті, қылқалам, желім, сүлгілер.

Әдіс тәсілдер: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, д/ойын, бейнелеу, жапсыру тәсілдері.

Сөздік жұмысы: ғарыш, ғарышкер,зымыран, астроном, ай, жер, күн, планета.

Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушы


Сәлемдесу. Қуан,шаттан алақай!

Қуанатын күн келді!

Күліп шықты күн бүгін!

Қайырлы таң,қайырлы күн!

Балалар.

Балалар, жылдың қай мезгілі?

Көктемде неше ай бар,олар қалай аталады?

Көктемнің белгілерін кім айтады?


Шаттық шеңбер.

Армысыз,қайырымды Аспан ата! Армысыз, мейірімді Жер ана! Армысыз,шуғылалы Нүрлы күн!Армысыз, балабақша, дос-жаран!

Көктем

Үш ай бар: наурыз,сәуір, мамыр.

Күн жылынды, ағаштар ұйқыдан оянды, құстар жылы жақтан ұшып келді, көктемнің бірінші гүлдері шыға бастады.

Ұйымдастырушылық-ізденіс



Балалардың назарын ғарыш, зымыранның суретіне аудару. Суретте не бейнеленген?

Ғарыш әлемі. Ғарыш әлемінде не көріп тұрсындар? Ғарыш әлемінде көп жұлдыздар бар.Қызыл жұлдыздар олар Жерден алыс және суық онда өмір жоқ. Сары жұлдыздар Жерге жақын.

Ғарыш әлемінде тоғыз планета бар, олардын ішінде сендер білетін планеталар- Күн, Жер, АЙ, Шолпан . Біз Жер планетасында тұрамыз. Жерде ғана тіршілік өмір бар. Зымыранды кім жүргізеді? Дұрыс, ғарышкер





Балалар, қандай тақпақтар білесіңдер ғарыш туралы.


Дүниежүзінің ең бірінші ғарышкері ЮРИЙ АЛЕКСЕЕВИЧ ГАГАРИН.

Балалар егеменді ел тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қазақ ғарышкері-ТОҚТАР ӘУБАКІРОВ

Екінші қазақ ғарышкері-ТАЛҒАТ МҰСАБАЕВ

«Тұңғыш қазақ ғарышкері» С.Қалиев

Балаларға мәтінді оқып беру.

Әубакіров ағаның

Даңқы көкке самғаған

Тоқтар аға Гагарин

Салған жолды жалғаған.

Тоқтар аға-жан ағам

Бұрыннан даер еді.

Менің батыр ағадан

Аумай қалғым келеді.


Балалар, кім айға, күнге байланысты мақал-мәтелдер біледі?


Сөздік жұмыс:ғарыш-аспан әлемі, космос. Күн- жылу мен жарық көзі.Жер-тіршілігі бар күн жүйесіндегі планета.Ай-Жердің серігі. Астроном- жұлдыздарды зерттейтін адам. Ғарышкер-ғарышқа зымыранды жүргізеді, ол жұлдызды аспанды зерттеуші.

Балалардың жауаптары



Асханби

Ұшқыш болғым келеді!

Ұшқыш болмайнемене!

Қуат бітті денеме!

Қанатым бар қайыспас!

Ұшқыш болғым келеді

Алуа

Түнде де, күндіз де

Тілдесем жұлдызбен.

Күнді де тексеріп,

Күнделік жүргізем.

Медина –Жұлдыздар

Қорықпаймыз, батырмыз

Біз далада жатырмыз.

Жұлдыздарға қараймыз,

Қайта-қайта санаймыз.




Балалар мұқият тыңдайды.








Елдана . Жаңа айды көргендер «жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке» деп бата жасап, ырымдайды.

Әминә. Айды қолмен көрсетсе, отбасында жаманшылық болады.

«Жақсы-ай мен күндей, әлемге бірдей» Ильнәз.

«Күн ортақ, ай ортақ, жақсы ортақ».

Рефлексивті-түзету


Қорытынды : оқу-іс әрекетінде біз не туралы әңгімелестік? Қандай планетада өмір бар? Жердін серігі қай жұлдыз?

Енді көрген, білгенімізді дайын түрлі-түсті қағаздан ғарыш әлемін құрастырып жапсырамыз. Балаларға көмек көрсету.

Жапсырудың сонында көрме ұйымдастыру.

Қимылды ойын өткізу «Ұшақтар».

Балалардың жауаптарын тыңдау.

Балалар жапсыруға белсенді қатынасады.

Жұмыстарын тамашалайды.




Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Ғарыш әлемі ол не екенің, ғарышкер туралы түсініктері болу, зымыран ғарышқа ұшатын көлік.

Түсінігі қалыптасты: Айта қолдана алады: ғарыш, ғарышкерлер, зымыран туралы түсініктері бар. Ғарыш әлемінде көп жұлдыздар, планеталар , қандай планетада өмір бар айта алады.



Тәрбиеші











Көркем әдебиет сабағынан "Мен боламын ғарышкер" тақырыбы
  • Начальные классы
Описание:

Білімнің беру саласы:  Әлеуметтік орта. Қатынас.Шығармашылық.

Бөлімі:  Көркем әдебиет

Тақырыбы:  Мен боламын ғарышкер

Мақсаты: Ғарыш, ғарышкерлер туралы түсінік беру..

Көрнекіліктер: Ғарыш, ғарышкерлер, зымыран туралы суреттер. Қағаз түрлі түсті, қылқалам, желім, сүлгілер.

Әдіс тәсілдер:  көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, д/ойын, бейнелеу, жапсыру тәсілдері.

Сөздік жұмысы: ғарыш, ғарышкер,зымыран, астроном, ай, жер, күн, планета.

 

Балалардың назарын ғарыш, зымыранның суретіне аудару. Суретте не бейнеленген?

Ғарыш әлемі. Ғарыш әлемінде не көріп тұрсындар? Ғарыш әлемінде көп жұлдыздар бар.Қызыл жұлдыздар олар Жерден алыс және суық онда өмір жоқ. Сары жұлдыздар Жерге жақын.

Ғарыш әлемінде тоғыз планета бар, олардын ішінде сендер білетін планеталар- Күн, Жер, АЙ, Шолпан . Біз Жер планетасында тұрамыз. Жерде ғана тіршілік өмір бар. Зымыранды кім жүргізеді? Дұрыс, ғарышкер

 

Автор Керімбек Шынар Арапбайқызы
Дата добавления 09.01.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел
Просмотров 754
Номер материала 49268
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓