2. Көлік
түрлерімен танысу (логикалық сұрақтар, суреттер бойынша алдыңғы
жұмыс):
Әр түрлі
көлік түрлерінің бейнелерін қарап шығу: әуе, жер үсті, су, жер асты.
Оқушыларға
қойылатын сұрақ:
-Суретте
нені көріп тұрсындар?
- Берілген
көлік түрлерінің айырмашылықтары неде?
Оқушылар
бірден көлік түрлерінің атауларын анықтай алмаса, бастапқыда етістікке
негізделген логикалық сұрақтар қатарымен оқушылардың ойлауын белсендіріп,
жақын даму аймағын жасауға болады. Осы әдісті тек бір ғана рет ұшақтың
мысалында қолдануға болады, кейін оқушылар көлік түрлерін өз бетімен атайды.
Оқушылардың
ойлау қабілеттерін белсендіру үшін және өз бетінше жауаптар алу үшін,
жауаптарды етістіктермен байланыстырыңыз (келесі жолы осы барлық сұрақтарды
қою қажет емес, бұл сұрақтарды ойлаудың үлгісі ретінде қарастыру керек),
мысалы:
Мұғалім:
- Ұшақ не
істейді?
Оқушылар:
-Ұшады
Мұғалім:
-Ұшақ
қайда ұшады?
Оқушылар:
- Аспанда
Мұғалім:
- Егер
аспанда ұшса, ... (әуеде) де ұшады деген сөз немесе сөйлемді былайша құру
керек:
- Аспан
(әуе) деген не?
Мұғалім:
-Ұшақ қай
көлік түріне жатады?
Оқушылар:
-Әуе
көлігі.
3.
Содан
кейін фильмдерден бейнеүзінділер көрсету, мысалы, «Chitty-Chitty-Bang-Bang»(«Пиф-паф-ой-ой-ой»),
«Котобус», «Құтқарушы» мультфильмдерінен үзінділер көрсету. Қандай таңғажайып
көліктер бар екенін қараңдар.Өздерің қандай ерекше көлік ойлап таба аласыңдар?
4. Топтық
жұмыс
Класстағы
оқушыларды «Тосын сый» әдісін қолданып бөлу. Партаның астына пойыздың,
ұшақтың, кеменің және автомобильдің бейнелері бар карточкалар салу. Осылайша,
4 топ пайда болады.
Қалыптастырушы
бағалау: топтардағы тапсырма, бақылау, оқушыларға сұрақ қою.
3
минуттың ішінде әр топ өз көлік түрін сипаттайтын қысқаша әңгіме-баяндау және
жаңа таңғажайып үлгі жасау үшін көлікті қалайша өзгерту керектігі бойынша өз
ұсыныстарын дайындайды.
Мұғалім:
- Көліктеріңізді
мұқият қарастырып, оны таңғажайып көлікке айналдыру үшін несін өзгертуге
болатынын, қай бөлшектерін өзгертіп, қайсысын толықтыру керектігін
ойластырыңдар?
Оқушыларға
көмектесу үшін тақтаның экранында келесі сұрақтар қатарын көрсетіңіз:
·
Менің
көлік құралым қалай жұмыс жасап, қалайша жылжиды?
·
Ол
неге ұқсайды?
·
Олқайда
бет алды?
·
Онда/онымен
кім саяхат жасайды?
Оқушылар
көлікті мұқият қарастырады, құрылымы пішінінің, түсінің т.б. ерекшеліктерін
сипаттайды. Топтар дайын болғаннан кейін олар сыныппен өз шығармашылық
ойларымен бөліседі.
5.
Сыныпқа
көлікті ұсыну (әр топ 1-2 минуттан)
6.
Тәжірибелік
жұмыс – таңғажайып көліктің нобайын жасау (жұптық жұмыс)
Оқушылар
сыныптағы барлық сыныптастарымен жұмыс жасай алуы қажет, сондықтан оларға
өздеріне басқа топтан жұп таңдауға ұсыныс жасаңыз, мысалы, жұп жер үсті көлік
тобынан бір оқушы мен әуе көлігі тобынан бір оқушыдан құралады.
Мұғалім:
-Таңғажайып
көліктің нобайын салыңыз. Егер бірден ерекше көлікті ойлап табу қиынға соқса,
онда негізге көліктің бір түрін, мысалы, автомобильді алып, сіздің таңғажайып
автомобиліңіз қандай қасиетке ие болу керектігін ойластырыңыз, мүмкін әуе
көлігінің бөліктерін қоса аласыз. Осыған байланысты оның бөлшектерінің
орындарын ауыстырып, жаңа бөліктер қосыңыз, жаңашылдықпен ойлап табыңыз,
қиялдаңыз!
Саралау:
Жұптағы
кейбір оқушыларға үлестірме материал– жаңа бөлшектерді қосып, негізінде
көліктің жаңа түрін жасауға болатын көліктің корпусының бейнесін таратыңыз.
Оқушылар
жұмысқа кіріскенге дейін олардың назарын суреттің композициясына аударту
керек, қағаз пішіміндегі бейненің мөлшері қандай болу керектігін, оны қалайша
орналастыру керектігін сұрау қажет.
Оқушылар
жұпта сурет салатындықтан және суретте ойлап тапқан көліктің бөлшектерін
көрсету қажет болғандықтан, А3 немесе үлкенірек қағаз пішімін қолдану қажет.
Көлемдірек суретте оқушылар бөлшектерді оңай сала алады және келесі сабақта
жұмысты жеңіл тәмамдай алады (бояумен немесе коллаж түрінде).
Жұмыс
барысында көліктің кәдімгі түрлерінің жай ғана көшірмесі болмас үшін
оқушылардың суреттерін қадағалап отыру керек.
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.